Қазақ ордасы құрылғанда алдымен жасы үлкен Керей(1458-1473 жж.) ақ киізге хан көтеріліпті.Керейдің нақты қай жылы қайтыс болғаны белгісіз. Одан соң Жәнібек(1473-1480 жж.) хан әмір жүргізді. - Қазақ ордасы құрылғанда алдымен жасы үлкен Керей(1458-1473 жж.) ақ киізге хан көтеріліпті.Керейдің нақты қай жылы қайтыс болғаны белгісіз. Одан соң Жәнібек(1473-1480 жж.) хан әмір жүргізді.
- Бұлардың тұсында Жетісу халқы, 1462 жылы Моғолстан ханы Есенбұға өлгеннен кейін ондағы тартыстың күшеюіне байланысты, өзара ынтымақтықты нығайтуға үлес қосты. Әбілхайыр хандығынан көшіп келушілер Жәнібек пен Керейдің қазақ хандығын күшейте түсті. Едәуір әскери күш жинапан және Жетісуда берік қорғанысы бар Жәнібек пен Керей, Жошы әулетінен шыққан сұлтандардың Шығыс Дешті Қыпшақты билеу жолындағы күресіне қосылды. Бұл күрес 1468 ж. Әбілхайыр өлгеннен кейін қайтадан өршіді. Қазақ хандарының басты жаулары Әбілхайырдың мұрагерлері- оның ұлы Шайх -хайдар мен немерелері Мұхамед Шайбани мен Махмұд сұлтан болды.
Достарыңызбен бөлісу: |