Қазақ жастарының радикалды ағымдарға қосылу себептері



Дата27.06.2016
өлшемі102.64 Kb.
#160714
Қазақ жастарының радикалды ағымдарға қосылу себептері.

Ислам діні баршаға белгілі әлемдегі ең кең ауқымды тараған діндердің бірі. Ислам бейбітшілік пен қауіпсіздік діні. Исламды терроризммен тең санау тарихи қателік әрі исламға жасалған ең үлкен қиянат болып табылады. Жер бетіндегі барлық діндер бейбітшілік, рақымдылық, әділдік сияқты жоғары құндылықтарға негізделген. Солардың ішінде ең соңғы, кемеліне келген әрі туралық пен шыншылдықты ту еткен дін – Ислам діні.



Қазіргі таңдағы ислам атын жамылған «жиһадистік» және террористік топтардың идеологиясының басты идеологиялық қаруы – «жиһад» ұғымын түсіндіру әдістерінде жатыр. Исламдағы джиһад тұжырымдамасының кең ауқымды басты мағыналары ескерілмей, бұл сөздің діни-милитаристік, яғни «кәпірлерге қарсы қарулы күрес жүргізу» мағынасы экстремистік ағымдардардың идеологтары тарапынан кеңінен насихатталынып, қасиетті Құран аяттары мен хадистердің мәтіндері бұрмаланып түсіндірілуі арқылы дәйектелінуде.

Сонымен қатар, еліміздің қазіргі таңдағы өзекті мәселелердің біріне айналып отырған діни экстремизм, діни лаңкестік секілді көріністер орын алып отырған мемлекеттермен шектесуі мемлекетіміздің аталған мәселеден оқшау қалмайтындығын көрсетеді. Сол себепті, псевдоисламдық ағымдардың радикалды идеяларын, нақты нені көздейтінін ашып көрсету, оның алдын-алу жұмыстарының негізгілерінің бірі болып табылады.

«Радикализм» латынның «radix» «түбір, тамыр» деген сөзінен шыққан. Термин саясатқа қатысты пайда болған. Радикализм қоғамда қалыптасқан әлеуметтік-саяси жүйемен келіспей оны түбірімен қайта жасауды ұсынушы – саяси топ. Сондай-ақ, діни радикализм өзге де «діни фундаментализм», «діни фанатизм», «діни экстермизм» секілді лаңкестік әрекеттерге қатысты қолданыла бастады. Радикализм терминінің дінге қатысты қолданыла бастауы қоғамда қалыптасқан жүйемен келіспейтін дін атын жамылған топтардың пайда болуымен байланысты пайда болды. «Радикализмнің» өмірдегі көріністері терроризм мен экстремизм, геноцид, этноцид, расизм болып табылады.

Ислам және терроризм – бір-біріне түпкі тамырынан бас­тап қарама-қайшы және бірін-бірі жоққа шығаратын ұғымдар. Дегенмен, бүгінгі таңда халықаралық терроризм исламмен байланыстырылады, осы арқылы ұлтаралық алауыздық және діни төзімсіздік туындайды. Терроризм өз нысанасына бейкүнә адамдарды таңдап, жас-кәрі демей аяусыз өлтіруді мақсат тұтады. Бүгінгі таңда халықаралық терро­ризм және діни экстремизм асыл дініміз Исламға залалын тигі­зуде. Террористер – Құранның негізгі қағи­даларын да білмейтін діни сауатсыз адамдар. Жалпы, Терроризмнің тарихы қайда жатыр? Қазақстан жастары радикалдар қатарына қалай өтуде?

Қоғамдық жүйенің даму барысына қарай ұғымдар да белгілі бір даму сатысынан өтеді. Латынша да «қорқыныш», «Үрей», «қатыгездік» деген мағына білдіретін «террор» сөзі 1789 жылғы француз революциясы кезеңінде саяси - идеологиялық мәнге ие болды. Олар Конвенция мәжілісіне үстемдік құрып, басқа партиялар мен ұйымдарды жаппай қырып-жойып, Үрей мен қорқыныш режимін орнатады. Осылайша тарихта алғаш рет террор сөзі белгілі бір саяси мән иеленіп, қолданысқа түсті. Көріп отырғанымыздай «террор» түсінігі, саяси күрестің террористік формасы батыстан, дәлірек айтқанда модернизм кезеңінің бастауы саналатын француз революциясы кезеңінен басталады.

Терроризмнің исламдық санамен ешқандай байланысы жоқ. Діни сана терроризм тудыра алмайды. Өйткені Ислам дінінің қоғамда беделі күшті болған кезде лаңкестік деген орын алмаған.

Ал біздің заманымызда «террор» ұғымы ашық түрде Каир қаласында 1970 жылдан бері отырған Египет президенті Ануар Садатқа Суэц каналының ашылу салтанаты кезінде қастандықпен өлтірілуімен бастау алады. 1981жылы 5 қыркүйекте Египет президенті Ануар Садаттың халық алдында баяндама жасайды. Бұл баяндамасында «Мұсылман бауырлар» атты ең қауіпті діни ұйымдардың бірі ретінде қарастырады. Бұл жерде бұл ұйымның қандай қауіптілігі туралы ашық баяндайды. Отанды сүю, патриотизм – харам. Әскерге баруға болмайды, өйткені оардың сенімі бойынша Египеттің әскери қызметі – ол кәпір армиясы. Мемлекетке қарасты мешіттерде намаз оқу, имамдарға ұю – харам. Қазіргі уақытта барлық мұсылмандар соғыс жағдайында отыр, сондықтан жихад әрбір мұсылман үшін міндет. Осылайша екі жарым сағаттық баяндамасын аяқтаған болатын. Осы баяндамасында Мұсылман бауырлардың бет пердесі шешіледі. Осыдан бір аз уақыт өткеннен кейін Ондағы айтылған факторлар Қазақстандағы 20-30 жылдан кейін болған шиеленістерге, жағдайларға қатты ұқсайды.

Сол уақытта жасөспірімдерде Мұсылман бауырларға кіріп кетіп жатты, олар ата-аналарын тыңдамайды, сыйламайды, ата-анаң намаз оқымаса олар – кәпір. Оларды құрметті қылған бізге ең алдымен ата-ананы сыйлауға әмір еткен Алла Тағаланың бұйрығы қайда қалды. Мемлекетті кәпірлер басқарады. Мемлекетке қарасты мешіттерде намаз оқу, имамдаына ұю харам деген сөздермен баулый берсе бала бірден өзгереді. Осыған байланысты Маңғыстау облысында балалардың дәл осындай іс-әрекеттері байқалған болатын. Бұл кездейсоқтықпа, заңдылықпа Мұсылман бауырлар партиясының Қазақстандағы радикалдардың жарғысы арасындағы байланыстың сыры неде?

2002 жылы Атырауда Шейх Халил немесе Халил ұстаз деген жас жігіт жастарды теріс ілімдері мен дәрістер жүргізе бастады. Пәкістанда одан кейін Шымкенттегі діни оқу орында оқып келген ол 2003 жылы ҚМДБ-ға тіркемей мешіт ашып сол мешітте жұмыс жасайды. Ол намаз оқымаған адам кәпір деді. Қазақстанға осы идеологияны алғаш енгізген де осы Халил еді. Міне осы Аюб бастаған Халил қоштаған «Такфир» идеологиясы осы жерден өзінің тамырын елімізге тарата бастады деп айтуға болды.

«Такфир» – кафир деген ұғымнан шығады, яғни жеке адамды, қоғамды, мемлекетті күпірлікпен айыптау деген сөз.

«Такфир идеологиясы» Қазақстанда ваххабиттік жамағаттар арасында кеңірек таралды. «Такфир» жамағатының мүшелері өздерінің пікірлері мен мінез-құлықтары бойынша радикалдық (батыл шараларға баратын) көзқарастарымен ерекше көзге түседі. Олар бірбеткейлік (фанатиктік) сенімдегілер: өз жамағатынан басқалардың бәрін кәпірлер деп санайды, өз идеологияларын таратуда және оны қорғауда ең соңғы батыл шаралаларды қолдануға әзір, өзгелерден оқшауланып қауымдасып өмір сүреді, мешіттерге бармайды, қылмыстық топтармен бірлеседі, қауымдастық мүшелері арасында тұрақты түрде физикалық және идеологиялық дайындықтар жүргізіледі. Олар: «Жамағат баршаны сауатсыздыққа, білімсіздікке шақырады, оқуларды тастауға үгіттейді. Өйткені, институт пен университеттерді мешіттер сияқты, шайтанның мекендері, деп санайды», - дейді.

Осы ауыздан ауызға аңыз болып тараған ата – анасын кәпір деп үйінен кетіп қалып, сойған малын, пісірген асын жемей қою, туған – туысынан араны үзу, дәстүрді мазақ, тарихты талақ ету, мешітке бармай бөлек жамағат құру, намаз оқымағанды кәпір санау синдромынан бастау алды. Бүлік тудыру, бала-шағаны қараусыз қалдыру, жазықсыз қан төгу, суицид, исламның абыройын түсіру, мұсылмандарды жек көрінішті ету, ең аз дегенде жасырын жалған айтып күн кешу. Мұндай күнәларды жоғарыда айтылған күмәнді мақсаттар мен ақтап алу тіпті қисынсыз еді.

2010 жылы радикализм матрицасы тудырған ең жас әрі қазақтардан құрылған ең алғашқы террористік ұйым «Джунд әл Халифат» сырт елде болыпта Қазақстандағы жамағаттарын басқарып отырды. «Джунд әл-Халифат» («Халифат сарбаздары») деп аталатын Ауғанстан мен Пәкістанның шекарасында орналасқан исламшыл топ.

Бір-біріне қатыссыз көрінетін «Иттихад», «Десятка», «Ли тобы» сынды топтар негізінен солардың нұсқауымен жүретін.

Негізінде мүшріктерге арналған аяттарда мұсылмандарға қолдану ол білімі жоқ, яғни білімсіздіктің белгісі. Осы білімсіздіктің салдарынан олар өздерін Құран мен Сүннетке амал етудеміз деп ойлайды. Осылайша жихад туралы дұрыс пікірлерді жоққа шығарып теріс пікірлерге иланады. Осы «Аль-Джихад» ұйымының негізін салушы Абду Саллям Фарадж «жихад» жасаушы мұсылмандардың алтыншы парызы деген пікір келтірді. Ал одан кейінгі басшысы «жихад» уақытында намазды да, оразаны да, зекетті де қоя тұруға болады деген пікірді кеңінен таратты. «Аль-Джихад» исламдық тобы 1970 жылы Египеттегі зайырлылық ұғымын жою мақсатында құралған болатын. Олар Ислам дінінде отанды қорғау баршаға парыз. Ерушілердің жаппай білімсіздігін пайдаланып, көсемдері осы отан қорғау кезінде болатын міндеттемелерді өзге елге соғысқа бару деп түсіндіреді.

Қазіргі таңда исламды терроризммен байланыстыруға жол ашқан себептердің бірі Исламдағы «жиһад» ұғымының бұрмаланып көрсетілуі болып табылады. Ол - әрі кейбір мұсылмандар, әрі басқа дін өкілдері тарапынан бұрмаланып, бұрыс түсініліп жүрген басты ұғымдардың бірі. Негізінен, «жиһад» сөзі араб тілінде белгілі бір нәтижеге, мақсатқа жету үшін яки бір істі істеу үшін бар қажыр-қайратың төгу, тырысу деген сияқты мағыналарды білдіреді.

Жихад түбірінен «муджахид», яғни «жихад» етуші деген сөз шығады. Алла жолында амал ету және Алла жолында амал етуші. Екеуінің де мағынасы көркем сөздер. Бірақ псевдо жихадшылардың кесірінен қазір олар террор және терроршы деген мағынада қолданылатын болды.

Шииттік «Хезболла» ұйымының көсемдері мұсылманшылықтағы үлкен бір күнә қоғамдағы қатігез қылмысты шариғи тұрғыда заңдастырып берді. Ол жеңістен үміті үзілген топтар үшін таптырмас олжаға айналды. Олар осындай жихад жолында, Алланың жолында «Шаһид» боламыз деген ойда болды. «Шаһид», «шейіт» – дін жолында өзін құрбандыққа шалған, азап шегіп өлген адам. Хадистерде айтылғандай «Шаһид» өз иманының беріктігін дінсіздерге қарсы соғыста өзін құрбан ету арқылы дәлелдеген. Ал егер де сіз шын мәнінде «жиһад» жасап «Шаһид» болғыңыз келсе, өз қажеттілігіңізден артылып жататын болса, мал-мүлкіңізді қайырымды істерге жұмсаңыз. Ертең өзіңізге, ақіретте азық болып қарсы алады. Жетімдерге жаратыңыз. Жағдайы төмен отбасыларға жаратыңыз. Мүгедектерге беріңіз. Мектеп, мешіт соғыңыз. Егер жағдайыңыз жетпей жатса, қолыңыздан келгенше жақсылық жасаңыз. Міне, «жиһад» деген осы.

Ал қазіргі таңдағы басты проблемалардың бірі - салафизм немесе уахабтық ағым.

Сәләфи қозғалысы мұсылман әлемінің дерлік бәрінде де пайда болып, түрлі мемлекеттерде түрлі бағыттарда бой көрсеткен қозғалыс.

Сәләф сөзі «бұрынғылар» деген мағынаны білдіреді. Ислам дінінің алғашқы үш ғасырына жататын ғұламалар тобы «сәләфтар» деп аталған. Ал бүгінгі Қазақстандағы салафилерміз деп жүргендер олардың ешқайсысын мойындамайды және мазхаб имамдарының бірінің де жолын ұстанбайды. Бастысы олар қазақы салт-дәстүрді түбегейлі мойындамайды. Олардың сөзіне сенсек, той жасауға болмайды, бет ашар деген дұрыс емес және т.т. жалпы, ұлттық болмысқа тән қасиеттерді жоққа шығарып отырады. Мақсаты – жамағатын қоғамнан оқшаулап, өз мүддесіне пайдалану.

Негізінде жоғарыда көтерілген мәселелер, яғни терроризм мен экстремизм, радикализм, «жиһад», «муджаһид» және т, б. сияқты ұғымдар қазіргі таңда Қазақ елінде маңызды проблемалық мәселелер қатарында. Осы ұйымдардың қайсібірін алсақта өз сенімін белсенді түрде уағыздайтын, соны тарататын - жастар. Міне енді бүкілінің анық –қанығына жетіп Қазақстандық жастардың радыкалды ағымдарға қасылу себептеріне тоқталсақ.

Ең әуелі кез – келген діни ұйым өздерінің агетациялық жұмыстарын діннен хабары жоқ, яғни діни түсінігі төмен адамдардан бастайды. Олар кімдер? Олар әрине – жастар. Соның нәтижесінде экстремизм мен терроризм идеологтары дінді пайдаланып, діни шешендіктің ерекше әдістерін қолдана отырып, халықтың белгілі бір топтарының ой-санасына теріс ықпал ете білді. Көп жағдайда әлеуметтік белсенділігімен ерекшеленетін, идеологиялық ықпалға тез түсетін қоғамның ерекше тобы саналатын жастар теріс пиғылды діни насихаттық қызмет үшін ыңғайлы нысанаға айналды.

Демографиялық статистикаға сүйенсек бүгінде Қазақстандағы 14 пен 29 жас аралығындағы жастардың үлес салмағы халықтың жалпы санының 27,8%-ын, яғни 4,5 миллионнан астам адамды құрайды. Олардың 700 мыңнан астамы – студенттер. Бұл ретте ауылдық жерлердегі 46%-ды құрайтын жастарға қарағанда 56%-ды құрайтын қала жастарының саны көптеу.

Әлеуметтік тұрғыдан есею шағында жастар көбіне біз үшін жат ықпалды күштердің алдында әлсіздік танытады. Әсіресе жастар діни экстремизм мен терроризм субъектілері тарапынан жасалған идеологиялық шабуылдардың алдында қорғансыз болып келеді.

Дін қызметкерлері, имамдар және жалпы дін саласындағы беделді азаматтар жастарды рухани-адамгершіліктік тұрғыдан тәрбиелеуде елеулі рөл атқарады. Алайда қазіргі уақытта діни білім беру жүйесі бүгінгі күннің талаптарына және жастардың рухани сұраныстарына толық сәйкес келеді деп айта алмаймыз. Зәру сұрақтарға жауапты діннен іздеген жастар оларды мешіттерден, дін қызметкерлерінен әрдайым таба бермейді. Және де бір айта кететін жайт. Қазіргі уақытта жастардың көбі орыс тілді әдебиеттерді қазақ тілді әдебиеттерге қарағанда көбірек оқиды, тыңдайды. Осындай жастар мешіттерге барғанда, ондағы имам уағызын қазақша түсіндіреді. Оны дұрыс түсінбеген бала орыс тілді уағыздарды тыңдай бастайды. Осының арқасында бала біздің ата – дінімізге жат ағымдар құрсауына қалай кіріп кеткетін байқамай қаламыз. Бұл біріншіден, ал екіншіден: Мектептерде және жоғары білім ордаларының, қазір енді-енді кіргізіп жатқаны болмаса, көбісінде дінге қатысты сабақтар жоқ. Осыны қарастырып кемдегенде айына бір рет болса да баларда имамдармен кездестіріп көкейлерінде тұрған сұрақтарға сауал алып тұрса басқа діндерге кіріп кету біраз азайюы керек деген ойдамын.

Террорлық әрекеттердің пайда болуының тағы бір факторы ол - халықтың әлеуметтік жағдайы. Себебі жағдайы төмен халық ұрлыққа, зорлық зомбылыққа және тағы бірі осы діни ұйымдарға еріп кетеді. Ол тек Ислами ұйымдарға ғана емес, ол басқа діндерге де қатысы бар. Негізінен олар біріншіден: діни сауаты төмен жастарды; екіншіден: жасы үлкен кемпір – шалдарды; үшіншіден: хал – ауқаты жоғары, оңай сөзбен айтқанда байларды өздеріне тартады. Мысалы: Салафилік бағыттағы адамдар мектеп оқушыларына насихат айтудың жолын жақсы таңдаған. Олар мектеп асханасын жалға алады да, тамақ дайындаумен қатар, сол жерде кітап таратып, үгіт-насихат жүргізеді.



Аталған шаралар нәтижесі, діни сауатты, өз дәстүрлі дінінің тарихы мен құндылықтарын, ұлттық діл мен тілді қастерлейтін саналы ұрпақ, салаутты қоғам тәрбиелеуге өз ықпалын тигізері сөзсіз.

Пайғамбарымыз Мұхаммед (с. ғ. с ) таратқан хақ дініміз - Ислам діні ешқашан басқа сенімдерге немесе қоғамның құндылықтары мен дәстүрлеріне қарсы шыққан емес. Мұның бәрі біздің бабаларымыз ұстанған және қазір Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы ресми түрде насихаттайтын исламдағы ханафи мазхабы ілімінің арқасында мүмкін болып отыр.

Қорыта келе, қазіргі таңда елімізде халықтың әсіресе, жастардың рухани-танымдық тәрбиесін, діни сауаттылығын арттыру маңыздылығы көпшілікті алаңдатуда. Қоғамның діни өмірінің тенденцияларын, діни ахуалды ескере отырып, оны жастарға жеткізіп отыру қажет. Ұлттық сипатқа айналған дәстүрлі Ислам мен дүниетанымымызға сырттан келіп, түзету жасағысы келгендерге жол бермеуіміз керек. Сол үшін қазіргі жаһандану заманында қоғамның тұтастығын көздеп, діни сауатсыздықтың алдын алу тек қана мемлекеттің емес, әрбір Қазақстан азаматының, зиялы қауымның, қоғамдық ұйымдардың да мойнына жүктелуі тиіс. Нағыз мұсылман адам жер бетінде арсыздыққа жол бермей, керісінше игілік және ізгілікке ұм­тылуы тиіс.




Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет