Қазақ КҮресі «Дене шынықтыру және спорт» мамандығының студенттеріне арналған оқу құралы ш ымкент 2019ж (075. 8) Ббк 75. 715 я7


Тәсілдерді тиімді қолданудың әдіснамасы



бет9/27
Дата03.04.2024
өлшемі0.59 Mb.
#497535
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   27
Қазақ күресі

2.5. Тәсілдерді тиімді қолданудың әдіснамасы.
Жоғарыда біз тәсілдер құрылымын қарағанда қарсыласты шартты түрде қимыл көрсетпейді деп алған болатынбыз. Алайда күрескен кезде қарсылас әр уақытта дерлік қозғалыста болады. Ол әр бағытта тепе-теңдіктен ауытқып, қайтадан қалпына келіп, өз тарапынан шабуылдаушы палуанды тепе-теңдіктен тайдырып, оның әрекеттерін бейтараптауға тырысады. Қандай амал колданса да шабуылдаушы палуан -қарсыласының тойтарысына ұшырайды. Палуанның қарсыласы булшык еттеріне күш салып, денесін ер түрлі күйге келтіріп шабуыл бағытында палуан ала алмайтьіндай орнықтылык, бұрышын жасайды.
Міне, осындай жағдайда шабуылдаушы палуаи екі дене қозғалысынын өзінің ойға алған белгілі бір амал құрылымын (оның негізін) орындауға мүмкіндік беретін қолайлы сәтін таңдап алуы тиіс. Сөйтіп, амал құрылымынын, негізін колдану уақытқа тығыз байланысты болады. Амал екі палуан денесінің де орның-тылық бұрышы жығылатындай дәрежеге жеткен сәтте және жығылатын бағытта орындалуы тиіс. Күрестегі мұндай жағдай динамикалық қолайлы сәт деп аталады.
Күрес кезінде мынадай бес колайлы динамикалың сәт кездеседі:
1. Жығатын бағыттан,.нықтылық бурышын жеңуге болатын сат,
2. Жығатын бағыттағы карсыластың орнықтылық бұрышы оның жалпы
лық центрінің тіреу алаңының шетіне жақындау есебінен азаю сәті;
3. Қарсыластың жалпы ауырлық, цен­трі шапшаң жоғары жылжитын сәт.
4. Жалпы ауырлық центрінің тіреуін оңай қағып жіберуге болатын сәт.
5. Қарсылас өлі нүктеде болатын сәт (жалпы ауырлық центрінің бір бағыттағы қозғалысы тоқтап, екінші бағыттағы қозағалысы басталмаған сәт).
Әдетте, әдісті қолдануға дайындық пен әдісті орындау тұтаса келетін шабуыл палуанды жеңіске жеткізеді.
Тәсілдерді, қорғану амалдары мен қарсы әдістерді қолданғанда қарсыластың ауырлық күшін, тіреу реакциясын, инерция және қарсыласу күшін пайдала-ну — күрес техникасындағы, палуанның шеберлігін жетілдіру жолындағы елеулі факторлардың бірі. Мүның барлығы қозғалыс механизміне, тәсілді орындау кезін-дегі биомеханикалық заңдылықтарға тіке-лей байланысты.
Қазақша күрес техникасында қозғалыс механизмінің негізінде қарсыласының денесін белгілі бір бағытта айналдыратын қозғалыс жатыр. Өйткені шабуылдаушы палуаның қимыл формасы мен қозғалыс механизмі қарсы палуанның денесінің айналу бағытына байланысты. Егер түрегеліп тұрған палуанды арқасымен немесе кеудесімен кілемге қарай бұру қажет болса, онда ол көлденең осі бойынша айналады. Сейтіп, кілемге кеудесі немесе арқасы тигенше оның денесі шамамен 90 градусқа тең бұрышқа бұрылады. Бұл оның кілемге құлайтын ең қысқа жолы.
Қарсыласты көбінесе кілемге жауырыныімен түсірген дұрыс. Мұндай жағдайда таза жеңіске жету мүмкіндіп молырақ. Сондықтан қарсыласты арқасына қаратып айналдыру шабуылдаушыға тиімді, ал оған қауіпті. Алайда, қарсылас мұндай әрекетке көбінесе қарсы түрады. Ол еңкейеді, бір аяғын артқа қойып палуан ала алмайтын орнықтылық бұрышын жасайды. Мүндай жағдайда палуан қарсыласын бір қырына немесе алға құлату арқылы арқасына аудара алады.
Қарсыласты бір қырына құлатқанда қырымен, алға итеріп құлатқанда кеуде-сімен ғана түседі. Мұндайда оны арқасынан түсіру үшін оның денесін 270 градустай брып аудару керек. Бірақ мұны орындау оңай емес, өйткені қарсы палуан жеңіліп қалмау үшін қарсылық көрсетіп, қорғанып, қайткен жағдайда да кілемге етбетінен түсуге тырысады.
Сондықтан қарсыласты лақтырып арқасынан түсіруге болады. Бұл үшін оны кілемнен көтеріп алып, лақтырып түсіретін күрделі тәсілдер жасалады. Сонда екі күш: қарсыласты айналдыратын, яғни кі­лемнен көтеріп алатын және оның дене­сін ауада ұшыратын күш әсер етеді. Сол сияқты, мысалы, арқаға салып лақтырғанда қарсыласты денесінің жоғары жағынан ұстап алып жұлқитын, сондай-ақ оны де­несінің төменгі жағынан (ауырлық центрінен темен) қағатын екі күш бірдей әсер етеді.
Сонымен, спортшының техникалык шеберлігін жетілдіру үшін бір жағынан тәсілдерді дайындап, жеке әдістерін (қолайлы шекке дейін) кеңейге түсу керек, ал екінші жағынан сол әдістерді (мүмкін болғанынша) тұрақтандырып, дәл, шап шаң орындайтын дәрежеге жету қажет.
Қос қолға күш салып лақтыру. Карсыласын тепе-теңдігіннен жұлкып аудару Бұл тәсіл қарсылас тепе-теңдігінен айрылғанда немесе аяқтарын дұрыс коймағанда, алшақ қойғанда, салмағын бір аяғына салғанда, шабуылдаушының өзіне сүйенгенде қолданылады. Мұндай амал орташа немесе алыс кашықтықтан шапшаң қолданылуы мүмкін. Осы тәсілге салғанда карсыласын жеңінің үстіңгі не астыңғы жағынан, жағасы мен жеңінен, жағасынан ұстайтын бірнеше варианты бар. Мысалы, жұлқып тепе-теңдігінен тайдырғанда шабуылдаушы бір бүйірі мен артына қадам жасап, қарсыласын темен бір қырына және өзіне қарай қос қолдап қатты жұлқиды. Темен қарай жұлқығанда палуан қарсыласының денесін шыркөбелек айналдыруға тиіс.
Тәсілді қолданғанда көбінесе мынадай қателіктер жіберіледі: карсыласын шыр­көбелек айналдыруға тырыспай, қолын өзіне қарай бір бағытта тартады, аяғын артқа қарай жеткілікті қашықтыққа қолайлды; денесінің салмағын пайдаланбай қолдарымен тартады.
Техникалық даярлық: қарсыласын жаңылысбастыруға ұмтылыды, кілем үстінде түрлі жүріс жасайды.
Корғану амалдары: аяғын жұлқу бама қою; шабуылдаушыны итеріп жіберу, аяқтарын бүгіп, еңкею; кейін қарайыл жұлқынып, қарсыласының қолынан иығнып шығу.
Карсы амалдар: аяқтарын жлқитын чка қойып алдын алу; арттан шалу, Тепе-теңдіктен итеріп тайдыру. Бұл әдіс қарсыласты өте темен бүгіліп турғанда, шабуылдаушыға суйенбей, оны өзгке тартып турғанда қолданылады. Жағадан және жеңнен, қолтығынан және жеңнен ұстауға болады. Қарсыласын өзіне және темен қарай тартып, содан соң
кілемге қарата қатты итеріп қалып, жауырынан түсіреді; өзі бұл кезде аяғына күш салып қарсыласынын, бір жанынан өтеді .
Мұнда кететін қателер: қарсыласын айналдырмай артқа итере салады; игеру кезінде кідіріс жасалады.
Тактикалың даярлық: қарсыласты жұлқыл тепе-теңдіктен тайдыру. Бұл кезде ол еріксіз артына қарай қозғалады.
Қорғану: бойын тіктеп, бір аяғын артқа қою.
Қарсы амалдар: тобықтан қағу, аударып лақтыру.
Шалып лақтыру, Арттан шалу. Белбеуінен ұстаған кезде қарсыласы оған жауап ретінде турған күйін өзгертіп және арқасынан асырып лақтырудан қорғану үшін ұстауға еңкейіп, аяқтарын сәл бүгіп тұрғанда осы тәсіл қолданылады. Ең қолайлысы — орташа және жақын қашықтың. Тәсілді орындау үшін тізесі тізесіне келетіндей етіп қарсыластың аттас аяғын сырт жағынан орап, оны өзіне бір жанына, алға қарай тартып қалу керек, Дене салмағы есебінен тарту күшін арттыру үшін қарсыласты лақтыратын жаққа құлау қажет.
Арттан шалып лакдырғанда қарсыла-сын аттас жағасынан асыра белбеуінен қарсыластың ұстап алған қолдарын айқастыра жағасы мен аттас жеңінен; әр аттас иығы мен басқа жеңінен; белбеуінің бүйір жағы мен жеңінен; белбеуінің алдыңғы жағымен жеңінен; иығының үстінгі жағынан, мойын мен жеңінен ұстауға болады.
Тактикалық даярлық. Бастапкы жағдайда тұрғанда палуан қарсыласын арқа-сынан асыра лақтыратын сияқты болып өзіне қарай тартады. Бұл кезде ол карсыласының оң аяғына шабуыл жасайтындай сыңай танытуы тиіс те, ол оң аяғын тартып алғанда сол аяғынан шалу керек.
Көбінесе жіберілетін қателер: шабуылдаушы аяғын алға қойғанда шалқаяды да қарсыласына қажетінше жақындамайды; өзіне қарай жұлқымайды; қарсыласының салмағын өзі шалатын аяғына түсірмейді; палуан аяғын ілгері қойғанда қарсыласы кейін аттайды да тәсіл орындалмайды, өйткені ол тәсілге салу кезінде қарсыласын итеріп, кейін аттауға мәжбүр етеді.
Қорғану: аяғын кейін қойып, қолын қарсыласының ілгері қойған аяғы жағынан белбеуіне тіреп, аяғын шабуылдаушымын аяғынан аттап, кейін қою.
Қарсы амалдар: арттан шалу, қолтығынан алып лақтыру, босанып шығу.
Комбинациялар: арттан және алдан шалу; арттан шалып, қолтығынан ұстап лақтыру; арттан шалып, іштен қағу.
Бүл үшін карсылас он, жағымен туруы керек. Қолайлысы — жанын және орташа қашықтық. Қарсыласты жеңі мен белбеуінен алып, өзінің бір жіліншігі оның аттас. аяғының тізесіне тірелетіндей етіп қойып, оған арқасына қартып, айнала беріп, сол кезде оны өзіне — алға — төмен қарай тартып, өзінің аяғынан асыра кілемге лақтыруы керек. Қарсыласы құлап бара жатқан соңғы сәтте палуан қары аркылы қимыл жасап, оның қос жауырынымен түсуін қағадалауы тиіс.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   27




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет