Қазақ Ұлт-азаттық ҚОЗҒалысы


Бірінші, Бұрыпжап, Манат маселесі



бет8/29
Дата24.04.2016
өлшемі2.39 Mb.
#78735
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   29

Бірінші, Бұрыпжап, Манат маселесі. Бұрыпжаптың қауіпсіздік бөлімі – 1941 жылы екінші көтерілістің жеңілісінен кейін қашып шығып, Құбының құмына бекінген Оспанмен тұңғыш рет айқасқан. Сол жолы Оспан 17а даммен ғана жан сауғалап шыққан да, қатын-баласын Бұрыпжаптың қауіпсіздік бөлімі Сарысүмбеге айдап алып кеткен еді. Ал Манат – 1945жылы ақпан айында, төңкеріске опасыздық жасап, Гоминдаңға бағынып кеткен. Сарысүмбе қаласы азат болғаннан кейін екеуі де қолға алынып, түрмеге қамалған. Демек, бұл екеуі – Оспанның қас жауы есебіндегі адамдар еді. Бірақ, Сарысүмбе қаласы азат болып, Әлихан төре Әлихан төре, Ахметжан Қасыми, Сәйфидден Әзизилер Алтайға келгенде ашылған бұқаралық мәжілісте мақұлданған «1945жылдың 6 қыркүйегінен бұрын өткен әр қандай істің (саяси істерде) бәрі салауат» – деген ұйғарымы бойынша қамаудағы Бұрыпжап пен Манат босатылады. Оспан бұған қарсы болып, оларды қайтадан қамау ниетінде болды. Бірақ,бұл іс тойтарысқа ұшырады.
Екінші, кадр маселесі. Аймақтық әкімшілік мекемесі құрылудың алдында, атап айтар болсақ, қыркүйек айының соңынан бастап бұл мекемелердің бастықтары белгіленіп қойған еді. Аймақтық әкімшілік мекемелерге келсек, сот бастығы – Закихан Әленұлы, орынбасары – Көксеген; қазына мекемесінің бастығы – Шәмши Мәмиев, орынбасары – Мінуар Абдолла Қажиев (ұйғыр), сақшы мекемесінің бастығы – Құсайын Мазаков; бажы мекемесінің бастығы – Ләтіп Мұстапаұлы, оқу-ағарту мекемесінің бастығы – Мұқай Ақшалұлы, газет мекемесінің бастығы – Мұқаш Жәкеұлы, сауда мекемесінің бастығы – Мамүт Яқұп(ұйғыр), егін, малшаруашылық мекемесінің бастығы – Бәди, бәйтіл мал1 мекемесінің бастығы –Ағзам Миракпаров (өзбек), почта мекемесінің бастығы – Ыбрай Сембаев, бақылау мекемесінің бастығы – Жүніс Мұсабаев, банк мекемесінің бастығы – Татай Ғалымұлы, орынбасары Полтавский (орыс,; денсаулық мекемесінің бастығы – Қанапия Жүнісбеков, орынбасары –Василий Иванов, дінни істер мекемесінің бастығы – Білал қазырет: аудандарға келсек, Сарысүмбе ауданының әкімі – молда Сіләм Сымайлов, әкімнің бірінші орынбасар – Тастембай, әкімнің екінші орынбасары – Нұрман; Буыршын ауданының әкімі – Рашат Өміртайұлы, әкімнің бірінші орынбасары – Арыстан Ыстамболұлы, әкімнің екінші орынбасары – Петров; Қаба ауданының әкімі – Көкенай Дабылұлы, әкімнің бірінші орынбасары – Қомбыжап Қылышбайұлы, әкімнің екінші орынбасары – Шамса Тілеубердіұлы; Жеменей ауданының әкімі – Мақат Қабылұлы, әкімнің бірінші орынбасары – Сағдолла Рамазанұлы, әкімнің екінші орынбасары – Түркия Біләлұлы; Бурылтоғай ауданының әкімі – Нәсіпхан, әкімнің бірінші орынбасары – Баймұқан, әкімнің екінші орынбасары – Шөкілтай; Көктоғай ауданының әкімі – Қалман Ақытұлы, әкімнің бірінші орынбасары – Шәри, әкімнің екінші орынбасары – Уақит Қалелұлы; Шіңгіл ауданының әкімі – Нәзір, әкімнің бірінші орынбасары – Уатқан Әміреұлы, әкімнің екінші орынбасары – Қайым Мұқатайұлы; Алтай атты әскерлер полкінің полковнигі – Дәлелхан Сүгірбаев, штаб бастығы – Әлихан, соғыс бөлімінің бастығы – Әйтіке Аманжолұлы, саияси бөлімнің бастығы – Хакім Өмірбаев, әскери сот бастығы – Келес, шаруашылық бөлімінің бастығы –Асқабыл Жетпісбайұлы болып тағайындалды.

Бұл ұйғарымға Оспанның өз пікірі болды. Ол біріншіден:

аймақ дәрежелі 13 мекеменің жартысының жауаптылары –басқа ұлт адамдарынан болғанын қаламады. Олардың бірнешеуінің орынына қазақ тағайындалуы керек – деп есептеді;

екіншіден: атты әскерлер полкінің негізгі жауаптылары мен аймақтық сақшы мекемесінің орынбасарлары ішінде (Келестен басқа) Көктоғай мен Шіңгілден (өр Алтай) неліктен бірде бір адам жоқ – деген пікірді көтеріп шықты. Оспан атты әскерлер полкінің полковнигіне – Қабас Тіркешұлын, штаб бастығының орынбасарына – Қанатбайды, аймақтық сақшы мекемесінің орынбасарына – Жылқайдарды, саяси бөлімнің бастықтығына – Қытайбайды, қазына мекемесінің меңгерушілігіне – Зейтынғазыны, банк бастығына – Қайымғазыны, діни істер мекемесінің бастығының орынбасарлығына – Ғаббас мүфтиді ұсынды.


Үшінші, мылтық жинау мәселесі. 1945 жылы 17-қазаннан бастап, Үрімжіде Гоминдаң мен «Үш аймақ» уәкілдері арасында «Бейбітшілік келісімін» жасасу келіссөзі басталды. қараша айының орта шенінде келіссөз екінші кезеңге өтіп, 11тармақты бітім шартының алғашқы нұсқасы талқылана бастады. Бітімге ресми қол қоюдан бұрын мынадай екі жұмысты істеп алу керек еді. Бірі – СССР-ден келген, әр орындарда ақылшы болып істеп жатқан адамдарды еліне қайтару. Бұл іс 1945 жылдың соңында орындалып болды. Енді бірі – 1943 жылдан кейін1 жасалғанын білдіретін таңбасы бар қару-жарақты жиып әкету. 1945 жылдың қараша айынан бастап қару-жарақ жинау басталды. Оспан батыр батыр бұған қарсы болды. Бірақ, « «Үш аймақ»» «Үш аймақ» үкіметі бұған жол бермеді.
Төртінші, әйелдердың қоғамдық орыны туралы. Оспан батыр батыр әйелдердің қоғамдық жүмыстарға араласуын қаламады. Әйелдердің ерлермен қатар тең орында тұрып, олармен аралас жүруін – дін қағидасына қайшы әрі бұны СССР-ден көшіріп қолданған, солардың ықпалымен болып отырған, әдет-ғұрыпқа, дін қағидасына қайшы азғындық қылық – деп қарады.
Бесінші, дін туралы. Оспан діни мектепте оқымаған, бірақ қатты діншіл адам болды. Ол Сарысүмбеге келісімен Ғаббас мүфтимен2 тізе қоса отырып, дін туралы: «Барлық адам – намаз оқуға, ораза ұстауға тиіс. Бұған құлақ аспаушылар шариғат үкімімен жазаланады. Мәселен, намаз оқымағандарға – 50 қамшы, ораза ұстамағандарға – 100 қамшы, арақ ішкендерге – 30 қамшы, шаш қойғандарға – 40 қамшы, темекі тартқандарға – 20 қамшы дүре соғылады. Бұл туралы аймақтық әкімшілік мекемесі мен діни істер мекемесі бүйрық түсірсін. Сондай-ақ кино қоюға, театр ойнауға болмайды» – деген ұсыныс қойды.

Оспанның алдыға көлденең тартқан маселелеріне Дәлелхан Сүгірбев және тағы басқалар басқалай пікірде болды не қарсы пікір айтты. Бұны Оспан өзіне жасалған құрметсіздік, басынғандық – деп қарады. Қайшылық бірте-бірте өршіп, жағдай барған сайын ушыға берді.


АҢЫСЫН АҢДЫП КӨРМЕК БОЛДЫ

Оспан Сарысүмбеге келгеннен кейін жоғардағыдай қайшылықтар пайда болды. Ол өзінің айтқаны мен ойлағанының « «Үш аймақ»» «Үш аймақ» үкіметі алдында оңай іске аса қоймайтынын аңғарды. Сондықтан, басқадай амал-айла қарастырудың жолын іздестірді.
Бірінші, Оспан – Гоминдаң жақты байқап көрмек болды. Десе де бірден өзі ортаға шықпады. Алдымен «отты басқалардың қолымен көсеп» көрмек ниетте, Құбының құмында қыстап отырған Қабас Тіркешұлын1 шақырып, Үрімжіде – кімдермен, қалай – байланыс жасауды ақылдасады. Қабас өз атынан хат жазып, 1946 жылы қаңтар айының бас шенінде сенімді адамдарынан –Мұқаметжан Мұрсалимаұлын, Кенен мен Ердіханды Үрімжідегі Жанымханға2 жібереді. Хаттың мәтіні: «Алтай қызылдасып кетті. Біз қызыл болуды қаламаймыз. Көктоғай, Шіңгіл – біздің уысымызда. Оспан да біздің сөзімізді жырмайды. Сіздің нүсқау көрсетіп, әр жақтан жәрдемде болуыңзды сұраймын...» – деген мазмұнда еді.

Жанымхан келгендерді өз шаңырағында 3-4 күн қондырып қайтарады. Сонымен бірге, Қабаспен бетпе-бет сөйлесіп, жан-жақты пікір алысып қайту үшін Нұрқожай Нұрғожайды келгендерге қосып жібереді. Нұрқожай Нұрғожай сезіліп қалды да, Қабас оны «ел ішінен ұстап алдық» – деп Салық пен Уақиттың3 жіберген адамы – Сейпілдер арқылы аймақтық үкіметке тапсырып береді. Оспан мен Жанымханның алғашқы жалғасуы осылай басталады.



Екінші, Нұрқожай Нұрғожай қолға түскен соң Оспан мен Қабас қимыл жасауды тоқтата тұрады. Гоминдаң жақ – Қабас пен Нұрқожай Нұрғожайдың көптен бері хабарсыз кеткеніне мазасызданып, Әлен уаң мен Жанымханның атынан хат жазып, Фукаң ауданының орынбасар әкімі Құсайынды Шіңгілдегі Нәзірге4 жібереді. Нәзір – Қабас арқылы, Нұрқожай Нұрғожайдың қолға алынғанын, өздерінің (Қабас) сәл абайлай түрмақ болғанын Құсайынға жеткізеді.

Үшінші, аз уақыт өткен соң, Жанымхан: «Сендердің қызылдасуға қарсы ниеттеріңді қолдаймыз. Бұл жөнінде бізден не күтесіңдер, бәріне мақұлмыз...» – деген мазмұнда хат жазып Нұрқасымды1 жібереді әрі Қабас арқылы Оспанға да хат жолдайды. Хатта: «Егер « «Үш аймақ»тан» қол үзуге бел байласаң – нақты талабыңды айт. Уәкіл жібер. Уәкілдерің –Жулүңгей маңындағы құмға жақын қыстақтың бастығы Дашыр деген дүңгенді тапса, бізге кездестіреді» –делінген. Оспан хатты алғаннан кейін Гоминдаңның өзіне күшті тірек болатынына көзі жеткендей болады. Десе де Жанымханның сөзіне бірден жауап қайтармай, алдымен қыбыр еткені оңай сезіліп қалатын «қапастан» – Сарысүмбеден бойын аулақ салуды жөн көреді. 1946 жылы Оспан: «Денсаулығым жақсы емес, жайлауға шығып дем аламын» – деген сылтаумен Сарысүмбеден көшіп, Көктоғай ауданының Күрті деген жеріне барады. Көшерінде Нұрқожай Нұрғожайды түрмеден босаттырып әкетеді.

ІЛГЕРЛЕЙ ҚИМЫЛ ЖАСАУ

Оспан Күртіге көшіп барғаннан кейін « «Үш аймақ»» «Үш аймақ» үкіметінен бөлінудің қамына кірісті.
Бірінші, Ләтіп, Момынбай, Мұқаметжан, Нүсіпбай сияқтыларды – ақылшы, Ғаббас мүфтиді – қазы етіп белгілеп, бұны қол астындағы еліне ұқтырды. Сондай-ақ Рақым Жақыпбекұлы бастық болған 100 адамдық қорғаушы топ құрды.
Екінші, келімді-кетімді қонағым көп, қаражат жетіспейді – деп Шіңгіл мен Көктоғай ауданнын шөп бажысын өз қолында ұстады.
Үшінші, бір айдан бері Оспанның жауабын күтіп жатқан Нұрқасым арқылы Дашырды Көктоғайға шақыртып алды. Ондағы мақсаты – Дашырмен бетпе-бет сөйлесіп, сенімділігіне көз жеткізу. Сенімді болса – Гоминдаң үкіметіне жіберетін уәкілдерімен қоса Үрімжіге аттандыру. Осы кезде Оспан Ілеге кеткен Ләтіптің келе жатқанын естіп, Үрімжіге жіберетін уәкілдерді ірке тұрады.
Төртінші, Ләтіп 1946 жылы мамыр айында Сарысүмбеге келе сала, қалаға көп аялдамай, Көктоғайда жатқан Оспанға жолығады. Оспан Сарысүмбеде Уәли болып түрған кезде туылған бір қатар келеңсіздіктен кейін, Гоминдаңның тамырын басып көрмек болып – Мұқаметжан, Қабас арқылы Жанымханмен тілдессе, тағы бір жағынан – Құлжадағы Әлихан төре Әлихан төреден де үмітті болады. Себебі, Оспан 1945 жылы Әлихан төре Әлихан төре мен Ахметжан Қасыми Сарысүмбеге келгенде жолықпағанымен, Әлихан төре Әлихан төренің дін туралы көзқарасында өзімен ортақтық бар екенін білген де, оған «іші жылып» қалған еді.

1946 жылдың басында « «Үш аймақ»» «Үш аймақ» орталық үкіметінің ұқтыруы бойынша: Алтай аймағының қызмет жайынан мәлімет беру, бұдан былайғы істер туралы пікір алысу үшін баратын уәлидің орынбасары – Шәмшиге, егін, малшаруашылық мекемесінің бастығы – Бәди Малшыбаевке, Оспан бажы мекемесінің бастығы – Ләтіпті де қосып жібереді. Оспан хатшысы Бағдатқа: «Төраға Әлихан жанабы! Інім Ләтіп сіздер жаққа кетті. Сізбен оңаша сөйлеспек. Маған берер нұсқауыңызды, інім Ләтіпті маған балап айтсаңыз болады» –деген мазмұнда хат жазғызып жолдайды. Ләтіп – Жазықаша деген жерде Оспанға жолығып, Әлихан төре Әлихан төренің хатын табыс етеді. Хатта: «Інім Оспан! Сені бір көруге ынтық едім, орайы келмеді. Қорқыт 40 жыл көрден қашып жүріп ақыры алғашқы қазылған көрге түскен екен. Өзің ойланып, іс қыларсың. Қалғанын Ләтіптен ұғын» – деп жазған еді.


Бесінші, «қу үй мәжілісі». Көктоғай кенінде 1936 жылы Шың шы цай үкіметінің ұсынысы бойынша СССР-дің кен барлаушылары барлау жүргізген еді. 1937 жылы шілде айында Шың шы цай Мәскеуге барғанда, Сталинмен қол қойысқан келісім бойынша, орыстар 1941 жылы мамыр айынан бастап қаржы, техника мен мамандар әкеліп, Көктоғай кенін аша бастаған. Кейін дүние жүзілік екінші соғыстың алғашқы кезінде, СССР-дің немістерден ойсырай жеңілгенін байқаған Шың шы цай орыстардан бет бұрып, оларға қысым түсіреді. Соғыста адам күші мен заттық жақтан зиянға әрі Шың шы цайдың қысымына ұшыраған СССР кен ашушылары 1943 жылы шілде айында кенді тастап кетеді. Соғыс жеңіске жеткеннен кейін, 1946 жылы маусым айында кен ашушылар қайта оралады. Бұдан хабардар болған Оспан:

– Жер – менікі тұрса, орыстар бұл жерге рұхсатсыз неге келеді? Оларды қуалап жіберу керек, – деп, Рақыш пен Рифағат бастаған адамдарды жібереді. Орыс кеншілері:

– Біз үкіметтің орналастыруы бойынша келдік. Пікірлерің болса үкіметпен сөйлесіңдер, – деген жауап береді.

Осыдан бірнеше күннен кейін: Дәлелхан Сүгірбаев, Шамши, Қажынаби, Сәлімжан Какажанов сияқты ел ағаларын ертіп Оспанға барады. Оспан қырға көшіп кеткеннен кейін 2-3 ай бойы қаладағы қызмет орынына қайтып келмеді. Еш хабар-ошарсыз жатып алды. Онымен қоймай:

Шіңгіл мен Көктоғай аудандарырның шөп бажысын өз меншігіне жинап алуының,

Үрімжіден – Нұрқожай Нұрғожай мен Құсайынның келуі, Ләтіптің Құлжадан келе салып Оспанға баруының –

бәрін ұштастыра қарағанда, жағдайдың келеңсіз жаққа бет алып бара жатқанын сезген Дәлелхан Сүгірбаев Оспанның аужайын байқап көру үшін және үш айдан бергі жұмыстан мәлімет беру үшін келген еді. Оспан мәліметті немқұрайды тыңдайды, ешқандай пікір білдірмейді. Қалаға тезірек қайтып барсаңыз деген сөзге:

– Денсаулығым жақсы емес, оның үстіне қаладағы тұрмысқа үйлесе алмайды екенмін. Өмірім – кең сахара, салқын ауада өткендіктен, аймақтық әкімшілік кеңсесі қыста – Өндірқарада (Оспанның қыстауы), жазда – Қуүйде (Оспанның орта жайлауы) түрып іс жүргізетін болса, – дейді.

Оған қоса: Көктоғай, Шіңгіл елі арасында неше жылдан бері бітпей келе жатқан құн дауы бар еді. Сол жөнінде мәжіліс ашпақшымын, соған қатынасып бір-ақ қайтыңдар – дейді.

Шынын айтқанда, бұның өзі бір қулық еді. Ақыры «ойынын» көрсете бастайды. Дәлелхан Сүгірбаев келгелі бірнеше күн болғанда, Оспан: «Мәжіліс бар» – деп Көктоғай, Шіңгіл елінің бастықтарын, ел ағаларын жинап алады. Осы кезде Оспан «құн дауын» қайырып қойып, Көктоғай кен ауданының мәселесін көтеріп шығады.

– СССР-дің кеншілері менің рұхсатымсыз жеріме неге келеді? Тегін жатқан байлық қайда бар екен? «Шығып кетсін» – деп адам жіберсем, атты алысқа айдап, созба бұйдалыққа салды. Ендігі шаруа – оларды қарудың күшімен айдап салу, – деп Дәлелхан Сүгірбаевке қысым түсіреді. Дәлелхан:

– Бұл, біріншіден, тарихи терең тамыры бар мәселе. Екіншіден, өткендегі Моңғолияның берген көмегі, іс жүзінде Моңғолия арқылы СССР-дің көмегі болатын. «Ашу – аздырады, ақыл – алға жетелейді». Салмақтырақ болғанымыз жөн. Қару жұмсау – мәселені әсте шеше алмайды. Алдымен уәкіл жіберіп, істің жәйін ұғысайық,— дейді.

Қажынаби, Уатхан, Әділханды уәкіл етіп СССР-дің кен ашушыларына жібереді. Олар:

– Біз үкіметіміздің жұмсауы бойынша келдік. Сондықтан, сіздер бұл жұмысты біздің Сарысүмбедегі елшілгімізбен сөйлесіп шешіңздер, оған дейін біз жұмысты тоқтата тұрайық, – деп қайтарады.

Бұл жауапты алып келгеннен кейін, Сарысүмбедегі СССР-дің елшілігіне Әділхан, Шәри, Әсен Рысханұлы сияқты адамдарды жіберді1. Осы тұстағы елшіліктің бастығы Заров деген, қазақшаны мүдірмей сөйлейтін татар еді. Заров:

– Оспанмен өзім барып сөйлесейін, бірнеше күн күте тұрсын, – деп қысқа жауап берді. Бұл жауапқа Оспан:

– Елшілктің мұнысы сайқалдық. Соза берсе, тоза береді деп отыр-ғой, – деп бұлқан-талқан болады.

Оспан ақырында сенімді серіктерімен ақылдаса келіп, Дәлелхан Сүгірбаевты зорлап қол қойғызып алып, Оспан екеуінің атынан бұйырық түсіріп, Алтай атты әскер полкін әкеліп, оларды Көктоғайдағы кен барлаушыларына салмақ болады. Бұны Әсен Рысханұлы Дәлелханға жеткізеді. Дәлелхан Сарысүмбедегі Пәтіханға (маған):

«Оспан шындап бет бұратын көрінеді. Істі кен барлаушыларынан бастамақ. Сондықтан, әр қандай жағдайда, тіпті менің қолым қойылған бұйырық болса да атты әскерлер полкін Сарысүмбеден қозғауға болмайды. Менің бұл бекімімді штаб бастығы Айтыке Аманжолов пен аймақтық сақшы бастығы Тастембайға ұқтыр» – деп хат жазды.

Қандай айла-шарғы қолданса да Дәлелхан бұйырыққа қол қоюдан бас тартады. Енді Оспан басқа айлаға көшеді. Дәлелхан, Шамши, Қажынаби бастаған адамдарды «жұрт арасында бітпей қалған құн дауына» салып, шырғалап қайтармай қояды. Бір күні Оспан: Қабас Тіркешұлын, Кәмел зәңгіні, Жәмет Мұсаұлын оңаша шақырып:

– Дәлелханның маған бой беретін түрі жоқ. Сондықтан, оны жасырын атып тастаңдар, – деп бұйырады. Олар:

– Бұлай істейтін болсақ, дұшпанды көбейтіп аламыз. Ең кемінде төменгі бес аудан елінің көпшілгі бізге қарсы шығады. Сондықтан, қазірше бұлай істемейік. Кейін бір жөні болар, – деп тостырып қояды.

Істің онан ары шиленсуінен үрейленген Қажынаби, Уатхан, Әділхан, Салық сияқтылар қайта-қайта айтып жүріп, Оспанды «Қуүй мәжілісін» таратуға көндіреді. Дәлелхандар 20 неше күн дегенде Сарысүмбеге қайтып оралады.

«БАРСА – КЕЛМЕСКЕ» БЕТ АЛДЫ


«Қуүй мәжілісі» жабылғаннан кейін, Шілде айының ортасында Заров: он неше түйе кездеме, шәй, ұн, күріш, қант сияқты заттармен Оспанға «амандаса» барады әрі кен ашушылардың жағдайын түсіндіреді. Осыдан кейін Оспан бұл іс жөнінде жұмған аузын ашпайды. Ал Гоминдаң үкіметімен қарым-қатынас орнату, «Үш аймақ» үкіметімен қарсыласу жағына белсене кіріседі. Өткен бір мезгіл ішіндегі «отты басқалардың қолымен көсеу» әдісін өзгертіп, өз қолымен «көсеуге» кіріседі. Десе де, дереу әшкере бой көрсете салмай, сырын « «Үш аймақ»» «Үш аймақ» үкіметінен бір мезгіл жасырып ұстауға тырысады. «Қуүй мәжілісінен» кейін Оспан Гоминдаңмен қарым-қатынасын былай өрбітті.

Бірінші, Оспан 1946 жылы Шілде айының соңында өз атынан алғаш рет хат хазып, екі айдан бері күтіп жатқан Дашырға – Қанатбай, Жанат, Какашаларды қосып, Үрімжіге жіберді. Жанат аурып қалып орта жолдан кері қайтты да, басқалары Үрімжідегі Жанымханның үйіне түседі. Жанымхан Оспан елшілерінің келгенін Жаң жы жұңға мәлімдейді. Жы жұң: Лю мың чүнді жіберіп, оларды қабылдатады. Елшілер Оспанның хатын тапсырады әрі Жы жұңның өздерін қабылдауын талап етеді. Үш күннен кейін Лю мың чүн:

– Оспанның хатын Жаң жы жұңға табыс еттім, Жаң жы жұң сендерді қабылдайтын болды. Бірақ, өзі жеке қабылдаса болмайды. Себебі, бұндай істің болғанын « «Үш аймақ»» «Үш аймақ» жақ сезіп қалса, наразы болады. Сондықтан, сендерді Жаң жы жұң, Ахметжан, Бұрһан үшеуі бірге қабылдайды. Әйтсе де, Оспанның хатын Ахметжандарға көрсетуге болмайды. Сендер де хаттың мазмұнын сөз етпеңдер. Біз Оспанның хаты қылып, басқаша мазмұнда хат жаздық. Оған Оспанның мөріне ұқсатып ойдырылған мөр басылды. Бұл хаттың мазмұнын жақсылап есте сақтап алыңдар да, ертең Жаң жы жұң, Ахметжан, Бұрһандарға осы мазмұн бойынша сөйлейтін болыңдар әрі хатты сол арада Жаң жы жұңның қолына табыстаңдар, – дейді.

Ертеңінде елшілерді Жаң жы жұң, Ахметжан, Бұрһан үшеуі қабылдағанда, осы үйретінді бойынша істейді. Жаң жы жұңға табыс етілген хатта, ең алдымен: «Бейбітшілік келісімі» жасалғаннан кейін, Алтайдың өлкелік үкіметпен қарым-қатынас жасамағаны, сондықтан аман-сәлем жасасу үшін адам жібергені жөнінде, сонан соң ел арасында беделі бар Әлен уаң, Жанымхан, Сүлеймен Бектұрұлы сияқтылардың Алтайға қайтып баруын, үшіншіден, «бейбітшілік келісімінің» мазмұндарына түсінік беруін, төртінші, жергілікті орынның қиыншылығына көмек беруін, бесінші, мемлекет армиясының келіп орналасуын – өтінілген. Ал Оспанның әсіліндегі хатының мазмұны былай еді.

«Алтай мейілінше қызылдасатын болды. Мен қызылдасуға жан-тәніммен қарсымын. Өйткені, қызылдар – дінді жоғалтады, мал-мүлікті ортақтастырады, байларды, молдаларды, ру басыларын жер аудартады, қамайды, атады. Сондықтан, мен « «Үш аймақ»» «Үш аймақ» үкіметінен қол үзуге бел байладым. Олармен соғысамын. Қазір СССР-дің асыл тас қазушылары Көктоғайға келді. Істі солармен ұстасудан бастамақшымын. Маған мол қару-жарақ, әскер жіберіп беріңдер. Сондай-ай халқыма кездеме, шәй, астық тағы басқалардан көмек көрсетіңдер».

Жаң жы жұң Оспанның елшілерін « «Үш аймақ»» «Үш аймақ» уәкілдерімен бірге қабылдап, 3-4 күннен кейін Сұң ши лян, Лю мың чүн, Жанымхандармен бірге тағы да қабылдайды. Бұл жолғы қабылдауда Жаң жы жұң:

«Бірінші, кен-барлаушылардың келіп кен ашу маселесін СССР мен дипломатиялық жол арқылы сөйлесіп, шешудің амалын қарастырамын. Оспанның олармен соғысуына болмайды. Екінші, « «Үш аймақ»пен» соғысуға әскер жіберу мәселесіне келсек, дәл қазір бұлай істей қоярлық уақыт емес. Үшінші, Оспанның өзге талаптарына келсек, заттық жақтан көмек беріп тұруымыз мүмкін. Қалғанын жағдайдың дамуына қарай кезінде көреміз», – деп жауап қайтарады.

Осыдан соң, Лю мың чүн Жаң жы жұңның жауабы бойынша Оспанға хат жазып, Какашаны Дашырмен бірге Көктоғайға қайтарады. Қанатбайды: «Кейбір нақты істер туралы мән-жайды ұғысамыз» – деп алып қалады. Демек, Оспан 1946 жылы қаңтар айынан бастап үш мәрте, Қабас бастаған адамдарын жіберіп, Жанымхан арқылы Гоминдаң жақпен байланыс жасаса, енді өзі төте қарым-қатынасқа өтеді.
Екінші, Қанатбайдың бір айға жуық уақытта оралмағанына тағатсызданған Оспан, тамыз айының соңында – Нүсіпбай, Зейнел, Үмбет сияқты адамдарын Дашырға қосып Үрімжіге жібереді. Оспанның тағатсызданған себебі: біріншіден, Қанатбай қайтар жолында « «Үш аймақ»» «Үш аймақ» сақшыларының қолына түсіп қалды ма – деп қауіптенді, екіншіден, өз қол астындағылардың өзіне сенетініне көзін жеткізу – еді. Оның басты мақсаты – Гоминдаң жақтың шынайы сеніміне кіру және көмегін, әсіресе, әскеи істерге жататын нақты көмегін алу – еді. Бұлай болмағанда, өз орталарында оңай түңілу, ыдырау, тайсақтау бола ма деп алаңдады. Әсілі, Қанатбай тамыз айының аяғында, Гоминдаңның үш тыңшысын ертіп, оншақты түйеге артқан (20 неше жанқұрал (тапанша), 100тең шәй, 100 топ бұл, торғын-торқа, неше 100 топ түрлі кездеме, бір бұлғын ішік)1 жүгі бар жолға шыққан еді. Жанымхан: Оспанға ақылшы болуға Сүлеймен Бектұрұлын да бірге жібереді. Нүсіпбайлар мен Қанатбайлар жолшыбай өзара кездеспей өтіп кетеді,
Үшінші, Ысқақ пен Дәлелхан Оспанға барады. Оспан – Нүсіпбайларды Үрімжіге аттандырған, Қантай – Үрімжіден қайтса да, Көктоғайға әлі жете қоймаған тамыз айының бас кезінде « «Үш аймақ»» «Үш аймақ» ұлттық армиясының бас қолбасшысы генарал-лейтенант Ысқақпен Сарысүмбеге келеді. Бұл араға көп аялдамай, күн сайын шиленісіп бара жатқан Алтай жағдайын оңалту мақсатында Дәлелхан Сүгірбаевті ертіп, Көктоғай ауданының Төржайлауында отырған Оспанға барады. Екі генарал қатар отырып Оспанға: Сарысүмбедегі қызмет орынына тезірек баруын айтады әрі « «Үш аймақ»» «Үш аймақ» үкіметі мен халқы атынан бірінші дәрежелі «Азаттық» алтын орденін силайды2.

« «Үш аймақ»» уәкілдері мен Гоминдаң жақтың «Бейбітшілік келісіміне» қол қойысқан жәйіттің барысын, басты мазмұндарын түсіндіріп, кеңес береді. Оспан оларға салқын рай білдіреді. «Күз келіп, салқын түскенде қызмет орынға баруды ойластырамын» – деп сүле-сапа жауап қайтарады. Келісім жөнінде түсіндіргенде миығынан күліп қана қояды. Кеудесіне таққан алтын орденді: «Тана, теңге тағатын әйел адам болдым, түге.» – дейді. Қанша айтса да райынан қайтара алмаған Дәлелхан мен Ысқақбек тамыз айының соңында Сарысүмбеге қайтып оралады.


Төртінші, Оспанның екінші рет жіберген уәкілі Нүсіпбай қыркүйек айының басында Үрімжіге келіп, Жанымхан арқылы Жаң жы жұңға жолығады. Оспанның: «Ммен бұрын сендермен бірнеше жыл соғысқамын. Бірақ, қазақта «адасқанның айыбы жоқ, қайта үйірін тапқан соң» – деген мәтел бар. Өткенде қарсы болдың десең – өзің біл. Олай емес десең, сөзіңнің растығы үшін маған « «Үш аймақ»пен» соғысуыма, біріншіден, мың әскер жіберіп көмектес; екіншіден, 500 адамдық қару-жарақ бер; үшіншіден, халқыма кездеме, шәй, астық жәрдем ет» – деген сәлемін ауызша жеткізді.

Жаң жы жұң: бірінші, екінші талапты орындаудың қазірше уақыты емес. Бұның себебін алдыңғы келген уәкілдерің арқылы жеткізгем, басқа заттық көмек жайына келсек, оны орындауға болады. Бір айдан кейін Шонжыдағы дивизия командирі Хан у ынның қолынан тапсырып алыңдар, – дейді. Айтқанындай-ақ, қараша айының басында Жанат, Құмархан бастаған 7-8 адам аталған көмекті тапсырып алады.


Бесінші, 1946 жылы Қазан айының бас кезінде өлкелік біріккен үкімет «Бейбітшілік келісіміне» қатысты белгілемелерге сай әр ауданда жүргізілетін аудандық кеңес мүшелері мен әкімдерді сайлау қызметін бақылау үшін, Алтайға да бір топ аттандырады. Топтың бастығы – Үрімжі аймағының орынбасар уәлиі Түркістан Ноғайбайұлы (Гоминдаң жақтың уәкілі), хатшы – Камалбек Алтайға бара жатып, қазан айының 6-ы күні Дөрбілжін ауданында « «Үш аймақ»» «Үш аймақ» төңкерісіне қарсы үгіт қағазын таратқандықтан, кинодан қайтып келе жатқан бір топ адам бейбастық істеп ұрып өлтіреді. Осы топтың орынбасары, халық істер мекемесінің бөлім бастығы Дәубай Мазақовты (« «Үш аймақ»» жақтың уәкілі) де қатты ұрып жаралайды. Нұсырат Шәмшиұлы сияқты бірнеше адам ауыр таяқ жейді.

Уақиғадан кейін Гоминдаң: «Бұл « «Үш аймақ»» «Үш аймақ» үкіметінің жоспарлауымен туылған уақиға» – деп есептейді. 1946 жылы қараша айында, Сұң ши ляннің түрткі болумен Жанымхан Шинжаң қауыпсіздіқті сақтау қолбасшылығында істейтін, штаб офицері Асылбек Қабдешұлын – Шіңгіл ауданындағы Әсен Рысханұлына1 жіберіп, Үрімжіге шақыртады. Әсен 1946 жылы желтоқсан айының басында Мәзап (Нәзір тәйжының інісі), Ыдырыс сияқтыларды ертіп Үрімжіге келіп, Жанымханның үйіне түседі. Ол кіші әкесі Түркістанның құнын жоқтап Үрімжіде бір жарым ай шамасы болады. Осы кезде Оспанның Ләтіп бастаған үшінші реткі толық құқықты елшілері келе қалады. Жанымхан Ләтіп пен Әсеннің басын қосып, ақсарбас айтып сойып, қолдарын қанға матырып: «Өлсек – бір шұңқырда, тірі болсақ – бір төбеде» болуға серттесетіреді. Оспанға – Шіңгіл елі жақтан Ләтіптен басқа тағы бір демеуші табылады.

Әсендер Шіңгілге қайтар жолында, Сұң ши лян бір жанқұрал, үш бесатар, көптеген кездеме, шәй қатарлы заттармен олардың қоржынын толтырып қайтарады. Жанымхан « «Үш аймақ»» «Үш аймақ» үкіметіне деген өшпенділігін онан арман арттыра түсу ниетінде, Әсенге – Түркістанның көптен бері ұстап жүрген жанқұралы мен дүрбісін табыс етеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   29




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет