ҚАЗАҚ ҰЛТ-АЗАТТЫҚ ҚОЗҒАЛЫСЫ
КӨП ТОМДЫҚ
ШЫҒЫС ТҮРКІСТАНТТҮРКІСТАНДАҒЫ ҮШ АЙМАҚ ҚОЗҒАЛЫСЫ
Филология ғылымдарының докторы, профессор Т.Қ.Жұртбайдың жетекшілігімен
13-том
Шығыс Түркістандағы «Үш аймақ» қозғалысы (Араб әліпбиінен крилл қарпіне аударған Әмина Сейітқызы)
Шығыс Түркістан және Монғолиядағы ұлт-азаттық қозғалысы (Оспан батыр). С.Рахметұлы.
Алматы. ЕЛ-ШЕЖІРЕ.
2009.
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ АҚПАРАТ МИНИСТРЛІГІ
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің жанындағы „Отырар кітапханасы” ғылыми орталығы
Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ-нің және Мемлекет тарихы институтының ғылыми Кеңесінде талқыланып, мақұлданды.
Жауапты редакторы, жинақты құрастырып, алғы сөзін жазған – филология ғылымдарының докторы, профессор Тұрсын Құдакелдіұлы ЖҰРТБАЙ.
Пікір жазғандар:
Б.Аяған, тарих ғылымдарының докторы, профессор.
Ш.Әмірбеков, саяси ғылымдардың кандидаты, доцент.
Ж.Бабалық, Шығыс Түркістан ұлт-азаттық қозғалысының қайраткері, полк командирі, Іле қазақ автономия облысының алғашқы төрағасы, этнограф, қаламгер.
Н.Мұхаметқанұлы, тарих ғылымдарының докторы
Араб әліпбиінен крилл қарпіне аударған – Әмина Сейітқызы.
Ғылыми редакторлары – тарих ғылымдарының докторы, профессор Д.Махат, „Отырар кітапханасы” ғылыми орталығының жетекші ғылыми қызметкері, қытайтанушы Қ.Ынтыханұлы.
«Қазақ ұлт-азаттық қозғалысы» атты көп томдық басылымның кезекті 13-томына Шығыс Түркістандағы тарихи қозғалыстар туралы Шыңжыңның үш аймақ төңкерісі тарихы комиссиясының құрастырумен жарық көрген «Шыңжаңның «Үш аймақ» көтерілісіндегі ірі істер» атты жинақ енгізіліп отыр. Шығыс Түркістан республикасы туралы жалпы қазақ қауымның мағлұматы аз. «Әр оқиғасы дербес ғылыми зерттеуге лайық, саяси бағамдауы өте күрделі», әлемдік тарихтан тиісті бағасы берілмеген «ұмытылған мемлекеттің» тарихы – Қазақстанның тарихымен тікелей астасып жатқандықтан да Шығыс Түркістандағы үш аймақ көтерілісінің шежіресін қамтитын бұл жинақтың тарихшылар мен қоғамтанушылар, саясаттанушылар мен мәмілегерлер, мәдениеттанушылар мен әдебиетшілер, өлкетанушылар мен қытанушылар үшін ғана емес, жалпы зиялы қауым үшін де аса мүдделі басылым екені анық..
Сондай-ақ Оспан Исламұлының тарихи тұлғасы туралы қилы көзқарастардың орын алуына байланысты ол туралы жинақта қамтылмаған тың дерекке құрылған С.Рахметұлының зерттеуі мен Әтейхан мергеннің естелігі «Қосымша» ретінде беріліп отыр.
ҰМЫТЫЛҒАН МЕМЛЕКЕТТІҢ ЖЫЛНАМАСЫ
(Бір тұтас алаш идесы және Шығыс Түркістан ұлт-азаттық қозғалысы туралы толықтырыла қайталанған алғысөз)1
1.
Дүние тарихы төңкеріліп түскен ХХ ғасырда империялық және ұлттық мүдделердің қақтығысы – әлем жағырафиясынан бастап, ұлттар мен ұлыстардың, жеке адамдардың тағдырына түбегейлі өзгерістер әкелді. Түсіндіріп болмайтын «түсінікті мүдделер» бүтін елді бұтарлады. бұтарланған жұртты бунақтады. «№ 453-Л» хаттама мен 1945 жылғы 11 ақпанда Ялтада өткен конференцияда И.Сталин, Ф.Рузвельт, У.Черчилль қол қойған «Үш ірі елдің Қиыр Шығыс мәселесі туралы бітімі» бойынша, Шығыс Түркістан Қытайдың құрамына беріліп, Сыртқы Монғолияның дербестігіне айырбасталды. Сөйтіп, олар тектік, діндік, тілдік негіздері мүлдем қабыспайтын ұлттардың құрамына біріктірілді.
Империялық «бөліп ал да билей бер» деген өктемдіктің кесірінен бүйрегі бүтін қазақ елі үшке бөлініп кетті.
Қазақстан үшін сондай мүдделі әрі ділгір, құпия да күрделі мәселе – әлмисақтан бергі ата қонысында отырған Шығыс Түркістандағы қазақтардың тарихи тағдыры.
Екінші дүниежүзілік соғыстың соңғы нүктесінің бірі болып табылатын, Империялық мүдделердің қақпақылына түскен Шығыс Түркістан Республикасының құрылуы мен таратылуы – ұлттық тұтастық пен ұлттық ыдыраудың тарихи, саяси, рухани және териториялық түйткілдері тәуелсіздік алғанға дейін өз тарихынан өзі жеріген қазақ тарихнамасында мүлдем зерттелмеді. Қазақ тарихшылары үшін ол бимағлұм күйде қалып келген тақырыпқа айналды.
Милллиондаған адамның тағдырын тезге салған бұл оқиға туралы қарама-қарсы мүдделер мен пікірлерді зейін қойып зерделеу – тек қана қазақтың ғана емес, сонымен қатар орыс, қытай, монғол, қырғыз тарихшыларының міндеті боп саналмақ.
Өкінішке орай, бүгінгі территориясы тиянақталған тұста да бұл оқиғалар Біртұтас алаш идеясы, яғни, тәуелсіз Қазақстан тұғырнамасы тұрғысынан ғылыми зерделеуден өткен жоқ. Зерделеуді былай қойып, қазақ шығыстанушылары мен тарихшылары Шығыс Түркістан атауынан бас тартып, империялардың отарлық пиғылын танытатын Синьцзян – Шинжаң – Жаңа жер (игерілген тың, яни, бізге түсінікті целинный край) сияқты қазақ халқы «Ақтабан шұбырынды, Алқа көл сұламаға ұшырап жатқандағы «сұм заман» тарихындағы Жоңғар шапқыншылығы тұсындағы мәнжу империсы қойған атауды «ғылыми негізді термин» ретінде таңдалып алыныпты. Бұрынғы және қазіргі дәуірдегі қытайдың тарихи-жағырапиялық, қоғамдық-саяси, әдеби-мәдени ойлау жүйесінен Түркістан аты мүлдем өшіріліп, «фашизм» ұғымымен пара-пар жанжүйеңі түршіктіретін мемлекетті арандатушы «қарғыс атау» ретінде қабылданатыны өкінішті. Қарапайым ғана жағырапиялық атаудың мұндай жеккөрінішті көрінуінің саяси астарын былай қойғанда, «түрік» деген түбір сөз бен халықаралық деңгейде ұалыптасқан кәдімгі тұрақты түркітану ғылымының өзі шектеуге ұшырап, бүтіндей ұйғыртану деген сәтсіз де ғылыми дәйексіз ұғыммен алмастырылуы – ғылыми ойлау жүйесі екі мың жылдан бұрын қалыптасқан ұлтты неге үрейлендіреді – деген орынды сауалды ойға оралтады. Көне және жаңа иероглифтің мазмұнын ажыратып, салыстырмалы ұғымын тарқата алатын қытай, қазақ, ұйғыр, монғол, мәнжу оқымыстыларының түсіндіруінше: түрік, түркітану, Түркістан сөзі таңбаланған кезде – Түркия, Түркістан, Шығыс Түркістан ислам республикасымен астарласып кетіп, ол – Шығыс Түркістан қытай территориясынан тыс тәуелсіз мемлекет – деген әсер беретін көрінеді. Әрине, мұның астарында мемлекеттік, ұлттық, саясат жатқаны тарихи шындық. Сондықтан да Шығыс Түркістанның әр жиырма-отыз жылда бұлқыныс пен буырқаныстың құшағында қалатыны – тарихи заңдылыққа айналып барады. Бұл, енді, басқа тарихи талдаудың күрделі де шетін тақырыбы болып табылады. Ал, біздің тарихи пайымдауымыз бен ғылыми негізделген тұжырымымыз бойынша, Тәңір тауды бөктерлей орналасқан тұтас жұртқа қойылған, саясатқа еш қатысы жоқ – Шығыс Түркістан, Орталық Түркістан, Батыс Түркістан, Солтүстік Түркістан деген жағырафиялық атаулар кезінде мұқым түркі елінің атын тарихтан өшіру мақсатында «түрікшілдік» деген атты ойлап тапқан еуропашыл және ұлыимперияшыл ғалымдардың өктемдігінен туған атау болатын. 1919 және 1922 жылғы түркі халықтарының құрылтайында қазіргі Қазақстан мен Башқортстанды – «Солтүстік Түркістан» деп ресми атап, картаға енгізіп, ортақ туды бекіткен болатын. Бүгінгі тәуелсіз мемлекет тұсында да біздің ғалымдарымыз өзінің пікірін Петербургтегі, Мәскеудегі, Қиыр шығыстағы, Күншығыстағы ұстаздары мен астарлы пікірлі саяси тұрғыдан тағаланған оқымысты-мыстардың сызып берген сызығынан шыға алмай отыр.
Тарихи тәуелсіз ойлау жүйесі қалыптаспаған тарихшылар тарихи шындықты қалпына келтіре алмаса, ұлттық мемлекеттің тарихы мен ұлттық мүддесі, танымы мен тағдыры толық тұжырымдалмайды.
Ал біртұтас алаш идеясын кие тұтатын қазақтар үшін:
Шығыс Түркістан дегеніміз – көне түркінің «мәңгілік ел» идеясының аясында өмір сүрген түркі дүниесінің ата мекені.
Шығыс Түркістан дегеніміз – бөлшекке түскен қазақ жері.
Шығыс Түркістан дегеніміз – бөлінге түскен қазақ елі.
Осындай өксікті өкініштің өті жарылып, уыты таралмас үшін Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов, Райымжан Марсеков, Қанағат Сүлейменұлы бастап барып, 1918 жылы 24 көкек күні Шәуешек қаласында кіші құрылтай өткізген болатын. Ондағы басты мақсаты:
-
«Алашорда» үкіметінің Шығыстағы эмиграциялық бөлімін ашу;
-
Босып барған ел мен жергілікті қазақтардың басын қосып, Алашорда мемлекетінің азаматтары ретінде қытай үкіметіне ресми тіркету.
-
Оларды жерге қолтықтаса орналастырып, дербес автономиялық басқару жүйесін құру болатын.
Алайда, мәнжу империясы күйресе де, империялық үстемдік пиғылы күйреген жоқ болатын. Сондықтан да олардың бұл талабы орындалмады. Үміті ақталмады. Бірақ та Алаш идеясы өзінің дәнін сеуіп, өнімін егіп кетті. Алаш идеясының Шығыс Түркістандағы дән себерлері, «Алаш» партиясы мен «Алашорда» үкіметінің мүшелері Райымжан Марсеков пен Ыбырайым Жайнақов, алашорданың қаржы қайраткері Кәрім Дүйсебаев, халық әншісі Әсет Найманбаев, жадидшіл ағартушы ақын Жүсіпбек Шайхысыламұлы, Кәрібай Таңатарұлы, гимназия мен арнайы орыс-қазақ мектептерін, медіресе мен мұғалімдер курсын бітіріп барған – Ғазиз Қалбанов, Махмұд Шөкеманов, Тұрсын Мұстафин, Жақан, Масғұт Тәтенов, Оразғали, Сейітқазы, Әбепей, Нәзір, Шәкен, Мәжит Ақмолдаев, Сантырбай, Зият Шәкәрімұлы Құдайбердиев, Шериаздан Марсеков сияқты тағы да басқа халық ұстаздарының, сондай-ақ,көзі қарақты, тікелей ағарту ісімен айналысқан, «Байтұрсыновтың жазу емілесіне» дауысты, дауыссыз дыбыстарды айыру белгісін енгізген – Нұртаза Шалғымбаев, медіресе мен мектеп ашып, елін ақылымен ұйытқан кітаби ақын Ақыт Үлімжіұлы, оқу-ағарту мен мәдениет саласын дамыту мақсатында алаш идеялы зиялыларды бауырына басқан Жабықбай ақалақшы сияқты жергілікті ел ағаларының ұйымдастыруымен ұлттық газеттер («Алтай», «Біздің дауыс» т.б.) мен мектептердің, мәдени ойын-сауық отауларының ашылуы – ұлттық сананы оятып, ақыр соңында ұлт-азаттық қозғалысына алып келді. «Алаш» партиясының бағдарламасына сәйкес мектептер, медіреселер, гимназия, институттың жанынан ұлттық мамандар даярлайтын бөлімдер, мәдени үйірмелер ашылды. Бұл ретте татар ағайындардың арасынан шыққан мұхажирлердің Ресеймен мәдени, сауда-саттық байланысының үзілмеуі де күре тамырдың суалмауына игі ықпалын тигізді. Өзбек пен қырғыздың ескі зиялыларының рухани ұшқыны да шақпақ отын өшірмеді. Сөйтіп, жалпы қауым бәріне ортақ мұсылмандық түркі нысанасына бет бұрған ұлт-азаттық күрестің қаһармандары мен жауынгерлері осы біртұтас Алаш идеясы үшін қолына қару алды. Жауымен жағаласты, жараланды. Қаза тапты. Бұған ресми емес деректер мен Шығыс Түркістан республикасы армиясы әскерінің салыстырмалы есебі бойынша, оның құрамындағы әскердің үштен екі бөлігі қазақтардан құралғаны дәлел бола алады
Демек, біз оларды бүгін – «Алаш» партиясы мен «Алашорда» үкіметінің құрбандарын қалай қасиеттесек, оларды да солай құрмет тұтуымыз керек. Кеше, қызыл жауынгерлер мен қарт коммунистерді ардагер деп қалай әспеттесек, оларды да солай қадірлеу – парызымыз.
Егер де қазақты біртұтас ел деп танысақ, егерде Алаш идеясын біртұтас қазақ идеясы деп мойындасақ және сол мойындауымыз шын болса, онда әлемнің қай түкпірінде болмасын қазақ елінің азаттығы үшін күрескен әр жауынгерді, әрбір құрбанды – қазақтың біртұтас ұлт-азаттық күресінің ардагерлері деп тануымыз керек. Оларға көрсетілген құрмет – Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне көрсетілген құрмет пен жеңілдіктерге теңгерілуі тиіс. Әйтпесе, Мұстафа Шоқайдан бастап Қалибек хакімге деген мезіретіміз, Абайдың сөзімен айтқанда, «сарт мезірет» болып табылады..
Алаш идеясына деген адалдық пен сенім – бізден соны талап етеді.
Ал, қазақ үшін Алаш идеясынан, оның бес ұлы нысанынан артық мүдде болуы тиіс емес. Ол идея бүгін де өзінің мүдделі мақсатын жойған жоқ. Қайта тәуелсіздіктің тамыры тереңге кеткен сайын, алдымызға сұраулы бұтақ болып шығып отыр. Ол идеялар мынылар:
Бірінші ұстаным: жер, жер және жер. Жерсіз Отан жоқ. Әлихан Бөкейхановтың ұйғарымы бойынша: «Қазақтың байырғы жерін қашан қазақтар өз бетінше ғылым мен техникаға сүйеніп толық игермейінше, жер жеке меншікке де, қоныстанушыларға да берілмеуі» тиіс.
Екінші ұстаным: жердің астындағы, үстіндегі, аспанындағы барлық игілік қазақ мемлекетіне қызмет етуі керек. Ә.Бөкейхановтың айтуынша: «Оның әр бір түйір тасы қазақтың өңіріне түйме болып қадалу керек» болатын.
Үшінші ұстаным: Ә.Бөкейхановтың жобасы бойынша, «Қазақтың жерінде өндірілген «бір уыс жүн сол мемлекеттің азаматтарының үстіне тоқыма болып киілуі» керек, яғни, толықтай экономикалық тәуелсіздікке қол жеткізуге ұмтылуы тиіс еді.
Төртінші нысана: қазақ мемлекетінде мемлекет құрушы ұлттың тіл, дін, діл үстемдігі болуы керек.
Бесінші, түпкі мақсат: ғылымға, ұлттық салт, дәстүрге негізделген заңға сүйене отырып, Жапонияның үлгісіндегі ұлттық-демократиялық мемлекет құру еді.
Бұл бес идея өзінің азаткерлік миссиясын әлі жойған жоқ. Жер үшін, жер мен аспан байлығы үшін, тәуелсіз экономика үшін, тіл мен діл үшін, дін үшін, қазақ ұлтының көзқарасы мен ар-ожданын қорғайтын, ұлтты сыйлауға мойынсындыратын тәуелсіз заң мен тәуелсіз ойлау жүйесін қалыптастыратын тәуелсіз ғылым үшін күрес жолы енді басталды. Демек, Алаш идеясы бүгін де, ертең де өзінің жалғасын табады. Ғаламдастыру дәуіріндегі рухани тәуелділіктен қорғайтын бірден-бір ұлттық бағдарлама, біздің пайымдауымызша, осы болып табылады.
Шығыс Түркістандағы ұлт-азаттық күресі де осы бес мақсатты жүзеге асыруға ұмтылған халықтық қозғалыс. Әр жылдары тарих бетіне шыққан Сұлубай, Оспан, Ғани, Әкбар батырлар да, Дәлелхан генерал мен уәли Баспай да, «азаттық іздеген көшті» бастаған Қалибек хакім де осы бес мақсат үшін күресті. «Етегімен су ішті, етігімен су кешті». Азаттық аңсаған көштің атойшысы болды. «Аланай асып арпалысты, Бұланай асып буырқанды». Алаш идеясын бойтұмар қып тағып, ар-иманымен қоса жүрегіне ұялатқан арыстармен бірге қазақ халқының бостандығының рухы болып Еуроазияны шарлап жүрді. Олардың бұл аңсары Дәлелхан Жаналтай, Халифа Алтай, Хасен Өралтай, Қамза Ұшар, Құсайын тәйжі сияқты қатарластары мен үрім-ұрпағы арқылы жалғасып, кеңес одағы тұсындағы идеологиялық тосқауылдарға қарамастан, ауа толқындарымен туған еліне жетіп жатты. Солардың талып жеткен дауыстары біздің жүрегіміздегі алаш идеясының қоламтасын қоздатты. Үміт отын жақты. Бұл қолдауды, сіз бен біз сияқты жеклтоқсан оқиғасына дейін де, сол оқиға тұсында да, одан кейінгі кезеңде де жүргізген астыртын жұмыстарымыздың барысында сезініп отырдық.
Әрине, бұл өзегі басқа әңгіменің арқауы.
2.
Тағдырдың жазуымен осы өлкеде ұйғыр, қазақ, монғол секілді түрлі ұлттардың өкілдері қатар өмір сүріп келді. Бұл бір есептен тағдардың жазымышы да емес, тіпті сонау ертеден бар тарихи тамырластықтың нәтижесі еді. Шығыс Түркістан ежелден түркі халықтарының ортақ Отаны болды. Шәуешек пен Пекин келісімдерінің нәтижесінде Қытайдың құзырына мәңгі қарап қалды. Бұл кезіндегі айбатты Қазақ хандығының басынан бағы тайған тұс болатын.
Мәнжу империясы құлағаннан кейін де қилы тағдырдың, жаһангерліктің құрсауы мен бодандығында қалған орталық қытайдың билігі, Сун ят сеннің ұлттық-демократиялық төңкерісінің ықпалы мен ықтасыны жергілікті жерге жетпеді. Сондықтан да Шығыс Түркістан өлкесіндегі Ян зын шыңның, одан кейінгі Жың шу рынның, одан кейін «Алтай партизандары» деген жамылғы атпен жасырынып барған қызыл армияның күшімен жүзеге асқан «12 сәуір» төңкерісі арқылы билікті басып алған Шың шы цайдың заңға негізделмеген жеке билеп-төстеу жүйесі – феодалдық-отарлау тұрғысындағы өктем қатыгездікпен, мешеу сауатсыздықпен жүргізілді. Бастапқыда кеңес одағының тікелей қақпақылымен жәдігөй саясат ұстанған Шын шы цай алты тармақтан тұратын: имперализмге қарсы тұру, кеңес одағымен дос болу, жемқорлыққа қарсы күресу, ұлттар теңдігін сақтау, Шыңжанды өркендету, бейбітшілік сақтау – бағытын жүргізе бастады. Мәскеуге барып, қауіпсіздік мекемесінің жансызы – орыс қызына үйленіп, Сталиннің «өкіл баласы» атанды. Сөйтіп, Мәскеудің бақылауына алынды. Бұл «құдалықтың» соңы аңдысуға ұласты. Ақыры бұл «қалыңдығының ізім-қайым» із суытуымен аяқталды. Оның есесіне кеңес одағындағы 1937 – 1938 жылғы қуғын-сүргін саясаты Шығыс Түркістанның да жазалау саясатына ауысты. Отызыншы жылдардың ортасындағы «Шығыс Түркістан ислам республикасының» жариялануы, қытайлармен бірігіп «Қытай ислам республикасын» құру идеясының әлсіз ұшқын беруі (Шығыс Түркістан республикасы орнаған тұста Оспан Исламұлының «Үш аймақ» көтерілісін тастап шығып, гоминдаң жағына шағып кетуінің бір кілтипаны осы идеяның жүзеге асынан үміттенген) – сияқты саяси оқиғалардың орын алуы ұлттық қозғалысқа алып келді.
Өкінішке орай, (иә, тағы да таусылмайтын өкініштің бірі) Біртұтас алаш идеясы үшін күрескен, қазақ ұлтының біртұтас ұлт-азаттық қозғалысының бір бөлігі болып табылатын Шығыс Түркістандағы азаттық майданы туралы және оны «Алаш» партиясымен, «Алашорда» үкіметінің тағдырымен, жалпы қазақ күрескерлерінің тағдырымен байланыстыра зерттеген тұжырымды зерттеу жоқ. Ол туралы пікірлер де Қазақстаннан басқа әр мемлекеттің ұстанған саясатына байланысты қақпайланып жазылып келді. Тек Тұрсынхан Қайыркенұлының «Ұмытылған мемлекет» («Синьцзиян (Шығыс Түркістан) қазақтарының ұлт-азаттық қозғалысы. 1940–1949)» атты монографиясы бұл бағыттағы діттеген ділгір еңбек, осы тақырыптың Қазақстан тарихындағы алғашқы кіріспе сияқты қанаттанды зерттеу болып табылады.
Шығыс Түркістанның күрделі тағдыры күні бүгінге дейін қаншама адамдарды әлі де ойландырумен келеді. Кездейсоқ тағдырға тап болған ұлт-азаттық күресі сыртқы ықпалды күштердің шешімімен тығырыққа тірелді. Шығыс Түркістан тарихы ежелден бері де осындай алмағайып, ұйқы-тұйқы қарбаласты қарсаңмен тайталасып келді. Республика құлаған ең соңғы күнге дейін оның тұрғындары тәуелсіздіктен күдер үзген емес.
Соңғы жүз жылдықтағы күшті бұлқыныстардың бірі – Шығыс Түркістандағы ұлт-азаттық қозғалысы пайымдалған топтама томдықтың бірінші жинағының1 бетін ашқан Т.Зәкенұлының „Ұмытылған мемлекет” атты монографиясы ұлт азаттығын тұтас ойлаған соңғы бұлқыныс туралы. Ғалым орыс, қытай, қазақ және ұйғыр тілдеріндегі деректер мен әдебиеттер арқылы сол кездің тарихи шындығын ашуға тырысқан. Мұндағы көптеген деректер бұрын-соңды ғылыми айналымға түспеген дүниелер. Олардың біразы ұлт-азаттық қозғалысты өз бастарынан өткізген тарихи тұлғалардың мемуарлық, тарихи зерттеу сипаттағы еңбектері. Сондай-ақ, мұнда бұрын жарық көрмеген мұрағат деректері де пайланылған. Сондықтан да „Ұмытылған мемлекет” туралы бұл зерттеу еңбегі бізе беймәлім Шығыс Түркістан мемлекеті жөніндегі тарихи танымға қатысты теориялық пайымдарды орнықтыруға негіз қалайды деп есептеймін.
Сол сияқты бірінші жинақта берілген – тарихи тақырыпты шығармашылығына арқау еткен, „Сергелдең” сияқты дилогиясында Оспан батырдың бейнесін сомдаған жазушы Жақсылық Сәмитұлының „Шығыс Түркістан республикасы” атты толғау-әфсанасы деректерге ой сала саралауымен назар аударады. Мұнда қаламгер өзі өмір сүрген қоғамның тағдырлы тұстарын барынша шынайы баяндайды. Көркем ойды емес, тарихи көркем ойлау жүйесін желі етіп тартқан.
Осы орайда әр мемлекеттің ұстанған идеялогиясы мен саясатына бейімделген пікірлерді жинақтап, ой қорытуға, пікір түйіндеуге, деректерді нақты және байсалды түрде пайымдауға негіз қалайтын басылымдарды көп томдыққа кіргізудің маңызы ерекше екенін атап өткім келеді. Әр мемлекет өз тарихын өзінің ұстанған ішкі-сыртқы саясаты тұрғысынан жүйелеуге, саралауға, тұжырым жасауға ерікті. Ал бұл тақырып Қытай Халық Республикасы ғалымдарының еңбектерінде барынша мол қамтылды. Ол зерттеулер: «Үш аймақ төңкерісі бүкіл Жұңго (орталық мемлекет – Т.Ж.) халқының демократиялық төңкерісі қозғалысының бір бөлегі»,– болып табылады деген Мао-цзе-дунның бағамдауы тұрғысынан пайымдалып жазылды. Сондықтан да бұл зерттеулердің қазақ руханиятының ту ұстар идеясы – алаш идеясымен ұштасып жатпауы түсінікті.
Ал ұлт-азаттық көтерілісінің бас қолбасшысының бірі Дәлелхан Сүгірбаевтің 1948 жылы «Ерікті Алтай» баспаханасында көзі тірісінде жарияланған «халық жиналысында сөйлеген баяндамасын», сондай-ақ Шығыс Түркістанның үш дәуірінде де (Шын цы цайдың, Шығыс Түркістанның, Қытай халық республикасының) үкімет басында болған күрделі тағдыр иесі, қоғам қайраткері Бұрхан Шаһидидің «Шыңжаңда өткен елу жыл» атты естелігінен үзінділерді, Ж.Бабалықұлы, Қ.Қанафин, Ғ.Нөкішұлы сияқты азаттық армиясының жауынгерлерінің жазбаларын бірінші жинаққа топтастырып беру арқылы Шығыс Түркістанның тарихы туралы әр қырынан білдірілген пайымдаулардан барынша мағлұмат беру көзделді. Әрине, мұның ішінде Бұрхан Шаһиди марқұмның саясатқа ықтап:
«Уақыттық (уақытша –Т.Ж.) үкіметтің өзін «Шығыс Түркістан Халық Республикасы уақыттық үкіметі» деп атағаны адамды алаңдатады. «Шығыс Түркістан» деген ат ХІХ ғасырда дүниедегі белді елдердің Орта Азия аймағында отаршылдық, шапқыншылық әрекет жүргізуіне байланысты пайда болған болатын. Сол кезде батыстағы отаршылдар Орта Азияны және Шынжаң аймағын сыпыра «Түркістан» деп атады. Сондай-ақ Зарапшан өзенін шекара етіп, оның батысындағы аймақты – Батыс Түркістан, шығысындағы аймақтарды – Шығыс Түркістан деп атаған. Сөйтіп, бұл атауға тіл мен жағрапиялық тұтастық ұғымы берілді. Кейін келе имперализм шапқыншылары мұнымен Қытайдың бірлігін бұзды. 1933 жылы оңтүстік Шыңжаңда бір мезет «Шығыс Түркістан Ислам Республикасының» жарыққа шығуы осының нақты мысалы бола алады. Енді, міне, Іле төңкерісшілері де «Шығыс Түркістан» деген желеуді көтеріп шығуы маған жағдай бәлкім күрделі болар дегенді аңғартты»,– деген пікірімен келісу қиын.
Өйткені жердің жаратылысына қарай қойылған – Таяу шығыс, Шығыс Еуропа, Батыс Еуропа, Орталық жазық деген жағырафиялық атаулар қандай қоғамдық құрылыста болсын өзінің атын жоймайтыны анық. Сол сияқты Шығыс Түркістан, Орта Түркістан, Батыс Түркістан, Солтүстік Түркістан деген атау да баршаға ортақ тарихи-жағырафиялық ұғым болып табылады. Бұдан саяси астар іздеу ойлы ғылымның өрісі емес. Өкініштісі, Түркістанға қаратылған мұндай өктем де астарлы көзқарас тарихи заңдылыққа айналып бара жатыр.
Осы орайда Шығыс Түркістандағы ұлт-азаттық қозғалысының тарихи шежіресі болып табылатын «Шыңжаңның үш аймақ төңкерісіндегі ірі істер (оқиғалар)» (Халық баспасы, Үрімжі, 1995), атты қытай тарихшылары он жылға жуық жинақтап, тоғыз рет талқылаудан өткізіп барып жариялаған құнды басылым үш томдықтың екінші кітабына енгізіліп отыр. Бұл жинақта ұлт-азаттық қозғалысының әр күні шежіре ретінде хатталып, баға беріліп, жинақтала баяндалған. Сондықтан да олардың деректану тұрғысынан алғандағы маңызын ешкім де жоққа шығара алмаса керек.
Бұл жинақтың қытай тілінен қазақ тіліне аударылып, араб әліпбиімен жарық көрген нұсқасын крилл қарпіне түсіру барысында жауапты сарашы көптеген және күтпеген қиындықтарға тар болды. Әрине, бұл қозғалыс туралы көзқарастардың қиылыспауы түсінікті.Алайда жинақ таза деректерді жылнамалық тәсілмен нақты деректі негіз еткендіктен де, бұл жағынан айтарлықтай түйткіл туған жоқ. Дегенмен де қазақ оқырмандарының бүгінгі танымы мен тілдік ұғымына ыңғайлап, барынша түсінікті болуы үшін көзқарастық тұрғыдан емес, таза әдеби, тілдік өңдеу тұрғысында амалсыз қаламымыз батқан төмендегі жайларды ескерте кеткім келеді.
Мұның басты себебі аудармашылардың стильдік селкеулігінде емес, қытай иероглифінің күрделілігі мен ойлау, жазу, баяндау дәстүрінің еркешелігіне байланысты туған мәжбүрлі тәржімә тәсіліне тікелей қатысты.Соның ішінде, саяси теңеулер мен тұрақты сөз тіркестерінің, астарлы емеуіріндердің, терминдер мен атаулардың қазақстандық оқырмандарға түсініксіз, кейде мүлдем түсініксіз, кейде мазмұнының бұлдыр жеткізілген тұстары едәуір қиыншылықтар тудырды. Мазмұны түсінікті, бірақ нақты ұғымы бұлдыр ауыр «амандықты қорғау мекемесі», «көз алдынан өткізді», «халықтан, армиядан хал сұрады», «амалиятта», «назария», «назарииятта», «уақыттық үкімет», «орынынан қалдырылды», «жөткеді», «септесті» деген сияқты т.б саяси терминнен алшақ сөздерді – қазақстанды оқырмандар бірден – «қауіпсіздік мекемесі», «танысты», «кездесті», «күнделікті өмірде», «теория», «идеологияда», «уақытша үкімет», «орынынан босатты», «жіберді», «көмектесті» – деп тура түсінуі екіталай. Мұндай ұғымдар мен сөз тіркестері ықтиятты түрде ауыстырылды. Сондай-ақ «банды», «қарақшы» деген сөздер де байсалды саяси жылнамаға жарасым бермес, оның үстіне оқиғадан бейхабар оқырманның: «Бұл қайдағы банды?», – деп тіксінуі де мүмкін деген оймен қырналды. Қытай тілінен бейхабар қарапайым қазақ оқырмандары қытай есімдері мен жер аттары қатарласып қолданылғанда, олардың жады бұл сөздерді ажыратып, жатық қабылдауы үшін адам аттары бөліп-бөліп (мысалы – Пин дэ хуай), ал жер аттары қосылып (мыс: Гуаньжоу) жазылды. Адам аттары да орыс тіліндегі транскрипция бойынша емес (мыс: Чан кай-шы, Мао цзе-дунь, Ли шао-ци емес) қытайша дыбысталуы бойынша (мыс: Жяң жие шы, Мао зы дұң, Ли шау чи) деп жазылды. Тағы бір қиыншылық еуропалық аттардың бұрмаланып таңбалануы (мыс: Иепсейев – Евсеев, Моготнов – Могутнов т.б.). Бұл адамдардың аттары барынша салыстырылып түзетілді, алайда жаңсақтықтардың кетуі мүмкін екенін ескерте кетеміз. Доклад, территория, устав, линия, район, жора (бюро) – деген орыс сөздері кейде ауыспалы мағынасында қолданылған. Мысалы, район сөзі – автономиялық республика (Шыңжаң ұйғыр автономиялы районы), әскери аймақ (әскери район), ауыл, кеңшар (мыс: Шыңжаң ұйғыр автономиялы районы Іле қазақ автономия облысының Шәуешек аймағына қарасты Шағантоғай районы) орынында ауысып пайдаланылған. Сол сияқты әскери құрылымдардың атаулары да шартты түрде: луи – дивизия, биңтуан – еңбекшілер армиясы, отряд – жасақ деп бір жүйеге келтірілді. Ал саяси, мемлекеттік, әскери және партиялық мекемелердің өте күрделі түзімнен тұратын құрмалас тіркестері амалсыз сол қалпынша қалдырылды. Ұғымды жеңілдетіп, олардың жікарасын ашу үшін грамматикалық, емілелік ережені бұза отырып, қос нүкте, үтірлі нүкте, сызықша, тырнақша қойылды. Кей тұстарда құрмалас сөйлемдер хабарлас сөйлемдерге еріксіз ауыстырылды. Мұның барлығына тәржімәшілер де, оқырмандар да түсіністікпен қарайды деп үміттенеміз.
Ал осы басылыммен сыңарлас «Шыңжаңның үш аймақ төңкерісі тарихы» (Ұлттар баспасы, Бейжің, 2000) атты жинақты да алдағы уақытта оқырмандар назарына ұсынуұаперімізде бар. Сонымен қатар, Оспан мен Қалибектің іс-әрекеті халықаралық қауымдастық тарапынан әр қилы бағаланып келеді. Олар: бір қауым жұрт үшін – халық батыры, екінші саптағылар үшін – күрестің түпкілікті мүддесінен бас тартқандар, ал үшінші жақ үшін – ұлттық тұлға. Осы жинақты дайындау барысында Оспан Исламұлының жеке тұлғасы мен саяси ұстанымына, ол бастаған екінші лектегі қарулы көтерілістің мақсаты мен қимылына жіп таға алмай қалған тұстарымыз да болды. Тарихи деректері дәйектелмеген, гоминдаңмен бірігіп құру көзделген «Қытай ислам республикасының» жөн-жобасы мен жосығы қаншалықты тарихи шындыққа жақын әрі америкалықтар қаншалықты қуатты мөлшерде қолдағанымен,оның жүзеге асу мүмкіндігі мен келешегі қандай болар еді – деген сұрауға жауап беру, әрине, арнайы тақырыптың аясы. Ал бұл оқиғалардың мән-жайы Халифа Алтайдың, Дәлелхан Жаналтайдың, Хасен Өралтайдың жуырда басылған жинақтарында және осы топтамының үшінші кітабындағы Фатхан Сүгірбаевтің «Алтай арпалыстары» мен Доқас Қожайдың «Офицер күнделігі» атты тағы да басқа әфсаналарда баяндалатындықтан да, бұл арада артық пікір қозғап жатпаймыз. Ал баянөлгейлік көрнекті демократ қаламгер Сұраған Рахметұлының. «Шығыс Түркістан және Монғолиядағы ұлт-азаттық қозғалысы (Оспан батыр)» мақаласы жылнамалық жинақта қамтылмаған тың деректерімен құнды. Бұл мақаладан Шығыс Түркістандағы ұлт-азаттық қозғалысы – жалпықазақтық Біртұтас алаш идеясының аясында жүзеге асқанын дәлелдейді. Алдағы уақытта ретіне қарай Шығыс Түркістандағы ұлт-азаттық козғалысына арналған дастандардың жинағы құрастырылып, баспаға ұсынылу жайы ойластырылуда.
3.
Cөз соңында тізгін қағып айтарымыз, егерде біз өзіміздің ұлттық тұтастығымызды дүние қауымдастығы алдында дәлелдеп, мойындатқымыз келсе, онда бұл мәселе ерекше назарға ілінуі тиіс. Бұл мәселеге тұсауы енді ғана кесілген талантты да батыл, көзқарақты тарихшы Бүркіт Аяған басқарған Президенттік Мемлекет тарихы институты ерекше ықылас білдіреді деп сенеміз.
Бұл ретте: Ғылым және Мәдениет министрліктері бас қоса отырып ауқымды Жоба жасаса – деген ұсыныс білдіреміз. Және бұл шара – мемлекеттігіміздің идеялогиялық саясатын тұтастандырып, іргесін бекіте түсуге негіз қалауға септігін тигізеді деп толық сеніммен айта аламыз. Осы орайда мынадай ұйымдастыру шаралары назарда ұсталғаны лазым сияқты:
Бірінші, «Біртұтас алаш идесы» деген терминді қалыптастырып, «Біртұтас ұлт-азаттық қозғалысы және Шығыс Түркістан» атты халықаралық ғылыми конференция ұйымдастырып, оған тек қана қазақ ғалымдарын ғана емес, осы тақырыпты қузаған қытайдың, орыстың, американың, немістің, түріктің, ағылшынның, француздың, монғолдың, тай-бэйдің ұлттық ғалымдары мен Шығыс Түркістанның тағдырын шешкен әскери-дипломатиялық келісімдерге қатысқан мекемелердің өкілдерін қатыстыра отырып келелі кеңес өткізіп, істің бағыт-бағдарын ашып алса, дұрыс болар еді.
Екінші, осынау тағдырлы ұлт-азаттық қозғалысы туралы шығарылған дастандардың, қоштасулар мен жоқтаулардың, аңсарлы хаттардың, күнделіктердің, жолжазбалардың, естеліктердің, зерттеулердің, деректі құжаттардың басын қосып, көп томдық етіп жарияласа, руханиятымызға қосылған үлкен үлес болар еді. Бұл біздің тәуелсіздігіміздің тарихи беттерін түгендейтін құнды да, тағдырлы басылымға айналары сөзсіз. Мұндай қолжазба мұралар мен мұрағаттық деректердің біразы «Отырар кітапханасы» ғылыми орталығындағы бар. Ал олардың ұзын санының өзі жүзден асып жығылады екен. Әлі қолға түспегені қаншама.
Үшінші, Шығыс Түркістандағы, Монғолиядағы ұлт-азаттық қозғалысының құрбандарына бұл елдерде ескерткіш қойылмайтыны анық. Сондықтан да осы азаткерлердің тағдырына тікелей қатысты және олардың алғашқы әскерлері жасақталған (бұл құпия емес) шекаралық аудандарға (Жаркентте, Достық та, Мақаншыда, Майқапшағайда) ескерткіш орнатса орынды болар еді. Соның ішінде, Алаш әскерінің ең соңғы шешуші шайқасы өткен, Отыншы Әлжанов сияқты ту ұстаушы азаматты тірідей өртеген Мақаншыдағы бұрынғы «қызыл партизан Мамонтов» атындағы саябақ өте қолайлы жер болар еді деп ойлаймын.
Бұл да біздің біртұтас Алаш идеясына, біртұтас ұлт-азаттық көтерілісінің құрбандарына, тәуесіздігіміздің тарихына деген ұлттық тағзым болары сөзсіз.
Құрастырылып отырғын бұл жинақ та соның бір орайы болмақ.
Тұрсын ЖҰРТБАЙ,
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің жанындағы «Отырар кітапханасы» ғылыми орталығының директоры, филология ғылымдарының докторы, профессор.
ШЫҢЖАҢНЫҢ «ҮШ АЙМАҚ» КӨТЕРІЛІСІНДЕГІ ІРІ ІСТЕР
----------------------------------------------------------------------------------------------------------
Жалпы құрастыруға жауапты болғандар: Жанәбіл, Фу-уын.
Құрастыруға жауапты: Шүй иүи чи, Жаң кы шүн.
Құрастыруға жауаптылардың орынбасаралары: Жоу чиң лин, Чи ро ци үң.
Қытай тілінен аударғандар: Мұрат Сәдуақасұлы, Күләш Әбдікерімқызы.
Шыңжаң халық баспасы, Үрімжі, 1995 жыл.
-----------------------------------------------------------------------
Мазмұны
Сөз басы
1.Шыңжаңның үш аймақ«Үш аймақ»Үш аймақ төңкерісінің басталуы және дамуы (1944 жыл, сәуір – 1945 жыл, қыркүйек)............................................................................
2. Үш аймақ«Үш аймақ» Үш аймақ төңкерістік үкіметі мен ГоминьдаңГоминдаң орталық үкіметінің бейбітшілік келіссөзі (1945 жыл, қыркүйек – 1946 жыл, маусым) ........................
3. Шыңжаң өлкелікӨлкелік бірлескен үкіметінтің құрылуы және ыдырауы (1946 жыл, шілдес – 1947 жыл, тамыз)..............................................................
4. Үш аймақ«Үш аймақҮш аймақты» ішкі жақжағытан реттеу және нығайту (1947 жыл, тамыз –1949жыл,тамыз).............................................................................................
5. ЖКП- ның тікелей басшылығында, Үш айма«Үш аймақ»Үш аймақ төңкерісінің – халық демократиясы төңкерісіне қосылуы (1949 жыл, тамыз – 1949 жыл, желтоқсан).............................................
6. Сөз соңы......................................................................................
7. Құрастырушыдан..................................................................................
СӨЗ БАСЫ
1944 жыл күз, Шынжаң өлкесінің Іле, Тарбағатай, Алтай аймақтарындағы ұйғыр, қазақ қатарлы ұсақ аз ұлттар бұқарасы Шың шысай Шың шы цсайдың1 ГоминьдаңГоминдаңның ұлттық езгісі мен үстемдігіне төзіп тұра алмай, қарсы ұлт азаттығы менна және демократиялық құрылымға қол жеткізу жолмақсатында ұйымдасқаны, көлемді қарулы күрес қозғадыбастады., Оләрі Үш аймақҮш аймақты негіз еткента төңкерістік өкімет құрылды. Бұл төңкеріс жоғарыдағы Үш аймақҮш аймақта туылғандықтан тарихта «Үш аймақҮш айма«Үш аймақ» төңкерісі» ( Бұл: қытай үкіметінің Тарбағатай, Іле, Алтай аймақтарында өрістеген ұлт-азаттық қозғалысына қытай тарихшылары қойған жиынтық атауатауы осылай, ал көтерілісшілердің өздері мен қытайдан халықаралық саяси қолданым бойыншабасқа елдер – Шшығыс Ттүркістан қозғалысы, деп атап келеді және кезіндегі олардың құрған үкімет –ін Шшығыс Ттүркістан Ислам республикасыүкіметі. Осы басылымда Қазақстандағы ғылыми айналымда тұрақтанған халықаралақ Шығыс Түркістан деген тарихи-жағырафиялық атауы негізге алынды – Т.Ж..теп атап келеді) деп аталды.
Үш аймақҮш аймақ «Үш аймақ» төңкерісі – Шынжаңның Шығыс Түркістан осы замандағы тарихындағы келелі оқиға. Ол ЖКП -–ның (Қытай коммунистік партиясының – ред.) және ол басшылық еткен бүкіл ел төңкерістік қозғалыстың ықпалында, және қолдап қуаттауында, советкеңесСовет одағының көмегінде, Шыншаңдағы Шығыс Түркістандағы әр ұлт алға басарзиялыларының ларының ұйымдастыруытыруында мен және олардың және бірлесе отырып күресуінің нәтижесінде жүзеге асты. ігі аясындабастауында басталғанды. Бұл төңкерістік күрес ілгерінді- кейінді бес жылға созылджалғасты., «бұраң жолдарды басып, Тар жол, тайғақ кешу» арқылы жеңіске жеттіжеңістерден жеңістнрге қарай барысында дамып отырдыды. Ол ГоминьдаңГоминдаң өкіметіүкіметінің Шығыс Түркістандағы нжаңдағы үстемдігіне сілейте күйрете соққы беріп, Шыншаңдаондағы аз жасап келген ұлттарғағы әр ұлтқа белгілі жақтардан деңгейде демократиялық құқыққұқық әпердііп., ГоминьдаңГоминдаң өкіметіүкіметінің Шынжаңдағы әскери күшіне тосқауыл қойып шаужайлап, батыс солтүстік шайқас майданындағы Халық азаттық соғысыныңармиясының жеңісіне сай келіпқимылымен үйлесіп, ГоминьдаңГоминдаңның және империялиалистік күштердіңзмнің Шығыс Түркістандынжаңды СоветкеңесСовет одағына қарсы әскери базаға айналдыру мақсатынды сәтсіздікке ұшыраттып,. Сөйтіп Шынжаңның бейбіт жолмен азат болуына, халықтық демократиялық төңкерістің бүкіл елде жеңіске жетуіне келелі үлес қосты.
Мао зы дұң 1949 жылы тамызда Үш аймақҮш аймақ «Үш аймақ» төңкерісінің басшысы АқыметАхметжхан Қасымиға1 Жүңго халық саяси кеңесіне қатысу жөнінде ұсыныс хат жолдап: «Сіздердің талай жылдардан бергі күрестеріңіз – бүкіл Жүңгодағы халықтық- демократиялық төңкерістік қозғалысымыздың бір бөлегі», – деп атап көрсетіп, Үш аймақҮш аймақ төңкерісінің сипатын және өлкесін толық тұрақтандырды және оған жоғары баға берді.
Шынжаңда Үш аймақҮш аймақ «Үш аймақ»тың төңкерістік қозғалысы ерекше тарихи жағдайда туылды. 1941 жылы маусымда Германия СоветкКеңесСовет одағына басып кірді. Он айда Ленинградты (қазіргі – Санкт-Петербургтіе) қоршауға алып, Москваға қауіп төнді: Жапон шапқыншыларына қарсы ЖКП- ның басшылығындағы базаларды аластауын жеделдетті; ГоминьдаңГоминдаң ( 1911-1945 жылдар аралығында қытайда билік жүргізген партияның аты, осылай болған, қазіргі Тайваньдағы ға билікбилік жүргізіп отырғантегі демократиялық партия дәл осының өзі.) үкіметі Жапон шапқыншыларына керенау қарсы тұру, компартияға белсенді қарсы тұру жағына бірте-бірте өтіп, компартияға үзбей қақтығыс тудырып, ЖКП -ның орталық комитеті тұрған жер – Шанши гансу – Ниңшя шекара өңірін жітірмелете құрсаулады. СоветКеңесСовет одағы халқымен ЖұңгоҚытайЖүңго халқы уақытша қиыншылық кезеңіне тап болды өтті. 1942 жылы тамызда ЖКП мен жасасқан Жапон шапқыншыларына қарсы ұлттық бірлік келісіміненсапты бісіржолата бұлтарып, ГоминьдаңГоминдаңның қолтығына кіріп, советКкеңесСовет одағына, халық мүддесінеқа қарсы қылықтарменәрекеттермен айналысты. Ол жарлық шығарып, Шынжаңға ұсыныс бойынша қызметке келген ЖКП- ның мүшелерін және олардың үй ішіндегілерді тұтқындатты. ЖКП- ның үздік мүшелері Жин танжиу, Мау зы мин, Лин жилулердіы жасырын өлтірілді.; әӘр ұлттың ықпалды, алға басар зиялы адамдарын кісілерін және жазықсыз бұқараны тұтқындадтты, бұқараны қырғынғда ұшыратты. Тыңшылар зорлық- зомбылық істеп, жазықсыз жазалау асқындап көбейіп кекетті. Көқп адамның үй-іші торғайдай тозып, от басы ойрандалды. Әр ұлт халқының өмірі мейілінше терорлық күйге түсті.қысым көрді.
Шыңшыцсай ГоминьдаңГоминдаңның қолтығына кіріп кеткен соң (Шыңшыцай Гоминдаң үкіметі Шың шы цайды ні тағайындаған Шынжаңның әкімі етіпдағы тағайындағангувернаторы оны қалайша Гоминдаңның қолтығына кірді деп жазған Қ соң ), Шынжаң мен кКеңес СоветСовет одағының арасындағы шекара саудасы тоқтады. Мал, тері, жүн, ішек сияқты Шынжаңның дәстүрлі экспорт тавартоавуарлары тасылмай қалды. Әр ұлт халқына қажетті шәй, кездеме, сіріңке, қант, қағаз, қаңылтыр сияқты тұрмыстық өндіріс тұтыну бұйымдарының қорызат қайнары үзілді. Сонымен қатарған қоса, ГоминьданГоминдаңның орталық өкіметіүкіметінің «фабиі» (ақша) Шыңжаңға көп мөлшерде енгізілді. Шыңжаң өлкелікӨлкелік өкіметі өлкенің өз ақшасын басып таратуды шығаруды жеделдетті. Сонымен ақша құнсызданып, зат бағасы өрлеп кетті. Іледе 1944 жылғы зат нарқы 1943 жылға қарағанда орта есеппен 7,5 есе артты. Ал, Шыңшысайдың билігі арқылы мен ГоминьданГоминдаң өкіметіүкіметі күннен күнге әр ұлт халқын сүліктей сорды. Әр ұлт халқы аш, жалаңаш қалып, ауыр азап тартты. Кейбіреулер лажысыздан шекарадан өтіп, СоветкКеңесСовет одағына кетті. Кейбіреулер қатерге басын бәй тікті. Шыңжаңда қоғамдық қайшылық, таптық әлеуметтік қайшылық және ұлттық қайшылық күннен күнге асқынды. Әр ұлт халқының қарсылық күресі кейде басылыап, кейде көтеріліп отырды.
Шыңжаң мен СоветКеңесСовет одағының шекара линиясы ұзыннан ұзаққа созылып, кеңес одағының үш республикасымен шектесіп жаттыады. Шыңшысай өзін «алдамшыжалған алға басарлық демократ» бейнесіндеге енген көрсеткен кезінде, КкеңесСоветСовет одағы көп рет әскери демеу жасап жіберіп, оның өкіметіүкіметін нығайтуға көмектесті, Шыңжаңдағы әр ұлт халқының мүддесіне сай саясат жүргізуге ықпал еттіа пайдалы, алға басарлыққа ие саясаттар атқартты.
Шыңшысай
ГоминьданГоминдаңның кері тартпашыларының қолтығына кіріп кеткен алған соң, кКеңесСоветСовет одағымен қол қойысқан келісімдерді жыртып тастапбұзып, кКеңесСоветСовет одағының Шыңжаңдағы барлық ақылшыларынкеңесшілерін, мамандарын, әскери тәрбиешілерін мамандарын, геоиологиялық үйірмелерімен барлау топтарын, Құмылдағы тұратын қызыл армияның 8-полкіын тегіс шекарадан шығарып алып әкетуге мәжбүр еттіледі. Бұл әрі Шынжаңдағы әр ұлт халқының мүддесіне ауыр зянзиян болды, әрі неміс фашистерімен соғысып жатқан кКеңес одағына ауыр зардаптар әкелдітуғызды СоветСовет одағының мүддесіне зянзиян болды. Сонымен қабат, АҚШ-тың әскери империализм күштері алашапқын болып, Шынжаңға сұғын қадады да, кКеңесСоветСовет одағы дүниежүзілік екінші соғыстан кейінгі өзінің қауіпсіздігі мен стротегиялықстратегиястратегиялықсына жағдайына назар аударды. Сол себепті олар Шынжаңдағы әр ұлт халқының Шыңшыцсайға және ГоминьдаңГоминдаңның Шинжаңдағы билеушілеріне қарсы күресіне көжан-п жақжағытан көмектесті. Алматыда, Әндіжанда, Ташкентте қатарлы жерлерде соғысқаәскери жанығуыжаттығу базаларын құрып, кКеңесСоветСовет одағында оқып жатқан шШынжаңдық жастар мен лажсыздан кКеңес СоветСовет одағына қашып лажысыздан барғандарды өтіп кеткендерді Шынжаңға қайтып барып, ырып барып қарулы күрес өрістететін таяныштар етіп тәрбиеледікөтеріліс ұйымдастыруға жаттықтырды. Алматы мен, Ташкентте: қатарлы жерлерде Шынжаңдағы әр ұлт халқын Шыңшыцсайға – ГоминдаңГоминдаңның кертартпа үстемдігіне қарсы тұруға жұмылдыруды басты мазмұнмақсат еткен үгіт-насихат материялматериалдарынқұралдарын басып шығарып, оны әр түрліше жолдармен Шыинжаңға енгізіп, азұсақ ұлттардың арасында тараттыаса зор ықпал тудырды.
КеңесСоветСовет одағының қолдап-қуаттауы мен көмектесуінің нәтижесінде де, Шынжаңдағы ұсақ ұлттар арасындағы ҚытайЖүңго коммунистерінің тәрбиесін алған және ықпалына ұшыраған кейбір жастар, кКеңесСоветСовет одағында оқып келген кейбір зиялизиялылар, Шынжаңдағы ұсақ ұлттар арасындағы қытай коммунистерінің тәрбиесін алған және ықпалына ұшыраған кейбір жастар және Шыңшыцсай мен ГоминьдаңГоминдаң үстемдігіне қарсы қайратткерлер ілгерінді- кейінді Іле, Тарбағатай, Алтай, Тасқорған қатарлы жерлерде «Марксизм-лЛенинизмдіы үйрену тобыгруппасы», «Азаттық ұйымы», «Алтай қазақ ұлтын көркейту комитеті» қатарлы сияқты жасырын ұйымдар құрды. Бұлар жер-жерлерде бұқараға үгіт жұргізетін,айтатын, бұқараны ұйымдастыратын, қарулы күресті өрістететін басшылық құрылымға, сондай-ақ к және Кеңес СоветСовет одағының қатысты жақтарымен тиісті ұйымдар мен мекемелермен байланыс жасайтын көпірінге айналды. Шынжаңдағы әр ұлт халқының Шыңшыцсайға және ГоминдаңГоминдаңның үстемдігіне қарсы күрес Үш аймақҮш аймақ төңкерісіне күш топтап шарт жағдай әзірлеп берді.
Сөйтіп, 1944 жылы, қалыптасқан ішкі-сыртқы жағдайларда Шынжаңдағы әр ұлт халқының Шың шы цайға және Гоминдаңның үстемдігіне қарсы күресі «Үш аймақ» төңкерісінін күш алуына қолайлы жағдай жасады. Шынжаңдағы әр ұлт халқының төңкерістік күресіне тиімды келелі өзгерістер туылды. Халықарада, Кеңес СоветСовет одағының қҚызыл армиясы неміс фашисттеріненің армиясын кКеңес СоветСовет одағын ғана емес шекарасынан түгел айдап шығып қана қоймай, Еуропадағы кейбір елдерді де азат еттіетіп, майдан шебі әрі тоғыз айда Германияның териториятерриториясына кіріп соғыс жүргіздіауысты. Жапония армиясы дашапқыншылары Тынық мұхитта арт-артынан сәтсіздікке ұшырап, шегініп, олардың Дүң тяу пинлік кеңсесі қызметтен бас тартуға мажбүр болды. Ел ішінде, Жапон шапқыншыларына қарсы ЖКП басшылық еткен жаудың ту сыртындағы базалар Жапония шапқыншы армиясына қарсы ішін ара қарсыйтарма шабуыл жасқозғап, аумақты жерді қайтарып алды: ГоминдаңГоминдаң соғыс майдандарында Хынан, ь Хунань, Гуаңши шайқастарындағы ГоминдаңГоминдаң армиясы қатты шығынға ұшырады. далып, аумақты жерден айрылып, ГоминдаңГоминдаң билеп-төстеп отырған өңірдегі қалың халықтың дара билеуге қарсылығын қозғады, демократиялық реформаны талап еткен демократиялық қозғалысты тың өрлеуге көтерді. Ішкі-сыртқы жағдайдың дамуы Шынжаңдағы әр ұлт халқының Шыңшысайға және ГоминдаңГоминдаңның үстемдігіне қарсы тұрудағы ерлік жігеріне және сеніміне аса зор шабыт қуат-күш берді.
Сонау 1939 жылы, Шыңшысайдың жарлығы арқылы ық түсіріп, малшылардың өндірісте және өзін қорғау жабдығы ретінде істетіп келген аң-құстардан қорғанатын мылтықтарын жинаттырып, қыр елінің малшылар жұртшылығының қатты қарсылығына ұшыраған еді. ды. «Мылтық жинау» және «Ммылтық жинауға қарсы тұру» күресі көп жерлерде туылды қозғалысы. өӨте-мөте Алтай районында аймағында түрліше көлемде, толассыз қарулы қозғалыс қозғалдықарсылық тудырды. 1943 жылы, Шынжаң өлкелікӨлкелік үкіметі: жарлық шығарып, әр ұлт халқына он мың әскери ат жылу беру туралыесің жарлық шығарды. деп зорлады. БұОл халық арасында «Ат тарту ету науқаны» делініп кеттіді. Бұл зі»л батпан салық көбінесе Іле, Тарбағатай, Алтай өңіріндегі қалың кедей малшы қауымға ларғаауыр салмақ салды түсті. Бір мезет еЕл ызаға булығып, жұртшылық ққатты кектеніп, әуелгі асқынған таптық әлеуметтік қайшылық пен және ұлттық қайшылық онан әрі ушыға түсті. Сөйтіп, «Мылтық жинау», «Ат тарту ету» науқаны Үш аймақҮш аймақ«Үш аймақ» төңкерісінт тұтатқанің от алғыш білтесі болды болды да, білтені тамызды болды төңкеріс бұрқ ете түсетіндей дәрежеге жетті.
Достарыңызбен бөлісу: |