Қазақ мемлекеттік қыздар педагогика институты казахский государственный


III кесте. 2000 – 2006 жылдар аралығындағы негізгі мектептегі тарих



бет14/19
Дата09.06.2016
өлшемі1.34 Mb.
#125162
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19
III кесте. 2000 – 2006 жылдар аралығындағы негізгі мектептегі тарих

пәндерінің құрылымы, жеке курстарға бөлінген сағат саны


Сыныптар

Дүние жүзі тарихы

Бөл.сағат

Қазақстан тарихы

Бөл.сағат

5

Ежелгі дүние жүзі тарихы

34

Ежелгі Қазақстан тарихы

34

6

Ежелгі дүние жүзі тарихы (Б.з. V ғ. дейін)

34

Ежелгі Қазақстан тарихы

34

7

Орта ғасыр. Дүние жүзі тарихы (Б.з. V – XVII ғғ.)

51

Орта ғас. Қазақстан тарихы

51

ІІІ-кестенің жалғасы



1

2

3

4

5

8

Жаңа замандағы дүние жүзі тарихы (XVII ғ. – 1914 ж.)

51

Жаңа замандағы Қазақстан тарихы

51

9

Қазіргі заманғы дүние жүзі тарихы (1914 – 2000 жж.)

51

Қазіргі замандағы Қазақстан тарихы

51




Барлығы

221

Барлығы

221

Жаңа буын оқулықтарының авторлары жоғарыда көрсетілгендей үш тұжырымдаманы басшылыққа ала отырып, оқулықтарға аса маңызды әдіснамалық, тұжырымдамалық жаңалықтар енгізді. Олардың қатарында қазақ халқының әлемдік өркениетке қосқан үлесі, орта ғасырлық мемлекеттік құрылымдар мен Қазақ хандығының сабақтастығы, Қазақстанның Ресейдің отарына айналуы, ұлт-азаттық көтерілістер мен қозғалыстар тарихы, қазақ халқының шығу тегі, оның халық болып қалыптасуы тағы басқа да маңызды проблемалар бар. Жаңа буын оқулықтарында Отан тарихындағы аса көрнекті тұлғаларды, қайраткерлерді, олардың тарихтағы, халық алдындағы еңбегін көрсетуге айрықша назар аударылды. Бұл тұрғыда XIX – XX ғасырлар тоғысындағы қазақ зиялыларының, XX ғасырдың 20-30 жылдарындағы көрнекті қайраткерлеріміздің, ақын-жазушыларымыздың, ғалымдардың, қоғам-мемлекет жұмысындағы халықтың бір туар ұлдарының қызметін ашып көрсетуге ерекше орын берілген.

Жаңа буын оқулықтары мен ОӘК-інің тағы бір ерекшелігі олардың түпнұсқасының алдымен мемлекеттік тілде жазылып, сосын басқа тілдерге аударылуы. Мұның өзі де үлкен жетістік. Өйткені бұған дейін Қазақстан тарихы оқулықтарының көбі алдымен орыс тілінде жазылып, қазақ және басқа тілдерге сосын аударылатын. Өз мемлекетінің, өз халқының тарихы алдымен елге аты берілген халықтың тілінде жазылуы тәуелсіздіктің белгісі.

Жаңа буын оқулықтарының тағы бір басты ерекшелігі – олардың қазіргі талаптарға, яғни тарихты оқытудың жаңа мақсат-міндеттеріне сай жазылуы. Ол-адамзат жинаған құндылықтарды оқыту, оның өзінде шу дегенде өз ұлтының құндылықтарын оқыта отырып, Қазақстан халықтарының, одан әрі дүние жүзі халықтарының жинаған құндылықтарымен таныстыру. Бұған қоса білім мазмұнының ұлттық (халықтық) болу талабы тарих пәніне тікелей қатысты екені ескеріліп, бұл мәселеге жаңа бағдарламалар мен оқулықтардың мазмұнында ерекше орын берілді.

Мектепте Қазақстан тарихын оқытудағы үлкен өзгеріс оның құрылымы мен мазмұнында болды. Енді оқушылар негізгі мектептің 9-сыныбын бітіргенде барлық пәннен де аяқталған білім алады. Қазақстан тарихы бұрынғыдай жеті жыл емес, бес жыл оқытылады, оны оқытуға бұрынғадай 310 емес, 221 сағат бөлінеді. Бағдарлы мектептің 10-11 сыныптарында тарих пәнінің қалай оқытылатыны бөлек әңгіме (бұл туралы «Хабаршы» журналының 2007ж. №2 санындағы аталған автордың мақаласын көруге болады).

Енді 5-сыныптан бастап-ақ Қазақстан тарихының жүйелі курсы оқытылады. Бұған дейінгі бағдарлама бойынша Ежелгі қазақстан тарихы 6 сыныпта 17 сағат көлемінде оқытылып келген еді, енді ол 5-6 сыныптарда 68 сағат көлемінде өтіледі. Бірақ олардың төрттен бірі «Тарихқа кіріспе» бөліміне берілді.


IV кесте. Қазақстан тарихының негізгі мектепке арналған жаңа буын

оқулықтары және олардың авторлары


Сынып

Сағат саны

Оқулықтың аталуы

Авторлары

5

34

Ежелгі Қазақстан тарихы

Т.Тұрлығұл-пед.ғ., док. проф; Ж. Таймағанбетов-тарих ғ.док., проф.; Б.Адырбекова-тарихшы мұғалім

6

34

Ежелгі Қазақстан тарихы

Т.Тұрлығұл, Ә.Төлеубаев тарих ғ.док. проф.; Қ.Құнапина, т.ғ.к-ты, тарихшы әдіскер

7

51

Орта ғасырлардағы Қазақстан тарихы

С.Жолдасбаев, тар.ғ.д-ты, проф.; Д.Бабаев – «ҚР еңбегі сіңген қызметкер», тарихшы мұғалім

8

51

Жаңа замандағы Қазақстан тарихы

Ж.Қасымбаев – тарих ғ.д-ы, проф.

9

51

Қазіргі замандағы Қазақстан тарихы

М.Қозыбаев, К.Нұрпейісов ҚР ҰҒА академиктері, Қ.Жүкешев философ, ғ.к.

Оқулықтардың бәрі жаңа бағдарламаға сәйкес жазылған және де оларға қойылатын қазіргі талаптар да мүмкіндігінше ескерілген.

Жаңа оқулықтардың көбі жақсы безендірілген. Бояулы суреттер т.б. талапқа сай жасалған. Кейбір тақырыпшалар соңында «Сыныптан тыс оқу үшін» деген айдармен қосымша мәтін берілген.

Жаңа оқуылықтар бойынша шәкірттерге сапалы білім мен тәрбие беру үшін сол оқулықтарды тиімді пайдалануға көмектесетін қосымша құралдар қажет. Қазақстан тарихынан ондай құралдардың санын әр сынып бойынша 6-7-ге жеткізуге болады. Әзірге әр оқулыққа 3-тен ғана дайындалды. Олардың ең бастысы - әдістемелік құрал. Оның міндетті-оқулықта берілген әрбір тақырыпша-сабақ материалын қалай еткенде тиімді оқытудың әдістемелік жолдарын ұсыну. 5-6 сыныптар үшін тағы қосымша екі құрал «Дидактикалық материалдар» мен «Жұмыс дәптері» бар. Бұлар негізінен мұғалімнің басшылығымен оқушылардың өздігінше жұмыс істеуіне арналған.

7-9 сыныптарға «Дидактикалық материалдар» орнына «Қазақстан тарихының хрестоматиялары» ұсыналады. Бұлар да оқушылардың сабақта және үйде өздігінше жұмыс істеуіне арналған.

Таяу жылдары еліміздің мектептері 12 жылдық оқыту жүйесіне көшкелі отыр. Демек Отан тарихы пәнінің оқытылу шежіресі одан әрі жалғасып, толыға түседі. Сол шежіренің бастауына да осы мақалада келтірілген деректер мен мәліметтер негізгі арқау болады.

ӘДЕБИЕТТЕР

1. Адамбосынов Қ.Ж. ХIХ ғ. соңғы ширегі мен 1920 жылға дейінгі Қазақстан медреселеріндегі тарих пәні: бағдарламалары, оқулықтары, әдістемесі. Алматы, 2006, 120 бет.

2. .Алтынсарин.Таңдамалы шығармалар. А.,1955, 88-б.

3. Бұл да, сонда 353 б.

4. Қалиев С. Халық жауы атанған ғалымның жаңа қыры.//Өркен, 1989, 8 шілде.

5. Сборник руководящих материалов о школе. М.,1948, 62-68 б.

6. Қазақ тарихы програмы.//Қазақ тарихы, 1993, №2.

7. С.Аспандияров.Қазақ тарихының очеріктері.,Алматы,1994.

8. История Казахской ССР с древнейших времен до наших дней. А., КазОГИЗ, 1943.

9. Козыбаев И.М.Историческая наука Казахстана. А., 1992, с. 23-40.

10. «Халық мұғалімі» журналы,1959, №11.

11. Қазақ КСР Оқу министрлігі алқасының қаулысы.1960, 22.09, №53.

2. Орта мектеп программалары.1960/61 оқу жылына арналған. СССР, Қазақ ССР және СССР Конституциясы.Алматы, 1960.

13. Қазақ ССР тарихы, 8-класқа арналған оқу құралы. А., 1958.

14. Е.Бекмаханов.Қазақ ССР тарихы.Қазақстан орта мектептерінің 8-9 кластарына арналған оқу құралы.А.,1959. Сол автордікі, Қазақ ССР тарихы, 10 кл.арналған оқу құралы, А., 1960.

15. «Қазақстан мұғалімі» газеті, 1960, 26 мамыр.

16. Жалпы білім беретін орта мектеп бағдарламасы.Тарих,Алматы,1992.

17. Е.Бекмаханов. Қазақ ССР тарихы. 7-8 кл. арналған, А., 1962.Қазақ ССР тарихы, 9-10 кл.арналған, А., 1963,бұл да, сол автордікі.

18. Т.Тұрлығұлов.Қазақ ССР тарихынан әңгімелер. 4-кл.,арналған, Алматы, 1962.

19. «Қазақстан мұғалімі» газеті, 1987, 19 июнь.

20. Н.Е.Бекмаханова. Қазақ ССР тарихы, 8-9 кл. Т.Тұрлығұлов. Қазақ ССР тарихынан әңгімелер, 5-кл., А., 1991.

21. Қазақстан Республикасында гуманитарлық білім беру тұжырымдамасы. //Егемен Қазақстан, 26 тамыз, 1994 ж.

22.Қазақстан Республикасында тарихи сана қалыптастыру тұжырымдамасы. //Егемен Қазақстан, 20 маусым, 1995 ж.

23. Қазақстан Республикасындағы этникалық-мәдени білім тұжырымдамасы. // Егемен Қазақстан, 7 тамыз, 1996 ж.

24. А.К.Кекилбаев. Восстановить нашу подлинную историю. //Наука Казахстана. №13, 1-15 июля 1998.

25. //Егемен Қазақстан, 2 ақпан 2001 ж.

26. //Егемен Қазақстан, 13 қазан 2004 ж.
ТҮЙІНДЕМЕ
Мақалада Қазақстан тарихының кейбір маңызды тақырыптарының ортағасырлардағы медресселерде оқытылғанынан бастап, мектептік курс, қазіргідей пән болып қалыптасуына дейінгі шежіресі баяндалады.
РЕЗЮМЕ
Статья посвещена истории становления истории Казахстана как предмета
Археология жӘне этнология
ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН БОЙЫНША АЖЫРАСУДЫҢ СТАТИСТИКАЛЫҚ КӨРСЕТКІШІ
Баудиярова Қ.Б. – Алматы қ., «Сымбат» сән бизнесі академиясы
Мемлекет – бір адам десек, әр отбасы сол «адамның бір жасушасы» деген рас болса, мемлекеттің да адам сияқты ауру жұқтырып, сырқаттанып және емделіп отыруы заңды. Қазақстан мемлекеті де ажырасу деген қоғамдық ауруға шалдықты. Ажырасу қазақ қоғамында бұрыннан пайда болып, 1990 жылдардан бастап, еліміздің материалдық және рухани жағынан құлдырағанда көз ілеспес жылдамдықпен өршіді.

Еліміздегі статистика жөніндегі агенттіктің мәліметтеріне жүгінсек, 2001 жылғы он айда тіркелген неке саны 76600, ал ажырасқандар саны 25 мың, яғни 1000 адамға 6,2 неке мен 2,0 ажырасу келеді екен. 2000 жылғы қаңтар-қазанда тиісінше 75300 неке мен 22700 ажырасу, яғни 1000 адамға шаққанда 6,1 некелесу мен 1,8 ажырасу болады. Бүкіл Қазақстан бойынша ажырасқан әйелдердің саны 1999 жылы 461 мың 600 адамға жеткен. Қазір бұл көрсеткіш жарты миллионнан асып кетті /1/ .

2006 жылы қаңтар айында Алматы қаласы Отбасы және әйелдер ісі жөніндегі комиссия жүргізген әлеуметтік зерттеулер қортындысы жарияланды. Қорытындылармен республика әйелдер кеңесінің вице-президенті, Алматы қаласы әкімі жанындағы отбасы және әйелдер ісі жөніндегі комиссияның төрайымы Климова Тамара Васильевна таныстырды.

Алматы қаласында жүргізілген әлеуметтік зерттеулерге 18-45 жас аралығындағы 1 мың әйел мен ер адам тартылған. Ғылыми зертеу сауалнамалары отбасы бақытына байланысты бірқатар сұрақтарды қамтыған. Алматы қаласында респонденттердің арасында ажырасқандар 4,5% құрапты. Сауалнамаға жауап бергендердің 40% отбасын жалғыздықтан құтылу үшін құрамыз десе, 28% бала өсіріп, тәрбиелеу үшін, 7% отбасы құру еркіндігіңді шектеу, қызметіңді өсіру жолындағы үлкен кедергі, 13% бір әуенді, қызықсыз ұй жұмысы деп бағаласа, сауаланамаға жауап бергендердің 29% ғана отбасы құруды бақыт, тіршіліктегі мақсаттарыңның орындалуына жетелер бағдаршамға бағалаған. Осының өзінен шығатын қортынды – респонденттердің отбасы бақытынан гөрі қара басын көбірек ойлайтынын аңғару қиын емес. Мемлекет – шағын отбасынан құралады десек, оның бүтіндігін сақтау бүгінгі күннің өзекті мәселесі болып табылады.



Неке тұрақсыздығы ажырасуға әкелетіндігі сөзсіз. Демографиялық көзқарас бойынша некенің басты мақсаты – тұрақтылық, яғни адамзаттың сақталуын қамтамасыз ету. Зертеп отырған мәселені шешу мақсатында Оңтүстік Қазақстанның әр облысы бойынша белгілі жас мөлшеріндегі ажырасқан ерлер мен әйелдерді бөліп қарастырамыз. 16-19 жас аралығында некеге аз отыратындықтан, ажырасу да көп емес. Соған қарамастан 16-19 жас аралығында ажырасу ерлерге қарағанда әйелдерде көбірек. Бұл жас аралығындағы ажырасуға жастардың неке мен отбасына мүлдем дайындықтарының жоқтығы, некесіз тым ертерек екіқабат болуы, мінездерінің сәйкес келмеуі, кейін тағы үйленем деген үміт және т.б. себептер жатады. Аталған себептерге байланысты ажырасу көрсеткішін төмендегі 1-кестеден көреміз.
1-кесте – Оңтүстік Қазақстан бойынша 16-19 жас аралығындағы ажырасушылардың үлес салмағы /2, 22 б./


Облыстар

Ажырасқандар

%




1989 ж.

1999 ж.

1989 ж.

1999 ж.




Ерлер

Барлығы

169

125

0

0

Алматы облысы

17

22

0

0

Жамбыл облысы

11

14

0

0

Қызылорда облысы

6

0

0

0

Оңтүстік Қазақстан облысы

18

14

0

0

Алматы қаласы

15

14

0

0




Әйелдер

Барлығы

1720

1767

0,3

0,3

Алматы облысы

226

354

0,4

0,6

Жамбыл облысы

169

150

0,5

0,4

Қызылорда облысы

52

62

0,2

0,3

Оңтүстік Қазақстан облысы

218

187

0,3

0,2

Алматы қаласы

112

72

0,3

0,2

20-24 жас аралығындағы ажырасу ерте ажырасуға жатады. Одан кейінгі жылдары ерлі-зайыптылар бір-бірінің мінезіне көніп, отбасылық өмірге толығымен үйреніп, тұрақтанады. 1989 жылмен салыстырғанда бұл жас аралығындағы ажырасу 1999 жылғы санақ көрсетуі бойынша өскен. Әр облысты жеке талдау барысында 2 – кестеге көз сала отырып, ажырасудан ең жоғарғы көрсеткішке ерлер ішінде Алматы облысы мен Жамбыл облысында – 1,1 %, Алматы қаласында – 0,9 %, Қызылорда облысында – 0,8 %, Оңтүстік Қазақстан облысында – 0,6 %. Енді әйелдер бойынша Алматы облысы мен Жамбыл облысында – 5,4 %, Алматы қаласында – 4 %, Қызылорда облысында – 4,3 %, Оңтүстік Қазақстан облысында – 3,7 %.

20-24 жас аралығындағы ажырасудан әйелдер ерлерден асып түседі. Бұл әйелдердің ерлерге қарағанда некеге ерте отыруына және ерлі-зайыптылардың жас алшақтығына, яғни ерлердің әйелдерден 1-5 жасқа үлкен болуына байланысты. Оңтүстік Қазақстан мен Қызылорда облыстарында ажырасудың аз болу себебі, қазақтардың көп шоғырлануына байланысты. Екіншіден, жоғарғы ұрпақ өкілдерінің жұбайларға әсер етуі. 20-24 жас аралығында ажырасудың негізгі себептері физиологиялық, психологиялық және әлеуметтік-экономикалық жағдай / 3/ . Сонымен қатар ерлі-зайыптылардың әлі де жас болуына байланысты, болашақта жаңа отбасын құруға мүмкіндіктің болуы. Оның үстіне жастардың кейбірінде бала болса, кейбірінде болмайды.

Әр облыс бойынша талдау жасай отырып, 25-29 жас шамасына сәйкес Алматы қаласын екі жынысқа да тән ажырасудан бірінші орынға қоямыз. Оған Алматы қаласына барлық ұлт өкілдерінің шоғырлануы мен осы қалаға тән қасиет некеге кеш отыру әсер етеді. 3 – кесте көрсеткендей, ерлер ішіндегі ажырасудан Алматы қаласынан кейін, Алматы облысы – 4,6%, Жамбыл облысы – 4,1%, Қызылорда облысы – 3,5%, Оңтүстік Қазақстан облысы – 2,9 % тұр.



Жастардың кейбірінде бала болса, кейбірінде болмайтындығындығын 2-статистикалық кестеден көруге болады.
2-кесте – Оңтүстік Қазақстан бойынша 20-24 жас аралығындағы ажырасушылардың үлес салмағы /2, 23 б./


Облыстар

Ажырасқандар

%




1989 ж.

1999 ж.

1989 ж.

1999 ж.

Ерлер

Барлығы

6842

6358

1

1

Алматы облысы

710

722

1,1

1,1

Жамбыл облысы

399

475

1

1,1

Қызылорда облысы

198

229

0,8

0,8

Оңтүстік Қазақстан облысы

628

551

0,8

0,6

Алматы қаласы

486

437

1

0,9




Әйелдер

Барлығы

21237

28283

3,3

4,5

Алматы облысы

2499

3343

3,9

5,4

Жамбыл облысы

1615

2365

3,9

5,4

Қызылорда облысы

618

1153

2,6

4,3

Оңтүстік Қазақстан облысы

2353

3178

3

3,7

Алматы қаласы

2197

52,6

3,1

4

Енді әйелдер бойынша Жамбыл облысында – 10,8%, Алматы облысында – 10,6%, Қызылорда облысында – 8,9%, Оңтүстік Қазақстан облысында – 27,8%. 25-29 жас аралығында Қызылорда және Оңтүстік Қазақстан облыстарында ажырасу аз. Бұның себептерін жоғарыда атап көрсеттік.


3-кесте – Оңтүстік Қазақстан бойынша 25-29 жас аралығындағы ажырасушылардың үлес салмағы /2, 24 б./


Облыстар

Ажырасқандар

%




1989 ж.

1999 ж.

1989 ж.

1999 ж.




Ерлер

Барлығы

24101

25896

3,2

4,5

Алматы облысы

2349

2778

3,2

4,6

Жамбыл облысы

1418

1659

3,1

4,1

Қызылорда облысы

615

897

2,4

3,5

Оңтүстік Қазақстан облысы

2009

2265

2,5

2,9

Алматы қаласы

1968

2185

4,2

5




Әйелдер

Барлығы

46021

57982

6,1

9,9

Алматы облысы

4924

6386

6,6

10,6

Жамбыл облысы

3105

4384

6,6

10,8

Қызылорда облысы

1220

2123

4,8

8,9

Оңтүстік Қазақстан облысы

4443

6022

5,5

7,8

Алматы қаласы

4561

6056

8,8

11,7

30-34 жас аралығында да ажырасу кездеседі. Екі жыныс бойынша ажырасу Алматы қаласында көп. Тағы да Қызылорда және Оңтүстік Қазақстан облыстарында ажырасу екі жыныс бойынша төмен дәрежеде. Оны 4-кесте

дәлелдейді. 30-34 жас аралығында ажырасудың негізгі себептері жоғарыда атап көрсеткендей физиологиялық, психологиялық және әлеуметтік-экономикалық жағдай. Тағы бір айта кететін жайт, 30-34 жас аралығында ажырасуға тікелей әсер ететін ішкі отбасылық қатынас. Үй басшысы болуға талас, білім дәрежелерінің әр түрлі болуы, біреуінің мінезін екіншісінің көтере алмауы, әйел парызы мен еркек парызын түсінбеулері, ата-ене мен туған-туыстарының әсері, некеге кеш отыруы.


4-кесте – Оңтүстік Қазақстан бойынша 30-34 жас аралығындағы ажырасушылардың үлес салмағы /2, 25 б./


Облыстар

Ажырасқандар

%




1989 ж.

1999 ж.

1989 ж.

1999 ж.




Ерлер

Барлығы

31338

33532

4,7

6,2

Алматы облысы

2969

3457

4,6

6,1

Жамбыл облысы

1756

2155

4,4

6

Қызылорда облысы

606

1079

3

4,9

Оңтүстік Қазақстан облысы

2296

2734

3,5

3,9

Алматы қаласы

3201

3345

7,3

8,4




Әйелдер

Барлығы

52548

65130

7,8

11,7

Алматы облысы

4952

6765

7,6

11,5

Жамбыл облысы

3589

4709

8,8

12,8

Қызылорда облысы

1048

2141

5,1

10,1

Оңтүстік Қазақстан облысы

4589

6100

7

8,6

Алматы қаласы

6450

7339

12,8

15,8

Сонымен қатар 35-39 жас шамасындағылардың арасында да ажырасу көп кездеседі. Бұған себеп – сезімнің жойылуы, материалдық жағдайдың жақсаруы, балалары өсіп, бұрынғыдай ерлі-зайыптыларды біріктіре алмауы, олар үшін бірге тұрудың қажетсіздігі, оның үстіне жұбайлардың біреуінің басқа адамда көңілінің болуы. Екі жынысқа да тән 35-39 жас аралығындағы ажырасу көрсеткіші өте жоғары Алматы қаласы. Әйелдер бойынша 18,3% болса, ерлер бойынша 10,1%. Оны төмендегі 5-кестеден көреміз. Керісінше қай жас шамасын алмасақта Қызылорда және Оңтүстік Қазақстан облыстарында бұл көрсеткіш төмен дәрежеде. Оның себебі, бұл облыстарда қазақтардың көп шоғырлануы және жоғарғы буын өкілдерінің әсері.


5-кесте – Оңтүстік Қазақстан бойынша 35-39 жас аралығындағы ажырасушылардың үлес салмағы / 2, 26 б./


Облыстар

Ажырасқандар

%




1989 ж.

1999 ж.

1989 ж.

1999 ж.




Ерлер

Барлығы

30993

39189

5,7

6,7

Алматы облысы

2793

3705

5,2

6,2

Жамбыл облысы

1684

2231

5

6,2

Қызылорда облысы

590

1021

3,7

4,8

Оңтүстік Қазақстан облысы

2022

2676

4

3,9

Алматы қаласы

3476

4307

8,7

10,1

5-кестенің жалғасы

1

2

3

4

5




Әйелдер

Барлығы

52488

75847

9,3

12,3

Алматы облысы

4596

7253

8,5

11,4

Жамбыл облысы

3417

4984

9,8

13,2

Қызылорда облысы

914

1769

5,4

8,3

Оңтүстік Қазақстан облысы

4123

6288

7,8

8,8

Алматы қаласы

7222

9336

15,9

18,3

Сонымен қорыта келе ажырасуға негізінен әлеуметтік-экономикалық, психологиялық және физиологиялық факторлар әсер етеді. Ажырасудың ең жоғарғы көрсеткіші Алматы қаласында болса, ең төмен көрсетікші Оңтүстік Қазақстан мен Қызылорда облыстарында. Бұған себеп, аталған облыстарда қазақтардың көп шоғырлануы. Екіншіден, жоғарғы ұрпақ өкілдерінің жұбайларға әсер етуіне байланысты.

ӘДЕБИЕТТЕР


  1. Байсақал Н. Отбасының бүтіндігі – бүгіннің өзекті мәселесі: Алматы қаласы Отбасы және әйелдер ісі жөніндегі комиссиясы жүргізген әлеуметтік зерттеулер қортындысы // Алматы ақшамы. – 2006. – 17 қаңтар.

  2. Краткие итоги переписи населения 1999 года в Республике Казахстан: статист. сб. – Алматы: Гос РК по стат., 1999. – 211 с.

  3. Калыш А.Б. Разводы в Казахстане: динамика, мотивы и причины // V конгр. этнографов и антропологов России: тез. докл, Омск, 2003, 9-12 июня. – М., 2003. – С. 95-97.

ТҮЙІНДЕМЕ

Мақалада Оңтүстік Қазақстандағы ажырасудың статистикалық көрсеткіші қаралады

РЕЗЮМЕ


В статье рассматриваются статистические данные разводов в Южном Казахстане.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет