Қазақ тілі – мемлекеттік тіл Іс қағаздарының түрлері Іс қағаздарының қызметтері



Дата25.02.2016
өлшемі62 Kb.
#21637


Қазақ тіліндегі ресми іс қағаздары
Жоспары

  1. Қазақ тілі – мемлекеттік тіл

  2. Іс қағаздарының түрлері

  3. Іс қағаздарының қызметтері

  4. Іс қағаздарының сипаттары

  5. Құжаттау үрдісінің элементері

  6. Іс қағаздарын жүргізуге қатысты арнайы құжаттар мен ұйымдар

  7. Ресми іс қағадары стилі

  8. Ресми іс қағаздарына тән белгілер

  9. Ресми іс қағазларын зерттейтін ғылым салалары



1. Қазақ тілі – мемлекеттік тіл.
ХХІ ғасырға тәуелсіз ел ретінде енген республикамыздың әлеуметтік, экономикалық, мәдени өмірінде үлкен өзгерістер болып жатыр. Қазақстан Республикасының Конститутциясы (1995), «Тіл туралы» Заң (1997), «Тілдерді қолдану мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы» (1998) республикадағы тіл мәселелерін реформалауды жүзеге асыруға негіз болады әрі мүмкіндік береді. Сондықтан бұл реформаны жүзеге асыру үшін ір министрлік, әрбір мекеме, ұйымдар, жеке адамдар өздерінің нақты істерін көрететін шаралар белгілеп, соны жүзеге асыруы тиіс. Солардың шіндегі ең өзектісі, ең алдымен қолға алынатыны –қазақ тілінің конститутиялық мәртебесін мемлекеттің бүкіл аумағында, қоғамдық қатынастардың барлық саласында жүзеге асыру.

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен бекітілген «Тілдерді қолдану мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы» тіл саясатын іске асырудың алғашқы кезеңінде негізгі төрт бағытта іс-шаралар жүргізеді. Соның бірі –ресми іс жүргізуді мемлекеттік тілге кезең-кезеңмен көшірудің нақты негізін жасау.

Іс қағаздарын қазақша жүргізу – мемлекеттік тілдің жүзеге асуының нақты көрсеткіші.

2. ІС ҚАҒАЗДАРЫНЫҢ ТҮРЛЕРІ

Үшке бөлінеді:

І. Азаматтық қарым-қатынас құжаттары.

ІІ. Жеке бас құжаттары.

ІІІ. Басқару, ұйымдастыру құжаттары.

І. Азаматтық қарым-қатынастарды реттейтін құжаттар.

Оған төмендегідей құжаттар жатады:


  1. сенімхат

  2. кепілхат

  3. өтінім

  4. тапсырыс

  5. келісімшарт

  6. еңбек шарты

  7. шарт

  8. еңбек келісімі


ІІ. Жеке адам өміріне қатысты құжаттар.

Оған мына құжаттар жатады

  1. өмірбаян

  2. түйіндеме

  3. жеке іс парағы

  4. визит карточкасы

  5. өтініш

  6. арыз

  7. мінездеме

  8. кепілдеме

  9. кеден мағлұмдамасы

  10. жеделхат


ІІІ. Басқару, ұйымдастыру, өкім шығару қызметіне қатысты құжаттар.

Оған төмендегідей құжаттар жатады

  1. үкім, өкім

  2. Жарғы, жарлық

  3. Ереже

  4. хабарлама

  5. бұйрық

  6. нұсқау

  7. ресми хаттар

  8. хаттама

  9. жарнама

  10. хабарландыру


3. Іс-қағаздарының қызметтері:

- жеке тұлғалар арасындағы қатынасты реттеуші;

- жеке адам мен қоғам арасындағы қатынасты реттеуші;

- әр түрлі мекеме, ұйымдардың өзара байланысын реттеуші;

- мекеме, ұйым жұмысын ұйымдастыру тәртібін негіздеуші;

- жеке адам мен қоғам өміріне қатысты оқиғаларды айғақтаушы;

- мемлекеттік басқару ісін жүйелеуші;

- тарихи құбылыстарды зерттеудің қайнар көзі;

- мекеме мен ұйымның атқарған істерінің көрсеткіші;

- мемлекеттік тілдің жүзеге асуының нақты көрсеткіші.


4. Іс қағаздарының сипаттары:
- саяси ( мемлекетішілік, мемлекетаралық, халықаралық қатынастарда);

- әлеуметтік ( қоғамдық-әлеуметтік қатынастарда);

- ұйымдастырушылық ( басқару қызметі жүйесінде);

- құқықтық ( заңдық және жеке тұлғалар арасындағы қатынастарда);

- тарихи ( әр дәуірдің, қоғамдық сатының өзіндік ерекшеліктеріне сай қатынастарда).

- ресмилік ( міндетті түрде заңдық тұрғыда тіркелуінде).


5. Құжаттау үрдісі элементтері:

  • құжаттарды дайындау;

  • құжаттарды жолдау, тіркеу;

  • сырттан келген құжаттарды қабылдау, тіркеу;

  • құжаттарды қолдануға дайындау;

  • құжаттардың жүзеге асырылуын бақылау;

- құжаттарды мұрағат қорына дайындау.

6. Іс қағаздарын қазақ тілінде жүргізуге қатысты ресми

құжаттар мен арнайы ұйымдар:

І кезеңде



  • Қазақ АССР Халық комиссарлар комитетінің 1921 жылы 2 ақпанда жарық көрген «Республиканың мемлекеттік мекемелерінде қазақ және орыс тілдерін қолдану туралы» декреті;

  • Қазақ АССР ОАК-нің 1923 жылғы қарашадағы «Қазақ тілінде іс қағаздарын жүргізуді ендіру туралы» декреті

  • Қазақ АССР ОАК Президиумының «Қазақ тілінде іс қағаздарын енгізу жөніндегі орталық комиссия туралы ережені бекіту туралы» қаулысы.

  • Қазақ АССР Еңбек Халық Комиссириатының 1924 жылғы 21 июльдегі «Қазақ тілінде іс жүргізуді енгізуге байланысты қызметкерлерді жұмыстан босату және оларды қазақ тілінде сөйлеп, жаза алатын қызметкерлермен алмастырудың тәртібі жөніндегі» қаулысы.

ІІ кезеңде



  • 1989 жылғы Қазақ ССР-інің Тіл туралы Заңы;

  • 1990 жылғы «Қазақ тілін және Қазақ ССР-індегі басқа да ұлт тілдерін дамытудың

2000 жылға дейінгі кезеңдерге арналған мемлекеттік бағдарлама»;

- 1993,1995 жылдардағы ҚР Конституциясы;

- 1989 жылы құрылған Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы;

- 1993 жылы Қазақстан Үкіметі жанынан құрылған Тіл комитеті



7. Ресми іс қағаздары стилі

Стиль – латын сөзі, қазақ тіліне аударғанда «жазу мәнері» дегенді білдіреді.

Стилистика – тілдің қолданылу заңдылықтарын зерттейтін ғылым, ол тілдік белгілердің дұрыс қолданылу нормасын көздейді.

Қазақ тлініде қалыптасқан бірнеше әдеби тіл стильдері бар, олар:


  1. ауызекі сөйлеу стилі (ауызекі тұрмыстық және ауызекі ресми)

  2. көркем-әдебиет стилі (поэзиялық ,прозалық және драмалық)

  3. публицистикалық (көсемсөз) стиль (баспасөз, теледидар, радио, интернет журналистикасы, мақалалар мен очерктер)

  4. ресми іс қағаздар стилі (ресми іс қағаздарының түрлері, заң шығарушылық құжаттар, дипломатиялық және әскери құжаттар)

  5. ғылыми стиль (ғылыми-көпшілік және ғылыми-монографиялық, ғылыми-оқулықтардың жазылу тілдері)

Ресми немесе іс қағаздар стилінің ерекшелігі, онда акт дәл көрсетіліп, бір ізбен жүйелі жазуға айрықша мән беріледі.

Қазақ тілінде қолданылып жүрген қалыптасқан сөз орамдарының көпшілігі орыс тілінің ықпалымен жасалған : қызу мақұлдау, қызу қарқын, тұрмыстық қызмет, қызмет көрсету, жүзеге асыру, қамтамасыз ету, өз күшінде қалдыру, қол жеткен табыс, кең жол ашу, іске қосу, мәселе көтеру, алғыс жариялау, сөгіс жариялау.

Көптеген сөздер белгілі стильге телулі болады, қолданылу жағынан шектеліп отырады. Мысалы: тағайындалсын, міндеттелсін, осы анықтама берілді, қаулы етеді, жарлық етеді т.б.

Ресми іс қағаздарында кейде бір заттың я ұғымның атауы қолданылу орнына қарай әр түрлі аталады. Мысалы, адам деген сөз ресми құжаттарда – азамат, жолдас, телефон станциясында – абонент, ательеде – заказ беруші, шаштаразда – клиент, ауруханада – науқас, санаторииде – демалушы, тынығушы, транспортта – жолаушы т.б. болып табылады.

Іс қағаздары стиліне әр түрлі мекемелерде жүргізілетін жазу үлгілері болады.
8. Ресми құжат стильдеріне тән белгілер:


  • мазмұнының қысқа әрі тұжырымды баяндалуы;

  • тұжырымдардың дәл, нақты болуы;

  • сөздер мен терминдердің нақты, тура мағынасында пайдаланылуы;

  • терминдер мен тұрақты орамдардың бірегейлігі;

  • терминнің ең қолданылу жиілігі жоғары, Мемлекеттік терминология комиссиясы (Мемтерминком) бекіткен нұсқасының пайдаланылуы;

  • қалыптасқан мазмұндық-құрылымдық нормалардың қатаң сақталуы.


9. Іс қағаздарын зерттейтін ғылым салалары

Іс қағаздарын төмендегідей ғылымдар арнайы зерттейді:



    1. Тілтану (Лингвистика)

    2. Стилистика

    3. Педагогика

    4. Тарих

    5. Мұрағат ісі

    6. Саясаттану




Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет