12. Синтаксис. Синтаксис – грамматиканың бөлімі ретінде.
Сөз тіркесі және сөйлем. Сөйлем мүшелері туралы түсінік. Сөйлем, сөз тіркесінің айырмашылыған салыстыру. Сөйлемнің түрлері. Хабарлы сөйлем. Сұраулы сөйлем. Бұйрықты сөйлем. Лепті сөйлем. Жай сөйлем мен құрмалас сөйлем. Жай сөйлем түрлері. Сөйлем жасауға қажетті тіркестерді білу икемділігін дамыту. Ойды жеткізе білу үшін сөйлем құрастыра білу икемділігін арттыру жолдары. Сөйлемнің тиянақты бір ойды білдіретіні, сөз тіркесі сөйлем құрудың негізі ғана, ол жеке тұрып толық, аяқталған ойды білдіре алмайтынын практикалық жұмыс үстінде меңгерту жолдары. Тұрлаулы және тұрлаусыз мүшелер. Салалас құрмалас сөйлем. Сабақтас құрмалас сөйлем. Пунктуация.
Синтаксис- грамматиканың саласының негізгі бір бөлімі. Қазіргі уақытта қазақ тілінің синтаксис саласы сөз тіркесі синтаксисі, жай сөйлем синтаксисі, құрмалас сөйлем синтаксисі болып жеке-жеке өз алдына зерттеліп,олардың іштей байланысу жолдары,түрлері анықталып келеді.
Тілдің синтаксистік құрылымын зерттеу – олардың құрылуы,ішкі құрылымы,байланысу жолдарын қарастыруды айтамыз.Синтаксистің ең маңызды бөлігі –сөз тіркесі деп білсек, соның ішінде сөз тіркесінің түрлері мен ерекшеліктерінің зерттелуі – өз алдына бір ғылым.
Сөйлем - біршама аяқталған ойды білдіретін сөздер, сөздер тобы.[1]
Тиянақталған ойды ауызша да, жазбаша да білдіруге болады. Ауызекі сөйлеуде сөйлем мен сөйлемнің арасында кідіріс (пауза) болады. Жазуда бір сөйлем екінші сөйлемнен нүкте, сұрау және леп белгілерінің бірімен айырылады.
Сөйлемдер айтылу мақсатына және дауыс ырғағына қарай хабарлы, сұраулы, лепті, бұйрықты болып төртке бөлінеді.
Сөйлем мүшелері – сөздердің мағыналық тұрғыдан өзара тіркесуі нәтижесінде синтаксистік қызметте жұмсалатын сөйлемнің дербес бөлшектері. Сөйлемдегі сөздер бір-бірімен мағыналық байланыста болады, сол байланыс негізінде грамматикалық мағынаға ие болған сөздер, сөз тіркестері сөйлем мүшелері қызметін атқарады. Сөйлем мүшелері қызметінде сөйлемнің дұрыс құрылуының, әр сөздің өз орнында жұмсалуы мен ой желісі, стильдік жағынан нақты болуының орны ерекше. Сөйлем мүшелері үлкен екі топқа бөлінеді:
Достарыңызбен бөлісу: |