Қазақ тілі әдістемелік талдау



бет6/9
Дата11.07.2016
өлшемі0.58 Mb.
#190548
1   2   3   4   5   6   7   8   9

8-жаттығу. Көшіріп жазып, тиісті тыныс белгісін қойыңыздар.

I. Ала көлеңде су беті бейне бір қара айнаның жүзіндей жалтырап жатыр. Қыбыр еткен не жан иесі жоқ шөп басын шайқаған не бір жел де жоқ.. 2. Құрманның кекесінін түсінбей қалды ма әлде өз ниетін тез ұқтырғысы келді ме әйтеуір оны әлдебір жаққа шақыра түсті (X. Ес). Қылығы сонша тәтгі қазір қабағыңды жаптырмайды орынсыз жерде күлдіреді сөйлетеді. 4. Кепедегілерге хабар айта кетті ме әлде жылынғысы келді ме немесе бұғып атыспақ болды ма қарауыл жоғала қалды (С. М.). 5. Олар біреудің қараңғы бөлмесінде немесе бақшадағы алма ағашының көлеңкесінде бірнеше сағат бойы күбірлесіп отырады да қояды немесе өзеннің жағасында сайдағы ағаштардың көлеңкесінде отырады. 6. Олар осыдан басқа түк те айтқан жоқ біріне-бірі басқа бірдеңе айтуға да үлгере алған жоқ. Топтары өзінен-өзі ажырай бастады қыздарының көбі поселкеге үйлеріне қарай жүгірді ал Майя, Саша – үшеуі тас жолды көлденең кесіп өтетін сүрлеудің бойымен аудандық комсомол комитетіне жөнелді. (А. Ф.).



9-жаттығу. Кезектес салалас сөйлемдерді тауып, өзіндік ерекшелігіне сипаттама беріңіздер.

1. Перде біресе ойнаған баладай боп Абай оқып отырған кітап бетін жасыра бүркеп қалады, біресе желпи қағып кітаптың жазуларын сыпырып ұшыруға тырысқандай болады. (М Ә ). 2. Жастар бір бөлек әзілдесіп отыр екен, мен де соларға қосылдым (Б. М.) 3. Қарсы алдан қаһарлана соққан дауыл арпалысып алға жібергісі келмегендей кейде шегін тартып ысқырынады, кейде долданып самолётті шайқап-шайқап жібереді (Ә. Ә ). 4. Кей жерлерде жан түршігерліктей қиын: бір жағың – түбі қарауытып жатқан терең құз, бір жағың – аспанмен таласқан шың; жолы тар әрі ирек. (С. М.) 5. Бірде ол да ақтарыла салатындай жақын көрінеді, бірде салқын тартып алыстап кетеді (Т. Ахт.)



10-жаттығу. Кезектес мәнді жалғаулықтардың қайсысы кезектес салаласты, қайсысы бірыңғай мүшелерді байланыстырып тұрғандығын ажыратыңыздар.

1. Әшейінде ықшам, оңтайлы жас дәл керекті жерде ордаңдап, қыз қасына жанаса алмай келе жатыр. Біресе бір адым озып кетеді, біресе кейін қалып қояды (Ғ. М.). 2. Баян бәйбіше бір жапырақ қағазды жүрегіне қысып келе жатыр. Хатты біресе кеудесіне қысады да, біресе оған мейірі қанба-ғандай бетіне басады. (Ә. Ә.) 3. Төменде көшіп жатқан бұлт керуені – кейде Мақтааралдың мақтасындай шудаланған майда ақ бұлттар, кейде Қара-ғандының көміріндей қою қара бұлттар кездеседі. (Ә. Ә.) 4. Тереңде жатқан кішірек тұз көзі біресе күлімдеп бері шығады, біресе қозғалмай кішірейіп терең арнасының түбіне кетеді (Ғ. Мүст.). 5. Толқын кейде қозы жүндес бұп-бұйра, кейде жылқы жалдас қырлана төгіледі, кейде бура өркешіндей сопая шапшиды; кейде кенеттен бұрқ ете қалған өрттің түтін будағындай шұбалаңдайды (Ж. Арыст.). 6. Жүргіншілердің оң жағынан, кейде сол жағынан қар жамылған жалаңаш төбелер кездеседі (Ә. Н.). 7. Полктердің командирлері бірде маған, бірде штабқа офицерлер мен жауынгерлердің ерліктері туралы үсті-үстіне хабарлап жатты (F. Сафиуллин).



11-жаттығу. Көшіріп жазып, тиісті тыныс белгісін қойыңыздар.

1. Қиял құсы біресе қанаты буылғандай төмен кұлдилайды біресе қайқаң етіп қасқая көтерілген қыран құстай жоғары шырқайды. Кейде көзіңнен тасалауға қимайтын Гүлжаһан сияқты аяулы қарындастар мен батыр бауыр, бағылан ағалардың артта қалып бара жатқанына налисың кейде солардың көкке көтерілген даңқына шаттанасың.2.Кейін білдім біз үшеуіміздің басып отырғанымыз негізгі бір күйдің пернесі екен. 3. – Рас, ғажап екен!.. – дегеннен басқа ештеңе дей алмай, шым-шытырық ойға түстім. Біресе жаудан тартып алған самолётпен елге қарай ұшып келе жатқандай қуанамын біресе аспаннан құлап келе жатқандай үрейленемін. Кейде жайдары ашық күні бар кейде бұрқ-сарқ еткен бораны бар түнерген түнек ойда келе жатып, күннің кеш кіргенін де сезбей қалыппын. (Ә Ә.). 4. Оның түсе қалғысы келіп еді ширыққан, қызған аттар жұлдыздай ағып өте шықты. 5. Сенің бір жаман мінезің бар Бүркітбай кісіге сенбейсің. (С М). 6. Біресе басымен үйді нұқсқайды да біресе сақалымен шанада жатқан әйелді нұсқайды (F. М.). 7. Қаланың басқа аудандарынан мұның бір ғана өзгешелігі мұнда бұрынғы қазақ хуторлары үйлерінің бірсыпыралары сақталған, бұл әркімнің жеке меншігіндегі, әркімнің өз қалауынша салынған әр түрлі үйлер еді (А. Ф.)



12-жаттығу. Көшіріп жазыңыздар да, салаластың қай түріне жататын-дығын ажырата отырып, тиісті тыныс белгісін қойыңыздар.

1. Асқар екі нәрсені қолына берік ұстады біреуі төрт бұрышты фанер тақтайға желімдеп алған жоғарғы манифест екіншісі винтовка.2. Қалғып кеттің болды тыңайып сала бересің. (С. М.) 3. Сәуленің соны айтуы-ақ мұң екен елден бұрын Олжай қолын ала жүгірді. 4. Ә, екеуіңіз жақсы отыр екенсіздер сіздермен сөйлесетін бір үлкен жай бар (Ә. Ә.). 5. Егер сен мінбеге шыққан екенсің ендеше кәне дұрыстап сөйле (Ә. Нұрш ). 6. Анатолий Уляның бұл мінезіне кейіген жоқ ол тек мына қысылшаң жағдайдан қалай құтылудың амалын іздестіріп тұр еді. (А. Ф.). 7. Сол ұрыны қазір ұстап бермеді бар ғой онда бұл жерден осы кеткенімнен хабарымды қайтып тірі пенде естімейтін болады (М. Қар ). 8. Басын көтерсе-ақ болғаны ұшып жүрген көбелектерге көзі түседі (А. Байт.).



13-жаттығу. Мына салаластардың мағыналық және тұлғалық ерекшелігін ажыратыңыздар.

1. Сол арада сырнай, домбыра, гитар, мандолиннен құрылған оркестр де ойналып жатыр, хор мен ән де айтылып жатыр, біреулер билеп те жатыр (С. М.) 2. Адалдық дегенім сол – адалдық бар жерде адамгершілік бар, адамгершілік бар жерде батырлық бар. (С Бақб.). 3. Осы бала жігітті Кәрден бұрын бір жерде көргені бар, бірақ есіне түсіре алмады (3. Ш.) 4. Әдемі, ұсақ жазулы книжка өндіріс ойларымен толы екен, сағат үшке дейін айтып бітіре алмады (Ғ. Мұст.) 5. Әркім өз ісімен өзі болып отыр, мен объектіні дәл табуға тырысамын, Катя самолётті дұрыс басқаруға тырысады (X.Досп.). 6 Жұмыс көп қой, жеңгей... жеңгей демейінші, замандас Менен үлкен емессіз және қожайын да емпеңдеп калған шал емес. 7. Ол – Шитовпен көбіне-көп қазақша сөйлесетін, өйткені бұл – қазақ ауылдарымен іргелес селениеде туып өскен белгілі егінші шаруаның баласы – орысша сөйлеген қазақты жаратпай қалатын еді де, қате сөйлеген жерін қазақшалап жөндеп отыратын, оның үстіне тіпті кейбір мақал-мәтелдерімен сөзін өрнектеп, сөйлеуге құмар болатын (X. Ес.)



14-жаттығу. Салалас құрмаластарды түр-түріне ажыратып, тиісті тыныс белгісін қойыңыздар

1. Мектеп бітіруімізге бірталай уақыт бар сонда да болса әрқайсымыз-дың неге икем екеніміз байқалып қалған-ды (X.Досп.). 2 Тоңның қалыңдығы кей жылда метрден асып кетеді және бір ғажабы – тоң кей жерде кәдімгі судың бетіне қатқан мұзға ұқсайды (С. М.).3. Не мен түк түсінбеймін не осылар түк түсінбейді.(Ә. Ә.) 4.Жоқ бәрі де үрей болып шықты сақылдаған өз тісі дүрсілдеген өз жүрегі (Г. С). 5. Майданда өткен бірнеше ай ішінде Дусяның көңілді күйіне бойымыздың үйренгені сонша оның жоқ кезі ойсырап көрініп тұратын. (X. Досп.) 6. Оның бойына қуат, ойына ақыл, бетіне ажар, осы Сыр бойында ғана бітеді. Сырдан айырдың солдырдың оны. 7. Дәрігердің айтқан ақылы каналдың жер қазу жұмысы басталғанша дем алу. Бірақ оған уақыт қайда жұмыс бастан асып жатыр. (С. М ) 8. Мыркал өзінің неліктен мұнша шошитынын айтпақшы болып еді кеңеске шақырылмағандар келіп қалды да үлгере алған жоқ (Ә. Ә.). 9 Дәркембайдың ендігі сөздеріне кейде ызалы мысқыл араласады, бірақ сонысын да бір қалыпты салқын сабырмен айтады. (М. Ә.)



15-жаттығу. Салалас құрмаластарды әуелі түр-түріне ажыратыңыз-дар, содан кейін жалғаулық шылауларын алып тастап, мағыналық қарым-қатынасында өзгерістің болатын-болмайтынына көңіл аударыңыздар да жетпейтін жеріне тыныс белгісін қойыңыздар.

I. Әлі қалыңдап қар түскен жоқ, бірақ келте сонар боп таңға жақын жауатын не жұқалаң-қырбық қар, не қылау күн сайын болады (М. Д.), 2. Дес бергенде, ошарылған сен тез қозғалып кеткен де, тасыған су жыралардан төмен түскен. 3. Хаттың ендігі жерін аттамалатып жазам, өйткені мен жазатын повесть аяқталып қалды (С. М.). 4. Өзен суы әрі мол, әрі ағыны күшті (F. С). 5. Нәзекет терезені ашып, сыртқа қарады. Көз жанары терезе алдындағы ақ қайыңға түскенде, оған бұрынғыдан да қызыға қарады. Нәзік бұтақтарына тізбектеле өскен жас жапырақтары кейде бір әсем музыканың ырғағында қатарлас билеп жүрген балалардай көрінеді, кейде сол жапырақтардың сыбдырынан әлдеқандай естімеген сыр сыбдыры құлаққа келеді (А. Лек.). 6. Алмастан қатты тас жоқ, сондықтан оның бетіне таңба салу аса қиын еді (А. Маш.).


14. Сабақтас құрмалас сөйлем
Басыңқы және бағыныңқы бөліктерден тұратын құрмалас сөйлемнің түрін сабақтас кұрмалас сөйлем деп атайды.

Мысалы: Бұл туралы тағы да тиянақтап алғысы келгенмен, Жанар-дың батылы бармады (3. Қабд.).

Сабақтас құрмалас сөйлемнің жасалуы дегенде, негізінен, бағыныңқы сыңардың баяндауышының орнындағы сөздің тұлғасы ескеріледі. Атап айтқанда:

1. Бағыныңқының баяндауышы көсемшеден жасалады: Теңіз жағасы-на көшіп келгелі, сары інгеннің бұрынғы жайылған өрісіне аңсары ауады да тұрады (Ә. Н.).

2. Бағыныңқы сыңардың баяндауышы септік жалғаулы есімшеден жасалады: Біз орнымыздан тұра бергенімізде, Есімбектің ауылы жағынан жүгіре басып келе жатқан Базарбай да көрінді (Ғ. М.).

З. Бағыныңқының баяндауышы есімше мен септеуліктің тіркесінен жасалады: Отауға жеткен соң, шешесі мен Шынар арбадан түсе сала, жүгіре жөнеліп, отауға кіріп кетті. (F. М.).

4. Бағыныңқының баяндауышы шартты рай тұлғалы етістіктен жасала-ды: Қонағы домбыра тартса, ол әнімен қосылады (Ү. Б.). Сабақтас құрмалас сөйлемдердің түрлері:

Сабақтас сөйлемнің беретін мағынасы бағыныңқы сыңарға тікелей байланысты. Мұндай мағыналардың өзі әр түрлі болады. Құрамындағы бағыныңқы сыңарлардың мағыналық ерекшеліктеріне қарай сабақтас құрмалас сөйлемнің мынадай түрлері болады:

1. Шарт бағыныңқылы сабақтас.

2. Қарсы бағыныңқылы сабақтас.

3. Себеп бағыныңқылы сабақтас.

4. Мезгіл бағыныңқылы сабақтас.

5. Амал (қимыл-сын) бағыныңқылы сабақтас.

6. Мақсат бағыныңқылы сабақтас.

Бағыныңқы сыңары басыңқы сыңардағы ой, іс-әрекеттің жүзеге асу шартын білдіретін сабақтас құрмалас сөйлемнің түрін шартты бағыныңқы-лы сабақтас деп атайды.

Шартты бағыныңқылы сабақтастың бағыныңқы сыңары әр түрлі тұлғада келеді:

1. Етістіктің шартты рай тұлғасы: Қаранардың мен кедейлігін, аты-жөнін, фамилиясын пайдаланып жүрген болсам, сен оның өзін, қара күшін пайдаланып жүрсің. (Р.Райым,).

2. жұрнақты көсемше, кейде оның үстіне -ынша/-інше жұрнағы қоса жалғанады: Жаман айтпай, жақсы жоқ (мақал). Қыс бойы малда болған тракторларды жинап алып, жедел жөндеуді жолға қоймайынша, жұмыс өрістемейді (М. X.).

3. Жатыс септігіндегі өткен шақтық есімше: Осы көлдің көзін ашып, түбін тазартпағанда, мен саған айтайын, Кебек қарағым, бұл Сабындыкөл емес, Сасықкөл боп кетейін деп тұр. (3. А.).

Шарт бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлемнің бөліктері бір-бірінен үтір арқылы ажыратылады.

Шарт бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлемнің бағыныңқы сыңары қайтсе? не етсе? қайткенде? не еткенде? қайтпейінше? не етпейінше? қайтпей? не етпей? деген сұрақтарға жауап береді.



Қимыл-сын бағыныңқы сабақтас.

Бағыныңқы сыңары басыңқы сыңарда айтылған іс-әрекеттің, қимыл-дың орындалу тәсілін, амалын білдіретін сабақтас құрмалас сөйлемнің түрін қимылсын бағыныңқылы сабақтас сөйлем деп атайды. Қимылсын бағыныңқы сабақтастың бағыныңқы сыңары қалай? қайтып? не етті?деген сұрақтарға жауап береді.

Сабақтас құрмалас сөйлемнің бүл түрінің бағыныңқы сыңарындағы баяндауыш:

1. -ып,-іп,-п, -а, -е, -й тұлғалы көсемше түрінде келеді: Орынның нөмірін есекере қоймай, әркім кез келген бос орынға отырып жатты. (Ж.Жұм.).

2. -дай/-дей, -лай/-лей, -тай/-тей жұрнақтарына аяқталған түрінде келеді: Ойына әлдене түскендей, ол аяғын жеделірек басып келеді. (Ұ.Б.)

Сабақтас құрмалас сөйлемнің жасалу жолдары туралы түсінік.

Құрамындағы жай сөйлемдерінің алғашқысы тиянақсыз болып, соңғы-сына бағына байланысқан құрмалас сөйлемнің түрін сабақтас құрмалас сөйлем дейміз.

Мысалы: Таңертеңгі тұнық, ауа енді мұнартып кең даланы сұлу сағым басты. (Т. Абдрахманова.) Машина жолда бөгелмесе, тура үш сағатта барып қаламыз. (Н. Ғабд.) Хамиттер ерте тұрып аттанатын болғандықтан, жаңағы жай-күй айтысудан өзге әңгіме қозғалмады. (А. Ханг.)

Бұл құрмалас сөйлемдердің бірінші жай сөйлемдерін өз алдына бөлек айтуға келмейді, өйткені олар тиянақсыз. Таңертеңгі тұнық ауа енді мұнартып..., машина жолда бөгелмесе,... Хамиттер ерте тұрып аттанатын болғандықтан, ... Құрмалас сөйлемнің құрамындағы мұндай тиянақсыз жай сөйлемдерді бағыныңқы сөйлем дейді. Құрмалас сөйлемдердің екінші жай сөйлемдері тиянақты. Олар өздігінен дербес айтыла да береді. Кең даланы сұлу сағым басты. Тура үш сағатта барып қаламыз. Жаңағы жай-күй айтысудан өзге әңгіме қозғалмады. Құрмаластың құрамындағы мұндай жай сөйлемдерді басыңқы сөйлем дейді.

Сабақтас құрмаласты былай көрсетуге болады:

бағыныңқы басыңқы

Сабақтас құрмаластың жасалу жолдары бағыныңқы жай сөйлемнің баяндауышына қарай белгіленеді.

1. Бағынынқының баяндауышы етістіктің көсемше түрінен болады. Мысалы: Бір кезде орман шуылдап, дауыл соқты. (Н. Ғабд.) Сауран шаңғыға әуесқойлардың бірі бола тұра, әлі күнге мұншалықты ұзын алқапта, әсіресе мынау еңістікте, сырғанап көрген емес. (К. Баялиев.)

Бағыныңқының баяндауышы шартты райлы етістік болады. Мысалы: Жақсы, үлгілі комбайншы бола алсақ, бұдан артық қандай абырой бар.(Ш. Ғабд.)

2. Бағыныңқының баяндауышы есімшеден болады:

а) есімшеге -ша-/ше, -дай/-дей жұрнақтары немесе жатыс, көмектес септік жалғаулары, болмаса -дықтан/-діктен қосымшасы жалғану арқылы жасалады. Мысалы: Хамит пен Кенжебектің қарасы үзілгенше, Қалиша мен Ермек үйге кірмеді. Осы хабардың өзі жанға арқау болғандай, келушілер кө-ңілденіп тарасты. (А. Ханг.) Ауыл шетіне іліге бергенде, жолаушылардың ал-дынан екі-үш бала жүгіріп шықты. (Н. Ғабд.) Ай әлі тумағанмен самсаған-жұлдыз-дың жарығы жақын тұрған қара-қараны анық аңғартады. (А. Ханг.) Әбден тозығы жеткен ескі үй болғандықтан, оған ешкім кірген жоқ. (Н. Ғ абд.)

ә) есімшеден кейін, сайын, соң, бері, шейін, бұрын шылаулары немесе кезде, шақта, уақытта көмекші сөздерінің келуі арқылы жасалады. Мысалы: Көкшетау облысына келгеннен кейін, маған Айыртау ауданындағы жаңадан қүрылатын астық кеңшарына баруға жолдама берілді. (Н. Ғабд.) Бұлар тау ішіне сүңгіген сайын, Бүркіт жатағының қойнаулары бастарын көтерісіп алғандай үрпиісе қалыпты. (К.0.) Енді Ұлжан мен Зейнептің екеуі бірдей қостаған соң Раушанның әңгімесін тез доғарғысы келмеді. (Б. М.) Елдің бәрі үйді-үйіне ағылған кезде, ол орнында қозғалмастан тұрып қалды. (Т. Ахт.)

Сабақтастың құрамындағы бағыныңқы сөйлемнің бастауышы баяндауышымен (шартты райлы етістіктен болғанынан басқасы) қиыса байланыспайды, басқаша айтқанда, бастауышы әр түрлі жақта тұрса да, баяндауышы өзгеріссіз қала береді. Мысалы:

Бағыныңқы сөйлем Басыңқы сөйлем

Мен

Сен

Сіз

Ол

Біз келгенде, Нығмет кітап оқып отыр екен.

Сендер


Сіздер

Олар


Бағыңыңқы сөйлемнің шартты райдан болған баяндауышы ғана бастауышпен жақ жағынан жекеше, көпше түрде қиыса байланысады.

Бағыныңқы сөйлемдер: Мен келсем,... Сен келсең,... Сіз келсеңіз.... Ол келсе, ...Біз келсек,... Сендер келсеңдер,... Сіздер келсеңіздер,. Олар келсе,...

Сабақтас құрмаласта бағыныңқы сөйлем басыңқы сөйлемнен бұрын тұрады. Тек төл сөзді сөйлемде, өлеңде олардың орны ауыса береді. Мысалы: - Мен ғой. Танымай қалдың ба?- деді әлгі кісі, ол да өзін танытайын дегендей, даусын анығырақ шығара. (А. Ханг.) Қайнайды қаның, ашиды жаның, мінездерін көргенде. (Абай.) Алғашқы мысалда автор сөзі ол да өзін танытайын дегендей, даусын анығырақ шығара деген бағыныңқы сөйлеммен аяқталған соңғы мысалда сабақтас құрмалас мінездерін көргенде деген бағыныңқы сөйлеммен аяқталған.
15. Мезгіл бағыныңқылы сабақтас
Бағыныңқыдағы сыңары басыңқыда айтылған істің, әрекеттің, оқиғаның орындалу уақытын білдіретін сабақтас құрмалас сөйлемнің түрін мезгіл бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем деп атайды.

Мезгіл бағыныңқылы сабақтас сөйлемнің бағыныңқы сыңары қашан? қашанға дейін? қашаннан бері? қай кезде ?деген сұрақтарға жауап береді.

Мезгіл бағыныңқылы сабақтастың жасалу жолдары төмендегідей:

1. Есімшеден жасалады: Жүргіншілер аршалы тастақ белге шыққанда, ұзын өлке бойында қалың шалғынды кең қонысқа созылып жатқан қалың ауылды көрді (М. Ә.). Қайыққа көкжал толқын соққан сайын, Мальфа бір жоғары көтеріліп, бір төмен түсіп теңселеді (М. Г.). Бас көтерер жігіттерді патша қызметіне әкеткеннен бері, балықшылар аулы бұрынғыдан бетер басылып қалды (Ә. Н.).

2. Өткен шақтағы есімшеге -ша, -ше жұрнағы жалғану арқылы жасалады: Тоқта дегенімше, Бәтес жылжып ала жөнелді. (С. М.).

3. Шартты рай тұлғадағы етістіктен жасалады: Кенет біреу Корсаков-тың арқасынан қаққандай болды, жалт қараса, кемпір екен (Қ. И.).

4. Көсемшенің -ғалы/-гелі, -қалы/-келі тұлғалары арқылы жасалады: Бұлар жеке үй болғалы, қонақ шақырып, жеке көзге түсе қоймап еді (А. Б.).

5. Етістікке -ысымен, -ісімен қосымшасы жалғанған түрінен жасала-ды: Дәрмен сол сапарынан оралысымен, жас педагог деп Анардың назарын осындайға аударып еді (А. Б.).



Қарсылықты бағыныңқылы сабақтас

Құрамындағы бағыныңқы сыңар мен басыңқы сыңар бір-біріне қарсы мағынада қолданылған сабақтас құрмалас сөйлемнің түрін қарсылықты бағыныңқылы сабақтас сөйлем деп аталады.

Қарсылықты бағыныңқылы сабақтастың бағыныңқы сыңары қайтсе де? не етсе де? қайткенмен? не еткенмен? деген сұрақтарға жауап береді.

Сабақтастың бұл түрінің бағыныңқылы сыңарының баяндаушы:

1. Шартты райлы етістікке -да-де шылауы тіркесуі арқылы жасалады: Сонымен екеуінің себебі екі түрлі болса да, Стоян мен Николай беймәлім кісіні аңдуға кірісті (Т.Т.).

2. Өткен шақтағы есімшенің көмектес септігі түрі арқылы жасалады:Түн қараңғы болғанмен, разъездің іші жарық . (А. Ж.).

3. Есімшеге –ша, -ше жұрнағы жалғану арқылы жасалады: Директорға мән үйреткенше, сен үйіңнің қасында тұрған тракторға ие болсаң етті. (С. М.).

4. Көсемше арқылы жасалады: Саяси сезімі әлі оянбаған Ботагөз олардың қашаннан таныс екендіктерін сөздерімен ести отыра, мән берген жоқ . (С. М.).



1-жаттығу. Мына сөйлемдерді көшіріп жазып, басыңкыдан бағының-қыға каратып койылатын сүрауды жақша ішінде көрсетіңіз. Орыс тіліне аударыңыз.

Үлгі: Баласы алтыға келгенде (қашан?), әкесі оны оқуға берді. «Когда ребенку исполнилось шесть лет, отец отправил его учиться».

1. Баласы алтыға келгенде, әкесі оны оқуға берді. 2. Шешесі жұмыстан келгенге дейін, қызы тамақ пісіріп қойды. 3. Күз болғанда, құстар жылы жаққа кетеді. 4. Сен келгенде, мен кітап оқып отыр едім. 5. Мен оқу бітіргенше, ағам зауытта жұмыс істеді. 6. Мен оқуды бітірген соң, ағам екеуміз ауылға барып жұмыс істейміз. 7. Ол шетелге кеткелі, екі жыл болды. 8. Сабақ біткен соң, бәріміз кино көруге кеттік. 9. Ол институтқа келгеннен кейін, қоңырау соғылды. 10. Біз театрға келгенде, концерт әлі басталмапты. 11. Мен дүкенге келген кезде, адам көп болды. 12. Сұрақтарға жауап берген соң, мәтінді оқы.



3-жаттығу. Мына сөйлемдерді толықтырыңыз.

I. 1. Жаңбыр жауғанда, ... . 2. Жаңа жыл келгенде, ... . 3. Сәрсен ауылға кеткелі, ... 4. Орта мектепті бітірген соң, ... . 5. Сабақ басталғанша, ... . 6. Біз кеткеннен кейін, ... . 7. Жұмыс біткен соң, ... . 8. Астанаға келген кезде, ... . 9. Концерт басталғанша, ... . 10. Күн жылынған соң, ... . 11. Сені көрмегелі, ... .

II. 1. ..., студенттер үйлеріне кетеді. 2. ..., сауда орталығына барамыз. 3. ..., екі жыл өтті. 4. ..., сендер осында отырыңдар. 5. ..., қонақтар далаға шықты. 6. ..., емтиханды жақсы тапсырды. 7. ..., университетке түседі. 8. ..., күн жылынды. 9. ..., тамақ жасады. 10. ..., адам көп екен.

4-жаттығу. Сұрақтарға жауап беріңіз.

1. Күн жылы болғанда, Сіз не істейсіз? 2. Тамақ піскен кезде, кім келді? 3. Кітап оқымағалы көп болды ма? 4. Сіз қашаннан бері қазақша түсінетін болдыңыз? 5. Қашанға шейін оқисыз? 6. Сабақ біткен соң, не істейсіз? 7. Алматыға келгеннен кейін, не істейсіз? 8. Күз келгенше, не істеуіңіз керек? 9. Мұғалім келген кезде, Сіз не істеп отырдыңыз? 10. Мектепті бітіргелі көп болды ма?



5-жаттығу. Қазақ тіліне аударыңыз.

1. В то время, когда ты читаешь текст, Арман пишет предложение на доске. 2. Когда идет снег, дети радуются. 3. Когда мы были в лесу, пошел дождь. 4. Когда наступит лето, мы поедем в деревню. 5. Когда ты гуляешь, он обедает. 6. Когда Болат закончит среднюю школу, поступит в институт. 7. Когда наступила осень, листья на деревьях пожелтели. 8. Когда преподава-тель спрашивает, студенты отвечают. 9. Салтанат уже два года не была дома. 10. Когда я позвонил тебе, дома никого не было. 11. Пока не закончу работу, никуда не пойду.



2-жаттыгу. Мына сөйлемдерді көшіріп жазып, басыңқыдан бағыныңқыға қаратып қойылатын сұрауды жақша ішінде көрсетіңіз. Орыс тіліне аударыңыз.

Үлгі: Күн салқын болғанмен (қайткенмен?), жатақхана жылы. День хоть и холодный, но в общежитии тепло.

1. Күн салқын болғанмен, жатақхана жылы. 2. Бұлт болса да, жаңбыр жауған жоқ. Бұл күні Құнанбай елінде, құнанбайлық құрымапты (М. Әуезов). 3. Оқу қиын болса да, өте жақсы оқитын студенттер көп. 4. Менің бойым өскенмен, ойым піскен жоқ (С. Мұқанов). 5. Туысқан бола тұра, екеуі "жат адамдар секілді. 6. Әкесінің рұқсаты бола тұра, Гүлнәр Байжанды үйіне түсірмеді (С. Мұқанов). 7. Абайдың әкесі қатыгез болғанмен, шешесі қайырымды адам болатын. 8. Менің бос емес екенімді біле тұра, көмекке шақырасың. 9. Ол бұрын біздің үйде болғанмен, үйімізді әрең тапты. 10. Қымбат болса да, мына тонды ал. 11. Уақытың болмаса да, телефон соғып тұр.



3-жаттығу. Мына сөйлемдерді толықтырыңыз.

I. 1. Ауа райы нашар бола тұрса да, .... 2. Күн батса да, .... 3. Ол үйіне қанша шақырса да, .... 4. Уақыты болғанмен, .... 5. Жұмыс оспарын жасағанмен, .... 6. Мені таныстырса да, .... 7. Бұл көйлек қымбат бола тұра, .... 8. Асықсаң да, .... 9. Ерте тұрғанмен, .... 10. Мен үйде отырғанмен, .... 11. Жаңбыр жауса да, ....

II. 1..., мен оның үйіне қонаққа бармадым. 2. ..., біз оның үйіне
барып жүрміз. 3. ..., жақсы оқиды. 4. ..., соңғы хабарларды тыңдаймын. 5. ..., олар мектепке бармады. 6. ..., емтиханды жақсы тапсырды. 7. ..., емделіп шықты. 8. ... , жиналысты бастадық. 9. ..., ет піспеді. 10. ..., жұмысты бітірді.

4-жаттығу. Сұрақтарға жауап беріңіз.

1. Ақшасы бола тұра, Марат ештеме алмады ма? 2. Үйіме неше шақырсам да, неге келмейсің? 3. Күн суық болса да, далаға шықтың ба? 4. Шөлдесең де, су ішпейсің бе? 5. Кітапханада кітап көп бола тұра, ештеме таңдап алмадың ба? 6. Әжесі баяу жүрсе де, пойызға үлгіре ме? 7. Мына сағатты қымбат болса да, аласың ба? 8. Алматыда көп уақыт тұрсаңыз да, адасып қалдыңыз ба? 9. Ертең күн суық болса да, тауға барасыз ба? 10. Мектепті бітіргенмен, мектепке барып тұрасыз ба?



5-жаттығу. Қазақ тіліне аударыңыз.

1. Хоть у Наташи и был отпуск, она не отдохнула. 2. Хоть мы и занимаемся много, но еще плохо говорим по-казахски. 3. Хоть я и болею, но в поликлинику идти не хочу. 4. Хоть учитель и пожилой человек, но урок ведет интересно. 5. Хоть и холодно на улице, хоро­шо. 6. Хоть у меня и есть время, но на почту я не пойду. 7. Хоть он и встал рано утром, на занятия опоздал. 8. Хоть он и хороший ученик, но ленивый. 9. Хоть у Мурата и были деньги, он ничего не купил. 10. Хоть мы и записали адрес, но найти их дом не смогли.


16. Себеп бағыныңқылы сабақтас
Бағыныңқы сыңары басыңқыдағы қимыл-әрекеттің істің себебін білдіретін сабақтас құрмалас сөйлемнің түрін себеп бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем деп атайды.

Себеп бағыныңқылы сабақтастың бағыныңқы сыңары неліктен? не себепті? неге? не деп? деген сұрақтарға жауап береді.

Сабақтастың себеп бағыныңқылы сыңары:

1. Есімшенің өткен шақтағы түріне жалғанған – дықтан/-діктен жұрнағы мен шығыс септігінің жалғауына аяқталады: Бер жағы қалың ағаш болғандықтан, жолаушыға көрінген жоқ (Н. Ғ.).

2. Себеп бағыныңқылы өткен шақтағы есімше мен соң септеулігінің тіркесіне аяқталады; Отқа қарап отырып шыққан соң, көз үйренгенше солай болады ғой (С. С.).

3. Көсемшеге аяқталады: Ойламаған жерден жел тұрып, сұрапыл дауыл соғады; қалың жауын нөсерлей құйып, бұрын суы толарсақтан келер тайыз жыра өткел бермес долы өзенге айналады (І. Е.).

Себеп бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлемдегі бағыныңқы мен басыңқы сыңарлардың арасына үтір қойылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет