Қазақ тілі әдістемелік талдау



жүктеу 1.35 Mb.
бет8/9
Дата11.07.2016
өлшемі1.35 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9

Өмірбаян (сұқбат)

Сіздің аты-жөніңіз кім?

Менің аты-жөнім - Иванова Татьяна Сергеевна

Сіз қай жылы тудыңыз?

Мен 1988 (бір мың тоғыз жүз сексен сегізінші) жылы тудым.

Сіздің ұлтыңыз кім?

Менің ұлтым - орыс (қазақ, неміс, татар, украин).

Сіз қайда тұрасыз?

Мен Қарағанды қаласында тұрамын.

Сіздің мекен-жайыңыз кандай?

Менің мекен-жайым: Қазыбек би ауданы, Абай көшесі, №15 үй.

Мектепті қай жылы бітірдіңіз?

Мектепті 1990 жылы бітірдім.

Қазір не істейсіз?

Қазір №55 отра мектебінде бас есепші болып жұмыс істеймін

Отбасым үлкен емес. Мен тұрмыстамын. Отбасымызда жолдасым, екі балам, анам және өзім. Ағам Ресейде отбасымен тұрады. Сіңлім, інім жоқ..


Өтініш

Сөздік:

өтініш- заявление

өтінемін, сұраймын -прошу

тұратын -проживающий

прилагается - тіркелген

жіберу - отпустить

мырза- господин

ханым - госпожа

төраға- председатель(мужчина)

төрайым - председатель(женщина)

рұқсат ету -разрешить

пайдалану - пользоваться

еңбек өтілі -трудовой стаж

жұмысқа қабылдау (алу)- принять на работу

жұмыстан босату -освободить от работы

басқа жұмысқа ауыстыру- перевести на другую работу

кезектен тыс демалыс -внеочередной отпуск

материалдық көмек туралы- о материальной помощи

бала бақшада орын бөлу- выделить место в детском саду

жалақыны көтеру туралы- о повышении зарплаты

бірлесе жұмыс істеу - совместная работа

бір орынды беру -выделить одно место

емтиханды қайта тапсыру- повторная сдача экзамена

оқуға тиесілі ақша - необходимые деньги на учебу

кезекті еңбек демалысы - очередной отпуск

күнтізбелік күн - календарный день

оқуыма байланысты демалыс - уебный отпуск

жалақысы сақталмайтын - без сохранения зарплаты

өз еркіммен - по собственному желанию

өтініш беруші - податель заявления

өтінішті жазу – писать заявление

өтініш айту - сделать заявление(заявить)

өтініш тапсыру -подать заявление

өтінішті қарау - рассмотреть заявление

өтініш бойынша - согласно (по) заявлению, в соответствии с заявлением

өтінішті қанағаттандыру - удовлетворить заявление

өтініштің мазмұны -содержание заявления

Сөздік:

бұйрық - приказ

жеке құрам бойынша бұйрық - по личному составу

бұйрық беру - отдать приказ

бұйрық шығару - издавать приказ

бұйрықпен танысу - ознакомиться с приказом

бұйрыққа бағыну - подчиниться приказу

тағайындалсын - назначить

қабылдансын - принять

босатылсын - освободить

ауыстырылсын - заменить

уақытша атқару - временно возглавить/возглавлять

жүктелсін - возложить

бұрыштама - виза

басқа жұмысқа ауысуына — переходом на другую работу

денсаулығына байланысты- в связи с/со здоровьем

зейнеткерлікке шығуына - уходом на пенсию

* Қазақ тіліне аударыңыз

1. Подписать приказ, приказываю, текст приказа, о приеме на работу, уволить с занимаемой должности, в связи с уходом на пенсию, временное исполнение, возложить на согласно штатному расписанию, особые условия труда, процентная надбавка.

2. Разрешить, разрешаю, ходатайствую, проверить, создать, комиссию, рассмотреть, подготовить предложения, обсудить, доложить руководству до ... числа этого года, согласовать с ...


Өтініш үлгілерімен танысыңыз.

Құқықтану академиясы "Әділет " Жоғары құқық мектебінің ректоры А.А. Матюхин мырзаға I курс студенті А.Асановтан


Өтініш

Сізден академияның жатақханасынан бір орын беруіңізді өтінемін. Отбасы жағдайым пәтерде тұруымды көтермейді.

2004 жылғы қыркүйектің 14-і А.Асанов

Құқықтану академиясы "Әділет " Жоғары құқық мектебінің ректоры А.А. Матюхии мырзаға II курс студенті А.Асановтан


Өтініш

Сізден "Философия" пәні бойынша емтихан бағасының қанағаттанар-лықсыз баға болуы себебіне байланысты емтиханды қайта тапсыруға рұқсат етуіңізді сұраймын.

1 қаңтар 2005ж. А.Асанов

Қарағанды қаласы №42 бала бақша директоры Ә.Қ. Алімқұлқызына "Жолбарыс" тобының тәрбиешісі Ж.С.Әбілғазинадан


Өтініш

Маған 2005 жылдың "1" маусымынан бастап 38 күнге кезекті еңбек демалысымды беруіңізді сұраймын.

05.08.2010 ж. Ж.С.Әбілғазина

Сөздік:

хаттама - протокол

ұжым - коллектив

ұйым - организация

жиналыс - собрание

мәжіліс - заседание

күн тәртібі - повестка дня

мәселе - вопрос, проблема

жарыссоз - прения

қатысқандар-присутствовавшие/присутствовали

қатыспағанадар-отсутствовавшие/отсутствовали

дәлелді себеппен - по уважительной причине

дәлелсіз себеппен - по неуважительной причине

баяндама - доклад

баяндамашы - докладчик

хабарлама - сообщение

кеңейтілген - расширенный

бірлескен - совместный

төралқа - президиум

қорытынды - заключение

тізім - список

сөйлеу, сөз сөйлеу - выступить

сұрақ беру - задать вопрос

қаулы ету - постановить

назар аудару - обратить внимание

талқылау - обсудить

шешім қабылдау - принять решение

әзірлеу, дайындау - подготовить

талдау - обсудить

шешім қабылдау - принять решение

макұлдау - поддержать

қалыс қалу - воздержаться

қол қою - подписать

дауыс беру – голосовать


Хаттама
Хаттама - жиналыстарда, отырыстарда, мәжілістерде мәселелерді талқылау және шешімдер қабылдау фактісін белгілейтін құжат. Коммерциялық кәсіпорындарда директорлар (құрылтайшылар) кеңесінің отырыстарының хаттамасы, акционерлердің жалпы жиналыстарының хаттамасы, түгелдей комиссия отырысының және т.б. хаттамасы жасалады.

Хаттама кәсіпорынның жалпы бланкісінің нысанында таза параққа, негізгі деректемелерді:

- мекеменің атауын

- қүрылымдық бөлімшенің атауын

- кұжат түрінің атын (хаттама)

- отырыстың күнін

- құжаттың тіркеу нөмірін

- отырыстың орнын

- мәтінге тақырыпты

- құжаттың мәтінін

- қолдарды ескере отырып рәсімдейді.

Хаттама


05.02.06. №65

Қарағанды каласы

Ш.Ш.Уәлиханов атындағы КМУ-нің қазақ тілі кафедрасының кезекті отырысы

Төрайымы: каф.меңг.Б.К.Омарова

Хатшысы: оқытушы Б.Г.Шағырбаева

Қатысқандар: 16 оқытушы (тізімі келтірілді)

Күн тәртібі:

1. Қысқы сессияның қорытындысы және үлгермеуші студенттер-мен атқарылатын шаралар

2. I семестрде жүктеменің орындалуы

Тыңдалды:

Кафедра меңгерушісі Б.К.Омарова- Жалпы және арнаулы
19. Мәтін және стиль
Әдеби тілдің өмір сүріп, дамуы, қоғамдық қызметі негізінен жазба әдебиетпен байланысты. Әдеби тілдің әр түрлі қасиеттерін, мысалы, нор-малық, жүйелік сипаттарын, қоғамдық қызметтерінің алуан түрлі екендігін танып-білу үшін жазба әдебиеттің әр түрінен мысалдар келтіріп отырыла-ды. Ол мысалдар жеке сөйлемдер ғана емес, үлкен-үлкен үзінділер болып та келеді. Әдетте ондай үзінділер мәтін деп аталады. Мәтін - ой-пікірдің, белгілі бір шығармашылық жұмыстың, біреудің шығармасының не оның үзіндісінің қағазға түскен немесе ауызша айтылған түрі. Мәтін өзара байланысты бірнеше сөйлемнен тұрады да, олардағы ойлар жинақталып келіп, автордың (жазушының, ғалымның, зерттеушінің және т.б.) белгілі пікірін, көзқарасын білдіреді. Ол көркем шығарма да, публицистикалық шығарма да, ғылыми әдебиет те болуы мүмкін. Ғылыми әдебиет әр түрлі ғылым саласына, мысалы, биология, астрономия, экономика, медицина, химия, математика, тіл білімі, тарих, әдебиет, физика, техника және т.б. қатысты болып келеді. Мәтінде бір-біріне жалғасып, байланысып келетін бірнеше күрделі ой болады. Кейде мәтінде жалғасып келе жатқан ойға жаңа мән, ерекше мағына немесе біреудің сөзі қосылып та отырады. Бір бүтін күрделі, жүйелі ой жазуда бір абзац арқылы көрінеді. Кейде мәтінде негізгі ой жүйесінен ауытқып, жаңа пікір, ой айтылады, немесе қосымша ой қосылады. Осының бәрі де жаңа абзацпен беріледі.

Абзац екі түрлі мәнде жұмсалады. Бірі мәтінді жаңа жолдан бастап жазғанда, оңға қарай жасалған шегініс. Ол - азат жол деп те аталады. Екіншісі - бір азат жолмен келесі азат жол арасындағы мәтін бөлігі.

"Стиль" - латын сөзі, қазақ тіліне аударғанда жазу құралы деген мағына береді. Латын тілінде кейіннен стиль сөзі "жазу мәнері" деген мағынада қолданылатын болды. Стиль - белгілі бір қатынастың түрінде тілдік единицаларды сұрыптап пайдалану арқылы, ойды жеткізу мәнерінің көрінісі. Қазіргі қазақ тілінің мынадай стильдік тармақтары бар:

- ресми іс қағаздар стилі

- публицистикалық стиль

- ғылыми стиль

- көркем әдебиет стилі

- ауызекі сөйлеу тілінің стилі

Ғылыми - көпшілік әдебиеттер стилі. Бұл стильдің пайда болуы ғы-лым мен техниканың дамуымен тікелей байланысты. Бұған қазақ тілінде әр салада жазылған ғылыми шығармалар жатады. Ғылыми стильді зерттеу объектісі болатын зат не құбылыс ғылыми негізде сипатталып, дәлелдеуді қажет етеді. Ал пікір дұрыстығын дәлелдеу үшін мұнда логика заңына, яғни дұрыс ойлау заңына сүйену қажет. Сондықтан, ғылыми стильде логиканың маңызы ерекше. Ғылыми шығармалар жалпыхалықтық әдеби тілде жазылады. Ғылыми стильдің лексикасындағы ерекшелік - сөз тек өзінің негізгі мағынасында жұмсалады. Көп мағыналы, образды сөздер мұнда аз кездеседі. Ғылыми салалардың ерекшеліктеріне қарай әр саланың арнайы термин сөздері болады. Сонымен бірге белгілі бір ғылымның саласында қолдану аясына байланысты жалпылама лексиканың кейбір сөздері термин сөзге айналады. Ғылым үнемі дамып отыратыны белгілі. Ғылымның дамуымен бірге жаңа ұғымдар туып отырады. Ғылыми стильде жалпы жазу тіліне тән синтаксистік құрылыс пайдаланылды. Бұл стильдің негізгі ерекшелігі -мұнда ой күрделі баяндалып, анықтама, дәлелдеме және формулаларға негізделуінде. Сонымен бірге, әрбір ғылым саласының ерекшелігіне қарай баяндау тәсілінде кейбір өзгешеліктері болады. Мысалы, қоғамдық ғылымдарда тіл еркін және мәнерлі қолданылады.

Публицистикалық стиль. Публицистика - көпшілік, әлеумет мағына-сын беретін латын сөзі. Қазір қоғам өмірі үшін маңызды мәселелерді талқылау деген үғымда жұмсалады. Публицистикалық стильге газет-журнал тілінің, әдеби сын мақалалар тілінің, әлеуметтік памфлет, очерктер тілінің стилі жатады. Қазіргі әдеби тіл жүйесінде публицистикалық стиль өзіне тән дербестік, ерекшеліктерімен қалыптасып, дамып келеді. Бұл - қазақ халқының баспасөз мәдениетінің, тілдік, қоғамдық санасының өскендігінің айғағы. Публицистиканың қоғам өмірімен тығыз байланысты-лығы оған үгіт-насихаттық сипат береді. Публицистиканың жанры әр алуан. Сол жанрдың түріне, өзгешелігіне қарай оның тіл ерекшелігі болады (бас мақала, ақпараттық хабар, очерк, халықаралық шолу, памфлет, радио мен теледидардан беретін хабарлар т.б.). Публицистикалық стильде көркем әдебиет, ғылыми-техникалық әдебиет, ресми-іс қағаздар тілдеріне тән стильдік элементтер кездесе береді, бірақ оның өзіндік ерекшеліктері сөз қолданудан да, сөйлем құрылысынан да анық байқалады.

Көркем әдебиет тілінің стилі. Тіліміздегі басқа стильдерге қарағанда көркем сөз аясы кең. Мұнда барлық стильдердің элементтері кездеседі. Тілдік тәсілдер көркемдік мақсатта жұмсалады. Образды сөздер жиі қолданылады. Әр жазушының өзінің талғамына қарай тіл ерекшелігі, қолдану тәсілі болады. Ол ерекшеліктерінің бәрі бір-бірімен ара қатыста болып, көркем әдебиет стилінің басқа стильдерінде қайталанбайтын, айрықша жүйесін жасайды. Көркем әдебиет стилі немесе көркем сөз - ойды және сезімді образ арқылы бейнелейтін айрықша өнер. Тіл көркем шығармада ерекше эстетикалық қызмет атқарады. Көркем шығармада сөздер сараланып, белгілі стильдік мақсатта қолданылады.

Ауызекі сөйлеу тілінің стилі. Сөйлеу стилі белгілі бір жағдайда тікелей қатынас стилі болғандықтан, ол сөйлеудің ауызша формасымен тығыз байланысты. Ауызша сөйлеуде еркіндік басым келеді. Сөйлеу лексикасының өзіндік ерекшелігі бар. Оған қатысты сөздер: 1) адамның күнделікті тікелей қарым-қатынасы кезінде, емін-еркін сұхбат, әңгіме үстінде қолданылады, 2) алдын-ала сұрыпталмай, сөйлеу үстінде әңгіменің желісіне қарай туып оты-рады, 3) тақырыптың аясы өте кең, яғни тақырып жағынан шек қойылмайды, қоғам, табиғат, адам өмірінің барлық жағын да қамтуы мүмкін. Сөйлеу стилінің лексикасында тұрмыстық қарапайым лексика да, варваризмдер де, әдеби сөйлеу лексикасына тән сөздер де болады. Адамдардың күнделікті қарым-қатынасы қарапайым тұрмыстық деңгейде ғана бола бермейді, өмір-дің әр түрлі жағын қамтиды. Осыған орай сөйлеу лексикасында әдеби сөз де көп қолданылады. Олардың қолдану дәрежесі сұхбаттасушы адамдардың ой-өрісінің кеңдігіне, инабатты, салиқалы, салауаттылығына байланысты. Мәде-ниеті жоғары , білімді, парасатты адамдар ауызекі сөйлегенде әдеби тілдің нормалық белгілерін сақтап, тұрпайы, дөрекі, былапыт сөздерді араластыр-май, өз ойын мәдениетті түрде жеткізіп отыруға дағдыланады. Ауызша әдеби сөйлеу адамдардың әр түрлі тақырыпта өзара сұхбаттасуынан басқа лек-ция оқыған кезде, интервью бергенде, теледидардан сөйлегенде қоладаны-лады. Ауызша әдеби сөйлеу лексикасының қолданылу реті оның жазба түрімен бірдей болмайды. Біріншіден, қаншама мәдениетті сөйлегеннің өзінде ауыз-ша тілге тән ерекшеліктер (адамның бет, қол қимылының құбылып отыруы, екпін, интонацияның құбылып отыруы, үзіліс, кідіріс (пауза) жасалып отыруы т.б.) Екіншіден, ауызша әдеби тілде жазба әдеби тілде көп кездесетін абстракт сөздер мен арнаулы терминдер аз қолданыла-ды. Сөйлеуші өз ойын тыңдаушыға тым күрделендірмей, ұғымды, түсінікті жеткізуге тырысады. Дегенмен, онда қарапайым-тұрмыстық сөздер орын алуы мүмкін, бірақ тұр-пайы, дөрекі сөздер қолданылмауға тиіс. Үшіншіден, ауызша сөйлегенде сөздердің орын тәртібі жазба тілдегідей қатаң сақтала бермейді. Баяндауышы бастауышынан бұрын, анықтауышы анықтайтын сөзінен кейін, т.б. келе беруі мүмкін. Сөйлемнің толық айтыл-май қысқарып, ықшамдалып, толым-сыз түрде айтылуы жиі кездеседі.

Ресми-іс қағаздар стилі. Ресми-іс қағаздар стилі кейде кеңсе стилі, ресми стиль, іс қағаздар стилі деп те айтыла береді. Ресми-іс қағаздар стилінің ерекшелігі, онда факті дәл көрсетіліп, бір ізбен, жүйелі жазуға айрықша мән беріледі. Өйткені іс қағаздары да, ресми құжаттар да ерекше қарым -қатынас жасау құралы болып саналады. Бұл стиль ел билеу, мемлекет жұмыстарын жүргізумен байланысты. Ресми құжаттарда қоғамдық-саяси лексиканың, әкімшілік терминдердің қолданылуы басым келеді. Ресми стильге жататын мемлекеттік құжаттар жанр және мазмұн жағынан әр түрлі болып келгенмен, олардың барлығына ортақ жалпы сипаты болады: белгілі бір қалыптасқан үлгіде,баяндау тәсілімен жазылады; лексика-фразеолгиялық құрамы өзгеше болып келеді; ойдың логикалық жүйелілігін сақтау мақсатымен сөйлем күрделі құралады. Іс қағаздары бейтарап тонмен, ресми түрде жазылуы керек, дегенмен де кейбір іс қағаздарында экспрессивті, эмоционалды бояуы бар тілдік құралдар да қолданылады. Мәселен, халықаралық ұйымдар мен жеке мекемелердің, белгілі қоғам қайраткерлерінің мүшел тойына арналған құттықтаулар. Құттықтау мәтіндерінің қайсысы болса да жігер, қуатқа толы жақсы тілектер айтылып, жылы сезіммен жазылады. Сондықтан да онда эмоционалды бояулы сөздердің қолданылуы заңды құбылыс.

Көптеген сөздер белгілі бір стильге телулі болады да, қолданылу жағынан шектеліп отырады. Мысалы, тағайындалсын, міндеттелсін, осы анықтама берілді, мәселе көтеру, алғыс жариялау, сөгіс жариялау, түсініктеме сияқты сөздер мен сөз тіркестері ресми-іс қағаздары стиліне тән. Мұндай сөз орамдары ресми-іс қағаздарында дайын тілдік бірлік ретінде жұмсалып, іс қағаз үлгілеріне ресми сипат та береді. Ресми-іс қағаздарында кейде бір заттың, я ұғымның атауы қолданылу орнына қарай әр түрлі аталады.



Мысалы, адам деген сөз ресми құжаттарда - азамат, үйде - ата-ана, телефон стансасында-абонент, ательеде - заказ беруші, шаштаразда - клиент, ауруханада - науқас, емделуші, санаторийде - демалушы, тыны-ғушы, қоғамдық көлікте - жолаушы, кітіпханада - оқырман, сауда орнында - тұтынушы, қызмет орнында - маман, қызметкер, т.б. болып айтылады. Яғни, кез келген адам күнделікті өмірде белгілі бір әлеуметтік рөлді атқарады. Қарым-қатынас жағдайына қарай бір рөлден екіншісіне көшіп отырады.

Іс қағаздары белгілі бір форма бойынша жазылады. Ол форманың түрлі үлгілері болады. Іс қағаздарының үлгілеріне өтініш, сенімхат, қолхат, анықтама, мінездеме, хабарландыру, қатынас қағазы, акт, мәлімдеме, хат-тама, шарт, міндеттеме, бұйрық, есеп, т.б. жатады. Қатынас құралының бұл түрлері де күнделікті өмір қажеттілігінен туып , өз алдына орныққан бөлек жүйе болып саналады. Іс қағаздарының әр қайсысының бұрыннан белгілі бірыңғай сөздері мен сөз тіркестері, сөйлем үлгілері болады. Іс қағаздары көбінесе сол үлгі бойынша жазылады. Іс қағаздарын жазу, жаттығу, дағ-дылану арқылы меңгеріледі. Сөйлем баяндауышы ашық райда (пайдала-нылады, қаралады, қолдануда, жүріп жатыр, ескертілді), я бұйрык райда (орындалсын, шешілсін, келісілсін, жеткізілсін, қаралсын, шара қолда-нылсын, іске қосылсын) тұрады. Көнерген сөздер, диалект сөздер қазіргі қазақ тілінде ескіріп, айналымнан шыққан тіркестер қолданылмайды.



ІІ бөлім. Лексикалық тақырыптар

1. Тыныс алу жүйесінің аурулары
Өкпе арқылы 1 тәулік ішінде 9000 литрден астам ауа кіреді. Ауа құ-рамындағы шаң- тозаңдар, микроорганизмдер тыныс жолдарының шы-рышты қабығына қонып, кейін сыртқа шығарылып отырылады. Осылайша тыныс алу жолдарының тазартылып отырылуы жергілікті қорғау меха-низмдерінің қызметімен тығыз байланысты.

Өкпе сырқаттарын әр түрлі вирустар, бактериялар, микробтар, микро-плазмалар, саңырауқұлақтар және т.б. инфекциялар қоздыра алады. Қазіргі кезеңде өкпе патологиясының, әсіресе, созылмалы сырқаттардың дамуын-да қоршаған ортаның ластануының, жұмыс орнындағы зиянды факторлар-дың, әр түрлі аллергендердің маңызы ерекше екендігі белгілі. Тыныс алу ағзаларының ең жиі тараған ауруларына баспа, тұмау, тонзиллит, пневмо-ния, бронхит, өкпе түберкүлезі т.б. жатады.



Сөздік:

Тәулік – сутки

шаң- тозаң – пыль, пылица

сыртқа шығарылу – выводить наружу

тазартылу – очищать

жергілікті – местный

қорғау – защитный

сырқат – заболевания

ластану – загрязняться
2. баспа – Ангина
Баспа - гректің бату, қысу деген сөзінен шыққан, бадамша безінің қабынуы.

Бұл ауру аяқтан суық өтсе, не өте салқын сусындарды ішкенде пайда болады. Салқын тиген кезде ағза әлсіреп, бадамша безіндегі микробтар ауруды қоздырады. Науқастың қызуы көтеріліп, тынышы кетеді. Жұтын-ғанда тамағы ауырып, мойын бездері ісіп кетеді. Ауру қайталай берсе, инфекция қан арқылы бүйрегіне, бауырына, жүрегіне зақым келтіруі мүм-кін. Сондықтан науқас адам дер кезінде дәрігерге көрініп емделгені дұрыс.



Сөздік:

Әлсіреу – слабеть

Ісy – отекать, опухать

Бадамша без – миндалины

Жұтынғанда – при глотании

Бату – давить

Қоздыру – возбуждать (возбуждать болезнь)

Салқын тиген кезде – во время простуды

Зақым келтіру – поразить (поразить какой-либо орган)
3. Тонзиллит
Тонзиллит – таңдай бадамшасының қабынуы. Тонзиллиттің жедел және созылмалы түрлері бар. Созылмалы түрі балаларда 12-15%, ал ересек адамдарда 4-10% болып кездеседі.

Клиникасы: Созылмалы тонзилиттің негізгі белгісі болып сырқаттардағы жиі кездесетін баспа болып табылады. Оның үстіне ауыздан жағымсыз иістің болуы, жұтынғанда ыңғайсыздық пен тамақта құрғақтық, шаншу т.б. байқалады.

Емі: Созылмалы тонзилиттің емі оның түрлеріне байланысты. Жай тонзиллитте консервативті терапиядан бастайды, ал егер оның 3-4 курстан кейін әсері болмаса, онда бадамшаларды алып тастау қажет.

Созылмалы тонзиллитпен ауыратын адамдар диспансерлі байқауда болу керек. Созылмалы тонзилитті консервативті емдеудің негізі – бадамшаларға жергілікті әсер мен жалпы нығайту терапиясы.

Консервативті емнің түрлері: бадамша үңгірлерін шаю (әр түрлі антисептикалық ерітінділер – фурацилин, интерферон т.б. сығу тәсілі физиотерапиялық тәсіл.
Сөздік:

Таңдай бадамшасы – небные миндалины

Сыртартқы – анамнез

Жағымсыз – неприятный

Ыңғайсыздық – неловкость

Өзге зат – инародное тело

Сезіну – ощущение

Шаншу – покалывание

Алып тастау – удаление

Байқау – наблюдение

Жергілікті – местный

Нығайту – укреплять

Үңгір – логуна

Сығу – выдавливать

Ерітінді – раствор

4. Тұмау – Грипп

Тұмау - бұл тыныс алу жолдарының кілегей қабығына вирустың түсу кезінде пайда болатын жедел жұқпалы ауру.

Тұмаудың вирусы адамның ағзасына тыныс алу жолдары арқылы түседі. Вирус тыныс алу клеткаларын зақымдайды да көбейеді.

Аурудың алғашқы кезеңінде науқастың дене қызуы көтеріледі, тыныс алу жолдары мен тамағы ашиды және қызарады, даусы қарлығады, дем алуы жиілейді.

Әсіресе, тұмау балалар үшін қауіпті. Егер дәрігердің белгілеген емдерін дұрыс қолданбаса, күтпеген асқынулар болуы мүмкін. Науқас адамды бірден оңашаланған бөлмеге жатқызу керек. Оған жеке ыдыс-аяқты, сүлгі, тағы басқа нәрселерді бөліп беру керек. Бөлмені жиі-жиі желдетіп, ыдыс-аяқты қайнатып отыру керек.

Сөздік:

ағза - 1.организм; 2. орган зақымдайды - поражает

алғашқы кезең - начальная стадия көбейеді - размножается

ашиды - першит қарлығады - хрипнет

бөліп беру - выделить қауіпті - опасно, опасный

дауыс - голос қолдану - пользоваться

жұқпалы - инфекционный қайнату-кипятить

оңашаланған бөлме - отдельная комната (изолятор)

тыныс алу жолдары - дыхательные пути

кілегей қабық - слизистая оболочка


5. Бронхит
Жіті бронхит - бұл өкпенің, ең жиі кездесетін жедел инфекциялық зақымдануының кең тараған түрі.

Науқас клиникасында бірнеше күн ішінде науқасты қатты мазалайтын ұстамалы құрғақ жөтел, кейін шырышты, шырышты-іріңді (кейде қан тал-шықтары бар) қақырық пайда болады. Тыңдап тексергенде, өкпе үстінен жөтелгенде жойылмайтын әр түрлі сипатты құрғақ сырылдар естіледі. Науқастың бүкіл ағым бойы субфебрильді немесе одан сәл жоғарылау де-не қызуы байқалады. Кейін 1 апта өткен соң жойылады. Жіті бронхитке бактериалдық инфекцияның қосылуы оның ағымын ұзартады. Бұл жағ-дайда жасалып жатқан емге антибиотик препараттарын қосуды қажет етеді.



Сөздік

Мазалау – беспокоить

Шырышты – слизистая

Қақырық – макрота

Ағым бойы – в течении

Жойылу – исчезание


6. Түберкүлез
Түберкүлез созылмалы жұқпалы сырқат, ол өкпеде және басқа ағза-ларда өзіне тән белгілі бір морфологиялық өзгерістердің дамуымен сипат-талады. Түберкүлез - латын тілінен «tubercula» - «томпақ, бұдыр» деген ма-ғынаны білдіреді. Осы аурумен сырқаттанған кісілерді жарып көргенде өкпесінде әр түрлі томпақшалар табылған.

Түберкүлез қазіргі күнге дейін кең тараған жұқпалы аурулардың бірі болып отыр. Оның Қазақстан үшін маңызы өте зор. БДҰ мәліметтері бойынша дүние жүзіндегі түберкүлезбен ауырушылардың саны 15-20 млн.

Жұқпаның қайнар көзі - науқас адам. Ауру негізінен тыныс жолдары арқылы жұғады. Тамақ арқылы да жұғуы мүмкін. (Мысалы, ауру малдар-дың сүтін ішкенде немесе етін жақсы пісірмей жегенде). Кейбір жағдай-ларда кәсіпке байланысты түберкүлез ағзаға жарақаттанған тері арқылы өтеді.

Түберкүлезбен ауырған науқастар түберкүлездің өзінен емес, осы ауру нәтижесінде өрістейтін, арнайы емес себептерден (өкпелік жүрек, өкпеден қан кету және т.б.) өледі.

Түберкүлездің көбіне кездесетін белгілері: түнде тершеңдік, жөтел, тәбеттің төмендеуі, жүдеп-арықтау, бет-келбеттің бозғылттануы.

Түберкүлездің бастапқы кезеңдерінде ауруды емдеуге болады. Бірақ ол үшін дәрігердің белгілеген емін бұлжытпай орындау қажет.



Сөздік:

өзгеріс – изменение

томпақ, бұдыр – бугорок, неровный

жарақат – рана

өрістетейтін – развивающийся

жүдеп-арықтау - истощение

бозғылттану - бледность

бұлжытпай – непрекословно


7. Пневмония
Пневмония - өкпенің қабынуы. Пневмонияның үш түрі бар: жіті, вирусты, бактериалды.

Жіті пневмонияның өзі 2 түрге бөлінеді: ошақты және крупозды.

Егер қабыну бронхылардан бастап, кейін өкпеге өтсе, бұны бронхопнев-мония деп атайды. Пневмонияны ошақтың көлеміне қарап оның: ацинусты, бөлікті, сегментті, көпсегментті түрлерін ажыратады. Ошақты пневмония біріншілік және екіншілік пневмония деп екіге бөледі. Біріншілік пневмония бұдан бұрын дені сау адамда немесе жіті респираторлы вирусты инфекция-дан соң, кейде сонымен қатар дамиды. Екіншілік (аурухана ішіндегі) пневмо-ния организмнің жалпы, әсіресе, тыныс жолдарындағы жергілікті қорғау механизмдерінің өте ауыр сырқаттарынан соң, ауыр операциялардан немесе жарақаттанғаннан кейін өте әлсіреуі салдарынан дамитын патология.

Крупозды пневмония - өкпенің бір немесе бірнеше бөліктерінің және плевраның жіті фибринозды қабынуы. Крупозды лобарлы немесе плевро-пневмония деп те атайды.


1   2   3   4   5   6   7   8   9


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет