Қазақ тілі лексика, фонетика, морфология мен синтаксис


септеулік шылаулар арқылы жасалған аналитикалық септік



Pdf көрінісі
бет125/337
Дата26.09.2023
өлшемі3.22 Mb.
#478549
түріОқулық
1   ...   121   122   123   124   125   126   127   128   ...   337
аза тілі лексика, фонетика, морфология мен синтаксис

септеулік шылаулар арқылы жасалған аналитикалық септік болып
бөлінеді. Көмекші есімдер тек септік құрамында ғана, яғни, септелген зат есім 


143 
құрамында ғана қолданылады. Мысалы, Күй ішінде кербезі арман деген, 
Арман деген сұлуы сөз ішінде (Қ.М.) деген жолдардағы күй ішінде дегенді 
күйдесөз ішінде дегенді сөзде деп те айтуға болар еді. Бұл олардың 
мағыналас екенін білдіреді. Сонда, күй, сөз деген зат есімдерге жалғанатын 
септік жалғауы көмекші есім арқылы негізгі сөзге жалғанып тұр. Демек, күй 
ішінде, сөз ішінде тіркестері -біртұтас сөзтұлға. Бұдан көмекші есімнің 
сөздерге грамматикалық мағына үстейтін грамматикалық көрсеткіштер 
қатарындағы тілдік бірлік екенін көруге болады.
Көмекші есім тіркескен зат есім барлық септік жалғаулары бойынша 
түрленеді, септік жалғаулары көмекші есімдерге жалғанады. Мысалы: 
А.с. ауылдың маңы, мектептің жаны, қаланың іші;
І, с. ауылдың маңының, мектептің жанының, қаланың ішінің;
Б.с. ауылдың маңына, мектептің жанына, қаланың ішіне;
Т.с. ауылдың маңын, мектептің жанын, қаланың ішін;
Ж.с. ауылдың маңында, мектептің жанында, қаланың ішінде;
Ш.с. ауылдың маңынан, мектептің жанынан, қаланың ішінен; 
К. с . ауылдың маңымен, мектептің жанымен, қаланың ішімен; 
Аналитикалық септіктің екінші түрі септеулік шылаулар арқылы 
жасалады, сондықтан септеулік шылаулар септік жалғаулы сөзге тіркесіп, 
септіктің мағынасына түрлі реңк қосып, оны күрделілендіріп тұрады. 
Мысалы: Жалт қарасам, шұға үйіне қарай кетіп бара жатыр екен (Б.М.). 
Жұмыстан кейін кездесейік (С.М.). Бидаймен қатар тары да ектік (С.М.).
Осы мысалдардағы үйіне қарай, жұмыстан кейін, бидаймен қатар деген 
сөздер аналитикалық септіктің барыс, шығыс, көмектес септік тұлғаларында 
тұр.
Септеулік шылаулар 7 септіктің ішінен тек а т а у , б а р ы с , ш ы ғ ы с ,
к ө м е к т е с септіктердің аналитикалық сөзтұлғаларын жасайды.
78-жаттығу: Септеулік шылаулар мен көмекші есімдерді тауып, олардың қай септіті 
меңгеріп тұрғанына, грамматикалық мағыналарына түсінік беріңдер

1)Алатау жоталарының осыдан жүз жыл, тіпті миллион жыл бұрын да дәл 
осындай асқақтап тұрғанын, бұдан кейін де тұра беретінін, мына бір 
соқтықпалы, бұралаң жолдармен талай ұрпақтың жүріп өтетінін есіне алды. 
Осынау өмірдің хам-қаракеті , жақсылық үшін, ізгілік үшін күрес мұнан кейін 
де тоқталмайды екен ( Қ. Ж. ). 2) Мектептің қасынан әдебиет үйірмесін 
ұйымдастырып еді, кешікпей бұл үйірме аудандағы әдеби орталыққа айналды
( Б. Соқп. ). 3) Менің ұзақ сұқтана қарағанымды байқап қалған екен ( Қ. Н. ).
4) Қыстауға қонғаннан бері , кеш сайын ешкімге білдірмей, елеусіз ғана 
әжесімен оңаша қалады ( М. Ә. ). 5) Енді басқа көш тақаған сайын тау реңі 
ғажап құбылып, өзгеріп барады екен. Бірақ ілгері жүріп, тобықтыға тақаған 
сайын, осы жетек жүзге тарта болды (М. Ә. ). 6) Ақмолада тұратын бай 
саудагер Сейіткамал арқылы жаңа үйге ұсталған кілемдерді де Омар алғызды.
( Ғ. Мұст. ).




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   121   122   123   124   125   126   127   128   ...   337




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет