Қазақ тілі лексика, фонетика, морфология мен синтаксис



Pdf көрінісі
бет129/337
Дата26.09.2023
өлшемі3.22 Mb.
#478549
түріОқулық
1   ...   125   126   127   128   129   130   131   132   ...   337
аза тілі лексика, фонетика, морфология мен синтаксис

Тақырып бойынша сұрақтар: 
1) Септіктің қандай түрі аналитикалық септік деп аталады ? 
2) Аналитикалық септік қандай сөздердің қатысуы арқылы жасалады ? 
3) Септеулік шылаулар қай септіктегі есім сөздеріне тіркесіп келіп 
аналитикалық септік тұлғасын жасайды ? 
4) Тәуелді септеу деген не ? 
5) Тәуелді септеу мен жай септеудің қандай қосымшаларында 
айырмашылықтар бар ? 
6) Жіктік жалғаулары қай сөйлем мүшесіне тән қосымшалар ? 
7) Жіктік жалғаулары қандай мағынадағы есім сөздеріне ғана жалғанады ? 
81-жаттығу. Көшіріп жазыңдар да, жіктік жалғаулы сөздердің жалғауын сызықша 
арқылы бөліп жазыңдар. 
І. Ай, бал бөбек, бал бөбек, балдайсың,
Атқан жазғы арайлы таңдайсың.
Күлгеніңде көктемгі күндейсің.
Күн нұрымен құлпырып гүлдейсің. 
Бақыттысың, бал бебегім,
Тұр алдыңда бар керегің. 
Тез ер жетші, бал бөбек, 
Оқып білім ал, бөбек. (Қ. Л.) 
ІІ.  Мен сендерден бір тамшы тамған жаспын,
Сол тамшы болған үшін байға қаспын.
Сенің жүрген жеріңнен қозғалмайтын,
Жұдырықтай қарам бар, қатқан таспын. 
Мен дариядай тасыған ағып келем,
Менде ақындық жалғыз сөз «Жалшы» деген. 
Сол сөз менің тәңірім табынатын,
Басқаға сенен қалса ғана берем. (С. М.) 


149 
ІІІ. Қасыммын ,сол баяғы бір Қасыммын,
Бақытын ойламайтын құр басымның,
Тымырсық, түнек болсаң, дұшпаныңмын,
Ақ көңіл, адал болсаң, сырласыңмын. (Қ. А.) 
 
82-жаттығу. Мәтінді оқып шығып, қара әріптермен жазылған зат есім сөздерін теріп 
көшіріп жазып, берілген үлгімен морфологиялық талдау жасаңдар да, әрбір қосымшаның 
қандай қосымша екендігін айтыңдар. 
Ү л г і: Алаңының — алаң +ы + ның. 
Ол түні жел тымық болатын. Мұз алаңының үстінде қалың камыс 
төсеп, кырықтаған адам қазанды қоршай отыра қалдық. Қуанышты қабысу 
қошеметіне арналған от жалыны лаулап аспанға көтерілді. Әр жерге 
сүймендер кадалып, «жарқанат фонарьлар» асылған еді, қос маңы бейне бір 
түнгі думан алаңындай жап-жарық болды да кетті. Мұз бетінде ойнаған 
қызғылт сәуле толқындай тербеліп, толықси көшумен болды. Мен төңіректі 
енді ғана байқадым. Қос маңын қоршай, мұз бетіне ақбалық жайып тастаған 
екен. Қабыршақтары от сәулесін өзіне тартып, бейне бір күміс теңгедей 
жалт-жұлт етеді. Қазанқап ағай бастаған төрт жігіт ұзындығы екі кұлаштай 
бір үлкен бекірені зорға көтеріп әкеп, от басына сұлата салды. Жоны қара 
коңыр, бауыры ақтан гөрі қызғылт сарылау теңіз алыбы айыр құйрығын екі 
қабырғасына қайыра соғып, тулап-тулап алды да, теп-тегіс бауырын мұзға 
төсеп, тыныштала бастады. Енді тек анда-санда ғана ақырын бір қозғалып
отқа таман жылжи түседі. Дәл қыр арқасына, қабырға орталығына және 
кабырға мен бауырының түйісер тұсына алды аласа, арты биік үшбұрышты, 
өткір сүйек тікенектер тамақтан кұйрыққа дейін ұзын жолақ тартып алған 
екен, бейне бір сауытты алыптай дөңкие қалыпты. Жонына құшақ жетер 
емес. Тамақ астындағы дөңгелек аузын тамсана, солғын кызғылт мұртын 
мазасыз кимылдатады. Сүймен ұшындай өткір шеміршек тұмсығын денесімен 
бірге қозғап, жылжыған сайын дәу тұлғасында пропорционалдық сәйкестігі 
жоқ,кішкене ғана шөлмек көздер от сәулесімен ұштасып, жалт ете 
қалады
.. (Ә. С. ).  


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   125   126   127   128   129   130   131   132   ...   337




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет