(«М. М.») 9. Біреулер теңіз өмірінде болған түрлі оқиғаларды айтады.
(Л. К.)
10. Сақалын сатқан кәріден, еңбегін сатқан бала артық.
(А. Қ.)
§ 107. Күрделі бастауыш болатын сөз тіркестері
Бірнеше сөздер тіркесе айтылып, бір сұраққа
жауап береді де, сөйлемнің
кім, не жайында айтылғандығын білдіріп, күрделі бастауыш болады. Күрделі
бастауыштар мына жолдармен жасалады:
1. Бірнеше сөздердің тіркесінен болған жалқы есімдер күрделі
бастауыш
болады. Мысалы:
1) Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті-
қазақстандағы тұңғыш жоғарғы оқу орны.
2) Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі тікелей эфир арқылы
селекторлық жиын өткізді.
2. Кісі аты, тегі, жолдас, азамат, мырза, ханым
сияқты сөздермен тіркесе
айтылса да күрделі бастауыш болады. Мысалы:
1)
Конгресс жұмысына Пакистан Республикасының Премьер –Министрі
Достарыңызбен бөлісу: