301
мүшелердің арасына үтір қойылмайды:
Машинамен я көлікпен келгендердің
жолдарына қарауыл қойылады. (С. М.)
4. Бірыңғай мүшелердің арасы қайталанылмайтын
мен (пен, бен), және
жалғаулықтары арқылы байланысса, бірыңғай мүшелердің арасына үтір
қойылмайды. 1)
Қарлығаштар ауа райы ашық және құрғақ болардың алдында
аспанға шырқап биік ұшады.
174-жаттығу. Мына сөйлемдерді көшіріп жазыңдар да, бірыңғай мү-шелердің астын
сызып, керекті жеріне үтір қойыңдар.
1.Бұл шақта оның қасында Мұхиттан
басқа Тұрдыахон мен Жарқын
Қатира мен Ханбибі — төртеуі бар еді. 2) Ауданның басшы адамдары ауыл
әкімдері зоотехник агрономдар да малшылар да жиналып қалған-ды.
(Ғ. Сл.)
3) Жеті күн жеті түн тынымсыз соққан боран бүкіл қаланы күртік қармен
көміп салды.
(Ә. Ә.) 4. Ол ауылдағы Қенжетай мен Темірбектің қолында
тұрады. Балалығын Шортандының түпсіз терең күмістей көліне сүңгумен
меруерт құмына аунаумен текшелі тастарына өрлеумен өткізген
Асқар ер
жеткен соң туған тауының сұлулығымен ғана қанағаттанбады.
(С. М.) 6)
Олардың киімдері де кескіндері де мінез-құлықтары да біріне-бірі ұқсамайды.
7) Сасқандық па әлде ұялғандық па немесе не айтарын білмегендік пе
Төрекелді келгендерге иек қағып басын изей берді.
(М. И.)
Достарыңызбен бөлісу: