Қазақ тілі лексика, фонетика, морфология мен синтаксис


ала ат — біздің колхоздағы жүйрік аттардың бірі. 4) Менің інім Алматы



Pdf көрінісі
бет283/337
Дата26.09.2023
өлшемі3.22 Mb.
#478549
түріОқулық
1   ...   279   280   281   282   283   284   285   286   ...   337
аза тілі лексика, фонетика, морфология мен синтаксис

ала ат — біздің колхоздағы жүйрік аттардың бірі. 4) Менің інім Алматы 
қаласында оқиды. Бұл сөйлемдерде қара әріппен жазылған қол қойды, көз 
салдым деген тіркестер н е і с т е д і? деген сұраққа жауап беріп, күрделі 
баяндауыш болып тұр. Торы ала деген тіркес қандай? деген сұраққа жауап 
беріп, күрделі анықтауыш қызметін атқарып тұр. Ал Алматы қаласында деген 
тіркес қ а й д а? деген сұраққа жауап беріп, күрделі пысықтауынш болып тұр. 
Бұларды өз ішінде жеке сөйлем мүшелеріне талдауға болмайды. 
Үйірлі мүше деп аталатын сөз тіркесі сөйлемнің белгілі мүшесі қызметін 
атқарумен қатар, өз ішінде жеке сөйлем мүшелеріне талданады. Мысалы: 
Балығы тайдай тулаған көлдер бұл өлкеде жиі кездеседі деген сөйлемде 
балығы тайдай тулаған деген сөз тіркестері қ а н д а й? деген сұракқа жауап 
беріп, тұтас алғанда, көлдер деген бастауышпен байланысып, ү й і р л і 
анықтауыш мүше болып тұр. Сөйте тұра, бұл тіркестегі сездерді өзара 
байланысына қарай, жеке мүшелерге талдауға болады. Балығы н е с і? деген 
сұраққа жауап береді, бастауыш. Тайдай қалай? деген сұраққа жауап береді, 
пысықтауыш. Тулаған не істеген? деген сұраққа жауап береді, баяндауыш. 
2. Үйірлі мүшеге енген сөз тіркестері өз ішінде жеке сөйлем мүшесі 
ретінде талданатын болғандықтан, оны бағыныңқы сөйлем деп түсінушілік 
бар. Үйірлі мүшелердің сабақтас құрмаластағы бағыныңқы сөйлемдерден 
мына сияқты айырмашылықтары бар. 
а) Үйірлі мүшелердің ішіндегі сөздер өзара жеке мүшелерге талданып, 
сыртқы көрініс белгісі жағынан бағыныңқы сөйлемге ұқсап тұрғанмен, оның 
сейлемдік интонациясы болмайды. Сондықтан үйірлі мүшелерден кейін үтір 
қойылмайды; 
ә) бағыныңқы сөйлемнің баяндауышы есімшенің барыс, шығыс, жатыс,
көмектес септік жалғаулары тұлғасында немесе оның шылаулармен, мезгіл 
мәнді сөздермен түрінде келетін болса, үйірлі мүше қүрайтын есімшелер атау, 
ілік, табыс септік жалғауларының бірінде айтылуы шарт; 
б) өзінің айналасына өзге сөздерді үйіріп (байланыстырып) үйірлі мүше 
жасайтын, негізінде, есімше (оның атау, ілік, табыс септік жалғау түлғасы) 
болып келеді. 
Сөйтіп, үйірлі мүше тудыратын атау, ілік және табыс септік жалғаула-
рының бірінде айтылған есімше болатындықтан, үйірлі мүшелер үш түрлі 
болып келеді: үйірлі анықтауыш мүше, үйірлі толықтауыш мүше, үйірлі 
бастауыш мүше. 
 
Тақырып бойынша сұрақтар: 


1) Айқындауыш қандай қызмет атқарады? Оңашаланған айқындауыш 
деген не? 
2) Қосарлы айқындауыш деген не? Айқындауыштардың тыныс белгілері 
қалай қойылады? 
3) Үйірлі мүше деген не? 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   279   280   281   282   283   284   285   286   ...   337




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет