Қазақ тілі лексика, фонетика, морфология мен синтаксис



Pdf көрінісі
бет284/337
Дата26.09.2023
өлшемі3.22 Mb.
#478549
түріОқулық
1   ...   280   281   282   283   284   285   286   287   ...   337
аза тілі лексика, фонетика, морфология мен синтаксис

178-жаттығу. Мына сөйлемдерді оқып шығыңдар да, күрделі мүшелі сөйлемдерді бір 
бөлек, үйірлі мүшелі сөйлемдерді бір бөлек көшіріп жазындар. Күрделі мүшенің астын бір, 
үйірлі мүшенің астын екі рет сызып, олардың айырмашылықтарын айтып беріңдер. 
1. Сары атанның арбасында іркілдеп жатқан екі үлкен шошқа да түк 
ойламастан келе жатыр. (Ғ. Мүсір.) 2) Полк командирі Бабченко мінген 
эшелон әне келеді, міне келедімен жүр. (К. С.) 3) Білек сүріндіре
алмағанды білім сүріндіреді. («М. М.») 4) Аяқты басқан сайын қауіп 
күткен біз амалсыздан жүре бердік. (С. М.) 5) Бірақ қорқыныш билеген адам 
ажалға қарсы баспайды. (А. Бек.) 6) Қызылбалақтың машығына бойы үйрен-
ген жуас торы ат үріккен жоқ. (М. Ә.) 7) Біреу білмегенді біреу білер. («М. 
М.») 8) Зейне де әзір балапан жайынан баласына ешбір сөз айтқан жоқ. (С. 
Бег.) 9) Өзі білмегеннің аузына қарама. («М. М.») 
 
§ 133. Оқшау сөздер 
 
Сөйлемдегі айтылған сөздердің бәрі бірдей сөйлемге мүше бола бермейді. 
Кейбір сөздер сөйлемнің өзге мүшелерімен грамматикалық байланысқа енбей, 
жалпы сөйлемдегі айтылған ойға сөйлеуші адамның көзқарасын, ішкі сезімін 
және ойдың кімге, неге арналғанын көрсету үшін қолданылады. 
1) Шалқы, дария, жүрек күйге шомылсын, Айдын көлде жүзген ерке 
аққудай. (Қ. А.) 2) Өлеңім, шарла ауылды. Тыңда, дала, Жамбылды! 
Тыңда, Қастек, Қаскелең, Сөйлесін кәрі бауырың. (Ж- Ж-) 3) Әрине, бұл 
құрылыс озаттарының бірінші қатарында Жантас та болмақ ( Б.Соқб.)
4) Япырай, қандай сұлу! (М. Ә.) 
Бірінші, екінші мысалдардағы дария, өлеңім, дала, Қастек, Қаскелең деген 
сөздер тыңдаушы адамның көңілін айтайын дегеңг ойға аудару үшін 
қолданылған. Үшінші сөйлемдегі әрине деген сөз сөйлеушінің сол айтылған 
ойға  шексіз нанатындығын көрсетіп тұр. Төртінші сөйлемдегі япырай деген
сөз сөйлеуші адамның ішкі сезімін, көңілінің шалқуын көрсету үшін
қолданылып тұр. 
Сөйтіп, сөйлемде сөйлем мүшелерімен тікелей грамматикалық 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   280   281   282   283   284   285   286   287   ...   337




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет