Қазақ тілі лексика, фонетика, морфология мен синтаксис



Pdf көрінісі
бет295/337
Дата26.09.2023
өлшемі3.22 Mb.
#478549
түріОқулық
1   ...   291   292   293   294   295   296   297   298   ...   337
аза тілі лексика, фонетика, морфология мен синтаксис

188-жаттығу. Көшіріп жазып, атаулы сөйлемдердің астын сызыңдар. 
 
1) Қырық жыл. Бұл даңқты жылдар ізімен жүріп отырсаңыз — қыр 
астында, қара үй ішінде күйбеңдеген ата-анаңыз бүгін дүмбірлеген ақ үйде 
отыр. («Қ. Әд.») 2) Жазғытұрым. Түс мезгілі. Малды аман төлдетушілерге 
арналған кілем, киіздер. Орындықтар. (Ә.Т.) 3) Үш жыл өтті. Жаз күні. Қас 
қарайған уақыт. Ауылда ұйықтамаған үй кемде-кем. ( Ғ. М.) 4) Оған биыл 
аттай қырық жыл. Көктем. Ауыл Достың дөңіне кеп үй тігіп жатыр. 5) 
Шаңқай түс. Күн нұрын құйып тұр. (Ғ. М.) 

ҚАЙТАЛАУҒА АРНАЛҒАН
ЖАТТЫҒУЛАР
189-жаттығу. Мына мәтінді оқып шығып, жай сөйлемдерді мағынасына және 
кұрылысына қарай түрлеріне айырыңдар. 
— Қайырлы кеш! Кеме тұмсығында бүгін қандай жаңалықтар бар? 
Оган бір дауыспен әрі бір ырғакпен: 
— Кеме үстінде иттер жүгіріпті. Үрейлер шығыпты, зеріккеннен шыбын-
дарды қырыпты,— деп жауап береді. 
Жетер сендердің қудалауларың,— дейді біздің качегар. 
— Сен ынталана тыңдайтын бірдеңе айтсайшы,— деп өтінді олар. 
— Я, айтатын нәрсе бар-ау... Тек мен қысыр әңгімеге шебер емеспін. Егер де 
тыңдағыларың келсе, шын болған нәрсені, теңіз үстінде болған оқиғаны 
айтайын... Мейлі теңіз кызметіне жаңа келген біздің жас матростар тыңда-сын. 
Болған істі айтайын. 
Жас матростар качегардан шын ертегі айтуды сұрай бастады... Ол көктегі 
жұлдыздарға көз салды. Кеме үсті жым-жырт. Качегар шылымын шегіп, 
брезентке отырды. 
- Ал, жарайды, сендерге мен біздің командир туралы бір шындықты айтып 
берем. Оның шашының неліктен ағарғанын кім біледі? 
— Қартайған шығар? 
— Қайдағы қарттық оған! Ол әлі кәрі емес. Қырыққа жаңа ғана жетті, шашы 
аппақ қудай. (Л. К.) 
190-жаттығу. Мәтінді көшіріп жазып, әр сөйлемді сөйлем мүшелеріне талдаңдар. 


317 
Мен Алматыдан Петропавлға ұшақпен ұшып келдім. Ашық аспанмен 
калқып келе жатқан ұшақтан төмендегі жер алақанның аясындай көрінетін 
әдеті. Бұл жолы аспаннан шолып келе жатқан жердің келбеті бұрынғы 
жаздарда көрінетін келбетінен өзгеше. Бұрын да текшеленіп көрінетін егін 
орнындағы жыртындылар биыл әлдеқайда кеңіп, кей жерде ұшы-қиырсыз 
далиып кеткен. Өйтпегенде ше? Үстіміздегі бір жаздың өзінде Қазақ 
республикасы соңғы қырық жылда жыртқан жерінен артык жер жыртып, 
отанның егін себетін қорына сегіз миллион гектардай үлес қосты!.. Осынша 
кең жыртылған тың және тыңайған жердің ұшы-қиыры қалай көрінбек.
(С. М.) 
191-жаттығу. Мәтінді көшіріп жазыңдар. Ондағы бірыңғай мүшелердің астын сызып, 
түрлерін және өзара байланысу амалдарын айырыңдар. 
Күз аспаны күңгірт, бұлыңғыр. Ауада дымқыл сыз бар. Таң салқыны қазір 
күздің суық желіне айналған. Маңайда қызарып солған қурайлар көп керінеді. 
Бүрінен айырылған тобылғы да қуқыл реңді. Ұзарып сарғайған селеу мен 
бозғыл көде, жусан — бәрі де жел лебімен қалтырайды. Қара жел қуған қаңбақ 
кең жазықта көп бұлыңдап, тынымсыз кезіп, жосып өтеді. Таң жаңада атқан. 
Салқын түннің қалың шығы жүргіншілердің аттарының тұяғын жылтыратып 
шашасына шейін суландырған. 
Ералының кең жазығына жаңа келіп ілінген жүргіншілер — ерте көшкен 
ауылдың ер азаматы. Көшіп келе жатқан—Абай аулы мен көрші ауылдар. Сол 
көштің алдында ұзаңқырап кеткеи мынау бір топ аттылар — Абай мен оның 
кей достары, кей ақын-әншілер. Топтың алдыңғы қатарында Абай, Көкбай, 
Шұбар — үшеуі өзгелерден озыңқырап, оңаша әңгімелесіп барады. Артқы топ 
Ақылбай, Мағаш, Кәкітай, Дәрмен болатын. Бұлардың артында Ербол мен 
Баймағамбет бір бөлек келеді. (М. Ә.) 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   291   292   293   294   295   296   297   298   ...   337




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет