Адамзат, ғаламзат атаулары
Тілдегі зат есім сөздерінің бір тобы адамға,адамдар арасындағы туыстық
қатынастарға, адамның кәсібі мен мамандығына байланысты атауларды ғана
білдіреді. Мысалы: ата, әке, шеше, ана, бала, ұл,қыз, келін, жезде, құда,
құдағи, оқушы, студент, оқытушы, тәлімгер, әнші, ғалым, министр, елші
т.б.- сөздер адамзат атаулары.
Зат есім сөздерінің екінші бір үлкен тобы адамнан басқа жан-жануарлар мен
түрлі заттардың атын білдіреді. Мысалы: аю, қасқыр,қоңыз, шыбын, тау, тас,
бұлақ, теңіз, парта, тақта, ай, жұлдыз т.б. Бұлар- ғаламзат атаулары.
Ғаламзат атауларына адамнан өзге барлық жанды тіршілік иелерінің: жан-
жануарлардың, жәндіктердің, құстардың, өсімдіктердің, сондай-ақ адамның
қолымен жасалған барлық материалдық игіліктер мен мәдениет
туындыларының, құрал-саймандардың, елді мекендердің, жер-су, өзен-
көлдердің атаулары жатады.
117
Зат есім сөздерінің өзіне тән ерекшелігі-олардың дара және жинақтық
мәнде қолданылуы. Мысалы: алма, алмұрт, өрік, жүзім, шие, алша, қарақат,
таңқурай сияқты түрі, түсі, дәмі басқа-басқа өсімдіктерді жеміс, жидек деген
бір ғана жалпы есім сөзімен атауға болады. Яғни, біртектес әртүрлі заттардың
ортақ атаулары ж и н а қ т ы қ з а т е с і м болады. Сонымен қатар, алма
мен алмұрт, өрік пен жүзім - аз болсын, көп болсын, өмірдегі белгі заттардың
нақты атаулары. Мысалы, Мына қызыл алманы жеп көріңізші деген
сөйлемдегі алма дара зат есім болып табылады.
Зат есім сөздері қандай нәрсенің атауы болуына байланысты деректі
(конкретті) зат есім, дерексіз ( абстракты) зат есім болып жіктеледі.
Көзбен көріп, қолмен ұстауға келетін заттардың, нәрселердің
атауларын білдіретін зат есімдер д е р е к т і з а т е с і м деп аталады.
Мысалы: айна, тарақ, қалам, қағаз, тау, тас, орман,ай, жұлдыз, аспан, шаян,
қасқыр т.б.
Достарыңызбен бөлісу: |