Қазақ тілі лексика, фонетика, морфология мен синтаксис


§ 53. Зат есім сөздерін тудыру тәсілдері



Pdf көрінісі
бет105/337
Дата26.09.2023
өлшемі3.22 Mb.
#478549
түріОқулық
1   ...   101   102   103   104   105   106   107   108   ...   337
аза тілі лексика, фонетика, морфология мен синтаксис

§ 53. Зат есім сөздерін тудыру тәсілдері 
(зат есімнің сөзжасамы) 
Қазіргі тілімізде зат есім мағынасында қолданылып жүрген сөздердің 
барлығы бірдей бірден белгілі заттың атауын білдіретін түбірлік сөздер болған 
жоқ. Олардың бірқатары—зат есім сөзіне, бірқатары — өзге сөз таптарына 
жұрнақ жалғау арқылы жасалған туынды сөздер. Мысалы: жылқышы, 
жақсылық, білім, ілгек, оттық. Бұлардың біріншісі мен соңғысы зат есім 
сөзіне жұрнақ жалғану арқылы жасалған жаңа мағыналы туынды зат есім 
болып тұр. Екіншісінде сын есім сөзіне жұрнақ жалғанып, зат есім жасалып 
тұр. Ал үшінші және төртінші сөздер — етістік сөзіне жұрнақ жалғану арқылы 
жасалып тұрған туынды зат есімдер. 
Жаңа мағыналы сөз тудырудың ең негізгі жолы түбір сөзге жұрнақ жалғау 
арқылы болып отыратындығы сияқты, зат есім сөздерін туғызудың да ең 
негізгі өнімді тәсілі — түбір сөздерге жұрнақ жалғау. 
Түбір сөздерге жалғанып зат есім тудыратын жұрнақтарды үлкен екі топқа 
бөлуге болады: 
а) есімдерден зат есім сөздерін тудыратын жұрнақтар. 
Бұл топқа енетін жұрнақтар зат есім сөзіне жалғанып жаңа мағыналы зат 
есім сөздерін немесе сын есім, сан есім сөздеріне жалғанып, зат есім сөздерін 
тудырады. Олар мыналар: 
1.-шы-ші жұрнағы түбір сөзге жалғанып, адамның кәсібінің түрін, 
мамандығын білдіретін жаңа мағыналы сөз тудырады: Мысалы: жұмыс-шы, 
домбыра-шы, ән-ші. 
2.–қар,-кер, -ғар,-гер жұрнағы тубір сөзге жалғанып, адамның кәсібінің түрін, 
мамандығын білдіретін жаңа мағыналы сөз тудырады: Мысалы: мұра-гер, 
жауын-гер, талап-кер, әмең-гер, сауда-гер, заң-гер, сахна-гер; 
3.-дас, -дес, -тас, -тес, -лас, -лес жұрнағы түбір сөзге жалғанып, ортақтық, 
ұжымдық, қарым-қатыстық ұғым беретін жаңа мағыналы туынды сөз 
тудырады. Мысалы: ауыл-дас, көрші + лес, ат-тас, ниет-тес, жол - дас, -құр-
дас; 
4. -лық, -лік, -дық -дік, -тық, -тік жұрнағы түбір сөзге жалғанып, заттық, 
қалыптық ұғым беретін жаңа мағыналы туынды сөз тудырады. Мысалы:
ас-тық, тұз-дықтөс- тік, жас-тық, бала-лық, шебер-лік, жақсы-лық, 
жаман-дық; 


121 
5. –шылық , -шілік құранды жұрнағы түбір сөзге жалғанып, кәсіптің түрін 
білдіретін жаңа мағыналы сөз жасайды. Мысалы: егін+шілік, балық-шылық
шаруа + шылық. 
6. -ылдырық, -лдырық, -ілдірік, -лдірік жұрнағы түбір сөзге жалғанып, белгілі 
орында ғана болатын бұйым атауын білдіретін жаңа сөз тудырады. Мысалы: 
табалдырық, өмілдірік, сағалдырық, көзілдірік. Бұлар — кез келген есім 
сөздеріне жалғанбай, осы сияқты бірен-саран сөздерге ғана жалғанып, жаңа 
мағыналы сөз тудыратын өнімсіз құранды жұрнақтар. 
7. -ист, -изм, -ат, -ир жұрнақтары — қазақ тіліне терминдік сөздермен бірге 
еніп қалыптасқан жұрнақтар. Мысалы: альпинист, коммунист, капитализм,
туризм, пролетариат, секретариат, командир. 
8. - хана жұрнағы түбір сөзге жалғанады да, белгілі мекеменің , 
кәсіпорынның атын білдіретін жаңа сөз тудырады. Мысалы: аурухана, 
перзентхана, шайхана, кітапхана. Бұл жұрнақ тілімізге революцияға дейін 
шығыс халықтарының тілдерінен енген сөздермен бірге еніп, казір қазақтың 
байырғы сөздеріне де жалғанып жаңа мағыналы сөз тудыра береді. Бірақ 
қазақ тілінің дыбыстық заңдарына бағынбай, сөздің соңғы буыны мен соңғы 
дыбысының қандай екендігіне қарамастан, жуан сөзге де, жіңішке сөзге де сол 
күйінде жалғана береді, 
9. -шық, -шік жұрнағы түбір сөзге жалғанады да, өзі жалғанған сөздің 
бастапқы лексикалық мағынасына қосымша кішірейтушілік ұғымын 
тудырады. Мысалы: үй + шік, көл + шік, ойын-шық, жілін + шік, қап+шық.  
10. -шақ, -шек, -шаше, -қан жұрнақтары түбір сөзге жалғанып, өзі 
жалғанған сөздің бастапқы лексикалық мағынасына қосымша кішірей-тушілік 
ұғымын тудырады. Мысалы: құлын-шақ, келін+шек, құнан-ша, дөнен + ше, 
кітап-ша, бота + қанбұзау+қан.
11.-нама, -неме,-тама, -теме,-дама, -деме жұрнақтары түбір сөздерге 
жалғанып, жаңа мағыналы туынды зат есім сөздерін тудырады. Мысалы: жол-
дама, мінез-деме, жар-нама, түйін-деме, сауал-нама  
12.-тай жұрнағы туыстық қатысты білдіретін сөздерге жалғанады. Мысалы: 
аға + тай, әке+тай, апа + тай. Бұл жұрнақ та дыбыс үндесуі мен буын 
үндесу заңдарына бағынбай, жуан сөзге де, жіңішке сөзге де осы күйінде 
жалғанады. 
13.-еке(ке),-а,-й жұрнақтары туыстық қатынастарды білдіретін жалпы есімдер 
мен кісі аттарына жалғанады да, құрметтеу ұғымын береді. Бұл жұрнақтар 
жалғану үшін, сөздің түбірі кейбір дыбыстық өзгерістерге ұшырайды.
Мысалы: аға+еке-ағеке; апа + еке + апеке; әже + еке + әжеке; Мұқтар—
Мұқа, Ғабит — Ғабеке, Сәбит—Сәбе, апа + й, аға + й. 
ә) Етістік сөздерінің түбіріне жалғанып туынды зат есім тудыратын 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   101   102   103   104   105   106   107   108   ...   337




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет