Қазақ тілі лексика, фонетика, морфология мен синтаксис


§ 54.  Зат есімнің грамматикалық категориялары



Pdf көрінісі
бет107/337
Дата26.09.2023
өлшемі3.22 Mb.
#478549
түріОқулық
1   ...   103   104   105   106   107   108   109   110   ...   337
аза тілі лексика, фонетика, морфология мен синтаксис

§ 54.  Зат есімнің грамматикалық категориялары
Зат есімнің сандық категориясы және оның көріну жолдары 
 
Грамматиканың негізгі мәселелерінің бірі -грамматикалық категория. 
Грамматикалық категория деп біртектес жүйелі грамматикалық 
мағыналардан тұратын және оларды білдіретін арнайы грамматикалық 
көрсеткіштері бар тілдік құбылысты айтады. Грамматикалық категория 
грамматикалық мағына мен гамматикалық көрсеткіштердің бірлігінен 
құралып, сөйлемдегі сөздерді бір-бірімен байланыстырады.
Зат есімнің өзіне тән төрт түрлі грамматикалық категориясы бар. Олар: 
зат есімнің көптік (сандық) категориясы, тәуелдік категориясы, септік 
категориясы, жіктік категориясы. Бұл категориялардың әрқайсысының өзіне 


123 
тән формалары болады. Ол-көптік жалғаулары, тәуелдік жалғаулары, септік 
жалғаулары, жіктік жалғаулары. Яғни, зат есім сөздері сөйлем ішінде осы төрт 
түрлі формада тұлғаланып қолданылады. 
 
Зат есімнің сандық категориясы және оның көріну жолдары 
 
Зат есім сөздерінің өзге сөз таптарынан негізгі бір ерекшелігі –бұлардың 
жекеше және көпше түрінің болатындығы. Өйкені зат есім сөздері белгілі 
заттың, заттық ұғымның атын білдіреді. Ал ол заттар мен ұғымдар біреу 
болуы да, бірнешеу болуы да мүмкін. 
Зат есім сөзі заттың біреу-ақ екендігін білдіріп тұрса, оны з а т е с і м
н і ң ж е к е ш е т ү р і (жекелік категориясы) дейді. Мысалы: кітап, 
қалам, оқушы, үй, көл, ит, құс, арба. 
Зат есім сөзі бір түрлі нәрсенің біреу емес, бірнешеу екендігін 
көрсететін болса, оны з а т е с і м н і ң к ө п ш е т ү р і ( көптік 
категориясы) дейді. Мысалы: кітаптар, қаламдар, оқушылар, үйлер,  көлдер, 
иттер, құстар, арбалар. 
Зат есімнің сандық мағынасы - жекелік ұғым мен көптік ұғымның қарама-
қарсылығына құрылатын абстрактылы мағына. Ол жекелік мағынаны 
білдіретін нөлдік жалғау және көптік мағынаны білдіретін көптік жалғау 
арқылы көрінеді. Көптік жалғау қосымшасы зат есім сөзінің түбіріне қазақ 
тіліндегі буын үндестігі мен дыбыс үндестігіне сай жалғанады:
а) сөздің түбірі дауысты дыбыстарға және үнді р, у, й дыбыстарына 
аяқталса, көптік жалғау қосымшасы – лар, - лер түрінде жалғанады. Мысалы: 
бала + лар,іні-лер,ер-лер, тау-лар, үй-лер; 
ә) түбір сөздің соңы ұяң з, ж дыбыстары немесе үнді л, м, н, ң дыбыстары 
болып келсе, оларға көптік жалғау қосымшасы –дар,-дер болып жалғанады. 
Мысалы: қыз+дар, ұл+дар,біз + дер, _ел + дер, киім+дер, тон + дар, өзен + 
дер, аң + дар, колледж-дер; 
б) сөздің түбірі қатаң дауыссыз дыбыстардың біріне бітсе, көптік жалғау 
қосымшасы –тар,- тер түрінде жалғанады. Мысалы:студент-тер, мектеп + 
тер, дос-тар, кітап-тар; 
Көптік категория үнемі түбір сөзге көптік жалғауын жалғау арқылы 
көрінбейді. Кейде көптік жалғауы сөзге жалғанбай-ақ, мынау сияқты 
жағдайларда көптік ұғымын беруге болады: 
а) елхалық аттарын білдіретін, жинақтық ұғымы бар сөздер көптік жалғау 
қосымшасынсыз-ақ көптік мағынада қолданыла береді. Мысалы: Бұл 
колледжде орыс та, қазақ та, қырғыз да, өзбек те оқиды. Бұл сөйлемдегі 
орыс, қазақ, қырғыз, өзбек деген сөздер сол халықтардан бір-бір адам бар 
деген ұғым емес, тұтас ұлт түсінігінде, жинақтық ұғымда келіп, көптік 
мағынада қолданылып тұр. 


ә) Талдап не даралап санауға келмейтін ұсақ нәрселердің аттарын білді-
ретін сөздерге көптік жалғау қосымшасы жалғанбай-ақ, жинақтық ұғым 
береді. Мысалы: құм, тас, топырақұн, бидай, тары, шөп, шаш тағы 
басқалар. Сондықтан да: Құрылыс алаңына  құм, тастопырақ, кірпіш  
түсіріп жатыр. Биыл сұлы, бидай, тары бітік шықты делінеді де, Құрылыс 
алаңына құмдар, тастартопырақтар, кірпіштер  түсіріп жатыр. Биыл 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   103   104   105   106   107   108   109   110   ...   337




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет