171
«Нұр- Отан» халықтық демократиялық партиясының ІІ съезі 27 қаңтарда
сағат 10-да басталады. ХIХ ғасыр әдебиеті. Х сынып оқушылары.
Жай цифр арқылы таңбаланған реттік
сан есімнің соңынан жыл, ай аттары
тіркесіп айтылатын болса да, екі араға ешқандай белгі қойылмай жазылады.
Мысалы: 2011 жылғы 19 тамызда Қазақстан Республикасы Парламенті
Сенатының сайлауы өткізіледі.
94-жаттығу Берілген есептік сан есімдерден реттік сан есім жасап,бір қатарын сөзбен, бір
қатарын жай цифр арқылы, енді бір қатарын рим цифры арқылы
зат есім сөзіне тіркеп
жазыңдар.
2, 5, 6, 9, 17, 20, 21, 147, 1950.
2.
Жинақтық сан есім.
Белгілі нәрселердің дәл санын білдірмей, затпен
тіркесіп айтылмай, бірнеше нәрселердің жалпы есебін топшылап, жина-
қтап көрсететін сандық атауды ж и н а қ т ы қ с а н е с і м дейді.
Жинақтық сан есім н е ш е у ? деген сұраққа жауап береді.Өзі тек жетіге
дейін ғана
саналады да, есептік сан есімнің үстіне
-ау, -еу жұрнағы жалғану
арқылы жасалады. Бұл жұрнақтар жалғанғанда
екі, алты, жеті деген
сөздердің соңындағы қысаң
ы, і дауысты дыбыстары сөздерді айтуда да,
жазуда да сусып түсіп қалып отырады. Мысалы:
бір+еу – біреу, екі+еу =
Достарыңызбен бөлісу: