203
2. Етістіктің түбіріне
өздік етіс, ырықсыз етіс категориясын тудыратын
–л, -
ыл, -іл, -н жұрнақтары жалғанса, сабақты етістік салт етістікке айналады.
Мысалы:
жу – жуын(ды), ал – алын(ды), аш – ашыл(ды), жаз – жазыл(ды),
көр – көрін(ді), тазала – тазалан(ды), шеш – шешіл(ді), жина – жинал(ды).
116-жаттығ
у.
Мәтінді оқып шығып, етістік сөздерді сабақты
етістік пен салт етістікке
ажыратыңдар.
Сылдыр ете қалған телефонның трубкасына құлағымды тостым да, ар
жағынан естілген үнді тани кеттім.
- Ертемен қалайша ояу отырсыз? – деді ол маған,
амандықтан кейін
қалжыңды дауыспен.
- Өзіңіз ше?
Олай дейтініміз – сағатқа қарасам, таңертеңгі төрт. Терезеден қарасам, көше
электр сәулесінен жарқырап тұрғанмен, түнерген аспанда және жарығы
көрінетін қаланың төңірегінде
буалдыр қою қараңғылық; осы қараңғылыққа
сүңги тұтасқан Іле сыртындағы Алатаудың тіршілігін биік жотасында ақ
жолақтанған мәңгілік қары ғана дәлелдеп тұр.
Ұйқысы қанбағандығы сөз арасында есінеген үнінен байқалады. Бірақ
ұйықтауға бола ма оған?.. Облыста егін жинау науқаны қызу жүріп жатыр.
Егінді ойдағыдай жинауға
ауа райы да жағдай жасап, көптен бері ашық болып
тұр. Осындай жағдайда қимылдап қалу керек, әйтпесе, басына
мәңгі-лік мұз
бен қар жамылған Алатаудың бусанып, бұлттана қалуы да қалың бұлтты
биігінен етегіне
қарай айдап, нөсерін төге салуы да оңай. Өйте қалса, егінді
жинатпайды. Ал биылғы шығымы мол егін түгел пісіп, дәні төгілуге дайын
тұр. ( С.М. )
Достарыңызбен бөлісу: