2. Демеулік шылаулар. Өз алдына жеке тұрғанда толық лексика-
лық мағынасы болмаса да, өзге сөздермен тіркесе айтылғанда өзінің
алдындағы сөздің лексикалық және грамматикалық мағынасын аз да
болса дәлдеп, тиянақтап тұратын шылаулардың түрі д е м е у л і к
ш ы л а у деп аталады.
Демеулік шылаулар мыналар: ғой, қой, ғана, қана, ма, ме, ба, бе, па, пе,
ше, ақ, ай, ау, ды, ді, мыс, міс т. б. Мысалы: 1) Орыс мәдениетіне
суарылудың жемісін біз XIX ғасырдың өзінде -ақ тата бастадық. (С. М.) 2.
Мен солдатпын ғой, менің баққаным автоматтың қарауылына қонар
нәрселер болды. (Ғ. Мүсір.) 3. Анық сол! Болмаса, ойланыңызшы, бір ғана
Ибрагим Қунанбаев отырған жайлауда қандай үлкен шатақ болды. (М. Ә.) 4.
Орман жайын айтасың ба? (Ғ. Сл.) 5.— Дәмін таттық-ау, соның өзі тәтті
көрінбейді,— деді. (Т. А.) Бұл сөйлемдердегі ақ, қой, ғана, ба, ау
шылауларының жеке тұрғанда толық тиянақты лексикалық мағыналары жоқ,
бірақ өзінің алдындағы сөздердің мағыналарын тиянақтап тұр. Ақ, ғой, ғана
шылаулары өздерінің алдындағы сөздердің лексикалық мағынасын күшейтіп
тұрса, ма шылауы тұтас сөйлемге сұраулық мағына туғызып тұр. Ал - ау
шылауы өзінің алдындағы етістік сөзінің мағнасына экспрессивтік өң беріп
тұр.
3. Жалғаулық шылаулар. Жай сөйлемдегі бірыңғай мүшелердің
немесе құрмалас сөйлемге енген жай сөйлемдердің арасын байланыс-
тыру үшін қолданылатың шылаулардың түрін ж а л ғ а у л ы қ ш ы - л
а у л а р дейді. Бұларды кейде ж а л ғ а у л ы қ т а р деп те атайды.
Жалғаулық шылауларға мына сияқты сөздер жатады: мен, бен, пен, менен,
бенен, пенен, және, да, де, та, те, не. немесе, я, яки, не боямаса, бірақ,
дегенмен, өйткені, сондықтан, ал, қүй, мейлі, әлде, бірде, біресе, әрі т. б.
Жалғаулық шылаулар мағынасы және қолданылатын орнына, яғни
синтаксистік қызметіне қарай мына сияқты төрт топқа бөлінеді:
1). Ыңғайластық жалғаулықтар 2). Талғаулықты жалғаулықтар 3). Қарсы-
лықты жалғаулықтар, 4). себеп-салдарлық жалғаулықтар.
а) Ыңғайластық жалғаулықтар. Бұлар жай сөйлемдегі бірыңғай
мүшелердің арасын немесе құрмалас сөйлемдегі жай сөйлемдердің арасын
байланыстыру үшін қолданылады. Олар мыналар: мен, бен, пен, және, да, де,
Достарыңызбен бөлісу: |