Кеше ғана біздің кеме өз жерінен жүздеген шақырым қашық, алыстағы
теңізде болатын. Ал бүгін жаға жақын және борттан жақсы көрініп тұр.
(Л. К.)
2. Септік
жалғаулы есім сөзіне шылау тіркесіп айтылуымен
де жанаса байланысқан пысықтауыш болады. Мысалы:
Оқушылар өзенге қарай топ-тобымен кетіп барады.
3. Атау тұлғалы есім сөздерінен
кейін шылау сөздер тіркесіп
айтылуы арқылы да жанаса байланысқан пысықтауыш жасала-
ды. Мысалы:
Біз күн сайын ертемен дене шынықтыру жаттығуларын жасаймыз.
Ертеңгі күннің ауа райын ридио арқылы хабарлап тұрады.
Тақырып бойынша сұрақтар:
1) Сөз тіркесі деген не?
2) Сөз тіркесіндегі сөздер бір-бірімен қандай формаларда байланысады?
3) Сөз тіркестерінің арасындағы қандай байланыс қиысу деп аталады?
Жақтық және сандық қиысу деген не?
4) Меңгеріле байланысқан сөз тіркестеріндегі бағыныңқы сөз қай
септіктерде тұрады?
5) Қандай сөздер матаса байланысады?
6) Жанасу деген не ?
148-жаттығу. Мәтінді оқып шығып, сөйлемдердегі матаса, менгеріле байланыскан
сөз тіркестерін көрсетіңдер. Олардын қай сөз табынан екенін, сейлемнің қай мүшесінің
кызметін атқарып тұрғанын ауызша айтып беріңдер.
Спорт алаңы жасақталып болды.
Мектепте жеңіл атлетика, волейбол,
футбол және басқа спорт ойындарының секциялары кұрылып,
іске кірісе
бастады.
Әр окушы өзі қалаған бір ғана секцияға мүше бола алады. Әр секция екі
сағаттан жетісіне екі рет жүмыс істейді.
Балалардың дене тәрбиесі мен спортқа деген ынтасы ғажап еді. Олардың
бірде-бірі бұл қызғылықты істен шет қалғысы келмейді.
Бұл жағдай Николай Трофимовичтің өз ісіне деген сенімін онан арман
арттырып, жігерін тасытты. Оны іздеген адам қашан да мектептің спорт
алаңынан, қол-сирағы күнге күйіп, тотыққан
қара домалақ балалардың
ортасынан, табушы еді.
Мұрат жеңіл атлетика секциясына мүше болып жазылды. Сабаққа алғыр,
ұғымпаз окушыға ұстаздардың қатынасы да ерекше, мейірбан, жылы
болатыны белгілі ғой. Ол Николай Трофимович
тарапынаи сондай бір
ұнамды қамқорлық тауып, кеңілдене түсті. (Б. С.)