Қазақ тілі лексика, фонетика, морфология мен синтаксис


С Ө Й Л Е М М Ү Ш Е Л Е Р І



Pdf көрінісі
бет235/337
Дата26.09.2023
өлшемі3.22 Mb.
#478549
түріОқулық
1   ...   231   232   233   234   235   236   237   238   ...   337
аза тілі лексика, фонетика, морфология мен синтаксис

С Ө Й Л Е М М Ү Ш Е Л Е Р І
 
§ 104. Сөйлем мүшелері туралы жалпы түсінік 
 
Сөйлем ішінде айтылған әрбір сөз белгілі синтаксистік қызмет атқарады. 
Сөйлемдегі сөздердің бірқатары негізгі ойды білдіреді де, кейбіреулері 
сөйлемдегі негізгі ойдың желісі болған сөздерді анықтап, толықтырып, 
пысықтап тұрады. 
Мысалы: Мына жұрттың саған қадалған көзі де менің жүрегіме найза болып 
қадалады. (Ә. Ә.) Мұндағы негізгі ой — көз туралы. Сондықтан көзі қадалады 
деген екі сөз сөйлемнің негізгі желісі болып табылады. Н е с і
қ а д а л а д ы ?— көзі (бастауыш), көзі н е қ ы л а д ы ?—қадалады 
(баяндауыш). Ал қалған сөздер осы негізгі ойдың желісін құрайтыи «көзі 
қадалады» деген сөздерді төңіректеп жүріп, оларды анықтап, толықтырып, 
пысықтап тұр. Қандай көзі?—қадалған (анықтауыш); кімнің көзі?—жұрттың 
(анықтауыш); қай жұрттың?—мына (анықтауыш); кімге қадалған?—саған 
(толықтауыш); қалай қадалған?— найза болып (пысықтауыш); н е м е 
қадалады?— жүрегіме (толықтауыш); кімнің жүрегіне? менің (анықтауыш). 
Сөйлем ішінде мағына жағынан да, тұлға жағынан да бір-бірімен 
байланысып айтылған, бір сұраққа жауап беретін бір сөзді я сөз тізбегін
с ө й л е м м ү ш е с і деп атайды. 


Сөйлемдегі сөздердің қандай қызмет атқарып тұрғандығын, яғни, қандай 
мүше екендігін, сол сөбен байланысты сөзге қосып сұрқ қою арқылы ғана 
анықтауға болады. Мысалы: Қиыншылық атаулыны жеңуге болатыны 
коммунистерге ежелден аян болса керек. (Ғ. Сл.) Не аян болса керек?—
жеңуге болатыны (бастауыш). Жеңуге болатыны қандай болса керек?— аян 
болса керек (баяндауыш). Н е н і жеңуге болатыны?— қиыншылық атаулыны 
(толықтауыш). К і м д е р г е аян болса керек?— коммунистерге 
(толықтауыш). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   231   232   233   234   235   236   237   238   ...   337




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет