Қазақ тілі лексика, фонетика, морфология мен синтаксис


Өзінен кейінгі зат есім сөзімен қабыса байланысып, нәрсенің түр-



Pdf көрінісі
бет255/337
Дата26.09.2023
өлшемі3.22 Mb.
#478549
түріОқулық
1   ...   251   252   253   254   255   256   257   258   ...   337
аза тілі лексика, фонетика, морфология мен синтаксис

Өзінен кейінгі зат есім сөзімен қабыса байланысып, нәрсенің түр-
түсін, сан-сапасын, мөлшері мен неден жасалғанын көрсетіп тұратын 
анықтауыштың түрін с а п а л ы қ а н ы қ т а у ы ш дейді. 
Сапалық анықтауыштар сын есім, сан есім, есімдік, есімше және атау 
тұлғалы зат есімдерден болып келеді. Мысалы: қызыл жалау, көк шөп, бес 
саусақ, екінші сынып, бұл үй, осы бала, туған ай, қатқан мұз, ағаш арба, 
темір жол. 
Ілік жалғауы тұлғасында келіп, анықталушы сөзбен матаса 
байланысып, нәрсенің кімге меншікті, тән, тиесілі екендігін көрсетіп 
тұратын анықтауыштың түрін м е н ш і к т і к а н ы қ т а у ы ш дейді. 
Мысалы: Асанның машинасы, сиырдың сүті, шөптің бояуы, есіктің 
тұтқасы, заводтың гудогі. 
162-жатптығу. Мәтінді көшіріп жазып, әрбір сөйлемдегі анықтауыштардың астын 
сызыңдар да, анықтауыштан кейін жақша ішіне сұрауларын жазыңдар. 
Қаңтар айының аяқ кезі. Күн батуға тақап қалған мезгіл. Күнбатыс батуға 
айналған күннің қызғылт сәулесімен нұрланып, қызыл торғынның түсіндей 
боялып тұр. Күнге жақын тұрған ұзынша жұқалаң бұлттардың түсі қалың 
өртке қызған темірдей қып-қызыл. Төбеге жақын тұрған алысырақ бұлттардың 
бір-бір жағы ғана жұқалаң қызылға боялған, асыл нұрдың буын ғана 
жалатқандай. Қызғылт сәулесін дүниеге жайып тұрған Күн шарасымен тұтас 
көрініп тұр. Аспан ашық. Берірек тұрған аз ғана ала шұбар бұлттар кең 
жиһанның жүзіне перде болған жоқ. Күні бойы тыныш болған жел 
Күшікбайдың баурында ғана ызғырықтап, жаңадан жауған көбік қарды жаяу 
борасындатып тұр. Күннің қызыл сәулесі даланы да, тауды да өз өңіне 
кіргізген. Күнбатыс жақтан бораған ұсақ қар да күн астынан қызғылттанып 
көрінеді. (М. Ә.) 
§ 117. Анықтауыш болатын сөз таптары 
 


Негізгі және туынды сын есімдер ешқандай қосымшасыз есім сөздеріне 
тіркесе айтылып, анықтауыш болады.
1) Қарсысында отырған округтік сотта істейтін бір күйгелек жас жігіт 
Вронскийдің сол түріне тіпті қарсы болып отыр. (Л. Т.) 2) Айбаланың әдемі 
мінездері Асқарға ұнады. (С. М.) 3) Тобылғы торы бесті киіктей орғып ойнап 
шыға берді. (Ғ. Мүсір.) 4) Орта бойлы, дөңгелек денелі, қысқалау мұрынды, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   251   252   253   254   255   256   257   258   ...   337




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет