шоқша сақалды, сұрғылт беті дөңгелек, жалпақтау. (М. Ә.) 5) Ауыр танкілер сол көпірден өте бере оқты да төгіп жіберді. (Ә. Ә.) Зерделі қыздың жүйрік ойы қиялдағы жұмбақты іліп әкетті. (Ғ. Сл.) 2. Екі зат есім қатар келіп, біріншісі екінші зат есімнің неден істелгенін,
неге арналғанын, мекенін, өлшемдік мағынасын білдіріп тұрса, алдьңғысы
анықтауыш болады.
1) Қонақ үйде Лаврецкий кіргенде, Мария Дмитриевна жалғыз екен. (И. С. Тур.) 2) Ерсілі-қарсылы ұшқан үйрек, қаз, өзен бойында өрістеген қора-қора қой, қалың жылқы. (С. Бег.) 3. Ілік жалғаулы зат есім сөздері анықтауыш болады.
1) Халықтың қаһарман ұлдары осыдан қырық жыл бұрын болған революция мен азамат соғысында осы үшін, балаларының бақытты болашағы үшін қан төккен болатын. («Қ. М.») 2) Төрекелдінің жүрегі алып ұшады. (М. И.) Тұлпардың бүйірі қызса, басы тауға тимей тоқтамайды. («Қ. Әбд.») 4) Мен немістің әзірше екеуін жайраттым. (Ә. Ә.) 4. Есімдіктер төмендегі тұлғада келіп анықтауыш болады: а) Сілтеу
есімдіктері атау тұлғада келіп, өзінің анықтайтын сөзімен қабыса байла-
нысып, анықтауыш болады.
1) Бұл кез — жүрегімнің тебіренбейтін кезі еді. (Ә. Ә.) 2) Осы арада отырып ол көз ұшында бұлдырап мұнартқан Ақшатау биігіне де көз жіберді. (С. Бег.) 3) Сол оймен ол ерінген Шауыпкелді арба қасында қалдырып, өзі белгісін іздеп біраз шарлап еді, таба алмады. (С. М.) 4) Мына жамандардың ішінде оның тырнағына татитыны бар ма? (М. Ә.) ә) Ілік септік жалғауы тұлғасында қолданылған барлық есімдіктер де
анықтауыш болады.
1) Менің сөзім мынада. 2) Біздің мақсат — орманды өз ауданымызға тарту. (Ғ. Сл.) 3) Егер сіздердің ұйқыңыз келмесе, немістерге не көрсеткенін қайтып келіп айтайын. (Ә. Ә.) 4) Соның бірде-бірі есіне түспеген адамдай, жездесінің алдына келіп, сілейіп тұрып қалды. 5) Мұның өзінде де жылқы тауға көтерілген соң ғана мүмкіншілік алып отырмын. (М. И.) 6) Өзінің тіке салған қамшысын әсте көрмес едіңіз. («Қ. Әбд.») 7) Олардың орналасқан жері көпірдің нақ шыға беріс аузы болатын. (Ә. Ә.) 5. Сан есім сөздері зат есім сөзінің алдында келіп, қабыса байланысып
анықтауыш болады.
1) Төртінші желтоқсанда тәрбиелеуге жіберген алғашқы алты бала келіп түсті. (А. С. Мак.) 2) Ботакөздің үш ағасы бар еді ( С.М.). Мендегі қару