Қазақ тілі лексика, фонетика, морфология мен синтаксис


§ 119. Пысықтауыш болатын сөз таптары



Pdf көрінісі
бет259/337
Дата26.09.2023
өлшемі3.22 Mb.
#478549
түріОқулық
1   ...   255   256   257   258   259   260   261   262   ...   337
аза тілі лексика, фонетика, морфология мен синтаксис

§ 119. Пысықтауыш болатын сөз таптары 
 
Сейлемнің әрбір мүшесінің атқаратын синтаксистік қызметіне сай, сол 
қызметті атқаратын белгілі сөз табы болады. Бастауыш зат есімнен
баяндауыш етістіктен, толықтауыш зат есімнен, анықтауыш сын есімнен 
болып келетін болса, пысықтауыш, көбінесе, үстеулерден болып келеді. Бірақ 
бұдан әрбір сөйлем мүшесі тек белгілі бір ғана сөз табынан тұрады да, өзге сөз 
таптары ол қызметте қолданылмайды деген түсінік тумайды. Негізін-де, 
сейлемнің белгілі бір мүшесі қызметінде жұмсалатын сөз табы болады да, 
орнына қарай бір сөз табы сөйлемнің әр түрлі мүшесі қызметінде қолданыла 
береді. 
Пысықтауыш төмендегі сөз таптарының тұлғалық ерекшеліктері арқылы 
жасалады. 
I. Пысықтауыш басым көпшілігінде үстеулерден болады. 
1) Шөл елінде европаша киінетін адам емге жоқ екен. (С. М.) 2) Лезде ол 
қайта оралып от тамызды. (Ғ. Сл.) 3) Бұлар Абай үйлерінің айналасын оюлап
кестелеп, ерекше әшекейлеп тұр. (М. Ә.) 4) Жалпақтың сүйегін елге әрең 


283 
жеткіздік. (Ғ. Мүсір.) 5) Сүйсінген жұрт ду қол соқты. (М. И.) 6) Үзіліп 
қалған әңгімені осы арада жалғап әкетті. (С. О.) 
2. Сын есім сөзі етістік баяндауыштың, етістіктен болған өзге мүшенің 
алдында іргелес айтылып пысықтауыш болады. 
1) Көңілі кішкене орнығайын деді. (Т. А.) 2) Бір жері қатты ауырып 
кеткендей жүзіне кірбең кірді. (С. О.) 3) Торыжан ақырғы сөзінде де кінәсын 
толық мойындады. (Т. Ә.) 
3. Сан есімдер етістік баяндауышпен я етістіктен болған өзге мүшемен 
байланысып пысықтауыш болады. 
1) Абай етегін қағып, қамшысын мықынына екі бүктеп алды. 2) Онда екі 
жыл тұрдым. (К. Ә.) 3) Ол екі сөйлемейтін, ақ көңіл адам еді. 
4. Көсемше етістік сөйлемнің етістік баяндауышымен байланысып, қ а й- 
т і п? қ а л а й? н е м а қ с а т п е н? деген сұрақтарға жауап беріп, пысықта-
уыш болып келеді.1) Қасындағы жолдастарына оқтын-оқтын көз жүгір-тіп, 
әр-қайсысына бір үнсіз тесіле қарап қояды. (Ғ. Сл.) 2) Уәли омбы қарды 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   255   256   257   258   259   260   261   262   ...   337




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет