Қазақ тілі лексика, фонетика, морфология мен синтаксис



Pdf көрінісі
бет276/337
Дата26.09.2023
өлшемі3.22 Mb.
#478549
түріОқулық
1   ...   272   273   274   275   276   277   278   279   ...   337
аза тілі лексика, фонетика, морфология мен синтаксис

жетекші, әрі публицист, әрі халық адвокаты, әрі қанаушыларга үкімші 
болды. («Қ. әд.») 2) Бір батальон мен артиллерия артта, алыста. (Б. М-ұ.) 
Бірыңғай толықтауышқа мысал: 
Сыйластықпен, жекжаттықпен немесе тіпті азынаулақ ақы берумен де
Ырғызбайға, Қүнанбай, Байсалдарға сыйысып кетеді. (М. Ә.) 
Бірыңғай анықтауышқа мысал: 
1) Кілемді, текеметті, алашалы, көрпелі, меймандос мол үй. (М. Ә.) 
 2) Сырт қарап отырған Абайға әженің кей де шерлі кейде мейірбан рақым 
күйі өзін тербетіп отырғандай сезіледі. (М. Ә.) 
Сөйлемдегі айтылған анықтауыштардың барлығы бірдей бірыңғай 
анықтауыштар бола бермейді. Бірыңғай анықтауыштарды сатылы 
анықтауыштар мен әр текті анықтауыштардан ажырата білу керек. 
Ілік жалғаулы анықтауыштар сейлемде біреу болмай, бірнешеу болып та келе 
береді. Мұндай ілік жалғаулы матаса байланысқан анықтауыштар тәуелдік 
жалғаулы бір сөзге қазықталмай, бірін-бірі анықтап барып, ең соңғысы 
арқылы негізгі анықталатын тәуелдік жалғаулы сөзді анықтап тұрады. Мыса-
лы: Ауылдың орталық көшесінің бойындағы жаңадан салынған екі биік үй 
мектеп пен аурухана болатын деген сөйлемде үй сөзін анықтап тұрған үш 
анықтауыш бар. Олардың әрқайсысы өз бетімен үй деген анықталушы сөзбен 
байланысып тұр. Бірақ олар бірыңғай анықтауыштар емес, өйткені бір сөзбен 
байланыса тұрса да, үйдің біртектес белгілерін санап көрсетпей әрі сапалы, әрі 
текті белгілерін сипаттап тұр. Биік деген сөз оның кәлемдік белгісін көрсетсе, 
екі деген сөз сандық белгісін, жаңадан салынған деген сөздердің тіркесі 
салыну мерзімі жағынан сипаттайды. Сондықтан бұл сияқты бір сөзбен 
байланысты бола тұрса да, оның біртектес белгілерін санап көрсетпей, әр 
түрлі, әр сапалы белгілерін көрсетіп түратын анықтауыштарды әр
текті анықтауыштар деп атайды. 
Бірығай пысықтауыштарға мысал: 
1) Жақыптыңжүзіне қарамай, қырындау отырып, барлық сөзді қиястана 
тыңдап отыр. (М. Ә.) 2) Не жоғары не төмен қарай алмай Жәмила бетін 
басты. (Ғ. М.) 
Бірыңғай мүшелер үнемі бір сөзден ғана тұрған жалаң мүше болмай не бір 
сұраққа жауап беретін күрделі мүше болмай, өзіне қатысты өзге мүшелері де 
бар жайылма бірыңғай мүше түрінде де қолданылады. Мысалы: Өрістете 


жүргізілген құрылыс материалдық игіліктердің молшылығын жасаумен 
қатар рухани мәдениеттің нағыз байлығын, халыңтың ңажеттерін 
бірден-бірге толық қанағаттандыру ісін, демократия принциптерін одан 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   272   273   274   275   276   277   278   279   ...   337




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет