Қазақ тілі лексика, фонетика, морфология мен синтаксис


бірде, кейде, біресе, не, я



Pdf көрінісі
бет278/337
Дата26.09.2023
өлшемі3.22 Mb.
#478549
түріОқулық
1   ...   274   275   276   277   278   279   280   281   ...   337
аза тілі лексика, фонетика, морфология мен синтаксис

бірде, кейде, біресе, не, я жалғаулықтары арқылы байланысып, бұл 
жалғаулықтар әрбір бірыңғай мүшенің алдында, не соңында тұрып 
қайталанып айтылса, бірың-ғай мүшелердің арасына үтір қойылады. 
1) Біресе ел жайын, біресе жер жайын әңгімелеп, құлақ құрышын қандырады. 
(Ғ. М.) 2) Қайырбек те, бұ да меншікті аттарын бәйгеге қосып жіберді. (Ғ. 
Сл.) 
3. Я, не, немесе, яки жалғаулықтары сөйлемде қайталанбай, бір-ақ рет 
айтылып, бірыңғай екі мүшенің ғана арасын байланыстырып келсе, бірыңғай 


301 
мүшелердің арасына үтір қойылмайды: Машинамен я көлікпен келгендердің 
жолдарына қарауыл қойылады. (С. М.) 
4. Бірыңғай мүшелердің арасы қайталанылмайтын мен (пен, бен), және 
жалғаулықтары арқылы байланысса, бірыңғай мүшелердің арасына үтір 
қойылмайды. 1) Қарлығаштар ауа райы ашық және құрғақ болардың алдында 
аспанға шырқап биік ұшады. 
174-жаттығу. Мына сөйлемдерді көшіріп жазыңдар да, бірыңғай мү-шелердің астын 
сызып, керекті жеріне үтір қойыңдар. 
1.Бұл шақта оның қасында Мұхиттан басқа Тұрдыахон мен Жарқын 
Қатира мен Ханбибі — төртеуі бар еді. 2) Ауданның басшы адамдары ауыл 
әкімдері зоотехник агрономдар да малшылар да жиналып қалған-ды. (Ғ. Сл.) 
3) Жеті күн жеті түн тынымсыз соққан боран бүкіл қаланы күртік қармен 
көміп салды. (Ә. Ә.) 4. Ол ауылдағы Қенжетай мен Темірбектің қолында 
тұрады. Балалығын Шортандының түпсіз терең күмістей көліне сүңгумен 
меруерт құмына аунаумен текшелі тастарына өрлеумен өткізген Асқар ер 
жеткен соң туған тауының сұлулығымен ғана қанағаттанбады. (С. М.) 6) 
Олардың киімдері де кескіндері де мінез-құлықтары да біріне-бірі ұқсамайды. 
7) Сасқандық па әлде ұялғандық па немесе не айтарын білмегендік пе 
Төрекелді келгендерге иек қағып басын изей берді. (М. И.) 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   274   275   276   277   278   279   280   281   ...   337




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет