Қазақ тілі лексика, фонетика, морфология мен синтаксис


§ 129. Бірыңғай мүшелі сөйлемдердегі жалпылауыш сөздер



Pdf көрінісі
бет279/337
Дата26.09.2023
өлшемі3.22 Mb.
#478549
түріОқулық
1   ...   275   276   277   278   279   280   281   282   ...   337
аза тілі лексика, фонетика, морфология мен синтаксис

§ 129. Бірыңғай мүшелі сөйлемдердегі жалпылауыш сөздер 
 
Сөйлемдегі бірыңғай мүшелер үнемі жалаң айтыла бермейді. Қейде 
сейлемде бірыңғай мүшелерді ішіне алатын жалпылауыш сөздер де айтылады. 
Жалпылауыш сөздер сөйлемдегі бірыңғай мүшелердің алдынан да, соңынан да 
келе береді. Жалпылауыш сөздер жалаң түрде (бір сөзбен) де, күрделі түрде 
(бірнеше сөздердің тіркесімен) де айтыла береді. 
Бірыңғай мүшелер сөйлемнің қай мүшесі болса, жалпылауыш сөз де сол 
мүше қызметінде жұмсалады. 1. Қазір бұл шаруашылық аумағы он бес гектар 
баққа  жеміс ағаштарын — алма, алмұрт, шабдал, қара өрік, шие — өсіреді. 
2) Қазақстан шөлінде құм да, саз да, саздақ та, сары топырақ та, қиыршық 
топырақ та — бәрі де кездеседі.  
Бірінші сөйлемде жалпылауыш сөз — жеміс ағаштарын. Бұл — бірыңғай 
мүшелерден бұрын айтылып толықтауыш болып тұр. Екінші сөйлемде бәрі де 
деген жалпылауыш сөз бірыңғай мүшелерден кейін айтылып, бастауыш болып 
тұр. 
§ 130. Жалпылауыш сөздердің тыныс белгісі 
1. Жалпылауыш сөз бірыңғай мүшелердің алдында келсе, одан кейін қос 
нүкте (:) қойылады да, бірыңғай мүшелердің арасына үтір (,) қойылады. 
Қазақстанның ірі өзендері: Ертіс және оның тараулары, Күршім, Үлбе, 
Нарын, Бұқтарма, Іле, Шу, Қаратал, Асу, Сырдария және оның тараулары 


Арыс пен Шыршықтау қойнауларынан басталып дала жазықтарын жарып 
толқындап ағады. («Қаз. тар.») 
2. Жалпылауыш сөз бірыңғай мүшелерден кейін келсе, оның алдынан 
сызықша (—) қойылады. 1) Асылып жатқан ет, маздап жанған от, қою 
қымыз — бәрі де қонақтар көңілін көтере түскендей. (М. Ә.) 
Тақырып бойынша сұрақтар: 
 
1) Қандай сөздерді сөйлемнің бірыңғай мүшесі дейді? 
2) Қандай сөйлем мүшелері бірыңғай болып қолданылады? 
3) Бірыңғай мүшелердің тыныс белгілері қалай қойылады? 
4) Бірыңғай мүшелі сөйлемдердегі жалпылауыш сөзөдер деген не? 
Олардың тыныс белгілері қалай қойылады? 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   275   276   277   278   279   280   281   282   ...   337




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет