1)
Көп ақымақтың ағасы болғанша, бір ақылдының інісі бол. («М. М.») 2)
Боранбек орнынан қозғалғанша, Нияз шапшаң көздей салып атып жіберді.
(С. С.)
202-жаттығу. Сөйлемдерді көшіріп жазыңдар да, қарсылықты
бағыныңқы сөйлемнің
астын сызыңдар және қалай жасалғанын айтыңдар.
1) Аяғын ептеп басуға тырысқанымен, ешкі майы сіңген саптамасы
сіресіп, темір жамалған екшесі қозғалса-ақ, жанжал шақырып тұр.
(К. 0.)
2) Иванов екі батареяның қайсысына барса да, қыраулы қабақпен тұнжырап
жүрген кісілерді көрді.
(Әб. Нұ.р.) 3) Түсі суық, аузы
ауыр болғанымен, шал
ондай оспадар адамға ұксамайды.
(Ғ. М.) 4) Әңгімені Есейдің өзі бастаса да,
осыдан кейін жұмған аузын аша алмады.
(Әб. Мұр.) 5) Әсет жастайынан
Дүйсенді көріп өссе де, ол кісінің ішінде нендейлік қазынаның барлығын
білмейтін.
(Қ. О.) 6) Ол Жомарттың пікірін қуаттай қоймағанмен, көзіне
колхоздың әдемі суреттері елестеп кетті.
(Ғ. М.) 7)
Бұл сөздерін Зереге естірте
айтпаса да, Абай естісін деген сияқты.
(М. Ә.) 8) Құнанбайға жұрттың кеңілі
әр алуан болғанмен, ежелгі салт-машық бойынша, бұл өңірдегі ағайын Зере
отырған үйді жатсынған жоқ.
(М. Ә.)
Достарыңызбен бөлісу: