Қазақ тілі лексика, фонетика, морфология мен синтаксис


деп, біреуі жығылып тұрып жатыр екен.  (Ғ. Сл.)  205-жаттығу



Pdf көрінісі
бет318/337
Дата26.09.2023
өлшемі3.22 Mb.
#478549
түріОқулық
1   ...   314   315   316   317   318   319   320   321   ...   337
аза тілі лексика, фонетика, морфология мен синтаксис

деп, біреуі жығылып тұрып жатыр екен.  (Ғ. Сл.) 
205-жаттығуМына сейлемдерді окып шығыңдар да, көшіріп жазыңдар. Себеп-салдар 
бағыныңқылы сабақтастарды тауып, бағыныңқы сөйлемнің астын сызыңдар. 
1) Жалғыз-ақ өз топтарынан бөлегірек жайлайтын болған соң, жалғыз ауыл 
кету тағы қолайсыз. 2) Қаратаймен қырбай болғандықтан, Құнанбай Көкшенің 
жайлауына ортақ болғысы келгендей. 3) Жұман сондай келгендердің бірі 
болғандықтан, бұл алуандас келді-кетті кісілерге Абай да көңіл бөліп, ілтипат 
қылмайды. (М. Ә.) 4) Жаңа келген адам болған соң, Есей өз білгенін айтып 
берді. (Әб. Нұр.) 5) Шетінен ақын жастар болғандықтан, бұлар соңғы күндері 
өлең шығарудың әр алуан үлгілерін байқап көрісетін. (М. Ә.) 6) Бүркітбай 
сыбағасын жібермеймін деп, Асқардың жанына бататын сөздер іздеп еді. (С. 
М.) 7) Құтылмасына көзі жеткен соң, Олжабек қалпағын қолына алды. 8) 
Жегені желкесінен шығатын болған соң, өзі келіп тапты бізді (Ғ. М.) . 
§ 159. Мақсат бағыныңқылы сабақтас сөйлем 
 
Бағыныңқы сөйлемі басыңқы сөйлемдегі айтылған ойдың мақсатын 
білдіріп тұратын сабақтас сөйлемді м а қ с а т б а ғ ы н ы ң қ ы л ы с а б 
а қ т а с қ ұ р м а л а с с ө й л е м дейді. 
Мақсат бағыныңкы сөйлем н е м а қ с а т п е н ? н е ү ш і н? не е т-
п е к б о л ы п ? деген сұрақтардың біріне жауап беріп тұрады. 
Мақсат бағыныңқы сөйлемнің баяндауышы төмендегі тұлғада айтылу 
арқылы басыңқы сөйлеммен байланысып, мақсат бағынындылы сабақтас 
құрмалас сөйлем жасалады. 
1. Бағыныңқы сөйлемнің баяндауышы -мақ, -мек-пақ, -пек, -бақ, -бек 
жұрнағының бірі жалғанған етістік болып келеді де, оған болып көмекші 


етістігі тіркесіп айтылу арқылы мақсат бағыныңқылы сабақтас сөйлем 
жасалады. Мысалы: 
1) Аз әңгіменің артынан Оспан жұмыс басына бармақ болып, Әйгерім мен 
Ерболды ертіп үйден шығуға айналды. (М. Ә.) 
2. Бағыныққы сөйлемнің баяндауышы түйық райлы етістік болып, оған 
үшін шылауы тіркесіп айтылу арқылы, не болмаса тұйық райлы етістік барыс 
септік жалғауы тұлғасында қолданылу арқылы да мақсат бағыныңқылы 
сабақтас сөйлем жасалады. Мысалы: 
1) Осы тапсырманы орындау үшін, Асқар мен Болатов сол күнгі поезбен 
жүріп кетті. (С. М.) 2) Отардағы малдың күтімін өз көздерімен көруге, олар 
кеше жүріп кетті. 
3. Бағыныңқы сейлемнің баяндауышы бұйрық және ашық райлы 
етістіктердің бірі болып, оған деп көмекші етістігі тіркесу арқылы да мақсат 
бағыныңқылы сабақтас сейлем жасалады. Мысалы: 
1) Андрейдің сөзін бөліп бөгет жасаймын деп, ана тапжылмастан отыруға 
тырысты.(М. Г.) 2) Жиреншеге білдірмеймін деп, әлі де ағызып шауып келе 
жатқан. (М. Ә.) 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   314   315   316   317   318   319   320   321   ...   337




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет