345
10)
Қандай сабақтастың түрін мақсат бағыныңқылы сабақтас
сөйлем дейді? Мақсат бағыныңқылы сабақтастың бағыныңқы сөйлемі
қандай тұлғада тұрады? Қандай сұрақтарға жауап береді?
206
-жаттығу. Мына сөйлемдерді оқып шығындар да, көп бағыныңқы сөйлемдердің
түр-түріне қарай теріп жазыңдар. Мысалы, әуелі қарсылықты бағыныңқылы,
сонан соң
шартты бағыныңқылы сабақтас сөйлемдерді т. с. с.
1) Сорайған теректер қою жапырақ төгіп, жердің көгі көтеріліп қалған.
2) Жанқабылов кеткеннен кейін, Кузьменко көп аялдамай тысқа шықты. 3)
Тау сағасы өте жақын болғандықтан да, өзен ағасының гүрілі естіледі. 4)
Зылиқа баласының көз алдында жүргенін теріс көрмесе де,оның талай рет
қатты ауырғанын есіне алады да қиналады.5) Нұржан батальон командирінің
үйіне
кіре бергенде , немістер оннан астам танкінің сүйемелдеуімен екі
ротаның қарсысынан шабулға шықты. 6) Егіс басталғалы бірқатар күндер
өтсе де, ауыл әлі даурығуын қойған жоқ. 7) Елеусін жолдасының бетіне көз
салса , іші тым томсара қалыпты. 8) Істеп жатқан сен білмегенде ,жаңа келген
мен білемін бе? 9) Жасаураған көзімді жеңіммен сүртіп жібергенше , қара
қасқа атты Қанапияны сойылмен сілтеп қалды. 10)
Дәулеті шағын болғанмен
,ол үй тамағын тоқ қып ұстайды. 11) Жиренше атты байлай сала , топқа қарай
жүгіргенде , Абай көзін басып отыра кетті.12) Қасындағы қартаң кісіні Абай
өзі білмегенмен, шешесі әбден таниды екен.
Достарыңызбен бөлісу: