Қазақ тілі лексика, фонетика, морфология мен синтаксис



Pdf көрінісі
бет322/337
Дата26.09.2023
өлшемі3.22 Mb.
#478549
түріОқулық
1   ...   318   319   320   321   322   323   324   325   ...   337
аза тілі лексика, фонетика, морфология мен синтаксис

 
 
Тақырып бойынша сұрақтар: 
 
1) Қандай құрмалас сөйлемді көп бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем
дейді? 
2) Көп бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлемнің құрамындағы жай 
сөйлемдер қандай тәсілдер арқылы байланысады? 
3) Көп бағыныңқылы сабақтастың қандай түрін жарыспалы сабақтас 
құрмалас сөйлем дейді? 
4) Сатылы көп бағыныңқылы сабақтас деп қандай сөйлемді айтады? 
 
 
208-жаттығу. Мына сөйлемдерді оқып шығыңдар да, көп бағыныңқылы сабақтас 
кұрмалас сөйлемдерді тауып, сатылы бағыныңқылы сабақтас сөй-лемді теріп жазыңдар. 


349 
1) Көзіне толған жас тез тыйылып, мұздаған дене қанжар салса да, қан 
шығармастай қаталдыққа сергіді. (К. 0.) 2) Ұрыс-қағыс басылып, тіршілік 
сабасына келгелі, жұрт Жидебай, Мұсақұл сияқты қыстаулардан кетіп, ойға 
қарай ілгерілеп көшіп келе жатқан. (М. Ә.) 3) Жер қыртысының жентек-
жентек шым топырақтары набыт болған ағаштармен араласып, түтін 
тұманы көлбей жайылғанда, таң сәулесі қайта серпілгендей, аспан реңі қара 
құрымданып өзгеріп те кеткен-ді. (Д. Т.) 4) Қар кетіп, көк алғаш тебіндеп 
шығып, жер дегди бастағанда, Құнанбай Қарқаралыдан шығып Тобықтыға 
қайтты. (М. Ә.) 5) Әр нәрсені оймен шолғанда, көңілі де жабырқау тартып, 
жайлауға көшер алдындағы Әшіммен кездескені елестеді. (К. О.) 6) Балық 
батағасына барып, ақырын жан-жағыма қарағанда, алдымен көзіме түскені 
өзіме көптен таныс табыршы сары бала болды. (Ә. С.) 7) Қос-қосардан 
сәйгүліктер жетектеп, әсіресе, өз руларының мөр иесі адамдарына мөрлерін 
бастырып, отыздан аса «пірғауар» жасатып, Құнанбай үстінен мықты 
шағым сайлатып берді. (М. Ә.) 8) Бұл жерде бұрын дзоттар бары байқалып
үстін ағашпен мықтап тасаласа да, ордағы танк зеңбіректерінің ұзын 
өңештері ғана көмескі сораятын-ды. (Д. Т.)


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   318   319   320   321   322   323   324   325   ...   337




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет