Мағыналық
жағынан бөлініп ажыратылмайтын, беретін біртұтас мағынасы
сыңарларының мағынасымен еш жуыспайтын тұрақты сөз тіркестері
фразеологиялық тұтастық деп аталады. Бұған
жүрек жалғап алу, жүре-
гінің түгі бар, аузы-мұрны қисаймастан, түйе үстінен сирақ үйту сияқты
тұрақты сөз тіркестері жатады.
Біртұтас мағынасы өзі құрастырушы сыңарлардың мағыналарының бір-
лігінен тұратын тұрақты сөз
тіркесі ф р а з е о л о г и я л ы қ б і рл і к деп
аталады. Мысалы:
ауыз жаласу, тілі қышу, тайға таңба басқандай, екі езуі
екі құлағына жету т.б.
Ерікті немесе тура мағынадағы сөз бен фразеологиялық байлаулы мағы-
надағы сөздің тіркесінен тұратын тұрақты сөз тіркесі
ф р а з е о л о г и я- л
ы қ т і з б е к деп аталады.
Мысалы: асқар тау, шалқар көл, ну орман, тас
қараңғы, судай жаңа, қыпша бел, оймақ ауыз т.б.
Мағынасы ерікті сөздердің тіркесінен құралатын тұрақты сөз тіркесі
ф р а з
е о л о г и я л ы қ с ө й л е м ш е деп аталады. Оған :
Айдағаны екі ешкі,
ысқырығы жер жарады, түйенің үлкені көпірде таяқ жейді, аузы қисық
болса да, бай баласы сөйлесін , ұлығың соқыр болса, қөзіңді қыс, заманың
түлкі болса, тазы боп қу, молда көп болса, қой арам өледі, жат елде сұлтан
болғанша, өз еліңде ұлтан бол, қызым, саған айтам, келінім, сен тыңда
деген сияқты тіркестер жатады.
Достарыңызбен бөлісу: