Қазақ тілі лексика, фонетика, морфология мен синтаксис



Pdf көрінісі
бет7/337
Дата26.09.2023
өлшемі3.22 Mb.
#478549
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   337
аза тілі лексика, фонетика, морфология мен синтаксис

1. Тыныс мүшелері. Дыбыс шығаруға қатысы бар тыныс мүшелері деп 
аталатын мүшелердің ең бастысы — өкпе. Өкпе екі тарам қолқа арқылы 
кеңірдекпен жалғасады. Өкпе ауаны ішке тартқанда кеңейіп, ауаны сыртқа 
шығарғанда семіп отырады. Тілдегі дыбыстар өкпедегі ауаның сыртқа 
шығуымен байланысты. Сөйлеу кезінде ауа өкпеден біртіндеп баяу шығады 
да, өкпеге бірден тез енеді. 
2. Тамақ және дауыс шымылдығы. Тамақ деп кеңірдектің кеңейген 
жоғарғы тұсын айтады. Тамақтың сыртқы жағында жұтқыншақ немесе өңеш 
– тамақ жүретін жол болады. Оның ішкі жағында дауыс шымылдығы болады. 
Дауыс шымылдығы тамақтың ішкі жағында кеңірдектің екі жағынан бір-біріне
қарсы біткен жиырылмалы ет.Тамақтың ішкі жағындағы қабаттасып жатқан 
екі пар бүршіктің сыртқы екеуі жалған дауыс шымыл-дығы деп аталады. 
Бұлар дыбыс шығаруға қатыспайды. 
Тамақтың ішкі жағындағы қабаттасып жатқан екі пар бүршіктің жиыр-
ылмалы астыңғы екеуі нағыз дауыс шымылдығы деп аталады. Дауыс 
шымылдығының аралығы дауыс қуысы немесе дауыс түтігі делінеді. 


Дауыс шымылдығы өкпеден келген ауаны тосқауылдап, бірде керіліп, екеу-
інің арасы жымдасып тұрады да діріл пайда болып, үн шығады. Бірде жиыр-
ылып, екеуінің арасы ашылып тұрады да діріл пайда болмайды, үн шықпай-
ды. Дауысты дыбыстар дауыс шымылдығының керіліп тұрып діріл пайда 
болуы арқылы жасалады. Үнді дауыссыз дыбыстар мен ұяң дауыссыз дыбыс-
тарды шығаруда дауыс шымылдығы сәл ғана керіледі де діріл шамалы болады. 
Сондықтан бұл дыбыстарда сәл де болса үннің қатысы болады. Ал қатаң 
дауыссыз дыбыстарды шығаруда дауыс шымылдығы жиырылып тұрады да 
ешқандай діріл пайда болмайды. Сондықтан ол дыбыстардың құрамында 
үннің қатысы болмайды. 
3. Қуыс мүшелері. Өкпеден келген ауа керіліп тұрған дауыс 
шымылдығына соғылып, дірілдің әсерінен пайда болған дауыс немесе үн 
тікелей қуыс мүшелеріне түседі де, белгілі резонанс (жаңғырық) пайда 
болады. Куыс мүшелеріндегі кедергі мүшелердің қызметі арқылы дыбыстарға 
әр түрлі өң (рең) беріледі
Тіл дыбыстары бірінен-бірі ерекшеленеді. Куыс мүшелеріне 1) ауыз 
қуысы, 2) мұрын қуысы жатады. 
Ауыз қуысындағы дыбыс шығаруға қатысы бар кедергі мүшелер: тіл, ерін, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   337




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет