3. Абай қай шығармасына ән шығарған?
а) «Болыс болдым мінеки»
ә) «Жасымда ғылым бар деп ескермедім»
б) «Қараңғы түнде тау қалғып»
в) «Интернатта оқып жүр»
4. Абай неше жасында орыс тілін үйрене бастады?
а) 5 жасында
ә) 9 жасында
б) 13 жасында
в) 3 жасында
5. Абай қазақ халқын ... болуға шақырды.
а) көңілді
ә) надан
б) мәдениетті
в) малды
Оқылым. Мәтінді оқып, астындағы тест тапсырмаларын орындаңыз.
Ырыс жайлы аңыз
Баяғыда бір жолаушы жолаушылап келе жатып шағын бір ауылға түсіпті. Ауылдың сыйлы кісінің үйіне дәл түскен екен, ол да жолынан жығылмай қонағын жік - жапар болып күтіп алыпты. Түннің бір уағында қонақ иттің ұлығанынан оянып кетіпті. Бұл қонақ жәй қонақ емес еді. Жер бетіндегі жан - жануардың тілін меңгерген ғалым адам болатын.
– Қонақтың атын жеймін! – Ауыл сыртынан ұлыған қасқырдың дегеніне, үй иесінің иті:
– Қонағымның атын жер болсаң сені адамдарға ұстап беремін – деп жауап қатып тұр екен. Қасқыр болса:
– Бұл ауылды таң ата жау шабады – деп тайып тұрыпты.
Қонақ үй иесін оятып, дереу ауылдың көшуін сұрапты. Ауылды көшіріп болған соң, ертесіне ескі жұртқа келсе көнбей қалып қойған екі үйдің шаңырағы ортасына түсіп жатыр екен...
1. Жолаушы қандай адамның үйіне қонақ болып түсті?
а) сыйлы адамның үйіне
б) жомарт адамның үйіне
в) кедей адамның үйіне
д) таныс адамның үйіне
2. Қонақ қандай адам болып шықты?
а) данышпан
б) ақын
в) көріпкел
д) ғалым
3. Қонақ үй иесіне не айтты?
а) Тағы бір күн қонақ боларын.
б) Дереу ауылдан көшуі керектігін.
в) Жақсылық жасауы керектігін.
д) Қасқырдың үнін естігенін.
4.Қонақ кімдердің даусын естіді?
а) дұшпандардың
б) үй иелерінің
в) ит пенен қасқырдың
д) көршілердің
5. Қасқыр неліктен тайып тұрды?
а) Ауылға иттер келе жатқанын сезді.
б) Қонақтың данышпандығын білді.
в) Таң ата ауылды жау шабарын білді.
д) Үй иесінен қорықты.
Жазылым. Жалпы және жалқы есімдерді қолданып, «Менің сүйікті үй жануарым» тақырыбында эссе жазыңыз.
Айтылым. Үй жануары жылқыны сипаттап айтыңыз.
Достарыңызбен бөлісу: |