Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен 6–сынып оқушыларына арналған аралық аттестаттау тапсырмалары І нұсқа



бет42/62
Дата08.04.2024
өлшемі0.57 Mb.
#497956
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   62
6-сынып эмтихан (1) (3)

Эссе тақырыптары

  1. Отан - отбасынан басталады

  2. Әке –отбасының қорғаны

  3. Ауылым –алтын бесігім

  4. Менің сүйікті кітабым

  5. Қазақстан таулары



Айтылым
Берілген тақырыптардың бірін таңдап, жұбыңызбен диалог құрастырыңыз.(6-8сөйлем)
Ұсынылатын тақырыптар
1.Сіз үшін отбасының маңызы қандай?
2. Отбасыңызда қандай мерекелер тойланады?
3. Сізге қала өмірі ұнайды ма, әлде ауыл өмірі ұнайды ма? Неліктен?


Жауап кілті:
Оқылым
1.В
2.С
3.А
4.С
5.С


XVІІІ нұсқа
Оқу мақсаттары:
6.1.2.1 тыңдалған мәтіннің негізгі мазмұнын түсіну, негізгі және қосымша ақпараттарды анықтау;
6.3.1.1 мәтіндегі негізгі және жанама ақпаратты анықтау, өмірдегі кейбір жағдаяттармен байланыстыру
6.4.2.1 эссе тақырыбының желісінен шықпай, әрбір абзацты жүйелі құрастырып, қажетті мазмұнын ашып жазу
6.2.2.1 тақырып бойынша диалогті бастау, жалғастыру, аяқтаудың ұлттық сөз әдебі мен сөйлеу этикеті формаларын білу
Бағалау критерийлері:

  • Тыңдалған мәтіннің негізгі мазмұнын түсінеді, негізгі және қосымша ақпараттарды анықтайды;

  • мәтіндегі негізгі және жанама ақпаратты анықтайды, өмірдегі кейбір жағдаяттармен байланыстырады;

  • жазба жұмыстарында сөзге қосымша жалғауда үндестік заңын ескереді, орфографиялық нормаға сай дұрыс жазады, тыныс белгілерді дұрыс қолданады;

  • эссе тақырыбының желісінен шықпайды; әрбір абзацты жүйелі құрастырады, қажетті мазмұнын ашып жазады;

Тыңдалым
Аудиомәтінді тыңдап, негізгі және қосымша ақпараттарды анықтаңыз.
Отбасы –сыйластық, түсіністік орнаған орта, кішкентай Отан, табиғат сыйлаған кереметтердің бірі. Отбасы –мемлекеттің дұрыс қалыптасуының ең басты тірегі, бала тәрбиесінің ең алғашқы ұжымы. Жеке адамның бойындағы ар –ұятын, ақыл-ойын, адамгершілігін, мәдениеттілігін тәрбиелеуде отбасы- алғашқы қадам. «Отан - отбасынан басталады» деген нақыл сөзді дәлел ретінде алсақ болады. Отбасында құндылықтар мол болуы керек. Сонда ғана әр отбасында тәрбиеленіп жатқан ұрпақ отбасылық махаббатқа, ата-ана мейіріміне бөленіп, болашақта Отанымыздың дамуына айтарлықтай үлес қоса алатын азамат болып шығады. Бұл қасиеттер тек тәрбие арқылы келетінін ұмытпауымыз керек. Қазіргі жаһандану кезеңінде өмір сүріп жатқан жастар осы құндылықты бағалай алмайтын сияқты. Себебі отбасындағы бала тәрбиесін түрлі гаджеттер мен планшеттер алмастыруда. Осы кезде дана Әл-Фарабидің мына сөзі ойға келеді: «Білім алмас бұрын, мықты тәрбиені қалыптастыру керек, тәрбиесіз алған білім қоғамға өте қауіпті». Кез келген адамның ер жетіп өсуі, бойындағы алғашқы адамгершілік белгілері отбасында қалыптасады, сондықтан да туған үйдің жылуы – оның санасында көп жылдар бойы сақталып, мәңгі есінде жүреді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   62




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет