Оқылым
Балалық шақ
Менің туған отбасым – кәдімгі отбасыларының бірі. Әкем кедей шаруадан шыққан. Әкемнің аздаған білімі болатын. Қолы өнерлі еді. Сондықтан ол ағаш ұстасы, шешем сауыншы болды. Тұрмыс жақсарып, жұрт дәулетті тұрды. Біздің үйіміз ауылдың шетінда тұратын. Кішкене бақшамызда алма, шие, алша, қарақат өсетін. Үй сыртындағы алаңда балалар асыр салып айнайтын. Өзімнің үш жасар кезім әлі есімде. Апам мейрам күні мектепке ала барды. Мен орындыққа шығып тұрып, тақпақ айттым. Ағам мен апамдай сабақ оқығым келді. Құрбыларыммен бірге мектептің терезесінен сығалап, шәкірттердің жазу жазғанын қызыға қарап тұратынмын.
1.Оның отбасы қандай?
А. кәдімгі
В. шағын
С.үлкен
Д. дәулетті
2. Әкесі кім болып істейді?
А. бағбан
В.ұстаз
С.сауыншы
Д. ағаш ұстасы
3.Оның жасы нешеде еді?
А. 3 жаста
В. 4 жаста
С. 5 жаста
Д. 2 жаста
4. Апасы мейрам күні қайда ала барды?
А. базарға
В. ауылға
С. мектепке
Д. қонаққа
5. Ол нені армандады?
А. Кітап оқуды
В. Ауылда тұруды
С. Қалаға баруды
Д. Мектепке баруды
Жазылым. Берілген тақырыптардың бірін таңдап, эссе жазыңыз.(90-100)
Эссе тақырыптары
1.Менің отбасым
2. Менің анам мейірімді
3. Жазғы демалыс кезінде
4. Кітап –алтын қазына
5. Таулар сыры
Айтылым
Берілген тақырыптардың бірін таңдап, жұбыңызбен диалог құрастырыңыз.(6-8сөйлем)
Ұсынылатын тақырыптар
1.Ауыл мен қала ерекшеліктерін сипаттап айтыңыз.
2. Қазақстанда қандай таулар бар? Олар туралы не білесіз?
3. Отбасының бала тәрбиесіне қатысы қандай?
Достарыңызбен бөлісу: |