Отырардың аянышты, зарлы өмiрi басталды.
Yш күннен соң екi адамды Шыңғыс ханға ап келдi.
Оның бipi – аты аңызға айналған,
Алты ай бойы Отырарды
Ап шығам деп арпалысқан қайраннан,
Аман өткен сан алапат майданнан,
Жүрек шамы iзгiлiксiз жанбайтын,
Қанаттыны талаптыға жалғайтын,
Фараби мен Иассауидiң жырларын
Таңнан таңға жатқа айтудан талмайтын,
Әpi өзгеше ел басқару мәнерi,
Отырардың Қайыр атты ханы едi.
Eкiншici – қара мұрты қара түн,
Қара түнде қаққан қара қанатын,
Шағатайға Отырардың қақпасын
Ашып берген Қарашоқы болатын. /М.Шаханов «Отырар»/
Үзіндіде қандай оқиға баяндалатынын жазыңыз.
____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
Кестеге кейіпкерлерді жаз, кейіпкердің іс-әрекетін талда, бағала
Жазылым. «Көне қалалар-тарихтың куәсі» деген пікірмен келісу-келіспеу себептерін айқын көрсетіп, құрылымын сақтап эссе жазыңыз. Эсседе салыстырмалы, күшейтпелі, асырмалы шырай түрін қолданыңыз. Шырайдың түрін ажыратып көрсетіңіз (Сөз саны 100-110 сөз) . 2 балл
____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
Айтылым. «Тараз-көне қала» тақырыбы бойынша диалог құрастырыңыз. Диалогта салыстырмалы, күшейтпелі, асырмалы шырай түрін қолданыңыз . 0,5 балл
Достарыңызбен бөлісу: |