Қазақ тілі мен латын тілі кафедрасы КӘсіптік қазақ тілі пәні бойынша әдістемелік нұСҚау мамандығы: Стоматология Курс: 4 Семестрі: VІІ



бет2/2
Дата01.07.2016
өлшемі297.5 Kb.
#170999
1   2

Лечение пародонтоза


Многие пациенты, узнав, что у них пародонтоз, с тревогой спрашивают, как лечится пародонтоз и можно ли вылечить пародонтоз полностью. Поспешим вас успокоить: пародонтоз не относится к неизлечимым заболеваниям, следовательно, от него можно избавиться, если придерживаться назначенного врачом-стоматологом лечения. В данной статье мы расскажем вам о том, как вылечить пародонтоз, а также как бороться с пародонтозом. Придерживаясь простых правил, можно обеспечить на долгие годы здоровье своих зубов и десен.

Хирургическое лечение пародонтоза


При лечении запущенных форм пародонтоза хирургическое лечение пародонтоза является наиболее предпочтительным. Если альвеолярный отросток почти полностью атрофирован, именно хирургическое лечение является едва ли не единственной возможностью предотвратить полное выпадение зубов у пациента. В ходе операции хирург наращивает костную ткань пациента, что позволяет удерживать зубы на своих местах.

Еще одним методом хирургического лечения пародонтоза является проведение лоскутной операции. Она заключается в том, что в ходе оперативного вмешательства хирург иссекает зубодесневые карманы и удаляет грануляции. Далее полость оперативного вмешательства обрабатывается антибактериальными препаратами, что препятствует размножению бактерий и способствует скорейшему заживлению и регенерации тканей.



Үстеу сөздер қолданылған әр түрлі сөйлемдер
Үстеулер сөйлемде басқа сөздермен, көбіне, етістікпен қарым – қатынасқа түсіп, сөйлемнің бір мүшесі қызметін атқарады. Ол негізінен пысықтауыш қызметінде жұмсалады.1. Үстеу семантикалық сипатына сәйкес қимылдың, іс - әрекеттің әр түрлі сын – сипаты, белгісін білдіреді. Осымен байланысты мезгіл пысықтауыш, мекен пысықтауыш, сын – қимыл, мақсат, себеп пысықтауыш бола алады. Мысалы: Жайнағаның қараңғы түнде құлындай шыңғырған дауысы естілді (Мұқанов). Тұра қаштым жалма – жан(Абай). Ерекше бір азап дүниесінен келгендей(Әуезов)2. Кейбір үстеу сөйлем аяғында жіктеліп, баяндауыш болады. Мысалы: Іркітің де сонда, өлген малдың тері – терсегі де сонда, төлің де сонда (Мүсірепов).3. Кейбірі атау септігінде тұрып, субстантивтеніп, бастауыш болады. Мысалы: Еріншектің ертеңі бітпес (Мақал).4. Зат есіммен, сын есіммен тіркесе келіп, кейде анықтауыш қызметін атқарады: бірталай уақыт өтті, бірен – саран адам көрінеді, осынша өнерді қалай игердің? т.б.5. Сөйлемде септеліп, заттанып толықтауыш та болады. Бірталайымен қол алысып амандасты(Мүсірепов).

Үстеудің мағыналық түрлері





Үстеудің түрлері

Сұрактары

Білдіретін мағыналары

Мысалдары

1

Мезгіл үстеулері

қашан? қашаннан? қай уақытта?

қимыл, әрекеттің мерзімі, мезгіл, уақыты

бүгін, биыл, кеше, былтыр ерте, ертеден, ежелде, таңертеңнен, күндіз, қазір т.б

2

Мекен үстеулері

қайда? қайдан?

қимылдын мекені, өткен, өтетін орны

ілгері, төмен, жоғары, артта, алда, алға, сонда, әріде, беріде т.б.

3

Мөлшер үстеулер

қанша? қаншама? Қаншалық?

Қимылдын мөлшері, көлемдік дәрежесі, шама-шаркы

Онша, сонша, мұншама, анағұрлым, сондайлық, бірталай, әжептеуір, қыруар, бірен-саран т.б.

4

Сын-бейне үстеулері

қалай? қайтіп? қалайша? кімше? не сияқты?

қимылдын түрлі сапасы, тәсілі, бейиесі

Етпетіне, шалқасынан, тез, шапшаң, осылайша, шикілей, пісіпей, іштей, қазақша, орысша т.б.

5

Күшейткіш үстеулер

қалай?

қимыл, әрекетті не өте күшейтеді, не өте кемітеді

Орасан, ең, тым, тіпті, өте, әбден, әрең, кілең, нақ, т.б

б

Мақсат үстеулер

не мақсатпен? қалай? не үшін? неліктен?

қимылдың мақсаты

әдейі, жорта, қасақана, әдейілеп т.б

7

Себеп-салдар үстеулер

не себептен? қалай?

қимылдың себебі? салдары (нәтижесі)

Босқа, бекерге, амалсыздан, лажсыздан, шарасыздан, жоққа т.б.

14-сабақ
Пародонтит

Периодонтит (грек. Peri – маңы, odontos – тіс) – тіс түбінің және оған жақын жатқан тканьдердің қабынуы. Периодонтит көбіне тіс кариесінің салдарынан болады. Мұнда тіс тканіне инфекция өтіп, тіс түбірін бүлдіреді, сондай- ақ тістің зақымдауынан пайда болады. Периодонтиттің жедел және созылмалы түрлері болады. Периодонтиттің жедел түрінде тістің айналасы қатты ауырады, егер тіске бірдеңе тиіп кетсе одан да қатты қақсап ауырады, қызыл иек, ерін, жақ ісінеді. Тіс босайды, жақ асты безі шошиді, лимфа түйіні ұлғаяды, кейде дене қызуы көтеріледі, асқынса сепсис ауруына шалдықтыруы мүмкін. Созылмалы Периодонтит – жай уақытта онша мазаламағанымен тамқ шайнағанда қатты ауырады, ауыздан жағамсыз иіс шығады, кейде қызыл иекке іріңді бөртпе шығып жарылады. Периодонтиттің бұл түрі жақ сүйекті бүлдіріп, сары сулы ісік пайда болуы мүмкін. Емі: Периодонтитке шалдыққан тістің түбін тазартып, шегендейді, кейде тісті жұлады, тіс түбі, қызыл иек іріңдесе антибиотиктер беріледі.



Жалғаулық шылаулар қолданылған әр түрлі сөйлемдер

Өздеріне тән лексикалық мағыналары дерексізденген, сөз бен сөзді, сөйлем мен сөйлемді байланыстырып, олардың арасындағы әр түрлі қатынасты білдіретін шылау сөздерді жалғаулық деп атайды. Жалғаулықтар өзара тең дәрежелі екі сөзге немесе екі сөз тіркесіне бірдей қатысты болады. Мысалы, Біресе жаңбыр себелейді, біресе қар ұшқындайды (Ғ.Мүсірепов). Күндіз олар не өзіне жем іздейді, не өзінің басқаға жем болмауын көздейді. Асан мен Үсен, Елдос пен Жандос бірге туғандай (Ғ.Мұстафин).


Қазақ тілінің грамматикалық жалғаулықтар мағыналары мен қызметіне қарай алты топқа бөлінеді:

1. Ыңғайластық жалғаулықтар: мен, бен, әрі, да, және; Көшелері әрі кең, әрі атқан оқтай түзу.

2. Қарсылықты жалғаулықтар: алайда, сонда да, ол, әйтпегенде, бірақ, дегенмен. Теңіз тынышталды, бірақ ешнәрсе көрінбейді.

3. Талғаулықты жалғаулықтар: әлде, болмаса, бір, біресе, жоқ, не, немесе, еңбекте жоқ.

4. Себептік жалғаулықтар: неге, десең, не үшін, өйткені, себебі.

5. Салдарлық жалғаулықтар: сол себепті, сондықтан, сол үшін. Әннің үнін ұнатпағанымен сөзін ұнатты, сондықтан әнге қосылып кетті. (М.Ә.)


6. Шартты жалғаулықтар: егер, егер де, онда.

А.Ысқақов жалғаулықтарды жіктегенде функциялық қызметі мен сөз бен сөзді, сөйлем мен сөйлемді байланыстыру жағын негізге ала отырып екіге бөліп қарастырады:

1. Салыстырғыш жалғаулықтар.

2. Сабақтастырғыш жалғаулықтар.

Салыстырғыш жалғаулықтар бірыңғай сөздер мен сөйлемдерді, сөз тіркестерін байланыстырады. Бұл топқа ыңғайластық жалғаулық пен толғаулы жалғаулықты жатқызады.

Сабақтастырғыш жалғаулықтар құрмалас сөйлемдердің құрамындағы жай сөйлемдерді бір-бірімен жалғастырып байланыстыратын, соны анықтап көрсету үшін жұмсалады. Бұларға қарсылықты, себептік, салдарлық, шарттық, айқындағыш, ұштастырғыш жалғаулықтарын айтады. Айқындалғыш жалғаулық: яғни, демек. Мен Шым


кентке өткен күзде, яғни сенен бір жыл бұрын келдім. Ұштастырғыш жалғаулық: ал, ендеше, олай болса, ал-ендеше. Ал енді не айтасың? Ендеше бәріміз әжеміз төрелігіне тоқтайық. (М.Ә.)

1 қатарға

Көп нүктенің орнына түсіп қалған шылауларды қойындар.

А)Ақан ...ойланып, ...ойланып сенімді шешімге бел байлады.

Ә)Қара торы қыз өзгелерден ... келген.

Б)Осыдан ...көктемгі егіс сөз бала бастады.

В)Оспан ...Жексен бүгін көңілді оралды.

Г)Кішкене-кішкене шамдар бірінен соң бірі ... қалды.



2 қатарға

Шылауларды тауып астын сыз.

А)Абай халық үшін ,халық Абай үшін алысады.

Ә)Жолсейіт бүгін телефон арқылы үйімен хабарласты.

Б)Лсы кезге дейін ол Раушанды көрмеген еді.

В)Даладағы дабыр-дұбыр естіп,үйден Әділ мен Айгул жүгіріп шықты.

Г)Терезені біреу ақырын ғана қаққандай болды.



3 қатарға

Мына шылауларды қатыстырып сөйлем құраңдар.



Үшін,арқылы,шейін,кейін,әрі.

Сергіту сәті.



  1. түрі.Антонимнің сынарын хормен айтқызу.

Ақ-қара,биік-аласа,бала-қыз,ұзын-қысқа,аспан-жер,темір-ағаш,апай-ағай,ал-бер,ата-әже.

2-түрі.Көсемшенің жұрнақтарын жалғау арқылы көсемше жасау.



-ып,-іп,-п

-а, -е, -й

-қалы,-келі,

-ғалы,-гелі



Бар-ып

Сыз-а

Бар-ғалы

Кел-іп

Бар-а

Кел-гелі

Сөйле-п

Бер-е

Қайт-қалы

Тұр-ып

Көр-е

Кет-келі

Сана-п

Қал-а

Тұр-ғалы

Бер-іп

Сөйле-й

Оқы-ғалы









3-түрі. Есімшенің жұрнақтарын жалғау арқылы есімше жасау.



-ған,-ген,-қан,-кен

-ар,-ер,-р

-атын,-етін,

-итын,-итін



Жаз-ған

Жаз-ар

Бар-атын

Көр-ген

Бер-ер

Көр-етін

Айт-қан

Аит-ар

Жүр-етін

өт-кен

Бар-ар

Қара-йтын

Оқы-ған

Оқы-р

Жаз-атын

Бер-ген

Көр-ер

Сөйле-йтін


15-сабақ
Пародонтит

1-тапсырма: Мәтінді қазақшаға аудару

Лечение пародонтита выполняется терапевтическими или хирургическими методами. При легкой степени заболевания в обязательном порядке удаляется зубной камень и назначаются препараты, устраняющие воспаление. Хирургическое лечение пародонтита, в первую очередь, направлено на очищение и устранение зубодесневых карманов. С этой целью используется метод открытого или закрытого кюретажа: открытый кюретаж позволяет проникать в более глубокие слои пародонта за счет отслаивания десны и ее последующего ушивания после процедуры. Если глубина пародонтальных карманов превышает 6 мм, то для эффективного лечения пародонтита выполняется лоскутная операция, в процессе которой для очищения карманов снимается верхний лоскут десны, который после процедуры зашивается.

Основные методы профилактики пародонтита – это регулярная чистка зубов, потребление жесткой пищи для обеспечения нагрузки на весь жевательный аппарат и незамедлительное посещение стоматолога при появлении любого из характерных симптомов пародонтита. Профилактика пародонтита необходима и для предотвращения обострений во время хронического протекания заболевания. В этом случае также рекомендованы тщательная гигиена полости рта, включение в рацион жесткой и растительной пищи, своевременное удаление зубных камней и посещение стоматолога для контрол

Демеулік шылаулар қолданылған әр түрлі сөйлемдер

Демеуліктер жалғаулық пен септеуліктер сияқты сөз бен сөзді, сөйлем мен сөйлемді байланыстыру үшін қолданылмайды. Олар өзі тіркескен сөзге күшейту, тежеу, шектеу, сұрау, болжап, күмән сияқты қосымша мән үстейді. Мысалы, Әй, Мәкіш-ай, өлеңім менің желге кетіп жүр ғой (М.Ә.). Толқын да, ағыс та күшейген (Ғ.Мүсірепов).

Жалғаулық пен септеулік грамматикалық қызметі жағынан сөз байланыстырушы жалғауларға, әсіресе септік жалғауларына ұқсас болса, демеуліктер сөз тудыратын жұрнақтарға ұқсас болады.

Демеуліктердің мағыналары алуан түрлі. Ол өзі тіркесіп тұрған сөздің немесе сөйлемнің мағынасын айқындайды, ерекшелейді, экспрессивті өң береді. Кейбір демеуліктер бірнеше мағыналы болуы да мүмкін. Осындай ерекшеліктеріне қарай демеуліктердің мағыналары тек жалпылама топтастырылады.


16-сабақ

Бақылау жұмысы

1 тапсырма. /Зат есімді сыз/

1. Шешен сөз бастар,

Батыр қол бастар.

2. Оқу- білім азығы,

Білім- ырыс қазығы.
2 тапсырма. (тест сұрағы)

1. Зат есім дегеніміз не?

а) қимылды, іс- әрекетті білдіретін сөз

ә) заттың атын білдіретін сөз

б) заттың сынын, сапасын білдіретін сөз



2. Туынды зат есімді тап

а) қала ә) малшы б) тау



3. Көптік жалғаулы зат есім

а) батыр ә) оқушылар б) тау



4. Жалқы есімді тап

а) журнал ә) ағаш б) Алматы



5. Зат есім тобын тап

а) үлкен, көгілдір, ащы

ә) Алатау, арман, алма

б) өседі, тербеледі, ұшады.



6. Сын есім дегеніміз не?

а) Заттың атын білдіретін сөз

ә) Заттың түрін білдіретін сөз

б) Заттың қимылын білдіретін сөз



7. Сын есім сұрақтарын көрсет

а) қандай?, қай?

ә) қанша? , неше?

б) не істеді?, қайтті?



8. Туынды сын есімді көрсет

а) сулы, күшті, білгіш

ә) таза, әдемі, сұлу

б) ақ, сары, көк



9. Негізгі сын есімді көрсет

а) талапты, көңілді, икемді

ә) жаңа, қызыл, ақ

б) өнерлі, бойшаң, инабатты



10. Сын есім нені білдіреді?

а) атын, орнын, мөлшерін

ә) түсін, көлемін, сапасын

б) аумағын, жерін, орындалғанын


3 тапсырма / тест/

1. Сан есім нешеге бөлінеді?

а) есептік, реттік, қатарлық

ә) қатарлық, кезектік

б) есептік, реттік



2. Сан есімді көрсет

а) бес, сана, ұйықта

ә) елу бес, жас, кәрі

б) қырық, елу, жүз



3. Реттік сан есім қатарын белгіле

а) екі, үшеу, үшінші

ә) үшінші, төртінші, бесінші

б) бесінші, алтыншы, бесеу



4. Сан есім сұрақтары

а) қанша?, қайда?

ә) қанша?, неше?

б) неше?, қашан?



5. Сан есім дегеніміз не?

а) заттың санын білдіреді

ә) заттың қимылын білдіреді

б) заттың түрін білдіреді


4 тапсырма / тест сұрағы/

1. Дара етісті тап

а) келе жатыр

ә) келді

б) ойнама



2. Күрделі етістікті тап

а) күлді


ә) күліп келе жатыр

б) барма


3. Болымды етістікті тап

а) бар ә) ойнап жүр б) ойнама



4. Болымсыз етістікті тап

а) оқыды ә) оқыма б) оқып отыр



5. негізгі етістікті тап

а) жазып отыр ә) жаз б) жазба



17-сабақ
Қайталау, пысықтау сабақтары
1-тапсырма: Мәтінді қазақшаға аудару
Диагностика пародонтита

При проверке ротовой полости, стоматолог, в первую очередь проверяет глубина карманов десен, состояние зубов и промежутков между ними. Если глубина карманов более 3 мм, то это первый предвестник болезни десен, в частности пародонтита.


2-тапсырма: Қазақ тіліне аударма жасау.

Признаки пародонтоза:


  • кровоточивость десны

  • зубной камень

  • покраснение десны

  • неприятный запах изо рта

  • припухлость десны

  • подвижность зубов

  • обнажение корней зубов

  • изменение положения зубо



3-тапсырма: Мәтінді оырыс тіліне аудару.
1. Сіздің тістеріңіз сау, жақында ғана тексеруден өткенсіз, бірақ жағымсыз иіс қалмайды. Мұндай жағдайда ауыз қуысымен байланысты асқазан, ішек сияқты органдарды тексертуе тура келеді. Осы органдардың созылмалы кеселге шалдығуы іріңді кезеңдермен қозуы да ықтимал. Нәтижеде аузыңыздан жағымсыз иіс шығып тұрады. Толықтай тексеруден өту бәрін анықтап береді.

 2. Даққа айналған кариес кезеңі (кариозды дақ).


Бұл кезеңде тістің эмалі бор дақтарының пайда болуына байланысты түсін өзгертеді. Беті тегіс болып қала беруі мүмкін, өйткені  эмаль толығымен бұзылып үлгерген жоқ. Осы кезеңде аурудың әрі қарай дамуына тосқауыл қою керек. Жаңа дамып келе жатқан кариесті емдету әрі жеңіл, әрі арзан, әрі ауырмайды. Бірінші кезеңінде тісті емдеу дақты кетіру тәсілінен тұрады. Содан соң эмальға минералдануға қарсы тұратын дәрмектер (мысалы, натрий фторидінің немесе кальций глюконатының ерітінділері) жағылады.
3. Стоматитті тұрмыстық жағдайда қалай емдеуге болады?

  • Стоматиттің алғашқы белгілері пайда болған кезде ауыз қуысын күнделікті қайнатылған сумен бірнеше мәрте шайып тұрыңыз. Қайнатылған суға йод, ас содасытұз қосуға болады.

  • Жаралардың үстіне көп мөлшерде көк дәрі (зеленка) жағыңыз. Бірақ оны сілекеймен бірге жұтып қоймаңыз.

  • Жараларға картоп тілімдерін басуға болады.

  • Түймедақ (ромашка), жалбыз (мята), сәлбен (шалфей) т.с.с. сияқты дәрі өсімдіктерді қайнатып, суыған соң, ауыз қуысын әр екі сағат сайын шайып тұрыңыз.


4. Деннің саулығы тіске де тікелей байланысты. Себебі, тіс адамзаттың іші құрылысына, бүкіл бет-бейнесіне, көңіл-күйіне, тіпті мінез-құлқына да әсер етеді. Ағзадағы аурулардың 90 пайызға жуығы ауыз қуысындағы ақаулардан туындайтынын бәріміз біле бермейміз. Сол үшін ауыздағы кем-кетікті бүтіндеу, сауықтыру әдемі күлкі үшін ғана емес, денсаулық үшін де маңызы зор. Десе де, көбіміз «32 тістің қадірін қақсағанда ғана білеміз». Тіс дәрігерінің алдын тісіміз жанымызға батып, ауырған сәтте көреміз. Ал тіс саулығы, ауыз қуысының амандығы елеусіз қалдыратын мәселе емес.

18-қайталау
Қайталау

1. Дыбыстардың құрамын ата

2. Қазақ тілі жайлы айтулы ойлар туралы айту.

3. Қазақ тілінің баптары ата



4. Фонетика нені зерттейді?

5. Орфография мен орфоэпия деген не?

6. Буын дегеніміз не? Буынның түрлерін ата

7. Үндестік заңы деген не?

8. Дыбыс үндестігі деген не?  Оның түрлерін ата

9. Етіс дегеніміз не?

10. Етістің қандай түрлері бар?

11. Өздік етіс нені білдіреді және қандай жұрнақтар арқылы жасалады?

12. Өзгелік етіс нені білдіреді және қандай жұрнақтар арқылы жасалады?

13. Ырықсыз етіс нені білдіреді және қандай жұрнақтар арқылы жасалады?

14. Ортақ етіс нені білдіреді және қандай жұрнақтар арқылы жасалады?

15. Бір түбірге бірнеше етіс жұрнағы қалай жалғанады, мысал келтір.


16. Нақ осы қалай жасалады және қалып етістіктерінің ерекшеліктері неде?

17. Келер шақ деген не ?

18. Келер шақтың қандай түрлері бар және олар қалай жасалады?

19. Өткен шақтың қандай түрлері бар және олар қалай жасалады?

20. Үстеудің мағыналық сипаты қандай? Яғни үстеу нені білдіреді?

21. Үстеудің ерекшеліктері қандай?



22.Үстеу қандай сөз табымен тіркесіп қолданылады?

23. Үстеудің құрамдық түрлері қандай

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет