Сұрақтар:
Еліміздің ертеңгі болашағы ұрпақ тәрбиесіне байланысты екендігі бәрімізге мәлім. «ХХІ ғасырда білім беру капиталға айналуда, ол өз мазмұны жөнінен стратегиялық ресурстармен бәсекелесе алады және солай болуға тиіс. Елдің даму деңгейі осы арқылы бағаланатын болады», - деп Президентіміздің халыққа Жолдауында білімге ерекше мән беруі және үнемі қадағалап отыруы жайлы не айтасыз?
Әлемдегі өркениетті дамыған мемлекеттер өзінің даму сатысының бір кезеңін аяқтап, «жаһандық ортақ білім санасы» деген жаңа бағытқа бет бұрып барады. Қай елде жүйелі білім берілсе, сол елдің даму қарқыны ерекше болмақшы. Оны өркениетті елдердің тәжірибесі көрсетіп отыр.
12 жылдық орта білім беруге көшуге байланысты Қазақстан үшін білім берудің мақсаттары бірнеше ауқымдағы базалық біліктіліктерден құралады. Соның ішінде үш тілді білу арқылы технократтыққа қол жеткізу және осылар арқылы коммуникативтілікті дамыту көзделген.
Қазақстан Республикасы Президентінің «Тілдерді қолдану мен дамыту бағдарламасында»: «Тілді дамыту - Қазақстан Республикасы мемлекеттік саясатының аса өзекті бағыттарының бірі», сондай - ақ «Мемлекеттік тілді оқытудың саны мен сапасына көңіл бөлу керек» делінген. Елбасы Н. Ә. Назарбаев: «Қазақстанның болашағы қазақ тілінде» - деп тұжырымдайды.
Достарыңызбен бөлісу: |