Морфология: Сөздің жасалу жолдары; жұрнақ арқылы жасалған туынды сөздерді және күрделі сөздерді ауызша және жазбаша тілдесім барысында қолдану; Сөздің таптары.
Зат есім. Зат есімнің мағыналық түрлері.Зат есімнің түрленуі; зат есімдердің мағыналық түрлері; Сан есім. Сан есімнің мағыналық түрлері. Сан есімнің заттануы; сан есімнің мағыналық түрлерін ажырата білу; Сын есім. Сын есімнің мағыналық түрлері. Сын есімнің шырайлары. Сын есімнің заттануы; сын есімдердің, шырай түрлерінің көркемдік ерекшелігін тану, сын есімді зат есім орнына қолдана білу; Есімдік, оның мағыналық түрлері; сөйлемдегі есімдіктің қызметін түсіну, есімдікті зат есім, сын есімнің орнына қолдану; Етістік, оның мағыналық түрлері.Етіс түрлері; етістіктің етіс түрлері мен салт-сабақты етістіктердің түрлері; Үстеу.Үстеудің мағыналық түрлері; үстеудің мағыналық түрлерін ажырату, синонимдік қатарларын түрлендіріп қолдану; Етістіктің есімше, көсемше түрлері.Тұйық етістік; етістіктің есімше, көсемше түрлерін, тұйық етістікті тілдесім барысында қолдану; Етістіктің шақ түрлері.Рай түрлері; етістіктің шақ, рай түрлерін тілдесім барысында қолдану; Шылау түрлері.Шылау емлесі; шылау түрлерін ажырата білу, орынды қолдану; Еліктеуіш сөз.Бейнелеуіш сөз; еліктеуіш сөздердің мәнмәтіндегі қолданысын түсіну;
Одағай. Одағай түрлері; одағай түрлерін ажырата білу, қолдану; Оқшау сөздің түрлері. Оқшау сөздердің қызметі; оқшау сөздердің қызметін түсіну, ажырата білу; сөйлем соңында және сөйлем ішінде қойылатын тыныс белгілерін (даралаушы және ерекшелеуші) дұрыс қолдану;
Синтаксис: Төл сөз. Автор сөзі.Төлеу сөз. Төл сөзді төлеу сөзге айналдыру жолдары; төл сөз, төлеу сөз, автор сөзінің жасалу жолдарын, қызметін білу, төл сөзді төлеу сөзге айналдыру; Төл сөз бен автор сөзінің тыныс белгілері; төл сөз, төлеу сөз, автор сөзінің жасалу жолдарын, қызметін білу, төл сөзді төлеу сөзге айналдыру; Сөз тіркесінің байланысу тәсілдері. Сөз тіркесініңбайланысу түрлері. Сөз тіркесінің түрлері; сөз тіркесінің байланысу тәсілдері мен түрлері, есімді, етістікті сөз тіркестерін ажырату, қолдану; Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері. Сөйлемнің тұрлаусыз мүшелері; тұрлаулы және тұрлаусыз сөйлем мүшелерінің сөйлем жасаудағы өзіндік орнын, қызметін түсініп қолдану; Сөйлемнің бірыңғай мүшелері. Сөйлемнің айқындауыш мүшелер; сөйлем ішінде бірыңғай мүшелер және айқындауыш мүшелерді қолдана білу; Сөйлемнің айтылу мақсатына қарай түрлері; Құрмалас сөйлемнің жасалу жолдары.
Достарыңызбен бөлісу: |