«Қазақ тілі» пәнінен (оқыту қазақ тілінде) тоқсандық жиынтық бағалаудың спецификациясы



бет17/25
Дата13.03.2024
өлшемі0.5 Mb.
#495153
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   25
ОШ СОЧ Қазақ-тілі Т1 11-сынып ОГН

Тыңдалым мен айтылым
Тапсырма
1. Мәтінді мұқият тыңдаңыз. Мәтінде көтерілген мәселені және автор көзқарасын талдап, өз көзқарасыңызды жан-жақты тұжырымдап, мысалдар арқылы дамытып, дәлелдеңіз.
2. Өз жұбыңызды мұқият тыңдаңыз. Оның мәтіні, онда көтірлген мәселе бойынша маңызды деп санайтын 2 сұрақ қойыңыз. Оның мәтінінің басты идеясын анықтауға белсенді қатысып, пікіріңізді білдіріңіз.
[10]

1-мәтін
Қазақ даласындағы әлемдік жауһар жәдігерлер: олардың келешегі қандай?


Ұшқан қыранның қанаты талатын, жортқан тұлпардың тұяғы тозатын қазақтың ұлан-ғайыр кең даласында ықылым замандардан бүгінге дейін жеткен көптеген тарихи һәм мәдени мұралар бар. Заманның желіне мүжіліп, адамның қолынан жапа шегіп жатқан бұл асыл құндылықтарды мемлекет қамқорлығына алып, күтіп-сақтамаса, жөндеп-жаңғыртпаса, тоз-тоз болып, тозып кетуі де мүмкін. Сондықтан бабадан қалған осынау жауһар жәдігерлерді ел билігі ЮНЕСКО-ның дүниежүзілік мұралары тізіміне енгізуге мүдделі. Осы жолда қандай жұмыстар атқарылып жатқаны туралы ҚазАқпараттың ресми сауалына ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің Мәдениет және өнер комитеті жан-жақты жауап берген болатын.
Комитеттің мәліметінше, ЮНЕСКО-ның бұл тізімінде Қазақстанның үш мұрасы ғана болған. Олар — Түркістандағы Қожа Ахмет Яссауи кесенесі, «Тамғалы» петроглифтері және Қазақстанның орталығындағы дала мен көлдер — Сарыарқаның табиғи ескерткіштері. Соңғысының құрамына Қорғалжын мен Наурызым қорықтары кіреді. Олардың жалпы ауданы 450 мың гектарды құрайды екен.
2007 жылы ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұра комитеті Ұлы Жібек жолының бойында орналасқан бірқатар мұраларды тізімге енгізуге шешім қабылдаған болатын. Ол тізімге Ұлы Жібек жолы бойында орналасқан елдердің әрқайсысы өз территориясында орналасқан, ежелгі сауда жолының дамуына өзіндік үлесін қосқан тарихи ескерткіштерді ұсынулары тиіс болды. Осылайша Қазақстан Қытаймен және Қырғызстанмен бірлесе отырып (кейіннен Өзбекстан да қосылды), тарихи-мәдени нысандарды іріктеуге кірісті. Терең зерттеулер мен зерделеулерден кейін Қазақстандық тарап аталған тізімге 31 тарихи һәм мәдени мұраны ұсынған болатын. Биыл ЮНЕСКО сол ұсынылған нысандардың сегізін Бүкіләлемдік мәдени мұралар тізіміне енгізді. Олардың қатарында Алматы облысындағы Қойлық, Қарамерген, Талғар; Жамбыл облысындағы Ақтөбе, Құлан, Қостөбе, Өрнек, Ақыртас қалашықтары бар. Сонымен қатар, Қатонқарағай ұлттық табиғи қорығы мен «Ақжайық» биосфералық аймағы ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік биосфералық резерваттары жүйесіне енгізілді. (250 сөз)

2-мәтін
«Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-мұражайы 1978 жылы 30 қыркүйекте «Республикалық Қожа Ахмет Яссауи кесенесі сәулет ғимараты музейі» болып ашылды.


Қорық-мұражай өз жұмысын негізгі екі бағытта жүргізеді. Бірінші бағыты — Түркістан өңіріндегі тарихи-мәдени ескерткіштерді есепке алу, сақтау, қорғау жұмыстары. Яғни қорық ретінде қызметін жүзеге асырады: мемлекеттік акт алынған тарихи-мәдени ескерткіштердің жалпы жер көлемі 557,1935 га. Құрамында 207 тарихи-мәдени ескерткіш бар. Олардың ішінде 1-уі халықаралық, 16-сы республикалық, 14-і жергілікті маңызға ие. Қалған ескерткіштердің статусын анықтау жұмыстары жүргізілуде. Халықаралық дәрежедегі Қожа Ахмет Яссауи кесенесі ортағасырлық теңдессіз сәулет туындысы ретінде 2003 жылы ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұралар тізіміне алынды. Әлемдік маңызға ие болған ескерткіштің ұлттық пантеон ретіндегі алар орны да айрықша. Қожа Ахмет Яссауи кесенесіне 300-ден аса тарихи тұлғалар жерленген болса, қорық-мұражай мамандарының зерттеулері нәтижесінде сол тұлғалардың бүгінгі таңда 184-і анықталды.
Қорық-мұражайының қорында 25000 дана құнды тарихи жәдігерлер қордаланған. Олардың арасындағы жазба, археологиялық этнография және нумизматикалық топтарға жататын жәдігерлердің талапқа сай сақталуы үшін соңғы үлгідегі арнайы құрылғылар сатып алынды. Қор бөліміндегі еңбек ететін реставраторлар – Ресейден арнайы біліктілікті арттыру курстарын оқып келген мамандар.
Екінші бағыты – қорық-мұражай ретінде, ғасырлар елегінен өтіп, бүгінгі күнге жеткен көне, тарихи құнды жәдігерлерді сақтау, қорғау, қайта қалпына келтіру және оларды насихаттау жұмыстарын жүргізеді. Қорық-мұражай аумағындағы жұмыс істейтін «Түркістан тарихы», «Қылует» жер асты музейі, «Жұма мешіті» және Яссауи кесенесі музейлерінің экспозиция алаңдарында жылына түрлі тақырыптағы 50-ге жуық көрме ұйымдастырады. Республика бойынша көшпелі көрмелер ұйымдастырылып, еліміздің барлық облыстары және Оңтүстік өнірінің аудандары түгел қамтылып келеді. Қала мектептерімен де тығыз қарым-қатынастар орнатылып, тақырыптық дәрістер жүргізу мен мектептерде көрме ұйымдастыру жұмыстары жақсы жолға қойылған.
«Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-мұражайы еліміздегі барлық республикалық, облыстық мұражайлармен әріптестік орнатқан және солардың арасында келушілері ең көп мұражай болып табылады. Келушілерге көрсетілетін қызмет түрлері де талапқа сай жүйелі жолға қойылған. Осындай атқарылған іс-шаралар нәтижесінде қорық-мұражай ағымдағы жылда халықаралық ICOM одағының «Жыл мұражайы» дипломына ие болды. (292 сөз)


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   25




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет