Жиынтық бағалауға шолу
Ұзақтығы: 40 минут
Оқылым – 15 минут
Жазылым – 25 минут
Тыңдалым мен айтылым бөлек тексеріледі.
Балл саны: 30
Тапсырмалар түрлері
Көп таңдауы бар сұрақтар
Қысқа жауапты қажет ететін сұрақтар
Толық жауапты қажет ететін сұрақтар
Жиынтық бағалаудың құрылымы
Тоқсандық жиынтық бағалаудың нұсқасы 3 компоненттен тұрады: Біріншісі тыңдалым – айтылым және әдеби тіл нормаларын, екіншісі – оқылым және әдеби тіл нормаларын, үшіншісі жазылым және әдеби тіл нормаларын тексеруге арналған.
Тоқсандық жиынтық бағалау тапсырмаларының сипаттамасы (2-тоқсан)
*Тапсыр
ма
|
Қамтылатын мақсаттар
|
Тапсырма
лар түрлері
|
*Тапсырмалар сипаттамасы
|
*Орындау уақыты, мин
|
Балл
|
1-4
|
10.1.5.1 мәтінде көтерілген мәселеге автор мен оқырманның қарым-қатынасын ескере отырып, сұрақтар құрастыру және бағалау;
10.1.2.1 мамандандырылған тар аядағы арнайы мәтіндердегі (мақала) мақсатты аудиторияға арналған терминдер мен ұғымдарды, тілдік оралымдарды талдау;
10.1.6.1 коммуникативтік жағдаятқа сай көпшілік алдында тиісті сөйлеу әдебін сақтай отырып, дұрыс сөйлеу.
|
Толық жауапты қажет ететін сұрақтар
|
Тапсырма жұппен орындалады. Оқушыларға 200-250 сөзден тұратын тақырыпқа қатысты мәтіндер беріледі, оқушы жеке отырып тыңдайды.
Оқушылар мәтінді тыңдау барысында мәтіннің мазмұнын түсінеді.
Тыңдаушы жұбы мәтін мазмұны. Онда көтерілген мәселелер бойынша 2 сұрақтан қояды, Көтерілген мәселені талдайды, негізгі ойды анықтайды. Екінші оқушы да осы тапсырманы қайталайды. Бағалау екі оқушыға жеке-жеке қойылады. Оқушының сөйлеу ағымындағы интонацияның құрамдас бөліктері: әуен, әуез, тембр, қарқын, кідірісті сөйлеу мәнеріне сай қолдануы бағаланады.
|
Тыңдалым мен айтылым сабақтан тыс, қосымша уақытта өткізіледі (әр білім алушыға 3-5 минут беріледі).
|
10
|
1-2
|
10.2.3.1 көпшілікке арналған интервьюдің құрылымы мен рәсімделуін білу, жанрлық ерекшеліктерін талдау;
10.2.7.1 БАҚ, энциклопедиялық, ғылыми-көпшілік деректерді ала білу, сілтеме жасау жолдарын білу.
|
Толық жауапты қажет ететін сұрақтар
|
Бірге есептегенде көлемі 150-200 сөзге жуық екі мәтін беріледі. Жанры, көзделген аудиториясы, мақсаты, мазмұны, стилі, тіліне салыстырмалы талдау жасай отырып, екі мәтіннің ұқсастығы және айырмашылығы анықтайды.
|
15
|
10
|
7
|
10.3.2.1 ғылыми-көпшілік стильдің жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай тілдік құралдарды орынды қолданып, интервью жазу;
10.3.6.1 әртүрлі тақырып бойынша көркемдегіш құралдарды ұтымды қолданып, шығармашылық жұмыстар (өлең, хат, әңгіме, шығарма) ұсына білу;
10.3.3.1 мәтін құрылымын сақтай отырып, әртүрлі графиктік мәтіндегі деректерді салыстырып, маңызды тұстары мен үрдістерді талдап жазу;
10.4.3.1 белгілі бір тақырып аясында сөздерді іріктеп, түрлендіріп, талғаммен қолдана білу
|
Жазбаша толық жауапты қажет ететін сұрақтар
|
Оқушылар ұсынылған төрт тақырыптың бірін таңдап, жазба жұмысын орындайды.
Жазылым жұмысында берілген тақырып бойынша интервью, әңгіме, көпшілік алдында сөйлейтін сөзді жазып, пікір білдіреді.
Оқушының жазылым барысында жанрлық, стильдік ерекшеліктерді ұстануы, тілдік құралдарды орынды қолдануы, берілген жанрды талапқа сай жазуы бағаланады.
|
25
|
10
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |