«Қазақ тілі» пәнінен (оқыту қазақ тілінде) тоқсандық жиынтық бағалаудың спецификациясы


-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ



бет19/35
Дата14.03.2023
өлшемі353.21 Kb.
#470758
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   35
10SYNYPBJB 1178 AZA 1178 TILI 1178 GB 10 SYNYP TBZhB VK-10SYNYPBJB

3-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ


Жиынтық бағалауға шолу
Ұзақтығы: 40 минут
Оқылым – 15 минут
Жазылым – 25 минут
Тыңдалым мен айтылым бөлек тексеріледі.
Балл саны: 30


Тапсырмалар түрлері
Көп таңдауы бар сұрақтар
Қысқа жауапты қажет ететін сұрақтар
Толық жауапты қажет ететін сұрақтар


Жиынтық бағалаудың құрылымы
Тоқсандық жиынтық бағалаудың нұсқасы 3 компоненттен тұрады: Біріншісі тыңдалым – айтылым және әдеби тіл нормаларын, екіншісі – оқылым және әдеби тіл нормаларын, үшіншісі жазылым және әдеби тіл нормаларын тексеруге арналған.


Тоқсандық жиынтық бағалау тапсырмаларының сипаттамасы (3-тоқсан)

*Тапсыр
ма

Қамтылатын мақсаттар

Тапсырма
лар түрлері

*Тапсырмалар сипаттамасы

*Орындау уақыты, мин

Балл

1-6

10.1.3.3 тыңдалған мәтіндегі ақпаратты ғаламдық мәселелермен байланыстыра білу, астарлы ойды анықтау;
10.1.5.1 мәтінде көтерілген мәселеге автор мен оқырманның қарым-қатынасын ескере отырып, сұрақтар құрастыру және бағалау;
10.1.4.1 мәтінде көтерілген мәселені (қоғамдық-саяси) талдай отырып, негізгі ойды анықтау және ғаламдық мәселелермен байланыстыру;
10.1.6.1 коммуникативтік жағдаятқа сай көпшілік алдында тиісті сөйлеу әдебін сақтай отырып, дұрыс сөйлеу.

Толық жауапты қажет ететін сұрақтар

Тапсырма жұппен орындалады. Оқушыларға 200-250 сөзден тұратын тақырыпқа қатысты мәтіндер беріледі, оқушы жеке отырып тыңдайды.
Оқушылар мәтінді тыңдау барысында мәтіннің мазмұнын түсінеді.
Тыңдаушы жұбы мәтін мазмұны. Онда көтерілген мәселелер бойынша 2 сұрақтан қояды, Көтерілген мәселені талдайды, негізгі ойды анықтайды. Екінші оқушы да осы тапсырманы қайталайды. Бағалау екі оқушыға жеке-жеке қойылады. Оқушының сөйлеу ағымындағы интонацияның құрамдас бөліктері: әуен, әуез, тембр, қарқын, кідірісті сөйлеу мәнеріне сай қолдануы бағаланады.

Тыңдалым мен айтылым сабақтан тыс, қосымша уақытта өткізіледі (әр білім алушыға 3-5 минут беріледі).

10

1-7

10.2.6.1 белгілі бір мақсат үшін оқылым стратегияларын жүйелі қолдана білу;
10.2.4.1 әртүрлі стильдегі (ғылыми, ресми іс-қағаздар, публицистикалық, ауызекі сөйлеу, көркем әдебиет стилі) мәтіндердің тақырыбын, мақсатты аудиторияға сәйкес қызметін, құрылымын, тілдік ерекшелігін салыстыра талдау;

Көп таңдауы бар, қысқа және толық жауапты қажет ететін сұрақтар

Көлемі 150-200 сөзге жуық мәтін беріледі. Мәтінді оқып, мазмұны, құрылымы негізінде берілген сұрақтарға жауап береді және сөздік қолданысына талдау жасайды.



15

10



1-3

10.3.6.1 әртүрлі тақырып бойынша көркемдегіш құралдарды ұтымды қолданып, шығармашылық жұмыстар (өлең, хат, әңгіме, шығарма) ұсына білу;
10.3.4.1 қажетті клишелер мен лексикалық құрылымдарды қолданып, көтерілген мәселе бойынша өз ойын дәлелдеп эссе жазу («келісу, келіспеу» эссесі, аргументативті эссе);
10.3.2.1 ғылыми-көпшілік стильдің жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай тілдік құралдарды орынды қолданып, нұсқаулық жазу;
10.4.4.1 сөзжасамдық және синтаксистік нормаларды сақтай білу.

Жазбаша толық жауапты қажет ететін сұрақтар

Оқушылар ұсынылған 3 тақырыптың бірін таңдап, жазба жұмысын орындайды.
Жазылым жұмысында берілген тақырып бойынша эссе, екіжақты пікір, баяндама тезисін жазады. Оқушының жазылым барысында жанрлық, стильдік ерекшеліктерді ұстануы, тілдік құралдарды орынды қолдануы, берілген жанрды талапқа сай жазуы бағаланады.

25

10



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   35




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет