«Қазақ тілі стилистикасы» пән бойынша эмтихан сұрақтары


Стилистика және фонетика, фоника салалары бойынша ғылыми тұжырым жасаңыз.. Фоностилистика саласы туралы жазылған ғылыми еңбектерге талдау жүргізіңіз



бет7/39
Дата21.01.2023
өлшемі157.83 Kb.
#468597
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   39
СТИЛИСТИКА СЕССИЯ ЖАУАПТАРЫ

7. Стилистика және фонетика, фоника салалары бойынша ғылыми тұжырым жасаңыз.. Фоностилистика саласы туралы жазылған ғылыми еңбектерге талдау жүргізіңіз.
Стилистика фонетиканы нысанаға алады. Фонетика тіл дыбыстарының жүйеленуін, жасалуын зерттесе, фоностилистика сан алуан дыбыстық қайталауларды, ассонанс, аллитерациялық құбылыстарды, әуезді мәнерін, дұрыс дыбыстау мәдениетін т.б. қарастырады. Фоностилистика мәселелерін қарастырған ғалым Ж.Исаева дыбыстық қайталаулардың стильдік қызметі жөнінде былай дейді: «Дыбыстық сәйкестікке құ- рылмаған мақал-мәтелдерден мұндай конструкциялардың айырмашылығы – ішкі бай мазмұнның сырлы сөзбен өрнектелуінде болса керек» - дей келе, «қарғайын десем жалғызым, қарғамайын десем, жалмауызым», «бара жатқанның балтасын, келе жатқанның кетпенін қағады» секілденіп келетін түйдек тіркестердің өміршеңдігі басы артық сөз не дыбыс қоспай, сом-сом ойларды ұқсас дыбыстар қатарымен тізу халық санасының саралығы мен кемел ойының, шеберліктің биік деңгейіне көтерілгенін аңғартады» деген байлам жасайды. Осындай дыбыстық қайталауларды барлық ақын-жазушылар да ерекше шеберлікпен көркем шығармада жиі қолданады. Айталық, «Тарғыл тастың тасасынан тауешкі аңдып тұрған мергендей» тіркесінде Ш.Мұртаза «т» дыбысынан басталатын сөздерді қайталау арқылы бейнелі сөздің, теңеудің экспрессивті-эмоциялық қызметін күшейте түседі. Фоностилистикада интонацияның, яғни дауыс қарқынының стильдік мәнерде жұмсалу ерекшеліктері де, орфоэпия мәселелері де қарастырылады. Мәселен, әдеби сөйлеу тіліне негізделген теледидар хабарлары мазмұнға сай түрліше дауыс қарқынымен жеткізіледі. Егер берілетін жаңалықтардан тележүргізуші ресми ақпаратты оқыса, онда оның сөйлеу мәнері, дауыс қарқыны салмақтылау, салқынқанды дауыспен бір сарынды айтылады, ал маңызды, ресми хабарламаларды (құттықтау рәсімдері, қызмет бабындағы орын тағайындаулар) көтеріңкі не салтанатты дауыс ырғағымен жеткізеді.


8. Сөз мәдениеті мен стилистика ғылымы туралы екі саланың ғылыми нысандарын салыстыра отырып талдау жасаңыз
Жіберген жоқ.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   39




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет