«Қазақ тілін меңгеру деңгейін бағалаудың интерактивті байқау тестілеуі» бағдарламалық жабдықтауының Техникалық тапсырмасы


ИБТ БЖ фукнционалдық құрамына қойылатын талаптар



бет4/6
Дата12.07.2016
өлшемі403 Kb.
#193703
1   2   3   4   5   6

ИБТ БЖ фукнционалдық құрамына қойылатын талаптар


ИБТ БЖ құрамында келесі автоматтандырылған жұмыс орны бағдарламалық жабдықтаулары болады:

  • МҚ АЖО;

  • ТПБ АЖО;

  • ИТ АЖО;

АЖО функционалы ИБТ БЖ пайдаланушыларының құқықтары мен реттілігі бойынша анықталады.

ИБТ БЖ модульдары:



  • форматты-логикалық бақылауды қолдауы керек;

  • ИБТ БЖ қауіпсіздік баптауларына сәйкес мәліметтерге қолжетімділікті шектеу қажет;

  • ақпараттарды енгізу, түзету мен сақтау екі тілді – қазақ және орыс тілдерінде атқарылуы керек, ақпараттарды көрсету баптауларға байланысты болады.
      1. Тест тапсырмалары мәліметтер қоры АЖО


Модуль келесі функцияларды қамтамасыз етуі керек:

  • жаңа тест тапсырмаларын (мәтіндік, графикалық, дыбыстық) қорға қосу;

  • қорда бар тапсырманы түзету;

  • МҚ бар тапсырманы жою;

  • тақырып және тақырыпшалар анықтамалығын жүргізу және сол бойынша тапсырмаларды сақтау;

  • тестіленушілердің нәтижелерінің статистикалық мәліметтерін келесі түрде беру:

  • тестілеуден өткен пайдаланушылар саны (күн/апта/ай/жыл);

  • тест тапсыруда сәтті және сәтті емес аяқтаған тестіленушілердің пайыздық қатынасы;

  • ең қиын тапсырмалардың рейтингі (жиі дұрыс жауап берілмейтін 5 тапсырма);

  • ең жеңіл тапсырмалар рейтингі (жиі дұрыс жауап берілетін 5 тапсырма);

  • тестілеу нәтижесі бойынша математикалық-статистикалық өңдеуге арналған тестілеу нәтижелерінің матицасы (әрбір тест тапсырмасына тестіленушінің жауап беруі бойынша 1-дұрыс жауап, 0-дұрыс емес жауап).

  • тест тапсырмаларының авторларын тіркеу.
      1. Тестілеу процесін басқару АЖО


Бұл модуль келесі функцияларды қамтамасыз ету керек:

  • Тестілеу өту статистикасын алу;

  • Интерактивті байқау тестілеуі қатысушыларын тіркеу;

  • Тестілеудің қағаздағы режимінде арнайы бланктегі жауап парақтарын енгізу;

  • Емтихан ведомосттарын алу;

  • Тестілеу нәтижелерін MS Excel форматына экспорттау, тестілеу күні бойынша фильтрлеу мүмкіндігі.
      1. Интерактивті тестілеу АЖО


Бұл модуль келесі функцияларды қамтамасыз етуі керек:

  • Интерактивті байқау тестілеуін өткізу мүмкіндігі;

  • Тестілеудің нәтижелерін көріп шығу мүмкіндігі;

  • Жауабын білмейтін тапсырмаларды өткізіп жіберу, сәлден соң қайта оралу мүмкіндігі;

  • Тест тапсыру уақытын шектеу, яғни уақытты қадағалау мүмкіндігі;

  • Статистикалық мәліметтер жинақтау үшін және емтихан ведомосттарын қалыптастыру үшін ТПБ АЖО-на тестілеу нәтижелерін тасымалдау, беру мүмкіндігі.
    1. Ақпараттар құрамына қойылатын талаптар


Тест тапсырмалары мәліметтер қорына енгізілетін ақпараттар құрылымы БЖ-дың мүмкіндіктеріне байланысты қалыптастырылады.

Тест тапсырмаларының файлдарында келесі белгілеулер болуы қажет:

.

MS Word құжатында сақталған енгізу ақпаратының жобалы құрылымы:



Графикалық мәліметтері бар тапсырмаларды енгізудің жобалы құрылымы:

Дыбыстық мәліметтері бар енгізудің жобалы құрылымы:


    1. Мәліметтерді тасымалдау


Мәліметтерді тасымалдау – бұл мәліметтерді алғашқы формасынан мақсатты жүйеге көшіру.

Бұл жағдайда алғашқы формасындағы мәліметтер ретінде MS Word электрондық құжаты түрінде сақталған тест тапсырмалары, JPG, PNG форматындағы графикалық файлдар, MP3 форматында сақталған дыбыстық файлдар.

Мақсатты жүйе ретінде ИБТ БЖ қарастырылады.

Мәліметтерді тасымалдау ИБТ БЖ құралдары арқылы жүргізіледі. Мәліметтерді ИБТ БЖ-на тасымалдау үшін:



  • барлық мәліметтердің форматтарына анализ жасау керек;

  • мәліметтер классификаторына анализ жасау қажет;

  • объектілер арасындағы қатынасты анықтау, тасымалдау мен мәліметтерді түрлендіру жоспарын құру керек;

  • анықтамалықтардың біртектілігін орындау қажет;

  • мақсатты мәліметтер қорында объектілерді құру/өзгерту процедурасын жасау керек;

  • мәліметтерді МҚ конвертация жасау қажет.
    1. Форматты-логикалық бақылау


Форматты-логикалық бақылау жүргізу мәліметтерді енгізу барысындағы қателіктерге жол бермеуге көмектеседі және пайдаланушының жұмысын жеделдетеді.

Мәліметтердің форматты бақылануы:

Мәліметтердің түрлерін бақылау – енгізу барысында мәліметтер түрлеріне (сандық түр, символдық түр, мәтіндік және т.б.) бақылау болуы тиіс;

Енгізу режиміне бақылау – тиісті өрістерді міндетті толтыру бақылауы болуы керек;

Мәліметтердің форматына бақылау – көрсетілген форматқа сәйкестікке бақылау болуы тиіс, мысалы мерзім бойынша– кк.аа.жжжж, уақыт бойынша – сс.мм.сс және т.б.


  1. Шығыс ақпараттарының формасына қойылатын талаптар

ИБТ БЖ-да келесі есептер қалыптастырылуы қажет:

  • ИБТ бойынша емтихан ведомості.

Есептер формасы осы құжаттың № 1 қосымшасында келтірілген.

  1. Жабдықтау түрлеріне қойылатын талаптар

8.1 Ақпараттық жабдықтау бойынша қойылатын талаптар


ИБТ БЖ-да барлық ақпараттық ресурстарды сипаттау мақсатында объектілердің, олардың қасиеттері мен белгілерінің классификаторын пайдалану арқылы мәліметтердің біртекті моделі қолданылады.

Ақпараттық жабдықтау:



  • ақпараттық жабдықтауға арналған бірыңғай стандарттар жүйесіне сүйенуі керек;

  • классификациялаудың, кодтаудың бірыңғай жүйесі пайдаланылуы керек;

  • біртұтас және қайшылықсыз мәліметтер жиынтығын қалыптастыру керек;

  • қолданыста бар бағдарламалық кешендердің мәліметтері мен анықтамаларын қолдауы керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет