Қазақ тілінде кездесетін шығыс тілдері элементтерінен қатары молырағы араб текті сөздер. Соның бір саласы кісі есімдері



бет1/21
Дата24.04.2016
өлшемі2.09 Mb.
#78152
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21
КІРІСПЕ
Тіл халық тарихымен тығыз бірлікте дамып, өсіп-өркендейді. Қазіргі қазақ тілінің сөздік қорында кездесетін кірме сөздер де халықтың тарихи, қоғамдық-экономикалық өміріндегі қарым-қатынастан пайда болған, сондай-ақ көршілес отырған жұрттардан ауысқан.

Қазақ тілінде кездесетін шығыс тілдері элементтерінен қатары молырағы — араб текті сөздер. Соның бір саласы — кісі есімдері.

Қазіргі қазақ тіліндегі кісі есімдерінің негізгі басым тобы — төл сөздерімізден, ал шағын шоғыры басқа тілден енген сөздерден қойылған. Өзге тілден ауысқан адам аттары араб, парсы, мон­ғол, орыс, т.б. негізді болып келеді. Олардың ішіндегі тілімізде өте мол ұшырасатыны — араб текті кісі есімдері.

Қазақ тіліндегі араб-парсы кірме сөздері туралы бізде бұрын-соңды жазылған еңбектер баршылық. Бұл ретте Л.З.Рүстемовтің «Қазіргі қазақ тіліндегі араб-парсы кірме сөздері» атты еңбегінің маңызы зор. Автор нақты материалға сүйене отырып, қазіргі қазақ тіліндегі араб-парсы тілдерінен енген сөздердің алатын орнын, олардың семантикасын, этимологиясын, ену жолдары мен пайдаланылуын, семантикалық, фонетикалық және грамматикалық өзгерістерін ғылыми тұрғыдан дәлелдеген.

Түркі тілдерінің дамуына араб тілінің айтарлықтай әсер еткені туралы айтылған пікірлер де аз емес. «Opтa және Таяу Шығыс халықтары тілдерінің дамуына классикалық араб тілі едәуір әсер етті. Ол кезде өмір сүрген халықтардың мәдени өмірінде араб тілі халықаралық тілдің қызметін атқарды. Басқаша айтқанда, Ба­тыс Европа халықтары үшін латын тілі қандай рөл атқарса, араб тілі Таяу және Орта Шығыс халықтары үшін сондай қызмет етті деуге болады»1.

Араб тілінің ықпалы түркі тілдерінің бәріне бірдей, бір дәрежеде болмаған. Әзірбайжан, өзбек, татар тілдеріндегі арабизмдер сан жағынан көбірек және ертерек қабылданған болса, шығыс аймақтағы қазақ, қырғыз, т.б. түркі тілдеріндегі арабизм саны аз және кейінірек сол әзірбайжан, татар тілдері арқылы келіп жеткен. Әуелгі тілдер араб-ираннан енген сөздерді формасы мен мағыналық (семантикалық) бірлігін сақтай отырып, бастапқы қалпында қабылдаса, соңғы топтағы тілдерде бұл құбылыс керісінше болып отырған.

XVIII ғасыр мен XIX ғасырдың аяғында тілімізде араб тілінен сөз алу ерекше дамыды. Бұл жайт Ғ.Мұсабаев еңбегінде мейлінше дұрыс көрсетілген. Ол араб-иран тілдерінен енген сездердің тарихы мен ауысу кезеңдеріне талдау жасай отырып, оларды бірнеше дәуірге бөледі де, басты себептерін айқындап көрсетеді. Тілімізге енген араб-парсы сөздері батыста — татар, шығыста — өзбек, тәжік тілдері арқылы келді,— деп тұжырым жасайды. Ал Л.З.Рүстемов араб-иран сөздерінің тілімізге ену кезеңін үлкен екі дәуірге бөліп қарайды: бірінші дәуір — XV ғасырға дейін, яғни қазақ халқының қалыптасуына дейін болса, екіншісі — XV ғасырдан Қазан революциясына дейінгі дәуір.

X ғасырдан бастап ислам діні әуелі қазақ даласының оңтүстік аймағына, онан соң мүмкіндігінше басқа жерлеріне тарайды. Дінмен қатар араб мәдениеті де қоғамдық-әлеуметтік өмірдің барлық саласына өз әсерін тигізеді. Тілімізде мыңдаған жаңа сөздер мен сөз тіркестері, кісі аттары мен этнонимдік, географиялық атаулар пайда болады.

Қазіргі қазақ тіліндегі араб текті кісі есімдерін үлкен екі топқа бөліп қараудың орны бар. Біріншісі – діни мазмұнды есімдер. Мәселен, Мұхамбет, Омар, Оспан, Ғали, Жүсіп, Фатима, Айша, т.б. есімдер Мұхамбет пайғамбардың, оның сахабалары мен ұл-қыздары, әйелдерінің аттарына байланысты қойылған. Араб тілінен енген есімдердің екінші бір легі — жалпы есім сөздер негізді болып келеді. Мәселен, Жұман — маржан; Кәрім — жомарт; Мансұр — жеңімпаз; Мұхтар — қалаулы, таңдаулы; Жәмила — көркем, сұлу; Зейне — әшекей, т.б.

Қазақтың өз төл сөздерінен қойылған кісі есімдерінен кейін өте көп адам аттары араб текті болып келуінің басты себептерінің бірі — араб тіліндегі қисса, діни шығармалармен және араб­ша шығармалардың желісі негізінде «назирагөйшілдік» әдіспен жырланып, халық арасына қазақша көп тараған жырлармен бай­ланысты. Бұндай қиссаларда арабша нұсқадағы кісі аттары көбінесе сақталып отырады. Олар қазақша есім қоюдың басты көзіне айналады. Күллі Орта Азия мен шығыс халықтары әдебиетіне есімдері паш болған Фирдауси, Низами, Физули, Жәми, Науаи, Хафиз, Рудаки т. б. туындылары арқылы енген немесе араб, үнді, парсы халықтарының «Мың бір түн», «Шах-наме», «Ләйлі-Мәжнүн», «Таһир-Зухра», «Жүсіп-Зылиха», «Мұңлық-Зарлық», «Шәкір-Шәкірат» сияқты аңыз-ертегілері мен хиссаларынан алынған есімдер аз болған жоқ. Сондай-ақ хан, сұлтан, бай мен билер өз балаларына негізінен араб есімдерін қойды. Арабша есім қоюға дін қызметкерлері қожа, молдалардың да ықпалы аз болмаған.

Араб текті есімдердің қалың бұқара арасында мейлінше кең тарағаны жалпы есім сөздерінен қойылғандары. Мәселен, Қамар — ай; Шамши — күн; Жамал — сұлулық; Бақыт — құт, ырыс; Хамит — мақталған; Әлима — оқымысты, ғалым әйел; Әмина — сенімді, адал, таза; Әуел — алғашқы, бастапқы; Қайрат — күш, жігер; Медет — жәрдем, көмек; Шапағатрақымдылық, мейірімділік.

Ал, үстем тап өкілдерінің көпшілігі өз есімдерімен қатар, араб­ша атақ-дәрежесін, шыққан тегін көрсететін сословиелік титулдарды да иемденген. Мысалы, Барақ сұлтан, Асан молда, Құнанбай қажы, т.б. Ол титулдар кейде үстем тап балаларының жеке есімдері ретінде де қойыла берген. Мәселен, Сұлтан, Әмір, Мәлік, т. б.


_________________

Ковалев А. А., Шарбатов Г. Ш. Учебник арабского языка. М., 1960, с. 5-6.

Араб тілінен қойылған кісі есімдеріне түркі тілдеріндегі сословиелік титулдардың қосылуы нәтижесінде біріккен тұлғалы кісі есімдері пайда болды. Мәселен, Айтбай, Ахметбек, Бексұлтан, Сұлтанбай, Әмірбай, т.б.

Бұл тәрізді титулдар қоғамдық құрылыстың өзгеруіне байла­нысты өздерінің нақты мағынасынан айрылып, өзгеріске түсті. Кейінгі кезеңдерде олар жеке кісі аттары ретінде қойылып болмаса біріккен тұлғалы кісі аттарының құрамында кездесіп, қосымшалық қызметке ие болып кетті.

Араб тілінен енген сан алуан есімдер тіліміздің ішкі заңына толық бағынып, өздерінің бастапқы бет-бейнесін өзгертіп, фонетикалық та, грамматикалық та ірі өзгерістерге ұшырады.

Араб текті есімдердің халықтық этимологияға түсуі, әсіресе, диалектикалық ерекшелікке байланысты түрлі нұсқада айтылуы көп кездеседі. Оны мына тәрізді есімдер кұбылысынан анық байқаймыз: Ғали-Қали; Әлі — Әли; Жүніс — Жұныс; Жүсіп — Жұсып — Дұсып — Түсіп; Фатима — Патима — Бәтима — Батыма; Ғайша — Айша — Қайша, т.б.

Дұрыс айтпау немесе теріс жазу салдарынан болар, тілімізде фонетикалық нұсқалар мен дублеттер өте көп. Соның салдары­нан бір есімді тоқсан саққа жүгіртіп, әр түрлі айту да, атау да бар. Олар: Ыдырыс — Едіріс, Ідріс; Абдолла — Ғабдолла — Қабдолла — Қабділда — Қабылда; Хадиша — Қадиша; Ыбрагим — Ибрагим — Ыбырайым — Ыбырай — Ыбрай, т.б. Бұл көрсетілген есімдердің бәрі өз алдына жеке есім ретінде жұмсалып, әр азаматтың құжаттарында осы аталған қалпында жазылып та, айтылып та жүр. Бұның өзі араб текті есімдердің тіліміздің ішкі заңына бағынып, өздерінің бастапқы бейнесін өзгертіп, тілдік нормаға икемделуінен туған жайт. Өйткені, араб тіліндегі дауысты және дауыссыз дыбыстардың бәрінің бірдей баламасы (сәйкес дыбыстары) тіліміздің дыбыстық жүйесінен табыла бермейді. Сондықтан көптеген сөздер мен есімдер тіліміздің фонетикалық жүйесіне, айтылу заңдылығына бейімделіп қана айтылады. Демек, тілімізде жоқ, араб дыбыстарына сәйкес келмейтін дыбыстарды айтпай кетуге немесе оның орнына тіліміздегі сол дыбысқа сәл де болса жуық, жақындау келетін дыбыстардың бірімен таңбалауға тырысамыз.

Кейде араб дыбыстарын, ретіне қарай, артикуляциялық өзгеріскe сүйеніп те қабылдай беру бар. Бұның өзі араб дыбыстарының бәрінің бірдей қазақ тілінде баламасы бола бермейтінін көрсетеді. Араб тілінен енген сөздер мен есімдердің фонетикалық өзгеріске ұшырауы Н.Дмитриев, Ә.Құрышжанов, Л.Рүстемов, К.Юсупова, Т.Жанұзақов, С.Кеңесбаева, Б.Сәлімова еңбектерінде біршама сөз болғаны да мәлім. Алайда қазақ тіліндегі араб текті есімдердің фонетикалық тұрғыдан өзгеру, тілімізге сіңісу мәселесі толық қарастырылып болған жоқ.

а) Тілімізге араб тілінен енген сөздердегі а дауысты дыбысы бірде өзгеріссіз, енді бірде ә, е болып айтылады. Мысалы: акбар — Әкпар; амина — Әмина; камал — Қамал, Кемел.

ә) Араб тілінен енген сөздердегі айн дыбысы тілімізде көбінесе түсіріліп айтылады немесе ғ дыбысына айналады. Мысалы: 'алим — Әлім, Ғалым; 'азиз — Әзіз, Ғазиз; 'али — Әли, Ғали.

б) Сөз басындағы и дыбысы қазақ тіліне енген сөздерде көбінесе ж дыбысына айналып кетеді. Бұл тілімізде сөздердің и дыбысынан басталмайтындығымен тікелей байланысты. Мысалы: иахиа — Жақия; иа куб — Жақып; иағфар — Жағыпар.

в) Араб тілінен енген сөздердегі ха дыбысы әрдайым сақталып айтыла бермейді. Мысалы: хаким — Хакім, Әкім; хайдар — Хайдар, Қайдар, Айдар.

г) л дыбысы қосарланып айтылатын араб тілінен кірген сөздерде олардың бірі д дыбысына айналады. Мысалы: нур мулла — Нұрмолда; нур алла — Нұрылда.

д) Һ дыбысы тілімізде бірде өзгеріссіз, бірде түсіріліп, енді бірде қ, х болып айтылады. Мысалы: Һамза — Қамза, Хамза; Һарун — Арон; ибраһим — Ибраһим, Ыбырайым.

е) Эмфатикалық дад дыбысы з дыбысы арқылы беріледі. Мысалы: рамадан — Рамазан; радиа — Разия.

ж) Араб тілінен енген сөздердегі қатаң ф дыбысы б, п болып немесе өзгеріссіз айтылады. Мысалы: фатима — Фатима, Патима, Бәтима.

з) Араб текті есімдердің ортаңғы буынындағы қосар дауыссыздардың біреуі түсіп қалып отырады. Мысалы: раззақ — Разақ; мухаммади — Мұқамәди.

Араб тілінен енген кісі есімдері, жоғарыда көрсетілгендей, фонетикалық әрі семантикалық тұрғыдан көптеген өзгерістерге ұшыраған. Тіпті, арабша бір ғана есімнің қазақ тілінде үш, кейде бес-ондаған нұсқалары болады. Олардың әрқайсысы өз алдына кісі есімі боп саналады. Әр алуан нұсқада қолданылып жүрген жарыспалы есімдердің бәрінің бірдей осы сөздікте беріліп отыруының сыры да сонда. Бұл араб текті есімдердің бір ғана жағы. Ал екінші бір қызғылықты да ой тоқтатар ерекше жағы — бұл есімдердің мағыналық топтары. Оның біріншісі діни мазмұнды есімдер. Бұның өзі ішінара екі топқа бөлінеді: а) мұсылман дінінің ұғымдары мен наным-сенімдеріне байланысты сөздерден қойылған есімдер: Абдолла (Ғабдолла, Қабдолла) — «Алланың кұлы»; Асадолла — «Алланың арыстаны» т.б.; ә) пайғамбар, әулие-әнбие, сахаба есімдері: мухаммад — «мақталған, мадақталған»; али — «биік, зор, жоғары мәртебелі, зәулім»; усман — «ерлік, батырлық». Екіншісі — араб тіліндегі жалпы есім сөздерден қойылған есімдер. Бұлар өзара мынандай лексикалық топтарға бөлінеді:

1. Әлеуметтік, саяси, әкімшілік терминдер мен сөздерден қойылған есімдер: малик (патша) — Мәлік; әмир (басшы, бастық) — Әмір, Әмірбай, Әмірбек, Әмірхан; султан (әкім, басшы) — Сұлтанбай, Сұлтанбек, Сұлтанхан, Сұлтангелді; уали (бас­шы) — Уәли; раис (басшы) — Райыс, Райысбек.

2. Астрономиялық атаулар мен табиғат құбылыстарының атауларынан қойылған есімдер: қамар (ай) — Қамар; шамс (күн) — Шәмші.

3. Тұрмыстық сөздерден қойылған есімдер: дуккан (мага­зин) — Дүкенбай; рамадан — Рамазан.

4. Адамның мінез-құлық, түр-келбетіне байланысты қойылған есімдер: жамила (әдемі) — Жәмила.

5. Адамның көңіл-күйі, мақсат-мұратына байланысты сөздерден қойылған есімдер: мурад (тілек)—Мұрат; рахим (рақымды) — Рақым.

6. Қымбат металдар, маталар мен бұйымдар атауларынан қойылған есімдер: халқа (алқа, сақина)— Алқа; зубаржад (асыл тас) — Зүбәржат.

Сөздікте қамтылған есімдердің сан жағынан ең молы да көбі — жалпы есім сөздерден қойылған есімдер. Олардың басым көпшілігінің мағынасы айқын да ашық, үнемі түсінікті. Осымен қатар мағыналары түсініксіз есімдер де кездеседі. Еңбекте олардың әрқайсысының түпкі, негізгі мағыналары ашылады.
Араб жазуының кейбір ерекшеліктері
Араб алфавиті 28 дауыссыз әріптен тұрады. Араб жазуында дауысты дыбыстар жазылмайтындықтан, кейбір дауыссыз дыбыс таңбалары (ا، و، ى) созылыңқы дауысты әріптің де қызметін атқарады. Ал, қысқа дауысты дыбыстар дауыссыз дыбыстардың асты-үстіне қойылатын харакаттармен беріледі де, олар сөздіктерде, оқулықтарда, поэтикалық шығармаларда ғана қолданылады.

Араб жазуы оңнан солға қарай жазылады. Әрбір әріп сөздегі тұрған орнына қарай әр түрлі таңбаланады. Бір ғана әріп жеке тұрғанда, сөз басында, сөз соңында түрліше көріністе жазылады. Сондай-ақ әріптің таңбалануы оның өзінің алдындағы әріппен қосылып немесе бөлек жазылу табиғатымен де ерекшеленеді.

Араб тіліндегі 28 әріптің 22-сі екі жағындағы әріптермен қо­сылып, бірге жазылады да, 4 түрлі таңбаланады. Қалған 6 әріп тек оң жағындағы әріппен қосылып, бірге жазылады және 2 түрлі таңбамен беріледі (Араб алфавитін қараңыз).

Араб алфавитіне кірмейтін қысқа дауысты дыбыстар үшеу:

فتحة (фатха) - а қысқа дауысты дыбысы өзінің алдында келген дауыссыз әріптің үстіне (–َ) қойылады; كسرة (касра) — и қысқа дауысты дыбысы өзінің алдындағы келген дауыссыз әріптің астына (ِ) қойылады; ضمة (дамма) — у қысқа дауысты дыбысы өзінің алдында келген дауыссыз әріптің үстіне (–ُ) қойылады.

Дауыссыз әріптен кейін дауысты дыбыс айтылмаса, ол әріпке сукун (–ْ) белгісі қойылады.

Егер дауыссыз әріп қосарланып айтылатын болса, бір ғана әріп жазылып, үстіне ташдид (–ّ) белгісі қойылады.

Екі созылыңқы а әрпі қатар келсе, олардың біреуі ғана жазылып, үстіне мадда ( –ٓ ) белгісі қойылады.


Араб жазуындағы қосымша белгілер

мысал

дыбыс

белгі

белгі аты

بيت – байт

دب – дубб

قسم – қисм

إسم – исм

معلم– му,аллим

آديب – адиб



а

у

и



дауысты дыбыстың жоқтығы

дауыссыздың қатар

келген екі а дыбысы


–َ

–ُ

–ِ



–ْ

–ّ

~



фатха

дамма


касра

сукун


ташдид

мадда

Араб тіліндегі сөздер тек (род) категориясы бойынша екіге бөлінеді: музаккар, муаннас. Та-марбутаға (ـتـ، ـة) аяқталған сөздер муаннас (әйел тегі), ал қалған сөздер музаккарға (ер тегі) жатады.

Араб әріптері күн (حروف، قمرية) және ай (حروف شمسية) әріптері болып екіге бөлінеді. Күн әріптері - ت، ث، د، ذ، ر، ز، س، ش، ص، ض، ط، ظ، ن

Бұлардың алдында «ال» (аль, әл) артиклі айтылса, оның «ل» әрпі сөздегі бірінші әріппен сіңісіп (ассимиляцияланып) кетеді. Мысалы: درس (дарс) — الدرس (ад-дарс). Ай әріптері - ب، ح، خ، ع، غ، ف، ق، ك، م، ه

Аль (әл) артиклі ай әріптерімен сіңіспейді, өзгеріссіз сақталады.

Мысалы: قاسم (қасим) – القاسم (аль-қасим).

Араб тіліндегі кейбір дауыссыз дыбыстардың бірнеше белгілері бар. Олар:

a) жұмсақ «т» — تقاوى /ت (тақауии) және қатты «T» — طالب /ط (талиб);

ә) жұмсақ «с» — س (салам), жұмсақ сақау «с» — ثابت/ث (сабит), қатаң «с» — صابر/ص (сабир);

б) жұмсақ «з» — (ز/ زمزم (замзам), жұмсақ сақау «з» — /ذولقرنين / ذ (зу-л-қарнайн) және қатаң «з» ظ – / نظر (назар);

в) жұмсақ «х» — ح (حسن — хасан), қатаң «х» – خ – تأريخ) тарих(.

Араб алфавитіндегі ع (айн) әрпіне қазақ тілінде сай келетін дыбыс та, әріп те жоқ. Оның транскрипциялық белгісі шартты түрде ، деп берілді. عالم (،алим) — ғалым.

Араб жазуында همزة/ء(һамза) деген дыбыс белгісі бар. Ол, біріншіден, қатар келген екі дауысты (رئيس ра'йс — Раис) айыру үшін, екіншіден, дауыс тынысын (مؤمن — му'мин — момын) көрсету үшін қолданылады.


Сөздіктің құрылысы
Кісі есімдері араб алфавиті тәртібімен түзілген. Ең әуелі есімнің арабша нұсқасы, одан кейін жақша ішінде дыбысталуы (транслитерациясы), мағынасы жазылған; бұдан соң осы есімнің қазақша айтылуы беріліп, баспасөз материалдарынан алынған мысалдармен көрсетілген.

Есімдер араб және қазақ сөздерінен құралған болса, олардан кейін жақша ішінде (а-қ), ал қазақ және араб негізді болса, (қ-а) деп қысқартылып көрсетілген.

Күрделі есімдер таза араб текті болып келсе, олардың мағы-насынан кейін б. т. е. (біріккен тұлғалы есім) деп көрсетіліп, қанша сөзден тұратыны берілген.

Есімдердің арабша нұсқасы араб жазуымен беріліп, оның қазақ тіліндегі нұсқалары алфавиттік жүйемен қазақша жазылған.

Кітап соңында кісі аттары (реестр) қазақша алфавит тәртібімен берілген.

ҚЫСҚАРҒАН СӨЗДЕР
а.- арабша

«А. Б.» — «Арқалық батыр»

ауыс.— ауыспалы мағына

«А. Ш.» — «Айман-Шолпан»

«Қ. А.» — «Қазақ ақындары»

«Қамб. Б.»—«Қамбар батыр»

қар.— қараңыз

«Қ. Ә.» — «Қазақ әдебиеті»

«Қ. Ә. Т.» — «Қазақ әдебиетінің тарихы»

«Қ. Е.» — «Қазақ ертегілері»

«Қ. Ж» — «Қыз Жібек»

«Қ. К.» — «Қазақ күнтізбесі»

«Қ. К. Б. С.» — «Қозы Көрпеш-Баян сұлу»

«Қ. Б.» — «Қобыланды батыр»

«Б. О».— «Біздің Отан»

«Д. Б.» — «Дастан батыр»

«Е. Т.» — «Ер Тарғын»

«қ.» — қазақша

«Қ. С. Э.» — «Қазақ совет энциклопедиясы»

«Қ. Т. Т. С.» — «Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі»

«Л. Ж.» — «Лениншіл жас»

«М. Б. Т.» — «Мың бір түн»

поэт. — поэтикалық

«С. Қ.» — «Социалистік Қазақстан».

«X. А.» — «Халық ақындары»

«X. M.» — «Халық мұғалімі»

«Ш. Ж.» — «Шығыс жұлдыздары»

Кісі есімдері

أ

اباء (иба ұялу, әдеп сақтау, ізет ету). Иба. Тоқсанбай Ибаның даусын естіп, сәл езу тартты



(М. Сатыбалдиев).

ابجد (абжад сандық мәні бар араб алфавиті). Әбжет. От­рядқа Әбжет қосылды (С. Хайдаров).

إبرهيم (ибраһим жалқы есім). Ибраһим. Ибраһим түскен үйдің иесі әр нәрсені сабырмен ойлап шешетін кісі екен («Жалын»).

Ибрагим. Бар қазақ Ибрагимді Абай деген, Өз елін шын жанына балайды екен. Атанған Шамсуддин де Хафир болып, Елінің қамын ол да талай жеген (Ә. Нілібаев).

Қыбырай. Күн нұрымен шағылысқан аппақ қар Қыбырайдың көзін қарыды (Ш. Айдаров).

Ыбырай, Ыбрай. Алтынсарин Ыбырай (Ибраһим) (2, 11. 1841-30. 7. 1889)— қазақ халқының аса көрнекті ағартушысы, жаңашыл педагог, жазушы, қоғам қайраткері («Қ. С. Э.»). Жақаев Ыбырай (1891-1981) — әйгілі күріш өсіруші.

Ыбырайым, Ыбрайым. Қырдың қырағы қыраны, Даланың өр құланы, Немістерді екі жүз отыз тоғыз өлтірген Сүлейменов Ыбра­йым, Қазақтың батыр ұланы (Жамбыл).

Ыбыраш, Ибраш Ыбырай есімінің еркелетіп айтылу түрі. Ыбыраш табынындағы әр жүз сиырдың соңына 90—95 бұзау ерді («С. Қ».).
ابو (абу 1) әке, әкесі; 2) кісінің аты я ондағы қосымша). Әбу. Мұңы мен гүлі аралас, нөсері мен нұры аралас — Әбу (Т. Молдағалиев). Сәрсенбаев Әбу (Әбуғали)—қазақ жазушысы («Қ. С. Э»).

Әбутай (а-қ). Директордың машинасы қырқаға барып ілінгенде, Қасиба Әбутайды «папа, папа, мында келші»,— деп оңашаға жетеледі (С. Бақбергенов).

ابواحد (абу-ахад; абу-қар. ابو; ахад—қар. احد) - б. т. е. абу+ахад: Әбілақат, Әбілахат. Қадірлі Абілақат замандасым, Көпке аян, сендей құрбы таба алмасым (Файзолла). Бір әңгіме үстінде Әбілахаттың көзінше әлгі әзілімді жатқа оқып бердім (М.Әлімбаев).

ابوحارث (абу-л-харис; абу-қар. ابو ; харис-қар.) - б. т. е. абу-әл-харис. Әбіларис. Өнерпаздар қазір аудан шаруашылықтарын аралап жүр,—деді Әбіларис («Л. Ж.»).

ابو حسن (абу-л-хасан; абү-қар; ابو; хасан — қар. حسن) - б. т. е. абу-аль-хасан: Әбіласан. Әбіласанды көрген сайын көктемгі нөсердей дүркіреп өткен балалық шағым көз алдыма қалқып тұра қалады (Д. Досжанов).

ابوالحق (абу-л-хаққ; абу-қар. ابو; хаққ - қар. حق - шындық) — б. т. е. абу+аль-хаққ: Әбілхақ. Әсемқажының меңзеп тұрған адамы Әбілхақ — осы совхоздың шопаны («Қ. Ә.»).

ابوالحميد (абу-л-хамид; абу-қар. ابو ; хамидқар. حميد) - б. т. е. абу+аль-хамид: Әбілхамит. Әбілхамит бес жасында анасынан айрылып, өгей шешенің қолына қарап қалды («Жұлдыз»).

ابوالحى (абу-л-хай; абу-қар. ابو; хай — тіршілік) حى - б. т. е. абу + аль-хай: Әбілхай. Әбілхайларға берілген тапсырма — жау қоршауының осал жерін табу («Жұлдыз»).

ابوالخير (абу-л-хайр; абу-қар. ابو; хайр қар. خير) — б. т. е. абу + аль-хайр: Абылқайыр, Абылхайыр. «Қожабек» мектебінің алғашқы мұғалімдерінің ішінде сол уақытта ең сауатты деген Абылқайыр Ыбраев бар еді (Ә. Бектасов). Салтанат Абылхайырды ерекше ілтипатпен қарсы алды



(«Л. Ж»).

Абілқайыр, Әбілхайыр, Әбілқайыр Досов (1899—1938) — Қазақстанның қоғам қайраткері («Қ. С. Э».). Нұралы — Әбілхайыр ханның баласы (X.Есенжанов). Әбілхайыр Әзмұқанов — Қызылжардағы гарнизонның саяси басқарушысы (С. Мұқанов).
ابوسيد (абу-с-саиид; абу-қар. ابو; саиид — қар.سيد ) — б. т. е. абу + аль-саиид: Әбусейіт. Әбусейіт көрген-білгенін айтып, есіп отыр («Жалын»).

Әбілсейіт. Айқанов Әбілсейіт — қазақтың атақты балуаны, спорт мастері («Қ. С. Э».).

ابوالعزيز (абу-л- ‛азиз; абу-қар. ابو (азиз-қар. عزيز) — б. т. е. абу+азир: Әбіләзиз. Паркке кіре берісте Әбіләзизді жолықтырды («Л. Ж.»).



Әбілғазиз. Әлімбайұлында Әбілғазиз сұлтанның, Байұлы мен Жетіруда Қаратай сұлтанның билігі жүрді («Қ. С. Э».)
ابوالعظيم (абу-л-‛азим; абу-қар. ;ابو‛азим — қар. عظيم) - б. т. е. абу + аль-азим: Әбіләзім. Хат иесі — Әбіләзім деген кісі екен («С. Қ»).

Әбілғарым. Әбілғарым — бұл күнде маман бұрғышы («Қ. К».).

ابوالعلم (абу-л- алам; абу-қар. ابو (алам-ту) — б. т. е. абу + аль - алам; Әбілғалам.



Әбілғалам отарын өргізіп барады («С. Қ»).

ابوعلى (абу- ‘али; абу-қар. ;ابو али — қар على - б. т. е. абу + али: Әбуғали. Осы бір сәтте Әбуғали да біздің жанымызда отыр еді (X. Бекішев).



Әбіғали. Балғынбаев Әбіғали (1866 — 1942) — қазақ педагогы, К.Д.Ушинский идеясын жақтап,

Ы. Алтынсариннің ісін алға апарушы («Қ. С. Э».).

ابوالعلى (абу-л-‘али; абу-қар. ابو ;али — қар. علىб. т. е. абу + аль-али: Әбілғали. Әбілғалидың ауылға келіп жатқанына екі апта өтті («Қ. Ә»).

ابؤالغازى (абу-л-ғази; абу-қар.; ابو; ғази — қар. غازى); б. т. е. абу+аль-ғази: Абылғазы. Абылғазы бұл істің орындалуына зор қайрат көрсетті («Л. Ж».).



Әбілғазы. Әбілғазы және Жақып ақсақал секілді ел адамдарының өмірі, күнкөрісі арқылы қарапайым көшпелі ауылдағы әлеуметтік тартыс ашыла түседі (Е. Байтоқов).
ابوفيض (абу-л-фаид; абу-қар. فيض фаид — қар. ابو) - б. т. е. абу + аль-файд: Әбілфайыз. Әбілфайыз Бұхара қаласына жүріп кетті («Жұлдыз»).
ابوالقاسم (абу-л-қасим; абу-қар. ابو; қасим-қар. قاسم ) — б. т. е. абу+аль-қасим: Әбілқасым. Әбілқасым үйінің ауласында алма, алмұрт, жүзім иісі аңқиды (С. Омаров). Әбілқасым тау жолын жақсы білетін боп шықты (О. Иманалиев).
ابوالماجن (абу-л-мажин; абу-қар. ابو ; мажин — ұялмайтын, әзілқой)б. т. е. абу-аль-мажин. Әбілмәжін. Әбілмәжін машинасын тездетіп сеялкаға тақады («Л. Ж».).
ابوالمنصور (абу-л-мансур; абу-қар. ابو; мансур-қар. منصور ) - б. т. е. абу+аль-мансур. Абылмансұр. Абылмансұр — ақын Әріптің баласының аты («Қ. Ә. Т»).


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет